Файл: Кеуде уысыны рентгенографиясы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 501

Скачиваний: 7

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


бактериальды вагиноз

Жүктіліктің 8-9 аптасына қарай жүкті әйелде тәулігіне 22 ретке дейін құсудың, ауырсынуың болуы, гипотония, тамыры минутына 110 рет соғуы, диурездің азайғандығы байқалған, қалдық азот және креатинин көбеюде, зәрде ацетон-4+. Диагноз

жүктілердің құсуы, ауыр формасы

Әйелдер кеңесіне 29 жастағы жүкті әйел, ішінің төменгі бөлігі мен бел аймағының ауырсынуына шағымданып келді. Жүктілік мерзімі 15-16 апта. Анамнезінде: бір босану және үш медициналық түсік болған. Қынаптық зерттеу кезінде: жатыр мойнының қынаптық бөлігінің ұзындығы 2,5 см, сыртқы аңқасы үңірейіп тұр, цервикалді өзекше жабық, жатыр жүктіліктің мерзіміне сәйкес ұлғайған, жыныс жолдарынан бөлінділер шырышты, аз мөлшерде. Төменде аталған диагноздардың қайсысы сай келеді

өздігінен түсік болу қаупі

Әйелдің перименопаузальды кезеңінде дисфункциональды жатырдан қан кетуді гормональды емдеу мақсатында, мүмкіндігінше қолданады

гестагендерді

Жедел медициналық көмек машинасымен 27 жастағы қайта босанушы, мерзіміне жеткен жүктілікпен, ұрық маңы суының төгілуіне шағымданып, перзентханаға жеткізілді. Босану қызметі жоқ. Анамнезінен: Паритет 2/1. Алғашқы жүктілігі осыдан 2 жыл бұрын ұрық жағдайының қиналуына байланысты, шұғыл түрде кесар тілігі операциясымен аяқталған. Босанғаннан кейінгі кезең эндометритпен асқынып, емделіп шыққан. Дәрігер тактикасы

босануды кесар тілігі операциясымен шешу

Перзентхананың қабылдау бөліміне босанған әйел баласымен түсті. Екі сағат бұрын үйінде босанған. Жүктілік кезінде гинекологтың қарауында болып, тексерілген. Жағдайы қанағаттанарлық. Шағымдары жоқ. Қабылдау бөлімінде қандай әрекет жасау керек

босану жолдарының бүтіндігін тексеріп, тырыспаға қарсы сарысуды енгізу

Әйелді қынаптық зерттеу кезінде анықталды: қасаға қосылысының ішкі беткейінің 2/3 бөлігі және сегізкөз ойығының жоғарғы жартысы баспен толған. 4-5 сегізкөз омыртқасы және отырғыш сүйек еркін анықталады. Садақ тәрізді жік оң жақ қиғаш өлшемде тұр. Ұрық басы жамбастың қай жазықтығында тұрғанын анықтаңыз

бас, кіші жамбастың кең бөлігінде тұр

45 жастағы науқас әйел, стационарға жатырдың шырыш асты миомасы себебімен келді. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны гипертрофирленген, құрылысы өзгерген, жатыр денесі 9-10 апталық жүктіліктей ұлғайған, тығыз, ауырсынусыз. Қосалқылары өзгермеген. Операцияның оптимальды көлемі қандай

жатырды қосалқыларынсыз экстирпациялау

Науқас әйел К., 35 жаста, тез үдеп жатқан гирсутизмге, етеккірінің тоқтағанына шағымданады. 8 ай бойына өзін аурумын деп санайды, өйткені сол кезден бастап етеккірі тежеле бастаған, бетіне шаштардың өсуі пайда болған (сақал, мұрт). Соңғы етеккірі осыдан 3,5 ай бұрын болған. Қарау кезінде: бойы -150 см, салмағы – 59 см. Айқын гирсутизм. Сүт бездері атрофирленген. Сүт бездерінен бөлінділер жоқ. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны цилиндрлік формада, аңқасы жабық. Жатыры ұлғаймаған. Сол жақ қосалқылары өзгеріссіз. Оң жақ қосалқыларында өлшемі 6,5х5,5х4,0 см көлемдей тығыз түзіліс анықталды. Ең мүмкін диагноз


аналық бездің гормонөндіруші ісігі

Босанғаннан кейінгі ерте кезеңнің патологиясын келесі клиникалық бейнеге қарап анықтаңыз: жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық, АҚ 100/70, PS=98 соққы минутына, тері жабыны кәдімгі түсте, жыныс жолдарынан біркелкі қанды бөліністер, 300 мл жетті және жалғасуда. Босану жолдарын қараған кезде – жыртылулар жоқ, бала жолдасы да бүтін, қабықтары түгел. Жатырды сыртқы сипалау кезінде жатыр жақсы жиырылып, көп ұзамай қайтадан босаңсиды. Ең ықтимал диагноз қайсысы

жатыр атониясы, қан кету

40 жастағы науқас әйел, қан кету және ішінің төменгі бөлігінің толғақ тәрізді ауырсынуымен гинекологиялық бөлімге түсті. Соңғы 1,5 жылда, етеккірі ұзаққа созылып, көп мөлшерде бөлінуінен бастап ауырады. Соңғы етеккірі мерзімді келіп, 10 күнге жалғасуда. Анамнезінде: бір босану және 3 артифициальды түсік болған, асқынусыз. Осы жағдай етеккір қызметінің қандай бұзылысына сипатты

гиперполименорея

25 жастағы әйел, 5 күн бойы жыныс жолдарынан іріңді бөліністер мен кіші дәретке отырғанда ашу сезімінің пайда болғанына шағымданады, дене қызуы қалыпты. Жыныстық өмірі ретті емес, тұрақты серіктесі жоқ. Айнамен қарауда: қынап және жатыр мойны қызарған, көп мөлшерде «іріңді лента» түріндегі іріңді - шырышты бөліністер анықталды. Бимануальды зерттеуде: жатыр және қосалқылары ұлғаймаған, ауырсынусыз. Аурудың себебін анықтауға қандай зерттеу мүмкіндік береді

дақылдық әдіс

Науқас А., 24 жаста, ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуымен және жыныс жолдарынан қанды бөліністерге, етеккірінің 2 аптаға тежелуіне шағымданып келді. АҚҚ 100/60 мм рт ст, тамыр соғысы минутына 90 соққы. Айнамен қарағанда: жатыр мойны шырышы көгерген, бөліністері қанды, күңгірт. РV: жатыры аздап ұлғайған, қозғалмалы, оң жақ қосалқыларында консистенциясы қамыр тәрізді, ауырсынатын түзіліс анықталады. Артқы күмбез қалыңдаған, ауырсынады. Ең ықтимал диагноз қайсысы

жатырдан тыс жүктілік

Жүкті әйелде, ұрықты екінші скринингтік ультардыбысты зерттеуде плацентаның төмен орналасқандығы диагностикаланды. Плацентаның төмен орналасуына ең сипатты клиникалық симптом болып табылады

жыныс жолдарынан қайталамалы қанды бөліністер

20 жасар науқас, етеккір циклінің 13-ші күнінде ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуына шағымданып, гинекологиялық бөлімге түсті. АҚ 100/60 мм сын.бағ. Тамыр соғысы минутына 90 соққы. Тері жабыны бозарған. Іші жұмсақ, төменгі бөліктерінде ауырсыну бар. Шажырқайдың тітіркену симптомы жоқ. Айнамен қарағанда:

жатыр мойны таза, бөлінулері шырышты қан араласқан. PV: жатыры қалыпты өлшемде, алдыңғы іш қабырғасының кернелуінен жатыр қосалқылары анықталмайды, күмбездері терең, ауырсынады. Ең ықтимал диагнозы қайсысы

аналық без апоплексиясы

52 жастағы науқас әйел, тәулігіне 8 рет басына ыстық құйылу, жүрек аймағындағы ауырсынуға, ентігуге, АҚ-150/90 мм сын.бағ. дейін транзиторлы жоғарылауына шағымданады. 2 жылдан бері постменопаузада. PV: жыныс мүшелері жасына сай кері дамуда. Ең ықтимал диагноз қайсысы

Климактерлік синдромның жеңіл дәрежесі

Ауыр преэклампсияны диагностикалау үшін қандай критерийлер қолданылады

Диастолалық қан қысымы >110mmHg Систолалық қан қысымы >160mmHg, 300мг немесе одан көп протеинуриямен

26 жасар науқас әйел, дәрігер гинекологқа сол жақ жыныс ерні аймағының ауырсынуына шағымданып келді. Дене қызуы 37 С дейін көтерілген. Сыртқы жыныс мүшелерін қарау кезінде, сол жақ жыныс ернінің гиперемиясы мен ісінуі анықталған. Пальпациялау кезінде сол жақ жыныс ернеуінің тереңінде өлшемі 5х4 см, ортасында жұмсарған бөліктері бар түзіліс анықталады. Қай диагноз ең дұрыс болып саналады

Бартолин безінің абсцессі

Науқас әйел Н., 24 жаста, бірнеше жыл бойына кезекті етеккірінің келуіне 4-5 күн қалғанда жағдайының нашарлауына шағымданады. Шағымдары: ісінулер, салмақ қосу, сүт бездерінде кернелгендік және ауырсыну, тітіркенгіштік, көңіл-күйінің болмауы, бас ауыруы, метеоризм. Етеккір бастала салысымен жоғарыда аталған симптомдар жоғалады. Гинекологиялық қарау кезінде патологиялық өзгерістер анықталған жоқ. Осы жағдайдың этиологиясында қай гормон түйінді фактор болып табылады

прогестерон

Босанушы әйел, 28 жаста, салмағы 4100,0 г. нәресте босанды, плацента бөлініп шыққаннан кейін жыныс жолдарынан қанды бөліністер мардымсыз мөлшерде пайда болды. Босану жолдарын қараған кезде: қынаптың артқы қабырғасы мен оның астындағы бұлшық еттің және терінің анусқа дейін жыртылуы анықталды. Ең мүмкін болатын диагноз

аралық жыртылуының II дәрежесі

Қабылдау бөліміне жүкті әйел келіп түсті, жүктілік мерзімі 37 апта. Леопольд-Левицкийдің екінші тәсілін орындау кезінде анықталды: жатырдың оң жақ бүйірінде ұрықтың ірі, тығыз, қозғалмалы бөлігі пальпацияланады. Ең ықтимал диагноз қайсысы

Ұрықтың көлденеңінен жатуы, 2 позиция

Жүктіліктің 22-ші аптасында әйелде уақытынан бұрын босану қаупі төнді. Тексергенде анасында А (II) қан тобы, (-) резус фактор, әкесінде АВ (IV) қан тобы, (+) резус фактор анықталды. Қандай себеп жүктілікті көтере алмауға себеп болуы мүмкін


Анасында ұрықтың резус факторына антидене түзілуі

Науқас 23 жаста, біріншілік бедеулігіне байланысты, себебін анықтау үшін гистеросальпингография жасалынды. Түсірілген суретте: жатыр қуысы Т-тәрізді формада, жатыр түтікшелері қысқарған, ригидті, ампулярлы бөлігі түйреуіштің басы сияқты кеңейген, енгізілген контрасты сұйықтың іш қуысына қарай өткені байқалмады. Мұндай өзгеріс қандай ауруға сипатты

жыныс мүшелерінің туберкулезіне

Мерзіміне жеткен ұл бала өздігінен туылды. 5 минуттан кейін босанудың үшінші кезеңін белсенді жүргізу тактикасымен ұрық жолдасы бөлініп шықты. Ұрық жолдасын қарау барысында анықтылды: плацента өлшемі 22х18х3см, плацента тінінде 2х2,5 см ақау анықталды, қабықтары түгел. Әрі қарай дәрігер тактикасы қалай болады

тез арада жатыр қуысын қолмен тексеріп, қалған плацента бөлігінің қалдығын алып шығу

Алғаш босанған, 26 жастағы әйел босанғаннан кейінгі кезеңнің 3-ші күні сүт бездерінің ауырсынуына шағымданады. t =38,2ºC, пульс минутына 86 соғады. Сүт безінің пальпация кезіндегі біркелкі үлкеюі, қатты әрі сезімтал болуы анықталды. Мұндай жағдайда ұтымды тактика

емшектегі сүтті сығып шығарып босату

25 жасар науқас, физикалық күштен кейін бірден пайда болған, ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуына шағымданып гинекологиялық стационарға түсті. Лоқсу, құсу, аузының құрғауы болғанын айтады. Қынаптық зерттеу кезінде анықталды: жатыры тығыз, ауырсынусыз, қалыпты өлшемде. Сол жақ қосалқылары анықталмайды, жатырдан оңға қарай дөңгелек формалы, эластикалық консистенциялы, қозғалысы шектеулі, пальпациялағанда бірден ауырсынатын, 7х8х6 см. өлшемді түзіліс анықталады. Тамыр соғысы минутына 120 соққы. Қан анализінде лейкоциттер 12,3. Қай диагноз туралы айтуға болады

Оң жақ аналық без кистасының бұралуы

23 жастағы қайта босанушы, толғақ басталғанан 5 сағаттан кейін қанды бөліністер болуымен келіп түсті. Ұрық жүрек соғысы - 132 рет/мин. Жағдайы жақсы. Жатыр мойны ашылуы 8-9 см. Не істеу қажет

амниотомия жасау

26 жастағы науқас, етеккірінің келетінінен 5 күн алдын көңіл күйінің нашарлауына: ісіну, салмағының өсуі, сүт бездерінің күштенуі және ауырсынуына, тітіркенгіштікке, көңіл күйінің тұнжырауына, басының ауыруына шағымданып келді. Аталған шағымдардың бәрі кезекті етеккірдің басталуымен жойылады. Гинекологиялық зерттеуде патологиялық өзгерістер анықталған жоқ. Осы жағдай қандай патология болып табылады

етеккір алды синдром

Ф., 33 жаста, тез үдемелі гирсутизмге, етеккірінің тоқтағанына шағымданады. Өзін 6 айдан бері науқаспын деп санайды, алдыменен етеккірінің тежелуі, бетіне шаш өсе бастағанын байқады. Соңғы етеккірі 4 ай бұрын болған. Қарау кезінде анықталды: бойы – 152 см, салмағы 57кг, айқын гирсутизм, сүт бездері атрофирленген. Сүт бездерінен бөлінулер жоқ. PV: жатыр мойны цилиндрлік формада, аңқасы жабық. Жатыры ұлғаймаған. Сол жақ қосалқылар аймағы ерекшеліксіз. Оң жақ қосалқылары аймағында қатты түзіліс, өлшемі 5,5х4,5х5,0 см. пальпацияланады. Ең ықтимал диагноз қайсысы


Аналық бездердің гормонөндіруші ісігі

19 жастағы жүкті әйел Ж., жедел жәрдем машинасымен перзентханаға жеткізілді. Жедел жәрдем бригадасының айтуынша, жүкті әйелде үйінде тырысу ұстамалары болған. Жағдайы ауыр, адекватты емес. Жүктілігі мерзімді. Босану паритеті 1/0. Тері жабыны мен көзге көрінетін шырышты қабаттары бозарған, аяқтарында айқын ісінулер байқалады. АҚ 170/110 мм с.б., тамыр соғысы минутына 96 соққы. Жүкті әйелді ең дұрыс жүргізу тактикасы қалай болады

кешенді терапия жүргізгеннен кейін 12 сағаттан кешіктірмей босануды шешу

Босанушы әйел, 24 жаста. 5 сағат бойына босануда. Ішінің бірден ауырсынуы пайда болды, жатыры гипертонуста, толғақтар арасында босаңсымайды, жыныс жолдарынан мардымсыз қанды бөліністер пайда болды. Алдын ала қойылған диагноз: қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын сыдырылуы. Осы диагнозды дұрыс диагностикалайтын қандай зерттеу әдісі ең тиімді болып саналады

ультрадыбысты зерттеу

Аналық без функциясы төмендеуінің ерте білінетін симптомдары

етеккір циклы ұзақтығындағы өзгерістер

Босану жолдары мен жұмсақ тіндердің жарақаты нәтижесінде қан кетудегі ота көлемі

жыртылған жұмсақ тіндерін тігу

Сыртқы акушерлік зерттеу кезінде анықталды: ұрықтың жатысы ұзынынан, басы кіші жамбасқа кіреберіс үстінде тұр, ұрықтың арқасы жатырдың сол жақ қабырғасына қараған. Ұрықтың туылатын бөлігі мен позициясын көрсетіңіз

Басымен келуі, I позиция

Эндометрийдің функциональды қабатының десквамациясы ненің салдарынан жүреді

Қандағы эстроген мен прогестерон деңгейінің төмендеуі

Босанған әйел, жыныс еріндерінің жыртылуымен асқынған босанудан кейінгі 4 тәулікте, сыртқы жыныс еріндері мен аралықтың ауырсынуы мен ашуының пайда болуына шағымданды. Қарау кезінде: жараның беткейі қызарған, тіндері ісінген, іріңді бөліністер бар. Жара жеңіл қанталайды. Ең ықтимал диагноз қайсысы

босанғаннан кейінгі ойық жара

Акушер-гинекологтың қарауына бір апта бұрын жұқпалы аурулар ауруханасында ауыр қызамықпен жатып шыққан жүкті әйел келді. Жүктілік мерзімі 9-10 апта. Бұл ауру эмбрионның дамуына қандай әсерін тигізуі мүмкін

нәрестенің даму ақауларына әкелуі ықтимал

17 жасар қыз, көп мөлшердегі жатырлық қан кету шағымымен шұғыл түрде стационарға жеткізілді. Етеккірі 13 жастан, ретсіз, 1,5 айға дейін тежелумен келіп, соңы қан кетуге ұласады. Ауыздық контрацепция курсын қабылдаған, нәтижесіз. 6 айдан бері жыныстық өмір сүруде, қалаусыз жүктіліктен жыныстық қатынасты үзу әдісімен сақтанады. Қандай емді ұсынуға болады