Файл: Кеуде уысыны рентгенографиясы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 502

Скачиваний: 7

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


жатыр қуысын қыру

19 жастағы науқас, ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуына, дене қызуының 37,5С дейін жоғарылауына және жыныс мүшелерінен іріңді бөліністердің бөлінуіне, зәр шығаруының ауырсынумен жүретіндігіне шағымданып келді. Қарау кезінде анықталды: уретрасы қызарған, айнамен қарағанда жатыр мойны гиперемирленген, эрозиясы бар, бөліністері шырышты-іріңді. Қынаптық зерттеуде: жатыры ұлғаймаған, пальпация кезінде ауырсынады, екі жақты қосалқылары да қалыңдаған, ауырсынады. Жұғынды бактериоскопиялау кезінде – клетканың ішінде және сыртында орналасқан гонококктар анықталды. Ең ықтимал диагноз қайсысы

өрлемелі балғын жедел гонорея

Менархеден бастап ювенильды қан кету пайда болған кезде, бірінші кезекте жоққа шығару қажет

қан ауруларын

Әйел, мерзімді жүктілігімен 7 сағат бойына босануда, толғақтары әрбір 3-4 минут сайын 30-35 секундтан. Анамнезінде: үшінші жүктілігі, алдыңғы екі жүктілігі медициналық түсікпен аяқталған, соңғысы эндометритпен асқынған. Жыныс жолдарынан аздап қан кетудің басталғанына шағымдана бастады. Қынаптық зерттеу кезінде анықталды: жатыр мойны жазылған, ашылуы 7-8 см, ұрық қапшығы бүтін, сол жақ шетінде борпылдақ тін анықталады. Сіздің тактикаңыз қандай

амниотомия жасап, босануды табиғи жолмен жалғастыру

20 жастағы босанатын әйел, босанудың ІІІ кезеңі. 30-40 секунд бойына кіндіктен бақылап тарту кезінде (плацентаның бөліну белгілері жоқ) плацента төмен түспейді. Әрі қарай босанудың ІІІ кезеңін қалай жүргізген мақсатты деп саналады

жатырдың келесі жақсы жиырылуын күтіп, кіндіктен бақылап тартуды қайтадан жалғастыру

Климактериялық қан кетуде емдік – диагностикалық операциялардың қайсысын жүргізу тиімдірек болады

Жатыр қуысын диагностикалық қырнау

Қайта босанушы әйел А., 25 жаста, мерзіміне жеткен жүктілікте таза ұрық маңы суының 7 сағат бұрын төгілуіне және ретті босану қызметінің 5 сағат бұрын басталуына шағымданып, перзентханаға түсті. Қынаптық зерттеуде анықталды: жатыр мойнының ашылуы толық, ұрық қапшығы жоқ, ұрық басы кіші сегментімен кіші жамбасқа кіреберіске тақалып тұр. Ең мүмкін болатын диагноз

босанудың екінші кезеңі, ұрық маңы суының босануға дейін төгілуі

Пациент 16 жаста, menarhe кезеңінен бері 2 жыл ішінде етеккірдің болмауына шағымданады. Бойы 150 см, екінші ретті жыныстық белгілері әлсіз жетілген, әйел типті, жатыры кішкентай, қосалқылары анықталмайды. Ажыратпалы диагностика мақсатында эстроген-прогестеронді сынама жүргізілді – оң нәтиже берді. Аменореяның қай түрі ең ықтимал


аналық безді

25 жастағы науқас әйел, ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуына, жыныс жолдарынан қанды бөліністердің болуына және дене қызуының 38 С дейін көтерілуіне шағымданып гинекологиялық стационарға түсті. Өзін 3 күннен бері науқаспын деп санайды, аталған симптомдар жатырішілік спираль енгізгеннен кейін пайда болған. Етеккірі ретті, анамнезінде 1 босану, 3 жасанды түсік болған. Жалпы жағдайы қанағаттанарлықтай, пальпациялау кезінде іші жұмсақ, қасаға үсті аздап ауырсынады. Бимануалді зерттеу кезінде: жатыр денесі аздап ұлғайған, қамыр тәрізді консистенцияда, ауырсынады, қосалқылары анықталмайды. Ең ықтимал диагноз қайсысы

Эндометрит

Нәресте бала. Күніне жетіп туған, салмағы 4 кг. Табиғи тамақтандырылады. Витамин D қабылдамаған. Анасы баланың ұйқысының бұзылуына, мазасыздық, емізу кезінде терлегіштікке шағымданады. Қарау кезінде: тері қабаты дымқыл, қызыл дермографизм, шүйде аймағының тақырлануы байқалады. Еңбегі үлкен 1,5 x 1,5 см шеті жұмсарған, әлсіз бұлшық еттік гипотония. Қаңқа мен ішкі мүшелер өзгерісі жоқ. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу жүргізу керек

кальций, фосфор, сілтілі фосфатаза

Бала 5 - ші жүктіліктен, өз уақытында 3000 г салмақпен туылған, бойы 50 см. Туылған кезде терісінің сарғыштығы, әлсіздік, дауысы әлсіз. Емуі нашар, лоқсиды, бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы анықталған. Сіздің алдын - ала диагнозыңыз

нәрестенің гемолитикалық ауруы

Нәрестелер патологиясы бөліміне 20 күндік ұл бала 5 - 6 күн бұрын басталған, динамикада күшейген «фонтан» тәрізді құсу шағымдарымен түскен. Құсық массаларға өт араласпаған, динамикада құсық көлемі ұлғаю үстінде. Бала құмарланып емеді, бірақ дене салмағын қоспайды, жетіспеушілігі байқалады. Зәр шығару жиілігі азайған, зәрінде қызылдау рең пайда болған. Қандай патология жөнінде ойлауға болады

пилоростеноз

Бала гестациялық мерзімнің 40 аптасында туылған, дене салмағы 3750г. Айқайы лезде. Емшекке 1 тәулігінде салынды, емшекті жақсы алды, емуі белсенді. Өмірінің 3 тәулігінде салмағы 3600гр. Кеудесінде, ішінде және аяқ-қолдарында ала-папулезді қызғылт түсті бөртпелер байқалды. Өтпелі кезеңді анықтаңыз

дене салмағының транзиторлы төмендеуі, уытты эритема

3 жүктіліктен туылған бала. Анамнезінде - 2 медициналық аборт. Туғаннан кейін 9 сағаттан кейін сарғаю пайда болды. Бауыр қабырға доғасының шетінен + 1,5 см. Гемоглобин 158 г/л, жалпы билирубин 99,8 мкмоль/л, тура емес – 91,6 мкмоль/л, тура - 8,2 мкмоль/л, тимол сынамасы – 2 бірлік. Жіктелуіне сәйкес алдын ала диагноз қойыңыз



Жаңа туған нәрестенің гемолитикалық ауруы, сарғаю формасы

Дәрігер - акушер 20 жастағы жүкті әйелмен мешелдің антенаталды профилактикасы жайында әңгіме жүргізді (мерзімі 36 апта). Дәрігердің ұсынысы: витамининдерге бай тамақтармен тамақтану, таза ауада көп серуендеу, күн тәртібін сақтау. Қандай ұсыныс мешелдің арнайы профилактикасына жатады

Д тобының витаминдерін қабылдау

Нәресте 1 - ші жүктіліктен, босануы тез, туғандағы салмағы 2900 г, ана сүтімен тамақтанады, дене температурасы қалыпты, жағдайы қанағаттанарлық. Перзентханадан 4 – ші күні шығарылды, салмағы 2850 г. Педиатр қарауға келгенде балаға «гестация мерзіміне аз салмақты» диагнозын қойды. Классификация бойынша нәресте қай аз салмаққа жатады

2500 г төмен

Бала 1 жүктіліктен, жүктілік ағымы қалыпты, 1 босануы 38 аптада. Туғандағы салмағы – 2900 гр, бойы - 49 см. Әйелде А(II), Rh(+) қан тобы, балада - АВ (IV), Rh (-) қан тобы. Апгар шкаласы бойынша 7 - 8 балл. Өмірінің 3 тәулігінде тері қабаттары сары түске боялды. Жағдайы қалыпты. Емуі белсенді, құспайды. Тума автоматты рефлекстері белсенді шақырылады. Биохимиялық қан талдауында:билирубин - 90 мкмоль/л тікелей емес фракция есебінен,трансаминаза қалыпты. нәрестеге босану үйінде күнтізбесіне сай қандай екпе беріледі

туберкулез бен вирусты гепатит В қарсы

Баланың қарау кезіндегі басы сәл кеудесіне келтірілген, қол мен аяқтары бүгілген, шынтақ буындары кеудесіне жапсырылған, қолдары жұдырықталып жиналған, аяқтары тізе және жамбас - сан буындарында иілген. Нәрестенің жағдайын анықтаңыз

флексорлы дене тұрысы

Аз салмақты бала, 1 - ші жүктіліктен, 1 - ші босануы, жүктілігі өзгеріссіз өткен, туғаннан кейін 12 сағаттан соң сарғаю пайда болған. Өмірінің 36 сағатында билирубин мөлшері180 мкмоль/л, гемоглобин деңгейі 125 г/л, ретикулоциттер саны 9 %. Көптеген ядорлы эритроциттер мен жеке сфероциттерде кездеседі. Төмендегі көрсетілген қай аурумен салыстырмалы диагноз жүргізілмейді

Резус - сәйкессіздік

Нәрестеде ему кезінде ауыз - үшбұрышының жеңіл көгеруі байқалады. Аускультацияда: Бала 26 күн. Туылғындағы салмағы 2000 грамм аз салмақпен туылған. Табиғи тамақтандыруда анасының сүті жетікліксіз. Салмақты жақсы қосады. Ауырмаған. Қарағанда: жағадайы қанағаттанарлық, терісі бозғылт. Қан анализінде: эр - 3,1 х 10|2/литр, Нв - 90 г/л, түстік көрсеткіш - 0,82. Ақ қан түйіршіктерінде өзгеріс жоқ. Сіздің алдын ала диагнозыңыз

шала туылғандар анемиясы

Жаңа туған нәресте 5 күн. 1 - ші жартысында жеңіл токсикозбен өткен жүктілік, жедел босану. Туу кезіндегі дене салмағы 3200 г, дене ұзындығы 52 см. Апгар шкаласы бойынша 8/9 балл. Бірден айқайлап, кеудеге туғаннан кейін 1 сағаттан кейін салынған. Өмірің кейінгі күндерінде бақылау кезіндегі жағдайы қанағаттанарлық. Алғашқы күндері салмағын жоғалтты, 4 - ші тәулікте салмағы 2950 гр құрады. 5 - ші күні қарау кезінде жағдайы қанағаттанарлық, жақсы сорады, белсенді, дене салмағы 3000 гр, физиологиялық рефлекстері, бұлшық ет тонусы қанағаттанарлық. Сүт бездері екі жағынан 1,5 см дейін ұлғаяды, басу кезінде ақ-сүт сұйықтығы бөлінеді; кіндік жарасы таза. Өкпеде тыныс алу пуэрильді, жүрек тондары анық. Іш жұмсақ, ауыртпалықсыз, бауыр қабырға доғасының шетінен 1 см, қалыпты тығыздықта шығады, көкбауыр пальпацияланбайды. ЖҚА: НЬ - 187 г / л, Эр - 5,5 х 1012 / л, ц. п. - 0,9, Лейк - 6,3 х 109/л, п/я – 5 %, с – 42 %, э – 1 %, л – 45 %, м – 7 %, СОЭ - 2 мм/сағ. ЖЗА: түсі – сабан - сары, реакция - қышқыл, үлес салмағы - 1003, ақуыз жоқ


дене салмағының физиологиялық жоғалуы және жыныстық криз

Нәресте, 2 – ші жүктіліктен, туғандағы салмағы 3200, бойы 49 см, Апгар шкаласы бойынша 6 - 7 балл. Анамнезінен белгілі анасы 36 - 37 аптасында вирустық инфекциямен ауырған. Дауысы бірден шыққан, қатты. Туылғаннан кейін 10 мин. соң ентігу пайда болған, тыныс жиілігі минутына 70 рет, ауыз мұрын ұшбұрышында цианоз күшейген. Жалпы бұлшық ет гипотониясы, гипорефлексия. Аускультацияда – ұсақ көпіршікті крепитирленген сырылдар, перкуссия кезінде өкпенің төменгі бөлігінде перкуторлық дыбыстың қысқаруы. Жүректің шекаралары ұлғайған, тондары үнсіз, ТСЖ минутына 160 рет. Сіздің алдын ала диагнозыңыз

құрсақішілік бронхопневмония

28 күндік баланы қарау барысында дәрігер мешелдің профилактикасы мақсатында ұсынылды: 1) массаж; 2) таза ауада серуендеу; 3) УФО № 15. Қандай ұсыныс мешелдің арнайы емес профилактикасына жатады

режим, массаж, серуендеу

Нәрестені туғаннан кейін 1 - тәулікте қарау кезінде тері жабындыларының сарғаюы байқалды. Бала 4 - жүктілік, 2 - жедел босанудан. 1 - және 2 - жүктіліктер – медициналық аборттар, 3 - жүктілік – босану, 4 - жүктілік – қазіргі. Бала анасында қан тобы А (ІІ), резус - теріс. Қазіргі жүктілігі барысында анти – Rh - антиденелер титрі 1/68. Баланың жалпы қан анализі: Нв 140 г/л. Эр - 4,5*1012л. Рет . - 26 %. Лейкоцит 10*109л. Э – 2 %, т/я – 1 %, с – 62 %, л – 27 %, м – 8 %. Нормобласттар 100 - ге 2. Биохимиялық анализде: кіндік қанында тура емес билирубиннің деңгейі 80 мкмоль/л, туғаннан 6 сағаттан кейін жалпы билирубин – 165 мкмоль/л, тура емес – 158,4 мкмоль/л, тура – 6,6 мкмоль/л. Баланың қан тобы – B(III) үшінші, резус – оң. Тура Кумбс сынамасы оң. Әрі қарай жүргізу бағытын таңдаңыз

алмастырып қан құю операциясы

Нәресте бала 2 апалық, ЖРВИ – мен ауырған анасымен контакта болған, дене температурасы 37,3 С, катаралды өзгерістер, жөтел пайда болған. Педиатр қарау барысында жағдайын орташа ауырлық дәрежеде бағалаған, тыныс жиілігі минутына 40 рет. Өкпесінде пуэрилді тыныс, сырылдар жоқ. Төмендегі көрсетілген қай препарат тағайындалмайды

антибиотик

Аз салмақты балаларда төменде көрсетілген пневмонияның жиі асқынулары кездеседі, біреуінен басқасы

артрит

2 - апталық сәби, екпе алмаған, тәулігіне 18 сағат ұйықтайды, дене салмағы 3,5 кг, күніне 4 рет 60 мл ана сүтімен тамақтанады, басқа тамақ ішпегеннен кейін темір және витаминдер жеткіліксіз. Сіздің ойыңыз неге күмәнданасыз


аз тамақтандыру, тамақпен жеткілікті энегрия түспейді

Нәрестеде ему кезінде ауыз - үшбұрышының жеңіл көгеруі байқалады. Аускультацияда Жаңа туылған нәрестенің тыныс алу белгілері жоқ, бозғылт, тітііркендіргіштерге әсер етпейді пульсы минутына 84 рет, аяқтары салбыраңқы. Аталған диагноздардың қайсы болуы мүмкін

асфиксияның ауыр дәрежесі

Жаңа туған Н., 8 күн, учаскелік педиатрдың жолдамасы бойынша үйден жаңа туған нәрестелердің патологиясы бөліміне түсті. Бала 1 жүктіліктен, босануы - 1, 39 аптада шұғыл, физиологиялық. Жүктілік кезінде: жүктіліктің 1 жартысы - 6-7 аптадағы токсикоз, Жүктіліктің 2 жартысы - 36 аптадағы іріңді гайморит, стационарлық ем. Туғанда жағдайы қанағаттанарлық. Туу кезіндегі салмағы 3550 гр, ұзындығы 52 см. Апгар шкаласы бойынша 8/9 балл. Кеудеге өмірінің алғашқы 2 сағатында салынған, белсенді ана сүтімен тамақтанады. Ерте неонатальды кезеңде физиологиялық сарғаю, токсикалық эритема байқалды. 3 - ші күні перзентханадан қанағаттанарлық жағдайда шығарылған. 8 - ші күні учаскелік педиатрдың патронажында бүкіл денедегі көпіршіктер анықталды, бала стационарға жіберілді. Жағдайы орташа дәрежеде, енжар, кеуде әлсіз сорады, лоқсиды, дене температурасы 37,5 - 37,7°с.тері қабаттары бозғылт-қызғылт мәрмәр суреті бар. Дененің терісінде, санда инфильтрленген негіздегі диаметрі 2 см - ге дейінгі полиморфты көпіршіктер бар, гиперемия венчигімен қоршалған, іші серозды - іріңмен толтырылған . Тесіліп ашылған элементтердің орнында – жиектерінде эпидермис қалдықтары бар эрозивті беттер. Кіндігі таза. Өкпеде тыныс алу пуэрильді. Жүрек тондары ырғақты, айқын. Іш жұмсақ, бауыр 1,5 см қабырға жиегінен шығады, көкбауыр пальпацияланбайды. Нәжісі сары, ботқа тәрізді. ЖҚА: Hb - 181г/л, Эр - 5,6 х 1012/л, ц. п. - 0,9, тромб - 272 х 109/л, лейк - 17,5 х 109/л, метамиелоциттер – 3 % п/я – 13 %,с – 57 %, л – 24 %, м – 3 % СОЭ - 9 мм/с. ЖЗА: түсі – сабан - сары, реакция - қышқыл, салыстырмалы салмағы - 1004, ақуыз - тілік, жалпақ эпителий - 0 - 1 п / зр, лейкоциттер – 2 - 3 п / з, эритроциттер - 0, цилиндрлер - 0. Сіздің алдын ала диагнозыңыз

нәрестенің көпіршігі

Күніне жетіп туылған нәресте, 1 - ші жүктіліктен, жүктілігі асқынусыз. Өмірінің 3 күні денесінде Ұл бала, 4 күн. Бала 1 жүктіліктен, жүктілігі асқынусыз, босану 38. Туу кезіндегі дене салмағы - 2900 гр. бойы - 49 см. Ана қан тобы А(П) Rh(+) - оң. Баланың қан тобы - АВ (IV), Rh (-). Апгар шкаласы бойыншп 7 - 8 балл. 3 - ші тәулікте баланың тері жамылғысында сарғаю пайда болды. Көңіл күйі жақсы. Емуі белсенді, лоқсу жоқ. Туа пайда болған рефлекстерінің автоматизмі белсенді. Қанның биохимиялық анализінде: билирубин 170 мкмоль/л, трансаминаз қалыпта. Сіздің алдын ала диагнозыңыз