Файл: Гастроэнтерология 1 уровень.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 1310

Скачиваний: 8

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

#61

*!49 жастағы ер адам алдынғы-жайылған Q тісшесіз миокард инфарктысымен емделген. Үшінші аптада қызба, артралгия, перикард пен плевраның үйкеліс шуы пайда болды.

Көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?
*Инфекциялық эндокардит

*+ Дресслер синдромы

*Перикардит

*Плеврит

*Сепсис
#62

*!25 жастағы әйел бас айналуға, қысқа уақытты ұстамалы талмаларға шағымданады. Об-ті: төстің оң жағы мен жүрек негізі аймағында, систола ортасында максимальді естілетін және мойын тамырларына берілетін, дөрекі систолалық шу анықталады. ЭКГ: сол қарыншаның гипертрофиясы. Рентгенологияда: жүрек конфигурациясы "жүзген үйрек" тәрізді.

Көрсетілген жүрек ақауларының қайсысы БАРЫНША мүмкін?
*Солжақ атриовентрикулярлы саңлаудың тарылуы

*Трикуспидальді қақпақшаның жетімсіздігі

*Митральді қақпақшаның жетімсіздігі

*Өкпе артериясы саңылауының тарылуы

* +Аорта саңылауның тарылуы
#63

*!Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар (ФКІ СЖЖ) науқасқа ангиотензин айналдырушы ферменттің ингибиторын (ААФИ) тағайындау шешілді. ААФ ингибитоларын тағайындауға қандай қарсы көрсеткіштер бар?
*+ Айқын қолқалық стеноз

*Артериялық гипертензиясы бар науқастарда айқын гиперлипидемия

*Артериялық гипертензияның бронхообстукциямен қосарлануы

*Диабеттік нефропатия кезіндегі артериялық гипертензия

*Артериялық гипертензияның шеткері артериялардың облитерлеуші ауруларымен қосарлануы
#64

*!58 жастағы ер адам бір жыл бұрын миокард инфарктысын басынан кешті. Соңғы айда ентігу бұрынғыдан аз физикалық күш түскенде пайда бола бастады, стенокардия ұстамалары жоқ. Шеткері ісіктер жоқ. Тыныштықтағы ТАЖ минутына 18 рет, өкпесінде тынысы везикулярлы. Жүрек тондары әлсіреген, ырғағы дұрыс, ЖСЖ минутына 79, бауыры ұлғаймаған. 6 минуттық жүру тесті және ЭХОКС жүргізілді. NYHA бойынша ФК ІІ СЖЖ анықталды. Диуретиктермен емдеу тактикасы жайлы қандай тұжырым дұрыс?
*+ Диуретиктер көрсетілмеген

*Ілмектік диуретиктер

*Тиазидті диуретиктер және альдостерон антагонисттері кешені

*Ілмектік диуретиктер және альдостерон антагонисттері кешені

*Ілмектік, тиазидтік диуретиктер жєне альдостерон антагонисттері кешені
#65

*!Әйел адам 60 жаста, диагнозы ЖИА, мезгілі белгісіз басынан кешкен миокард инфарктысы. СЖЖ III. ЭКГ: Р тісшесі жоќ, f толқындар, R-R арақашықтығы әр түрлі. ЭхоКГ–да шығарыс фракциясы 35%. Қандағы креатинин деңгейі қалыпты. Осы науқаста жүрек гликозидтерімен (дигоксин) емдеу тактикасы жайлы тұжырымдардың қайсысы дұрыс?

*СЖЖ және синусты ырғақпен науқастарда емдеу жетістіктің предикторына шығарыс фракциясының < 60% болуы жатады

*Дигоксинді тәулігіне 0,325 мг астам дозасында қолданған дұрыс

*Бүйрек жеткіліксіздігі кезінде дигоксин дозасын реттеп қажеті жоқ

*Әйелдерде дигиталисті интоксикация сирек дамиды

* +Жыбырлы аритмия кезінде дигоксин тыныштықтағы ЖСЖ-н азайтады
#66

*!Қыз 19 жаста. Бұрын кезеңді түрде басының ауыратынын байқаған. Сирек ЖРВИ болған. Қарағанда: гипостениялық дене қалпы, ісіктер жоқ. Жүрек тондары қалыпты, ырғағы дұрыс, ЖСЖ минутына 80 рет, АҚ 170/120 мм с. б. Басқа мүшелері жағынан патологиялық өзгерістер анықталынған жоқ. Жалпы қан және зәр анализдері, биохимиялық көрсеткіштері қалыпты деңгейде. ЭКГ-да, ЭХОКГ-те сол қарыншаның гипертрофиясы белгілері. Изотопты рентгенографияда оң бүйректің васкулярлы сегменті өзгерген. Гипотензиялы препараттармен үш кешенді терапия нәтижесіз. Артериялық гипертензияның ең мүмкін болатын себебі қандай?
*Созылмалы пиелонефрит

*Созылмалы интерстициалды нефрит

* +Бүйрек артериясының тарылуы

*Бүйрек туберкулезі

*Біріншілік альдостеронизм
#67

*!Әйел 62 жаста. Дәрігерге басының ауыруына, бас айналуға шағымданып келді. Анамнезінде – стенокардия ұстамалары, кезеңді түрде нитраттар, аспирин қабылдайды. 8 жылдан бері бронхты демікпемен ауырады, тұншығу ұстамаларын симпатомиметиктер ингаляциясымен басады. Қарағанды: тері жамылғысы бозғылт, мойын тамырларының пульсациясы. Сол жақ жүрек шекарасы ұлғайған, жүрек резистентті, солға және төменге ығысқан. Аускультацияда: ІІ қабырға аралықта оң жақта жұмсақ протодиастолалық шу, ЖСЖ минутына 82, АҚ 185/60 мм с. б. Артериялық гипертензияның мүмкін болатын себебі қандай?
*Эссенциалды артериялық гипертензия

*Дәрімен индуцирленген артериялық гипертензия

*Натрийдің біріншілік бүйректік ретенциясы

*+ Атеросклерозды генезді қолқа қақпақшасының жеткіліксіздігі

*«Ақ халат» гипертензиясы
#68

*!Ер адам 45 жаста. 10 жыл бойы алкоголді шамадан тыс көп қолданады. Дәрігерлерге қаралмаған. Кенеттен жағдайы нашарлаған. Тыныштықтағы ентігу пайда болған, «жедел жәрдем» машинасын шақырған. Дәрігер басталып келе жатқан өкпе ісінуін анықтады. ЭКГ түсірілді:



Жедел сол жақ қарыншалық жеткіліксіздіктің дамуына әкелген себеп қайсысы?
*Жедел миокард инфарктысы

*+ Пароксизмалды жүрекшелер дірілі



*Жүрекшелер фибрилляциясының тұрақты түрі

*Жылдамдаған шықпалы ырғақ (выскальзывающий ритм)

*Пароксизмалды қарыншалық тахикардия
#69

*!18 жастағы жас жігіт. Колледжде медициналық қарау кезінде тыныс алғанда өзгермейтін төс сүйектің сол жағында ІІІ қабырға аралықта систолалық шу, өкпе артериясының үстінде ІІ тонның қосарлануы анықталды. Шағымы жоқ. Анамнезінде тек суық тию болған. Диагнозды қоюда қандай зерттеу әдісі ақпаратты болар еді?
*ЭКГ

*+ ЭХОКГ

*ФКГ

*Кеуде қуысының мүшелерінің рентгенографиясы

*Аортография
#70

*!Жүкті әйел әйелдер кенесінде дәрігерге терапевтке жүрек тұсында шалыс соғу (перебои) сезіміне шағымданды. Бұрын ештеңемен ауырмаған. ЭКГ түсірілді:


Науқасты жүргізу тактикасы қандай?
*Науқасты динамикада бақылау

*Шұғыл түрде жүктілікті үзу

*Бұл патология әрі қарай бақылауды қажет етпейді

* +Холтерлік мониторлау және ЭХОКГ жасауды ұсыну

*Шұғыл түрде госпитализациялау және интенсивті антиаритмиялық терапия жүргізу
#71

*!ЭКГ-да тіркемелерінде R тісшесінің үлкеюі, ST сегментінің депрессиясы анықталды. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
*Алдыңғы перде аймағының миокард инфарктысы

*Төменгі көк еттік миокард инфарктысы

* +Артқы базалды миокард инфарктысы

*Жүрек ұшылық миокард инфарктысы

*Оң қарыншаның миокард инфарктысы
#72

*!Ер адам 43 жаста, стенокардияға байланысты күн сайын изосорбид динитрат қабылдауға мәжбүр, бірақ препаратқа тұрақтылық дамыды. Анамнезінде обструкциялы бронхит. Пациентті оптимальды жүргізу тактикасы қандай?
*Нитраттарды емнен алып тастау

*+ Изосорбид динитратты изосорбид – 5 – мононитратқа алмастыру

*Нитрат дозасын жоғарлату

*Қосымша β-блокаторлар тағайындау

*Нитраттарды қабылдауда 8 сағаттық үзілісті қамтамасыз ету
#73

*!Күш түсу стенокардиясы бар науқаста ЭКГ-да Гисс шоғырының сол жақ аяқшасының блокадасы анықталды. Коронарография жүргізгенде патологиялық үрдістің орналасқан жері анықталмады. Тәждік тамырлардың зақымдалу орнын көрсететін ақпаратты зерттеу әдісі қайсысы?


*Стресс – доплерэхокардиография

*ЭКГ холтерлік мониторлау

* +МРТ

*Радионуклидті вентрикулография

*Өңеш арқылы электрлі стимуляциялау
#74

*!52 жастағы әйел физикалық күш түскенде жүрек тұсының ауырсынуына шағымданады. ЭКГ-да физикалық күш түскенде әдеттегі горизонталды ST интервалының депрессиясы, оң эргометринді тест. Коронарографияда - эпикардиалды тәж артерияларының зақымдалу белгілері жоқ. Мүмкін болатын диагноз қандай?
*Дисметаболизмдік кардиомиопатия

*Күш түсу стенокардиясы

*Принцметал стенокардиясы

*+ Микроваскулярлы стенокардия (синдром Х)

*Субэндокардиалды миокард инфарктысы
#75

*!Науқаста төменгі диафрагмальді миокард инфарктысы дамығаннан 10 күннен кейін инспираторлы ентігу, цианоз, ат шабыс ырғағы, өкпесінде ұсақ көпіршікті сырылдар, крепитация пайда болды. Эхо-КГ: митралды регургитация, айдау фракциясы 30%. Аталғандардың ішінде жедел миокард инфарктысының қандай асқынуы болуы мүмкін?
*алдыңғы емізікшелік бұлшық ет жыртылуы

* +артқы емізікшелік бұлшық ет жыртылуы

*жүрек аневризмасының жыртылуы

*қарынша аралық перде жыртылуы

*сол қарынша қабырғасының жыртылуы
#76

*!Ер адам 60 жаста, өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен ауырады. Жыбырлы аритмия ұстамалары, артериялық гипертензия пайда болды. Қандай препараттарды қолданған дұрыс?

*β-блокаторлар

*Калий каналдарын белсендірушілер

*Кальций антогонистері, дегидроперидиндер туындысы

*+ Кальций антогонистері, бензотиазипиндер туындысы

*Жүрек гликозидтері
#77

*!Ер адам 49 жаста, эмоционалды қозуда, тегіс жерде орташа жылдамдықпен 500 м астам жүргенде жүрек тұсында ауырсыну пайда болады. Стенокардия ұстамасының алдын алу үшін қандай терапия қолданған дұрыс?
*пролонгирленген нитраттарды үнемі қабылдау

*β-блокаторларды үнемі қабылдау

*ауырсыну пайда болғанда нитроглицеринді сублингвалды қабылдау

* +физикалық күштеменің алдында 30 минут бұрын пролонгирленген нитраттарды қабылдау

*пролонгирленген нитраттарды үнемі қабылдау аясында нитроглицеринді сублингвалды қолдану

#78

*!Реанимация бөліміне жедел миокард инфарктысымен науқас түсті. Объективті: бозғылт-цианозды ылғалды тері, шеткері көктамырлары басылып қалған. АҚ 80/60 мм с. б., диурез 20 мл/сағ. кем. Науқасты емдеуде аталғандардың қайсысын қолданған жөн?
*дроперидол

*дигоксин

*морфин

* +допамин

*изадрин
#79

*!Ер адам 63 жаста, жедел жылжымалы, толқын тәрізді төс артындағы және омыртқа жотасы бойымен ауырсынуға шағымданады. Аяқтары және қолдарындағы тамыр соғысының ассиметриясы, қолқа үстінде систолалық шу, гипотония анықталды. Диагнозды анықтауға қандай зерттеу әдісі көмектеседі?


*эхокардиография

*ЭКГ

*вентрикулография

* +аортография

*коронарография
#80

*!67 жастағы әйел кезеңді пайда болатын жиі жүрек қағу, ентігу ұстамаларына шағымданады. Зерттегенде ЭКГ сериясында жүрекше жыпылықтауының пароксизмальді түрі, сол қарыншаның алдыңғы қабырғасының субэндокардиальді ишемиясы тіркелді. Изокет, конкор, аспирин тағайындағаннан кейіннауқас жағдайы жақсарды, жыпылықтаушы ырғақ бұзылысының пароксизмі азайды.

Науқас жағдайының жақсаруына көрсетілген β – адренобөгемелер құрамының қайсысы БАРЫНША мүмкін әсер етті?
*СА-түйін автоматизмнің төмендеуі

*АВ-қосылуы бойынша қозу өткішгішінің бәсеңдеуі

*+ Ишемияланған миокардта жыпылықтау табалдырығының жоғарлауы

*Миокардта өткізу жылдамдығына барынша әсерінің болмауы

*Кардиомиоциттер рефрактерлігіне барынша әсерінің болмауы
#81

*!Екі миокард инфарктін өткерген 73 жастағы ер адам айқын ентігуге, бірнеше сағат аралығында жүрек қағуға, кенет әлсіздікке шағымдананады. ЭКГде Р тісшесі жоқ, минутына 150 рет жиілікпен қарынша жиырылу аритмиясы анықталады. Амиодарон тиімсіз. Науқаста гемодинамиялық бұзылыстар жылдам өршуде.

Көрсетілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізу БАРЫНША ТИІМДІ?

*Дәрі дәрмектік кардиоверсия

*Уақытша электрокардиостимуляция

*Катетерлік радиожиілікті деструкция

*+ Жедел электроимпульстік терапия

*Аритмогенді аймақтың лазерлік коагуляциясы
#82

*!79 жастағы ер адам кененттен есін жоғалтты. Анамнезінде жайылған миокард инфарктінен кейін соңғы бірнеше апта церебросклероз белгілері деп саналған бас ауру ұстамалары мазалаған. Күнделікті моноприл, конкор, аспирин қабылдайды. ЭКГде: жүрекше қозу ырғағы – 70 рет мин, қарыншалар – 34 рет мин. QRS – кеңейген.

Көрсетілген жағдайлардың қайсысы β – адренобөгемелерді тағайындауға қарсы көрсеткіш болып табылады?

*Жедел миокард инфаркті

*Инфарктан кейінгі кардиосклероз

*Гипертрофиялық кардиомиопатия

* +Морганьи-Адамс-Стокс синдромы

*Физикалық күштемелерде туындайтын аритмиялар
#83

*!65 жастағы әйел психоэмоциональді жүктемелерден кейін пайда болатын кеуде артындағы ауыру сезімі, жүрек қағу, ентігу, айқын әлсіздікке шағымданады. Терапевт тағайындауы бойынша дигоксиннің ½ таб күнделікті қабылдайды. Қарап тексергенде: тері жабындылары боз, салқын тер; өкпеде ылғалды сырылдар; үндері бәсең және жүрек ырғағының бұзылысы; бауырдың ұлғаюы, ісінулер. АҚ 80/40 мм сб.б. ЭКГде: минутына 160 рет қарынша жиырылу жиілігімен жүрекше жыпылықтауы. QT интервалының 0,40 мс. ұзаруы.