ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 1341
Скачиваний: 8
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
*Герпесті инфекция
*Респираторлы-синцитиальді инфекция
#146
*!18 жастағы бойжеткен жедел ауырып бастаған: әлсіздік, бас ауыруы, мұрынның бітелуі, мұрын-жұтқыншақтағы құрғақтық және тырнау сезімі пайда болған. Кейіннен мұрыннан серозды, содан соң шырышты сұйықтық бөлінген, түшкіру пайда болған. Объективті: Дене қызуы– 37,4С. Риноскопия: мұрынның шырышты қабаты қызарған және ісінген, айқын ринорея. Мұрын қуысының кіре-берісі мацерацияланған. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғағы дұрыс. Пульсі – 80 рет/мин., ҚҚ - 110/60 мм с.б. Іші жұмсақ, ауыру сезімісіз. Зәр шығаруы қалыпты.
Сипатталған клиникалық жағдайда қандай жұғу жолы Ең ықтимал болып табылады?
*Алиментарлы
*Парентеральді
*Трансмиссивті
*Ауа-шаңды
*+Ауа-тамшылы
#147
*!20 жастағы әйел адам, біртіндеп ауырып бастаған: әлсіздік, бас ауыруы, мұрынның бітелуі және мұрын-жұтқыншақтың қышуы пайда болған. 2-ші күні жағдайы нашарлаған, дене қызуы 38,5С-қа дейін жоғарылаған, жөтел күшейіп, ұстама тәрізді сипатқа ие болған және қақырық қосылған. Объективті: жағдайы ауыр. Акроцианоз. Аңқада: шырышты қабаты қызарған, түйіршіктенген. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғақты. ТАЖ – 20 рет/мин. Өкпе перкуссиясында қорабтық дыбысты ошақтардың тұйықталу аймақтарымен ауысуы анықталады. Аускультацияда тыныстың қатаюы, құрғақ және ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі.
Сипатталған клиникалық жағдайда қай диагноз Ең ықтимал болып табылады?
*Грипп
*Парагрипп
*Риновирусты инфекция
*Аденовирусты инфекция
*+Респираторлы-синцитиальді инфекция
#148
*!29 жастағы әйел адам, бала бақшасының тәрбиешісі, жедел ауырып бастаған: дене қызуы 40°С-қа дейін жоғарылаған, бас ауыруы, қайталамалы құсу, әлсіздік пайда болған. Тері жабындылары бозғылт, аяқтарында дұрыс емес пішінді геморрагиялық бөртпе көрінеді. Шүйде бұлшық еттерінің кернеуі байқалады және Керниг симптомы екі жағынан да «оң». ҚҚ 90/60 мм с.б., пульс 100 рет/мин. Ауруының 2-ші күні жұқпалы ауруханаға жіберілген. Қабылдау бөлімінде қандағы лейкоциттер саны анықталған.
Менингококкты менингитке тән қандағы өзгерістер:
*Анемия
*Лейкопения
*Анэозинофилия
*Лимфомоноцитоз
*+Айқын гиперлейкоцитоз
#149
*!29 жастағы әйел адам, бала бақшасының тәрбиешісі, жедел ауырып бастаған: дене қызуы 40°С-қа дейін жоғарылаған, бас ауыруы, қайталамалы құсу, әлсіздік пайда болған. Тері жабындылары бозғылт, аяқтарында дұрыс емес пішінді геморрагиялық бөртпе көрінеді. Шүйде бұлшық еттерінің кернеуі байқалады және Керниг симптомы екі жағынан да «оң». ҚҚ 90/60 мм с.б., пульс 100 рет/мин. Ауруының 2-ші күні жұқпалы ауруханаға жіберілген. Ол жерде жұлын сұйықтығы алынған: ликвор лайлы, қысыммен шығады, Панди реакциясы (), цитоз 1 мкл-де 1200 жасуша (нейтрофилдер - 98%, лимфоциттер-2%), белок – 0,066‰, глюкоза 2,8 ммоль/л.
Сипатталған ауруға АСА тән ликвордағы өзгерістер:
*Лимфоцитарлы цитоз
*Жасушалар саны 10-нан аз
*+Нейтрофильді цитоз
*Белок деңгейінің төмендеуі
*Глюкоза мөлшерінің жоғарылауы
#150
*!45 жастағы ер адам емханаға келген. Шағымдары: оң қолының саусағындағы жараның пайда болуы. Кәуәбші болып жұмыс істейді. Ауру 5 күн бұрын дене қызуының жоғарылауынан басталған. Аурудың 4-ші күні саусағындағы жараны байқаған. Бір апта бұрын ет өңдеген кезде қолын кесіп алғанын есіне алды. Жара ауыру сезімсіз, бірақ қолы шұнтаққа дейін ісініп кеткен. Жағдайы орташа ауырлықта. Оң қолының ортаңғы саусағында гиперемия сақынасымен қоршалған жара орналасқан, айқын ісіну байқалады. Оң жақ қолтық астындағы лимфаденит.
Ең ықтимал диагноз:
*Тілме, буллезді түрі
*Листериоз, терілік түрі
*Пастереллез, терілік түрі
*Клебсиеллез, терілік түрі
*+Түйнеме, терілік түрі
#151
*!40 жастағы ер адам, фермашы, емханаға келген. Шағымдары: оң жақ білегінде жараның пайда болуы. Ауруы бір апта бұрын басталған: алдымен дақты байқаған, одан кейін дақ қан толған көпіршікке айналған; көпіршік жарылып, жара түзілген. Жара үлкейіп, бүкіл қолы ісініп кеткен. St.localis: оң жақ білегінде көлемі 2х2 см, ауыру сезімсіз, гиперемиямен қоршалған жара орналасқан. Жараның айналасында серозды сұйықтыққа толған көпіршіктер көрінеді. Бүкіл оң қолы ісінген. Қолтық астындағы лимфаденит, лимфангоит жоқ. Жарадан алынған жағындыны бактериоскопиялық зерттеу барысында спора түзуші, грамм «оң» таяқша анықталған.
Ең дұрыс диагноз:
*Пастереллез, ықтимал жағдайы
*+Түйнеме, ықтимал жағдайы
*Пастереллез, дәлелденген жағдайы
*Түйнеме, күдікті жағдайы
*Түйнеме, дәлелденген жағдайы
#152
*!№623 бұйрыққа сай түйнеменің терілік түрінің болжама жағдайы науқаста жоғары қызбамен және біріншілік терілік аффектпен қорінетін ауыр жедел ауру дамыған кезде қойылады. Біріншілік терілік аффектке тән:
*Күйдіру сезімі
*Солқылдайтын ауыру сезімі
*Іріңді жара
*Айқын шекаралары
*+Ауыру сезімсіз қара түсті струп
#153
*!52 жастағы ер адам, ағаш шебері, ауруханаға ауруының 3-ші күні түскен. Шағымдары: ауызын қиын ашуы, мойын бұлшық еттерінің кернеуі, дене қызуының жоғарылауы. Ауру жедел басталған: шайнауы қиындаған, бірақ ауыру сезімі мазаламаған. Келесі күні мойын қозғалтуы мазалаған. Дене қызуы 38°С-қа дейін жоғарылаған. Бүгін ауруханаға жеткізілген. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, есі анық, температура 38,2°С. Қарап тексеру барысында дене бұлшық еттері кенеттен кернеп, науқас доға тәрізді иілген. Беті цианоздалып, тістерін қысып қиналған. Денесін тер басқан. Балтырының, аяқ бастары, қол бастары кернемеген. «Сіреспе» диагнозы қойылған.
Сипатталған ауру кезінде тырысудан бос бұлшық еттер тобы:
*Мойын мен арқа бұлшық еттері
*+Қол басы мен аяқ басының бұлшық еттері
*Арқа мен іш бұлшық еттері
*Саны мен балтыр бұлшық еттері
*Иық және білек бұлшық еттері
#154
*!34 жастағы ер адам ауруханаға ауруының 3-ші күні түскен. Шағымдары: әлсіздік, сілекейдің ағуы. Ауру жедел басталған, жұтынудың қиындауы, бас айналуы пайда болған. Жағдайы орташа ауырлықта, температура 37,4 °С, беті қызарған, қозу, сөйлегіштік, өлімнен қорқыныш байқалады. Су іше алмайды, жұтқыншақ бұлшық еттерінің спазмы пайда болады. ҚҚ 130/80 мм с.б., пульс 110 рет/мин. Екі ай бұрын иесіз ит тістеген. Дәрігерге бармаған, өзі жарасын тазалаған. Жара бір аптадан кейін жазылып кеткен. Бірақ бірнеше күн бұрын жарасы қайта мазалап бастаған. Отбасындағы туыстары сау. Ауруханаға «Құтыру» диагнозымен жатқызылған.
Құтыруға АСА тән симптом:
*Астения
*Қызба
*Тахикардия
*Гипертония
*+Гидрофобия
#155
*!20 жастағы ер адам ауруханаға түскен кездегі шағымдары: әлсіздік, сілекейдің ағуы. Ауру жедел басталған, жұтынудың қиындауы, бас айналуы пайда болған. Жағдайы орташа ауырлықта, температура 37,2 °С, беті қызарған, қозу, сөйлегіштік, өлімнен қорқыныш байқалады. Су іше алмайды, жұтқыншақ бұлшық еттерінің спазмы пайда болады. ҚҚ 120/80 мм с.б., пульс 120 рет/мин. Екі ай бұрын иесіз ит тістеген. Дәрігерге бармаған, өзі жарасын тазалаған. Жара бір аптадан кейін жазылып кеткен. Бірақ бірнеше күн бұрын жарасы қайта мазалап бастаған. Отбасындағы туыстары сау. Ауруханаға «Құтыру» диагнозымен жатқызылған.
Сипатталған аурудың Еің ықтимал нәтижесі қандай?
*+Өлім-жітім
*Созылмалы ағымға өту
*Мүгедектік
*Сауығу
*Вирустасымалдаушылық
#156
*!Жұқпалы аурулар ауруханасына 53 жастағы әйел адам жатқызылды. Шағымдары: көру қабілетінің бұзылуы, заттардың қосарланып көрінуі ауызының құрғауы, жұтынудың қиындауы. Анамнезде: 3 күн бұрын үйде дайындалған маринадталған саңырауқұлақтар жеген. Қарап тексергенде: Дене қызуы қалыпты, көз қабақтарының птозы, жұмсақ таңдау парезі, афония, дисфагия.
Қандай зерттеу әдісі диагнозды дәлелдеу үшін Ең ақпаратты болып табылады?
*Тері-аллергиялық сынама
*Тікелей емес агглютинация реакциясы
*Комплементті байланыстыру реакциясы
*+Биосынамада нейтрализациялау реакциясы
*Нәжісті бактериологиялық зерттеу
#157
*!72 жастағы әйел орталық аудандық ауруханаға жедел жәрдеммен жедел ішек инфекциясы диагнозымен жеткізілді. 2 күн бұрын жедел ауырған. Шағымдары: жүрек айну, 3 рет құсу, 2 рет сұйық нәжіс, ентігу, эпигастрий аймағында ауырсыну сезімінің болуы, АҚ 90/50 мм.с.бб. пульс 102 минутына.
«Диарея және гастроэнтерит»(2013) клиникалық хаттамасына сайкес дифференциалды диагностика мақсатында қандай шара жүргізген дұрыс?
*ЭЭГ
*+ЭКГ
*УДЗ
*Кеуде клеткасының рентгенографиясы
*Құрсақ қуысының рентгенографиясы
#158
*!65 жастағы әйел орталық аудандық ауруханаға жедел жәрдеммен жедел ішек инфекциясы диагнозымен жеткізілді. 2 күн бұрын жедел ауырған. Шағымдары: жүрек айну, 3 рет құсу, 2 рет сұйық нәжіс, ентігу, эпигастрий аймағында ауырсыну сезімінің болуы,дене қызуы-36,70С АҚ 90/50 мм.с.бб. пульс 105 минутына. Ішті пальпациялағанда: эпигастрия аймағында кіндік айналасында ауру сезім.
«Диарея және гастроэнтерит» (2013) клиникалық хаттамасына сайкес дифференциалды диагностика мақсатында қандай шара жүргізген дұрыс?
*Клиникалық нәжіс анализі
*+Тропониндік тест
*Қандағы қант деңгейін анықтау
*Қандағы лейкоциттер санын анықтау
*Қандағы несепнәр деңгейін анықтау
#159
*!Ер адам 30 жаста, ауруының 2-ші күні стационарға қаралды. Студенттік асханадан тамақтанғаннан кейін 2 сағат өткеннен соң жедел ауырды; эпигастрий, кіндік аймағындағы ауру сезімі, құсу 2-3 рет, улкен дәреті 5-7 рет күніне мазалаған.Түскен кезде; дене температурасы - 38С. Іші жұмсақ, пальпация ауру сезіммен кезінде эпигастрий және оң жақ мықын аймағындағы ауру сезімі. Ішектерде спазм жоқ. АҚҚ -110/70мм с.б. бой.,Пульсі -100рет/мин. Кіші дәреті қалыпты. Үлкен дәреті сұйық, шырышпен, қоңыр- жасыл түсті, жағымсыз иісті.
Нәжісті бактериологиялық зерттеу нәтижесінде қандай қоздырғыштың анықталуы ең ықтимал болып табылады?
*Shigella sonnei
*Shigella flexneri
*Salmonella typhi
*+Salmonella enteritidis
*Entamaeba hystolitica
#160
*!Әйел 52 жаста, терапевтке ауруының 2-ші күні қаралды. Шағымдары; ішіндегі толғақ тәрізді ауру сезіміне, іш өту, бас ауру, сұйық нәжіс күніне 10 рет, тенезмдер жалған шақырулар. Қараған кезде: дене температурасы- 37,5С, АҚҚ 100/60мм с.б.бой., пальпация кезінде сол жақ мықын аймағындағы ауру сезімі, сигма тәрізді ішектің спазмы байқалады. Үлкен дәреті нәжіссіз, шырыш пен қан араласқан. ЖҚА;эритроциттер.-4,0*10
12/л, HB-145 г/л, лейкоциттері.-11,4*109/л, эозинофилдері-1%, таяқша ядролы -2%, сегментті ядролы -75%, лимфоциттер-18%, моноциттер ˗5%. ЭТЖ -17мм/сағ.
Қандай дәрі ең тиімді?
*Аспирин
*Милдронат
*Пенициллин
*Доксициклин
*+Ципрофлоксацин
#161
*!36 жастағы ер адам қайталамалы құсу, іштің жиі өтуі шағымыдармен ауылдық ауруханаға жеткізілді. Қарап тексергенде: дене қызуы – 36,0°С, әлсіз, шөлдеу мазалайды. ҚҚ – 80/60 мм мм с.б. Пульс минутына 105 рет. Даусы қарлыққан. Тері тургоры төмендеген. Пальпация кезінде іші ауру сезімсіз. Үлкен дәреті сұйық, күріш қайнатпасы тәрізді, иіссіз.
Қандай емдік шара бірінші кезекте жүргізілуі тиіс?
*Гормонотерапия
*Десенсибилизация
*Антибиотиктер қабылдау
*+Т/і тұзды ерітінділер құю
*Осмотикалық диуретиктер салу
#162
*!26 жастағы ер адам қайталамалы құсу, әлсіздік, эпигастральды аймактағы ауыру сезіміне, 5-6 ретке дейін сұйық нәжіс шағымдарымен жұқпалы аурулар ауруханасына келді. Эпиданамнезі: таңертең қуырылған тауық жеген. Қарап тексергенде: температура – 36,0°С, әлсіз, шөлдеу мазалайды. ҚҚ – 85/60 мм мм с.б. Пульсі минутына – 95 рет. Іші жұмсақ, кіндік аймағындағы ауыру сезімі мазалайды. Қарынның тітіркену симптомдары жоқ. Нәжісі көп мөлшерде, сұйық, сасық иісті, жасыл түсті.
Қандай емдік шара бірінші кезекте жүргізілуі тиіс?
*Гормонотерапия
*Десенсибилизация
*Антибиотиктер қабылдау
*Осмотикалық диуретиктер қабылдау
*+Асқазанды жуу, т/і және оральді тұзды ерітінділерді енгізу
#163
*!Әйел адам 30 жаста, терапевтке ауруының 2-ші күні қаралды.Шағымдары: ішіндегі толғақ тәрізді ауру сезіміне, іш өту, бас ауру, сұйық нәжіс күніне 15 рет, тенезмдер жалған шақырулар. Қараған кезде: дене температурасы- 38,1С, АҚҚ 90/60 мм с.б.бой., пальпация кезінде оң жақ мықын аймағындағы ауру сезімі, сигма тәрізді ішектің спазмы байқалады. Үлкен дәреті нәжіссіз, шырыш пен қан араласқан. ЖҚА эритроциттер.-4,0*1012/л, HB-145 г/л, лейкоциттер.-11,4*109/л, эозинофилдер-1%, таяқшалы ядролар-2%, сегмент ядролы-75%, лимфациттер -18%, моноцитер-5%, . ЭТЖ - 17мм/сағ.
Нәжісті бактериологиялық зерттеу нәтижесінде қандай қоздырғыштың анықталуы ең ықтимал болып табылады?
*Balantidium coli
*Salmonella typhi
*+Shigella flexneri
*Salmonella enteritidis
*Entamaeba hystolitica
#164
*!Ер адам, 25 жаста, емханаға қаралды. Қонақта болғаннан соң 6 сағаттан кейін жедел ауырды; эпигастрий, кіндік аймағындағы ауру сезімі, 3-4 рет құсу, улкен дәретке жиі барау мазалады. Түскен кезде: дене температурасы-38С. Іші жұмсақ, пальпация кезінде эпигастрий және оң жақ мықын аймағындағы ауру сезімі анықталады. Ішектерде спазм жоқ. АҚҚ -90/60мм с.б. бой.,пульсі -100рет/мин. Кіші дәреті қалыпты. Үлкен дәреті сұйық, шырышпен, қоңыр- жасыл түсті, жағымсыз иісті.