ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 506
Скачиваний: 7
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Физиологическая желтуха
Дәрігер балаға жіктеу жүргізді: пневмония жоқ, астмоидты тыныс. БЖАИЖ бағдарламасы бойынша балаға қай препаратты тағайындайсыз
ингаляциия сальбутамолмен
Бала 8 күн, аз салмақпен 1000 г туылған. Перзентханада нәрестеге қандай екпе жасауға болады
екпе жасалмайды
Жаңа туылған нәрестенің тыныс алу белгілері жоқ, бозғылт, тітііркендіргіштерге әсер етпейді пульсы минутына 84 рет, аяқтары салбыраңқы. Аталған диагноздардың қайсы болуы мүмкін
асфиксияның ауыр дәрежесі
Бала 5 - ші жүктіліктен, өз уақытында 3000 г салмақпен туылған, бойы 50 см. Туылған кезде терісінің сарғыштығы, әлсіздік, дауысы әлсіз. Емуі нашар, лоқсиды, бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы анықталған. Сіздің алдын - ала диагнозыңыз
нәрестенің гемолитикалық ауруы
Күніне жетіп туылған нәресте, 1 - ші жүктіліктен, жүктілігі асқынусыз. Өмірінің 3 күні денесінде, аяқ - қолдарында ортасында тығыз домалақ ақ пауласы бар 1 - 1,5 см қызыл бөртпелер пайда болды. Жалпы жағдайы жақсы. Сіздің дәрігерлік тактикаңыз
ем қажет етпейді
Жаңа туған нәрестеде спонтанды компонент қозғалыстары байқалады, бұл экстрапирамидалық моториканың реттеу басымдылығының салдары болып табылады. Айтыңызшы спонтанды қозғалыс белсенділігі қандай рефлекс кезінде анықталады
Бауэр
Жаңа туған нәрестенің басын қараған кезде сол жақ бас сүйегінің аймағында ісік тәрізді флюктуацияланатын байқалады, пальпация кезінде, ауырсынбайды, пульсацияланбайды. Сіздің алдын ала диагнозыңыз қойыңыз
кефалогематома
Нәрестеде ему кезінде ауыз - үшбұрышының жеңіл көгеруі байқалады. Аускультацияда: бірінші тон өзгермеген, өкпе артериясы үстінен II тон акценті. Систола - диастолалық шу 2 қабырға аралалығында естіледі. Осындай тума жүрек ақауы кезінде қанның ағысы қалай өтеді
Аортадан өкпе артериясына
Жаңа туған нәресте 14 күн. Емуі әлсіз, лоқсиды, нәжісі тұрақсыз. Терісі гиперемиялы, қабыршақтанады, бастың шаш бөлігінде себореялық қыртыстар. Қолтық асты және шап аймағында мацерациясы бар гиперемия, опрелость байқалады. Алдын ала диагноз
себореялық дерматит
Бала 7 жаста. Стационарға ауыр жағдайымен түсті. Шағымдары. Бірнеше реттік «кофе» тәрізді құсу, жүрек айну, ауырсынуы, полидипсия, әлсіздік, бас айналу, көздің көруі нашарлайды. Объективті: жағдайы ауыр, әлсіз, үйқының бұзылуы, аузынан ацетон иісі шығады. Бетінің ұшында қызару, тілі құрғақ, ауыз бұрыштарында жаралар. Пульс минутына 120 рет, әлсіз. Жүрек шекаралары қалыпты. Жүрек үні – ырғақты, әлсіреген. Тынысы шулы (Куссмаул). Өкпе перкуссиясында және аускультациясында өзгерістер жоқ. Іші – жұмсақ, пальпациялағанда ішінің жоғарғы бөлігі ауырсынады. Үлкен дәреті қалыпты. Температура 35,8°. Қандай диагноз дұрыс
диабеттік кетоацидоз
Бала 3 жаста. Шағымдары: жиі ішінің өтуіне, тәбеті нашар, салмақ қоспауына. Анамнезінде: бала 1 жүктіліктен, 3400 г салмақпен туған, бойы 51см. Алғашқы күннен бастап үлкен нәжісі тұрақсыз. Ол стафилококкты энтероколит немесе дисбактериоз деп бағаланған. 11 айлығында энтероколлитпен ауырған. Бір жаста салмағы 8700 г, 2 жасында - 10 кг, 3 жасында 10,5 кг.сүт тағамдарын жақтыртпайды. Ферменттермен және биопрепараттарды қабылдаған. Әкесі сүтті жақтыртпайды. Қарағанда: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Жұмсақ тін тургоры төмен, терісі бозғылт. Іштің кебуі байқалады. Пальпация кезінде тоқ ішектің қорылдауы байқалады. Бауыр + 1,5 см. Қандай диагноз туралы ойлауға болады
лактоза жақпауы
10 жастағы балаға үйге дәрігер шақырды. 2 күн бойы ауырған. Дене температурасы 39,0°С. Бел аймағында ауырсыну, басының ауруы. Терісі бозғылт, таза. Бірнеше уақыт бойы зәр шығырмайды. Сіздің алдын ала диагнозыңыз
жедел пиелонефрит
Бала 11 жаста. Шағымдары: эпигастрий аймағында әлсіз ауырсыну, тамақ қабылдағаннан кейін пайда болды, кекірік, эпигастрий аймағында ауырлық сезімі. Анамнезінде: осы шағымдары 2 жасынан мазалайды. Анасында – созылмалы гастрит. Объективті: баланың жағадйы қанағаттанаралық. Тыныс алу, жүрек қан тамыр жүйелерінде өзгерістер жоқ. Ішті пальпациялағанда – эпигастрий аймағында белгісіз ауырсыну, үлкен дәреті қалыпты. Қандай аурумен салыстырмалы диагноз жүргізуге болады
созылмалы гастродуоденитпен
Бала 4 жаста. Шағымдары: тәбеті төмен және кіндік тұсында ауырсыну, тамақ қабылдауымен байланысты емес. Ауырсыну қысқа уақытта және өздігімен жойылады. Объективті: жағадйы қанағаттанарлық. Тамақтануы қалыпты. Тілі ақ жамылғымен жабылған. Ішті пальпациялағанда ауырсынусыз. Үлкен дәреті қалыпты, дизуриялық белгілер жоқ. Үлкен нәжісінде құрттар табылмаған. Қандай диагноз дұрыс
асқазанның функционалдық бұзылуы
Бала 2 жаста. Шағымы. Аяғының О - тәрізді деформациясы. Дамуы қалыпты. 8 айлығына дейін төспен емізуде болған, мешелдің алдын алуы УФС түрінде алған. Күнделікті 3 сағ,таза ауада болады. Бір жастан кейін бала жүре бастады, сол кезде балтырларының қисаюы байқалған, соңғы кездері деформация кенеттен көбейген, жүрісі өзгерген, мешелдің арнайы емін алады. Лабораторлық зерттеулерде: гипофосфатемия, гиперфосфатоурия, қанында және зәрінде кальций қалыпта. Қандай диагноз туралы ойлауға болады
фосфатдиабет
10 жасар бала. Шағымдары: мұрыннан қан кету, теріде қан құйылу. Қарау барысында жағдайы қанағаттанарлық. Денеде, бетте, аяқта әр түрлі көлемдегі қан құйылулар. Буындары өзгермеген. Қан анализінде: эр. – 3,8 х 1012, НЬ - 100 г/л, тромб.-3,0 х 109/л, СОЭ - 24 мм в час. Қан ағу уақыты 18 мин. қан ағу жылдамдығы 2 мин., соңы - 7 мин. Қан ұю ретракциясы жоқ. Диагноз: Верльгоф ауруы. Бұл ауру немен қауіпті
қан кету
5 жасар ұл бала. Бала 2 - ші жүктіліктен (анасында нефропатия). Анамнезінде балада стресстен кейін 1,5 ай әлсіздік, енжарлық байқалды. Сұйықтықты көп қабылдаған, кіші дәретінің жиі болғандығы анықталды. Бала реанимацияға ауыр жағдайда түсті, есі жоқ. Тынысы шулы (Куссмаул типті) терілік және ахиллов рефлекстері төмендеген, терісі құрғақ, жұмсақ тін тургоры төмен, бетінің терісі гиперемияланған. Пульс - 140 рет минутына, қан қысымы 75/40 мм рт. ст. Тілі ақ жамылғымен жабылған. Ауызынан ацетон иісі шығады. Бұл қай комаға тән
гипергликемиялық кома
3 жасар бала. Шағымдары: көп көлемде ісінулер, әлсіздік, диурез төмендуі, 1 апта бұрын пайда болған. Анамнезінде бірнеше рет тағамдық аллергиялар болған. Жалпы қарағанда: хал жағдайы ауыр, бет, аяқ бетінде айқын ісінулер бар, асцит көріністері байқалады. Жүрек тондары айқын. АҚ - 90/50 мм с.б. Бауыр – қабырға доғасынан 4 см шыққан. Зәрдің клиникалық анамнезінде: аққуыз - 20 г/л, лейкоцит. Қан анализінде: гипопротеинемия, гипоалбьуминемия, гиперлипидемия. Тәуліктік диурез 200 мл. Бұл қандай синдромға тән
нефротикалық синдром
8 жасар бала. Ылғалды жөтел мен дене температурасы жоғарлауына шағымданады. Объективті: тері қабаты бозғылт. өкпеде қатқыл тыныс, құрғақ сырылдар, өкпенің барлық жерінде естіледі. Рентгенде: өкпе суретінің, өкпе түбірінде күшеюі көрінеді. Перифериялық қанда: L - 5,0 х 10 /л (п. - 8 %, с. - 51%, л. - 39 %, м. - 6 %); СОЭ - 6 мм\сағ. Төмендегі көрсетілген диагноздың қайсысы дұрыс
жай бронхит
Ұл бала И., 11 жаста. Анамнезінен белгілі, 2,5 ай бұрын скарлатинамен ауырған. Түскен кездегі жағдайы ауыр. Бала жылауық, мазасыз, тез шаршайды, сөздері анық емес, координациондық сынаманы дүрыс орындамайды, бұлшық ет гипотониясы. Өкпесінде тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ. Жүрек маңайы өзгеріссіз. Жүрек шекаралары: оң жағы – оң жақ бөлігінде, жоғарғысы - III қабырғада, сол жағы – ортаңғы – бұғана сызығының бойынан 1 см ішке. Жүрек тондары аздап әлсіз, жүрек ұшында систололық шу естіледі. Іші жұмсақ, терең пальпацияланады, бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған. Қойылған диагноз: Ревматизм 1. Науқасқа қандай біріншілік емі тағайындалады
бицилин
Қыз бала 6 жаста , өсуі мен дамуы жасына сай. Профилактикалық екпелерін екпе күнтізбесі бойынша алған. Бірінші рет 4 жасында Манту реакциясын жасаған. Нәтижесі - папула 12см. «Туб вираж» болған, осығын байланысты 3 ай бойы химиопрофилактика алған. Осы балаға 6 жасында қандай екпе жасау керек
АДС, ЖКВ - 2(против кори
9 жастағы ер бала, зәр анализіндегі өзгерістеріне және естудің төмендеуіне шағымданады. Бала токсикозбен 2 - ші жүктіліктен, 2 - ші босанудан (бірінші бала – ер бала, 11 жасында бүйрек жетіспеушілігінен қайтыс болды, 3 жастан бері – құлағы естімейді). Клиникаға түскенде: хал-жағдайы орташа дәрежеде, терісі бозғылт, ісінуі жоқ, қан қысымы 105/55 с.б. дизэмбриогенез стигмалар анықталады. Тексергенде – ЖЗА-нәруыз - 0,9 %, лейкоциттер – 6 - 7 к/а, эритроциттер - көп мөлшерде, тығыздылығы - 1007. Зимницкий байқауы: зәр тығыздығының тербелісі 1002 - 1008; күндізгі диурез - 250 мл, түнгі диурез - 500 мл. Аудиометрияда: есту қабілеті төмендеген. Окулист қарауында: катаракта I дәрежелі, миопия. Балаға қандай ең дұрыс синдромды қоясыз
Альпорт синдромы
6 жастағы балаға бронх демікпе ұстамасына жедел дәрігер шақырылды. Анамнезінен 4 жастан бастап бронх демікпе ұстамасымен Д бақылауда тұратыны анықталған. Аллергологқа қаралған, үй шаңына, тағамдарға сезімталдығы бар. Ұстаманы өздігінен қайтаруға болмаған. Жағдайы орташа ауырлықта, бозғылт. Экспираторлы ентігу, тыныс алуға қосымша бұлшықеттер қатысады. Дем алу 1 мин - 40 рет. Қашықтықтан сырыл естіледі. Перкуторлы өкпе дыбысы «қорап» тәрізді дыбыспен жүреді. Демалысы әлсіз, жайылған құрғақ сырыл. Қандай ем міндетті түрде жүргізу керек
сальбутамол
5 жасар бала. Шағымдары: оң жақ тізе буынының ауырсынуы. Анамнезінде: жиі мұрыннан қан кету, жарақаттан кейін буын мен теріге қан құйылу байқалған. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Тері қабаты бозғылт. Денесінде экхимоз диаметірі 6 см. Оң жақ тізе буыны шар тәрізді, бірден қозғалыстың тежелеуі байқалады. Буын сұйықтығында – гемолизденген қан алынған. Қан анализінде: эр. - 3,6 х 1012, НЬ - 100 г/л, СОЭ - 20 мм/сағ, тромб. – 200 x 10 %, Ли - Уайт бойынша қан ұю ұзақтығы 18 мин. Рекальцификация уақыты 450 мин. Доннорлық плазма құйғаннан кейін рекальфикация қалпына келді. Төмендегі көрсетілген диагноздың қайсысы дұрыс
А гемофилиясы
Науқаста келесі симптомдар анықталған: бетінің көгеруі, аккроцианоз, веналары кеңейген, веналық пульсі оң, аускультацияда семсер өсіндісінде үрілген систолалық шу, жоғарыға және оң жаққа беріледі, тыныс алғанда күшейеді, дем шығарғанда әлсірейді. Бауыры ұлғайған, пальпациялаған кезде бауырда пульсация сезіледі, ол қарыншаның систоласымен синхронды ЭКГда Р тісшесі биік, рентгенограммада жүрек көлеңкесі үш бұрышты, ол оң жақ жүрекшемен қарыншаның үлкеюмен байланысты. Қандай ақау туралы ойлауға болады
үшжармалы қақпашаның жеткіліксіздігі
9 жастағы ер бала, зәр анализіндегі өзгерістеріне және естудің төмендеуіне шағымданады. Бала токсикозбен 2 - ші жүктіліктен, 2 - ші босанудан (бірінші бала – ер бала, 11 жасында бүйрек жетіспеушілігінен қайтыс болды, 3 жастан бері – құлағы естімейді). Клиникаға түскенде: хал - жағдайы орташа дәрежеде, терісі бозғылт, ісінуі жоқ, қан қысымы 105/55 с.б. дизэмбриогенез стигмалар анықталады. ЖЗА - нәруыз - 0,9 %, лейкоциттер – 6 - 7 к/а, эритроциттер - көп мөлшерде, тығыздылығы - 1007. Зимницкий байқауы: зәр тығыздығының тербелісі 1002 - 1008; күндізгі диурез - 250 мл, түнгі диурез - 500 мл. Аудиометрияда: есту қабілеті төмендеген. Окулист қарауында: катаракта I дәрежелі, миопия. Бұл қандай синдромға тән
Альпорт синдромы
10 жасар бала. Шағымы: тұрақты жөтел, таңертеңгілік уақытта кілегей – іріңді қақырықтың бөлуіне. Жүгіргенде ентігу, әлсіздік, тәбеттің төмедеуі. 2 жасында жедел пневмониямен ауырған. Содан бері жыл сайын пневмониямен немесе бронхитпен ауырады. Қарағанда: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, t - 37,3°, терісі бозғылт, физикалық дамуы артта қалған. Перкуссияда: 4 - 5 – ші қабырға аймағында өкпе дыбысы қысқарған, тынысы қатаң, әртүрлі калибірлы ылғалды сырылдар естіледі. Жөтелгеннен кейін сырылдар өзгермейді. Қандай диагноз дұрыс
созылмалы пневмония
Науқас, 7 жаста, стационарға келесі шағымдармен түсті: тізе, балтыр - тобықтың, жаңбас буындарында және қолындағы буындарында ауырсыну. Буындық синдром соңғы 6 ай бойынша сақталған және ЭТЖ жоғарлауымен өтеді. Қарағанда: хал-жағдайы ауыр, жүдеген, жүргенде балдақ қолданады. Ірі буындарда жергілікті дене қызуы жоғары, буындардың қызметі төмендеген. Жалпы қан анализінде: НЬ - 90 г/л, Лейк. - 15,0 х 109/л, таяқшалар – 4 %, с. – 42 %, э. – 2 %, л. – 49 %, м. – 3 %, ЭТЖ - 50 мм/сағ, ревматоидты фактор «+». Қойылған диагноз: Ювенильды ревматоидты артрит. Патологиялық процесстің басында дифференциальды диагнозды қандай аурумен ажыратуды жүргізу керек
Рейтер симптомы
5 жасар бала. Шағымдары: оң жақ тізе буынының ауырсынуына. Анамнезінде: жиі мұрыннан қан кету, жарақттан кейін буын мен теріге қан құйылу байқалған. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Тері қабаты бозғылт. Денесінде экхимоз диаметірі 6 см. Оң жақ тізе буыны шар тәрізді, бірден қозғалыстың тежелеуі байқалады. Буын сұйықтығында – гемолизденген қан алынған. Қан анализінде: эр.- 3,6 х 1012, НЬ - 100 г/л, СОЭ - 20 мм/сағ, тромб. – 200 x 10%, Ли - Уайт бойынша қан ұю ұзақтығы 18 мин. Рекальцификация уақыты 450 мин. Доннорлық плазма құйғаннан кейін рекальфткация қалыпына келді. Диагноздың қайсысы дұрыс