Файл: Гастроэнтерология 1 уровень.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 1337

Скачиваний: 8

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
*!Әйел адам 25 жаста, Пакистанда бір апта сапарда болып, қыркүйек айында келді. Келесі күні жиі құсумен және жиі сулы сұйық нәжіспен жедел ауырып бастаған. Дене қызуы – 36 С. Әлсіздік, аяқ-қолдарының құрысулары пайда болып, даусы қарлыққан. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Тері жабындылары бозғылт, құрғақ, акроцианоз. Бет әлпеті үшкірленген. Жүрек тондары бәсеңдеген, ҚҚ – 90\60 мм с.б. Іші ішке қарай тартылған. Зәр мөлшері азайған.

Нәжісті зерттеу барысында қандай қоздырғыштың анықталуы ең ықтимал болып табылады?
*Echerihia coli

*Shigella flexneri

*Salmonella typhi

*+Vibrio cholerae

*Entamaeba hystolitica
#182

*!Әйел адам 42 жаста, Өзбекістанда бір апта сапарда болып, қыркүйек айында келді. Келесі күні жиі құсумен және жиі сулы сұйық нәжіспен жедел ауырып бастаған. Дене қызуы – 36 С. Әлсіздік, аяқ-қолдарының құрысулары пайда болып, даусы қарлыққан. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Тері жабындылары бозғылт, құрғақ, акроцианоз. Бет әлпеті үшкірленген. Жүрек тондары бәсеңдеген, ҚҚ – 90\60 мм с.б. Іші ішке қарай тартылған. Зәр мөлшері азайған.

Қандай дәріні тағайындаған ең тиімді?
*+Ципрофлоксацин;

*Тетрациклин;

*Нитрофурандар;

*Пенициллин;

*Эритромицин
#183

*!Әйел, 32 жаста, ауырар алдында банкетте болған. Ертеңінде бұлшықетінде әлсіздік, ауызының құрғауы, мидриаз, даусысының қарлығуы, жұтуының қиындауы, кенеттен ентігу пайда болған.

Алғашқы шара:
*Қан құю

*Гормон енгізу

*+Өкпені жасанды желдендіру

*Прозерин енгізу

*Адреналин енгізу
#184

*!Әйел кісі, 44 жаста ауруының 3-ші күні терапевтке ауызындағы құрғақтыққа, көзінің нашар көруіне, тыныс алуының қиындауына шағымданып келді. 4 күн бұрын қонақта болып маринадталған саңырауқұлақ жеген. Түскен кезде тыныс алуы қиындаған, есі анық, екі қабағының птозы, мидриаз, страбизм байқалған. Дауысы мыңғырлаған. Жүрек тондары бәсеңдеген, пульс-118 соқ/мин, АҚҚ 70/50 мм с.б.бой., Өкпесінде- төменгі аймақта тынысы әлсіреген, аздаған ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Іші аздап кепкен, ішек перистальтикасы естілмейді.

Қандай ем ең тиімді?
*Пробиотиктер

*Симптоматикалық терапия

*Антибактерилды терапия

*Дезинтоксикациялық терапия

*+Ботулизмге қарсы сары су
#185

*!25 жастағы ер адам жұқпалы аурулар ауруханасына әлсіздікке, жүрек айнуына, құсуға, дене қызуының жоғарылауына шағымданып түсті. Бір апта бойы ауырады. Аурудың басталуынан 2 апта бұрын 10 жастағы інісі балалар жұқпалы ауруханасына ұқсас клиникалық көріністермен түскен. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары мен көрінетін шырышты қабаттары сарғайған. Бауырдың төменгі шекарасы қабыра доғасынан 1,0-1,5 см-ге төмен анықталады. Бауыр консистенциясы тығыз-эластикалық. Зәрі қоңыр түсті.


Қандай ем шарасы ең тиімді болып табылады?
*Ферменттер қолдану

*+Дезинтоксикация

*Иммунокорректорлар қолдану

*Өт айдайтын дәрілер қолдану

*Вирусқа қарсы дәрілер қолдану
#186

*!19 жастағы ер адам профилактикалық тексеру кезінде вирусты гепатит маркерлеріне ИФА тапсырған. Нәтижесі: барлық көрсеткіштері «теріс».

Вирусты В гепатитті алдын алу шарасы қандай?
*Анатоксин енгізу

*Қорғаныс бетпердесін қолдану

*Гамма-глобулин енгізу

*+Арнайы вакцинация

*Тек қана қайнаған су қолдану
#187

*!18 жаста бойжеткен жұқпалы аурулар ауруханасына әлсіздікке, дене қызуының жоғарлауына, жүрек айнуына, құсуа, зәрдің қоңырлауына, көз склералары мен терісінің сарғаюына шағымданып түсті. Ауру бір апта бұрын басталған. Колледжде оқиды, тобындағы бір адам жұқпалы ауруханада емделуде. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, жүрек айнуы, құсу жоқ. Тәбеті жақсарған. Тері жабындысы мен шырышты қабаттары сарғыш түсті. Тілі сұр жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға асты сезімтал. Бауыры қабырға доғасынан 2,0 см-ге төмен анқталады, тығыз-эластикалық консистенциялы. Нәжісі түссізденген, зәрі қоңыр түсті.

Иммунды-ферменттік анализ нәтижесінде қандай маркердің анықталуы ең ықтимал болып табылады?
*HbsAg

*Анти-HBcor IgM

*+Анти-HAV IgM

*Анти-HAV IgG

*Анти-HЕV IgG
#188

*!Әйел адам, Үндістаннан бір апта сапарда болып, қыркүйек айында келді.Келгеннен кейін келесі күні жиі құсумен және жиі сулы сұйық нәжіспен жедел ауырып бастаған. Дене қызуы – 36 С. Әлсіздік, аяқ-қолдарының құрысулары пайда болып, даусы қарлыққан. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Тері жабындылары бозғылт, құрғақ, акроцианоз. Бет әлпеті үшкірленген. Жүрек тондары бәсеңдеген, АҚ – 80\50 мм с.б. Іші ішке қарай тартылған. Кіші дәреті болмаған.

Нәжісті бактериологиялық зерттеу нәтижесінде қандай қоздырғыштың табылуы ең ықтимал болып табылады?
*Echerihia coli

*+Vibrio cholerae

*Shigella flexneri

*Salmonella enteritidis

*Entamaeba hystolitica
#189

*!Науқас 40 жаста. Ауырғанына 13 күн болған. Шағымдары: жүрек айну, құсу, күндіз ұйқышылдық, түнде ұйқысыздық, иегінің қанталауы, зәрінің түсінің қараюы, үлкен дәретінің түсінің ахолиялық болуы. Біртіндеп ауырған, біріншіден әлсіздік, соңынан тәбетінің жоғалуы, буындарының ауруы, дене температурасының 37,3˚С қа дейін көтерілуі болған. 12-ші күні зәрінің түсі қарайып, нәжісі түссізденген. Қарағанда тері жамылғылары сарғайған, гепатомегалия.


Иммунды-ферменттік анализ нәтижесінде төменде көрсетілген маркерлердің қайсысы анықталуы ең ықтимал болып табылады?
*+HbsAg

*Анти-HСV IgM

*Анти-HAV IgM

*Анти-HAV IgG

*Анти-HЕV IgG
#190

*!Науқас 23 жаста, слесарь-сантехник, жатақханада тұрады, асханада тамақтанады. Бір апта бұрын ауырған: екі күн бойы дене температурасы 39-38,5˚С, әлсіздік, эпигастрий және оң жақ қабырға астында ауырлық сезімі болған, тәбеті төмендеген.

Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Тері және шырышты қабаттардың аздаған сарғаюы байқалады. АҚ- 110/70 мм.с.б.б., пульс 60 рет мин. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға астында ауру сезімді. Бауыры қабырға доғасынан 2см -ге шығып тұр. Кіші дәретінің түсі «қою қайнатылған шәй» секілді.

Эпид.анамнез: 6 ай бойы парентеральді және оперативті шаралар болмаған.

Иммунды-ферменттік анализ нәтижесінде қандай маркердің анықталуы ең ықтимал болып табылады?
*HbsAg

*Анти-HСV IgM

*Анти-HAV IgG

*+Анти-HAV IgM

*Анти-HЕV IgG
#191

*!Ер адам, 20жаста, ауруы жедел басталған дене температурасының 40°С дейін жоғарлауымен, бас ауруы, тәбетінің төмендеуі, әлсіздік, арқа және аяқ бұлшық еттеріндегі ауру сезімі байқалған. Келесі күні тобығында, табанында, санында геморрагиялық бөртпелер пайда болды. АҚ 100/60 мм с.б.б., пульс 100 рет/мин. ЖҚА: лейкоцит – 20 х109 /л. Лейкоцитралы формула солға ығысқан. СОЭ - 40 мм/сағ, тромбоцит 120 мың. Қабылдау бөлімінің дәрігері ем тағайындаған: 5% глюкоза ерітіндісі,500,0 5% аскорбин қышқылы-10,0 к/т тамшылы түрде, «Трисоль» 500 мл к/т тамшылы түрде, пенициллиннің натрий тұзы 12 млн. бірл./тәулігіне б/е, баралгин 5,0 б/е.

Сипатталған клиникалық жағдайдағы дәрігер тағайындауларындағы қателік:
*5% глюкоза ерітіндісі,500,0 к/т тамшылы түрде

*Трисоль 500 мл к/т тамшылы түрде

*+Пенициллин 12 млн. бірл./тәулігіне б/е

*5% аскорбин қышқылы-10,0 к/т

*Баралгин 5, 0 б/е
#192

*!Ер адам, 25 жаста, ауруы жедел басталды дене температурасының 40°С дейін жоғарлауымен, бас ауруы, құсу 3 рет, әлсіздік байқалған. Келесі күні шүйде бұлшық етінің регидтілігі байқалды. АҚ 90/60 мм с.б.б., пульс 100 рет/мин. ЖҚА: лейкоцит – 20 х109 /л. Лейкоцитралы формула солға ығысқан. СОЭ - 40 мм/сағ, тромбоцит 120 мың. Жұлын сұйықтығы лайлы, қысыммен шығады, Панди реакциясы (), цитоз нейтрофилге байланысты.

Қабылдау бөлімінің дәрігері ем тағайындады.

Сипатталағн клиникалық жағдайда қандай этиотропты дәріні таайындау ең тиімді болып табылады?
*Гентамицин 240 мг/тәул. б/е

*Азитромицин 500 мг/ тәул. per os

*Ципрофлоксацин 400 мг/ тәул. к/т

*Левомицетин-сукцинаты 3, 0 г/ тәул. б/е


*+Бензилпенициллиннің натрий тұзы 18 млн.бірл./тәул. б/е
#193

*!Ер адам, 20жаста, ауруы жедел басталған дене температурасының 40°С дейін жоғарлауымен, бас ауруы, тәбетінің төмендеуі, әлсіздік, арқа және аяқ бұлшық еттеріндегі ауру сезімі байқалған. Келесі күні тобығында, табанында, санында геморрагиялық бөртпелер пайда болды. АҚ 100/60 мм с.б.б., пульс 100 рет/мин. ЖҚА: лейкоцит – 20 х109 /л. Лейкоцитралы формула солға ығысқан. СОЭ - 40 мм/сағ, тромбоцит 120 мың.

Қандай дәріні тағайындаған ең тиімді?
*Ампициллин

*+Левомицетин-сукцинат

*Амоксициллин

*Пенициллин

*Доксициклин
#194

*!Ер адам, 20жаста, ауруы жедел басталды дене температурасының 40°С дейін жоғарлауымен, бас ауруы, құсу 3 рет, әлсіздік байқалған. Келесі күні шүйде бұлшық етінің регидтілігі байқалды. АҚ 90/60 мм с.б.б., пульс 100 рет/мин. ЖҚА: лейкоцит – 20 х109 /л. Лейкоцитралы формула солға ығысқан. СОЭ - 40 мм/сағ, тромбоцит 120 мың. Жұлын сұйықтығы лайлы, қысыммен шығады, Панди реакциясы (), цитоз нейтрофилге байланысты.

Қандай дәріні тағайындаған ең тиімді?
*+Пенициллин

*Рифампицин

*Стрептомицин

*Левомицетин

*Доксициклин
#195

*!25 жастағы ер адам ауруханаға түсті. Ауырғанына 2 күн болған: жедел басталған, бастың ауруы, дене қызуының 39о C дейін көтерілуі, тамақтың жыбырлауы, сүйектің және буынның қақсауы, мұрынның бітелуі, мазалайды. Өздігінен терафлю, парацетамол қабылдаған әсері болмаған.Қараған кезде аңқасында айқын қызару, беттің ісінуі және қызаруы, склераның қантамырларының инъекциясы, мұрын бітелген. Өкпеде қатаң тыныс сырылдар жоқ. Жүрек тоны бәсеңдеген, тахикардия 98 рет/мин,АҚҚ 100/60 мм.с.б.

Полимеразды-тізбектік реакция барысында қандай қоздырғыштың анықталуы ең ықтимал болып табылады?
*АИВ РНҚ-ы

*РНҚ-HCV

*ДНҚ-HBV

*+ортомиковирус РНК-ы

*парамиксовирус РНК -ы
#196

*!25 жастағы ер адам ауруханаға түсті. Ауырғанына 2 күн болған: жедел басталған, бастың ауруы, дене қызуының 39о C дейін көтерілуі, тамақтың жыбырлауы, сүйектің және буынның қақсауы, мұрынның бітелуі, мазалайды. Өздігінен терафлю, парацетамол қабылдаған әсері болмаған.Қараған кезде аңқасында айқын қызару, беттің ісінуі және қызаруы, склераның қантамырларының инъекциясы, мұрын бітелген. Өкпеде қатаң тыныс сырылдар жоқ. Жүрек тоны бәсеңдеген, тахикардия 98 рет/мин,АҚҚ 100/60 мм.с.б.

Сипатталан клиникалық жағдайда этиотропты ем үшін қай дәрі ең тиімді болып табылады?
*Ацикловир

*Пенициллин

*Бисептол

*+Ремантадин

*Ципрокс
#197

*!25 жастағы ер адам ауруханаға түсті. Ауырғанына 2 күн болған: жедел басталған, бастың ауруы, дене қызуының 39
о C дейін көтерілуі, тамақтың жыбырлауы, сүйектің және буынның қақсауы, мұрынның бітелуі, мазалайды. Өздігінен терафлю, парацетамол қабылдаған әсері болмаған.Қараған кезде аңқасында айқын қызару, беттің ісінуі және қызаруы, склераның қантамырларының инъекциясы, мұрын бітелген. Өкпеде қатаң тыныс сырылдар жоқ. Жүрек тоны бәсеңдеген, тахикардия 98 рет/мин,АҚҚ 100/60 мм.с.б.

Гриппті емдеуде қолданады?
*Ацикловир

*Пенициллин

*Бисептол

*+Ремантодин

*Ципрокс
#198

*!Әйел адам, 25 жаста ауруханаға ауруының 2-ші күні түсті, шағымдары: жалпы әлсіздік, бастың ауруы, тамақтағы ауру сезім, құрғақ жөтел, көздің ашуына. Объективті: Дене қызуы 39,5С, беті қызарған, аңқаның шырышты қабаты айқын қызарған, жұтқыншақтың артқы қабаты түйіршіктелген, склераның қантамырларының инъекциясы. Мұрыннан серозды-шырышты бөлінділер. Жөтел құрғақ. Өкпеде қатаң тыныс сырылдар естілмейді. Жүрек тоны анық тахикардия ЖСЖ 92 рет/мин,АҚҚ 110/710 мм.с.б. Ем тағайындалған: цефазолин 1,0х3 рет күніне б/е, 5% глюкоза ерітіндісі -500,0 к/т, супрастин 1,0 б/е, ремантадин кесте бойынша, аңқасын фурациллин ерітіндісімен шаю.

Тағайындаудағы қателік:
*Супрастин 1,0 б/б

*Ремантадин кесте бойынша

*5% глюкоза ерітіндісі -500,0 к/т,

*+Цефазолин 1, 0х3 рет күніне б/е

*Аңқасын фурациллин ерітіндісімен шаю
#199

*!25 жастағы ер адам ауруханаға екінші күні, бастың ауруы, құрғақ жөтел, тамақтағы ауру сезімі, көзінің ашуына шағымданып түсті. Объективті: Дене қызуы 38,80С, аңқасында айқын қызару,жұтқыншақтың артқы қабырғасында түйіршіктер байқалады.Склераның қантамырларының инъекциясы. Өкпеде қатаң тыныс сырылдар жоқ. Жүрек тоны бәсеңдеген, ЖСЖ 88 рет/мин,АҚҚ 100/60 мм.с.б.

Қандай вирусқа қарсы препарат тағайындаған маңызды?

*+Осельтамивир

*Ацикловир

*Интерферон

*Циклоферон

*Оксалин майы
#200

*!Ер адам, 20 жаста, ауруы жедел басталды дене температурасының 40°С дейін жоғарлауымен, бас ауруы, құсу 3 рет, әлсіздік байқалған. Келесі күні шүйде бұлшық етінің регидтілігі байқалды. АҚ 90/60 мм с.б.б., пульс 100 рет/мин. ЖҚА: лейкоцит – 20 х109 /л. Лейкоцитралы формула солға ығысқан. СОЭ - 40 мм/сағ, тромбоцит 120 мың. Жұлын сұйықтығы лайлы, қысыммен шығады, Панди реакциясы (), цитоз нейтрофилге байланысты.

Жұлын сұйықтығын бактериологиялық зерттеу барысында қандай қоздырғыштың анықталуы ең ықтимал болып табылады?
*Listeria monocytogenes

*+Neisseria meningitides

*Micobacteria tuberculosis

*Yersinia psevdotuberculosis

*Entamaeba hystolitica
#201