Файл: Кеуде уысыны рентгенографиясы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 499

Скачиваний: 7

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


шигеллез

21 жастағы науқас жүрек айнуына, бір рет құсуға, дене қызуының 37,5 С-қа дейін жоғарылауына шағымданады. 4 күннен кейін склера мен терінің сарғыштығы пайда болып, дене қызуы төмендеді. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, терісі мен склерасы сарғайған. Іші жұмсақ, ауырсынусыз, бауыры қабырға астынан + 0,5 см ұлғайған. ИФА гепатиттерге: HbsAg теріс, anti-HBs теріс, anti-HBcor IgM теріс, anti-HAV IgM пол. Биохимиялық қан анализінде: АЛТ – 550 Ме/мл, АСТ – 430 МЕ/мл. Көрсетілген емдеу шараларының қайсысын тағайындаған дұрыс

диета, дезинтоксикация терапиясы

Науқас К., 27 жаста, шағымдарымен ауруханаға түскен: дене қызуының 39,0 ° С дейін жоғарылауына, қалтырауға, іштің төменгі бөлігіндегі ауырсынуына, тенезм, 10 ретке дейін қанмен сұйық нәжіс. Объективті: температура 38,8 ° С. Әлсіз, сигма тәрізді ішектің ауырсынуы бар, тығыз сым түрінде. Нәжісті бактериологиялық зерттеуінде Salmonella spp табылған. Бұл науқасқа қандай антибактериалды препараттар ең қолайлы

фторхинолондар

29 жастағы ер адам терісінің сарғаюына, оң жақ қабырға асты ауырлық сезіміне, зәрдің күңгірттенуіне шағымданады. Қарап тексергенде: иктерикалық. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға астында ауырсыну байқалады, бауыр қабырға доғасының төменгі шетінен 3,0 см-ге дейін ұлғайған. Болжам диагноз «Жедел вирусты гепатит В» қойылды. Науқастың биохимиялық қан анализінде қандай өзгерістер болады

АЛТ көтерілуі, жалпы билирубин көтерілуі

35 жастағы әйел аурудың 6-шы күні ауруханаға жүгінді. Шағымдары: бас ауруы, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, оң жақ қабырға асты мен эпигастрий аймағының ауырсынуы, жүрек айну, бір рет құсу. Объективті: орташа ауырлық дәрежесінде, терісі мен склерасы сарғыш. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға астында ауырсыну байқалады, бауыр қабырға доғасының төменгі шетінен 2,0 см-ге дейін ұлғайған, пальпация кезінде ауырады. Зәр қара. Эпидемиологиялық анамнезі: Өзбекстанда туыстарында болған, арыққа шомылды, қайнамаған су ішкен, жемістер жеген. ИФА на гепатиты: HbsAg теріс, anti-HBs отр, anti-HBcor IgM теріс, anti-HЕV IgM оң. Болжам диагноз қандай

гепатит Е

Сыздауықтар шыққан кезде жергілікті қолданылады

ихтиолды май

Бальцер сынамасы оң

кебеткi темiреткiде

ҚЖТ кезіндегі субъективті сезімдер

қышу

Мерезде қатты шанкр пайда болады

бірінші кезеңде

Пемфигоид диагнозын негіздеу үшін қолданылады

Никольский симптомы

Терминальді қабық симптомы тән

псориазға

ҚЖТ кезінде түйіншектердің клиникалық белгілерін көрсетіңіз

кіндік тәріздес ойыс


Тері түсінің өзгеруімен сипатталатын бөртпе элементі

дақ

Кiлегей қабат кандидозы басқаша аталады

ауыз уылуы

Лихенификация сипатталады

терінің қалындауымен, тері суретінің айқындалуымен

Иммуноглобулин Е:

аллергиялық серпілістер кезіндегі антидене класы болып табылады

Иммуноглобулин M:

жедел инфекциялар кезіндегі антидене класы болып табылады

Иммуноглобулин А:

шырышты қабаттардағы жергілікті иммунитет антиденелерінің класы болып табылады

Иммуноглобулин А:

шырышты қабаттардағы жергілікті иммунитет антиденелерінің класы болып табылады

АИТВ кезінде Т-хелперлер деңгейі мен иммундыреттеуші индекс (ИРИ) аурудың сатысы мен өршуін көрсетеді. Анализ бланкісінде бұл сәйкесьтік көрсеткіші:

CD4, CD4/CD8

2 жастағы балада қайталамалы инфекциялармен, дерматитпен және тромбоцитопения салдарынан болатын қан кетулермен және артритпен сипатталатын туа пайда болған иммундытапшылық болуы мүмкін:

Вискот-Олдрич синдромы

Иммуноглобулин G:

созылмалы инфекциялар кезіндегі антидене класы болып табылады

Аллергиялық аурулары бар науқасқа симптомдарының пайда болуына себепші болған аллергенді анықтау қажет. Ол үшін себепші аллергендер жиынтығын қолданып, соның көмегімен анықтайды:

аллерген-спецификалық иммуноглобулина Е деңгейін анықтау

Цитокиндер - бұл:

қабыну медиаторы мен иммундық жауап болып табылатын белсенген лимфоциттермен және макрофагтардан бөлінетін төмен молекулалық ақуыздар

Жаңадан ұлпаның түзілуімен көрінетін және жасушаның генетикалық аппаратының өзгеруімен жүріп, оның өсуі мен дифференциялануы реттілігінің бұзылысына әкелетін патологиялық:

обыр

Қабынуға қарсы цитокиндер:

фагоциттерде бос радикалдар синтезін шектейді

Туберкулезді менингит кезінде ликвордың цитоз сипаты

лимфоцитарлы

Туберкулезді менингит кезіндегі жұлын сұйығының сипаты

сірлі

Ең тиімді туберкулезгеқарсы дәрі болып тадылады

изониазид пен рифампицин

2 топтағы туберкулезге қарсы дәріні атаңыз

протионамид

Өкпенің милиарлы туберкулезінде қандай қабыну рекциясы жүреді

Продуктивті

Негізгі топтағы туберкулезге қарсы дәріні атаңыз

изониазид

Шеткейлік лимфа түйіндері туберкулезбен жиі зақымдалады

мойын лимфа түйіндері

Бастапқы туберкулезді кешеннің құрамы

біріншілік аффект, лимфангит, регионарлы лимфаденит



Туберкулезді плевритке тән экссудат сипаты

лимфоцитарлы

ТБ Манту сынамасының оң реакциясы кезіндегі папуланың көлемі

5 мм және одан жоғары

Параспецификалық реакциялармен көрсетілетін ауруларды көрсетіңіз

бірінші реттік туберкулездің барлық түрлері

Туберкулез диагнозын дәлелдейтін лабораториялық зерттеу әдісі

Қақырықты туберкулез микобактериясына анықтау

Өкпедегі жекелеген ошақты көлеңкелердің рентгендік белгілері

1см ге дейінгі көлеңкелер

Ем тиімділігін анықтау мақсатында туберкулез науқасынан қанша порция қақырық анализын жинайды

2 порция

Бірінші реттік туберкулез комплексінің ізбестену кезеңіндегі жиі пайда болады

Гон ошағы

Әдетте кавернозды туберкулез кезінде анықталады

бір каверна

Диагностикалық мақсатта туберкулез науқасынан қанша порция қақырық анализын жинайды

3 порция

Туберкулезге жалпы тексеру рентгендік тәсілі

флюорографиялық әдіс

Сүйек туберкулезінде жиі зақымдалады

бел бөлімінің омыртқалары

Бастапқы туберкулезкешені кезіндегі 2ТБ Манту реакциясының сипаты

гиперергиялық

Қабылдау бөліміне жүктіліктің 35 аптасында, ішінің төменгі бөлігінің толғақ тәрізді ауырсынуымен, жүкті әйел келді. Толғақтары әрбір 4-5 минут сайын, 25-30 секундтан. Қынаптық зерттеу кезінде жатыр мойны жазылған, шеттері орташа қалыңдықта, жатыр аңқасының ашылуы 2 см. Ең ықтимал диагноз қайсысы

Жүктіліктің 35 аптасы. Босанудың І кезеңі

Жүкті әйел О., 32 жаста. Участкелік гинекологқа жүктілігінің 17-18 апталарында ішінің төменгі бөлігі мен бел аймағының қақсап ауырсынуына шағымданып келді. Анамнезінен: Босану паритеті: 5/2. Үшінші және төртінші жүктіліктерін ерте мерзімде медициналық түсік жасату арқылы үзген, асқынусыз. Қынаптық зерттеу кезінде: жатыр мойнының ұзындығы 2,5 см, кіші жамбас ортасында. Жатыр мойнының өзегі бір көлденең саусақты өткізеді, жатыр жүктілік мерзіміне сәйкес ұлғайған, жыныс жолдарынан шырышты бөлінділер аз мөлшерде бөлінуде. Емхананың гинеколог дәрігерінің ең ықтимал диагнозы

жүктіліктің 17 – 18 аптасы. ААА. Жүктіліктің кеш мерзімінде үзілу қаупі

Әйелдің жасына сай өзгерістер нәтижесінде репродуктивті жүйеде инволюционды процестердің басым болатын физиологиялық кезеңі аталады

климакс

Р., 32 жаста, жатыр қосалқыларының созылмалы қабыну ауруларының өршуі себебімен гинекологиялық стационарға жатты. Үйге шығу алдында гинекологқа, контрацепция әдістері туралы кеңес беруін өтініп келді. Әйел некеде, 2 баласы бар. Соңғы 3 жылда жатыр қосалқыларының созылмалы қабыну ауруларының өршуімен екі рет емделіп шыққан. Осы әйелге контрацепция әдістерінің ішінен қайсысын ұсынуға болады


комбинирленген ауыздық контрацепция

Қайта жүкті әйел, 36 жаста, жүктілік мерзімі 32 аптада балтырларында ісіну пайда болды. АҚ – 140/90 мм с. б., 150/100 мм с. б., зәрде белок 0,033 г/л. Аталған гипотензивті препараттардың қайсысын тағайындаған ең мақсатты болып табылады

допегит

Босанған әйел, 30 жаста. Босанғаннан кейінгі 3-ші тәулікте ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуына, жалпы әлсіздікке, қалтырау, басының ауыруы, дене қызуының 39,20 С көтерілуіне шағымданады. Босануда плацетаның 2/3 бөлігінің қалып қоюына байланысты, жатыр қуысын қолмен тексеру жүргізілген. Босану паритеті: 4/2, екі медициналық түсік. Созылмалы холецистопанкреатит, созылмалы пиелонефрит, «Д» есепте мамандарда тұрмайды. Сүт бездері аздап қатайған. Мүмкін болатын диагноз

босанғаннан кейінгі эндометрит

Жүкті әйел К., 29 жаста, жүктіліктің 35-36 аптасында гастроэнтерология бөліміне асқазан аймағындағы ауырсыну және құсу шағымдарымен келіп түсті. Ауруды сапасыз тағам қабылдаумен байланыстырады. Бөлімде асқазанды тазалады, содан кейін бас ауыруы пайда болды. Перзентханаға ауыстырылды. Қарау кезінде анықталды: терісі бозарған, балтырында айқын ісінулер, АҚ 160/100 мм с. б.. Зәр анализі: зәр тығыздығы 1018, лейкоциттер 3-4 көз аймағында, белок 4 г/л, гиалинді цилиндрлер, зернист 4-5 көз аймағында. Алдын ала диагноз

жүктіліктің 35-36 аптасы. Преэклампсияның ауыр дәрежесі

Науқас әйел 23 жаста, бала кезінде туберкулезбен ауырған. Туберкулез диспансерінде «Д» есепте тұрмайды. Кейде ішінің ауырсынуы мазалайды. Тұрмыста 2 жыл, жүктілік болмаған және одан сақтанбаған. Алғашқы етеккірі 13 жастан, соңғы 3 жылда қысқа және аз мөлшерде, бірақ 28 күндік циклы сақталған. Арнайы гинекологиялық зерттеу кезінде патологиялық өзгерістер анықталмады. Осы пациенттің диагнозын қай зерттеу әдісі нақтылайды

гистеросальпингография

32 жастағы әйел, 2 апта бұрын мерзіміне жеткен қыз бала босанған. Нәресте бірден кеудесіне жатқызылған. Босанғаннан кейінгі ерте кезең ерекшеліксіз өткен. 4 тәулікте баласымен үйіне шығарылған. Қазіргі сәтте дене қызуының 38 градусқа жоғарылауына, денесінің қалтырауына шағымданады. Жалпы жағдайы ағзаның улану есебінен орташа ауырлықта. Сүт бездері үстіндегі тері жабыны ыстық, пальпациялау кезінде қатты, ауырсынады. Үрпілерінен сүт бөлінуде. Жыныс жолдарынан мардымсыз, сірлі бөлінулер. Қынаптық зерттеу кезінде жатыры қалыпты өлшемде, ауырсынусыз, қозғалмалы, жатыр мойнының сыртқы аңқасы саусақ ұшын өткізеді. Ең ықтимал диагноз қайсысы


лактостаз

26 жастағы науқас әйел, сүт бездері мен балтырының қатаюына және ісінуіне, ішінің кебуіне, тітіркенгіштікке, терлегіштікке шағымданып келді. 3 жылдан бері ауырады. Аталған симптомдар етеккір циклінің екінші фазасында пайда болып, кезекті етеккір келіп кеткеннен кейін тоқтайды. Жылдан жылға симптомдардың ауырлығы жоғарылаған жоқ. Гинекологиялық қарау кезінде патология анықталған жоқ. Осы жағдайда етеккір алды синдромының қай түрі болуы мүмкін

Ісінулі

Әйел ағзасындағы нейроэндокринді бұзылыстарды клиникалық дұрыс бағалау және осыған сәйкесінше, олардың патогенетикалық терапиясының принциптері мен әдістерін анықтау үшін, репродуктивті жүйенің бесзвенолы реттелуін білу керек – бұл

бас ми қыртысы, гипоталамус, аденогипофиз, аналық бездер, нысана мүшелері мен тіндері

Әйелдер кеңесінің учаскелік дәрігеріне етеккірінің тежелуіне (соңғысы 7 апта бұрын болған), лоқсуға және таңертеңгілік кейде бір рет болатын құсуға, иістерді жаратпайтындығына шағымданған әйел келді. Өзін жүктімін деп санайды, жүктілігі қалаусыз. Соматикалық дені сау. Анамнезінде 3 босану (балалары тірі) және 2 медициналық түсік болған. Гинекологиялық және венерологиялық аурулары болмаған. Қынаптық зерттеу кезінде анықталды: қынап шырышы айқын көгерген, жатыр мойны қалыптасқан, сыртқы аңқасы жабық. Жатыр денесі гиперантефлексияда, жұмсақтау, бірақ пальпациялау кезінде тығыздалады, жүктіліктің 7 аптасына дейін ұлғайған. Бөлінділері сірлі. Әйелдер кеңесі дәрігерінің тактикасы қандай

Клиника- лабораторлық тексеру жүргізу және жүктілікті үзуге жолдама беру

Науқас Л., 28 жаста, гинекологиялық бөлімге жатыр қосалқыларының жедел қабынуымен келіп түсті. Тексеру кезінде АИВ-ке реакциясының оң екендігі анықталды. Қандай жағдайда, АИВ инфекциясын лабораторлы дәлелденген деп санауға болады

ИФА реакциясы екі рет оң + иммуноблот

18 жасар науқас, сыртқы жыныс мүшелерінің қышуына, зәр шығару кезінде ашуына шағымданады. Бір апта бойына өзін науқаспын деп санайды, оның алдында іріңді баспамен ауырған, соған байланысты ампициллин қабылдаған. Жалпы жағдайы қанағаттанарлықтай, дене қызуы қалыпты, соматикалық дені сау. Қынапқа кіре берісте қызару, ісіну, ақ ірімшік тәрізді бөліністер анықталады, мақтадан жасалған тампонмен сүрткенде оңай сылынады. Ең ықтимал диагнозы қайсысы

Кандидозды кольпит

27 жастағы науқасты зерттеу барысында анықталды: қынап бөліндісінің рН 5,2, қынап шырышты қабатының гиперемиясы, оң мәнді аминді тест, қынап бөліндісін микроскопиялық зерттеуде "кілтті жасушалар" анықталды. Ең ықтимал диагноз