ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 540
Скачиваний: 5
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
№85 сабақ
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: 2-сынып | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Алуан түрлі ағаштар |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 2.1.1.1 шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру |
Сабақтың мақсаты: | Білімділік: шығарманы түсініп оқып, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді. Дамытушылық: сөз бен сөзді байланыстырып сөйлеуді, ойын жинақы айтуды меңгереді. Тәрбиелік: ағаштардың түрлерін ажырата біледі, оларға қамқорлықпен қарауды үйренеді. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
1. Қызығушылығын ояту | Мұғалім интерактивті тақтадан қызығушылығын ояту мақсатында жапырақ түрлерін көрсетіп, оқулық тапсырмасына көшеді. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады. | (Ұ) «Оқуменжазуғадаярлық»әдісі Оқушылар суреттегі жапырақтардың қай ағаштікі екендігін анықтайды. Олар туралы не білетінін әңгімелейді. | Дескрипторы: жапырақ түрлері туралы білгендерін баяндайды. ҚБ: мұғалімнің қолдау сөздері. | Сурет, бейнежазб а |
2. Мағынаны тану | Мұғалім оқушыларға мәтінді бөлікке бөліп оқуды тапсырады. Мәтін мазмұнын ашу мақсатында сұрақ қою: – Мәтін тақырыбын басқашақалай өзгертер едің?Мәтіннен тақырып болатындай сөздер іздету. | (Т) «Түсініпоқы»әдісі Оқушылар «Ағаштың пайдасы» мәтінін тізбектей оқып шығады. Сосын мәтіннен тақырып болатындай сөздер іздейді, ол үшін оқу барысында белгілеу әдісін пайдаланады. | Дескрипторы: мәтін мазмұнына байланысты сұрақтарға жауап береді. | Оқулық, қарындаш |
| Мұғалім оқушыларға қағаз алу жолдары туралы қосымша ақпарат береді. Соған сүйене отырып, оқушының жауабын толықтырады. | (Ұ) «Анықта» айдары – Ағаш пен оқулығыңның қандай байланысыбар? – Айналаңнан ағаштан жасалған заттардыанықта. Оқушылар сұраққа жауап бере отырып, айналасынан ағаштан жасалған заттарды анықтайды. | Дескрипторы: тақырыпты өз өмірімен байланыстырады. | Оқулық |
| Мұғалім оқушыларға рөлге еніп әңгімелеуі үшін бағыт- бағдар береді. Өзі мысал ретінде бір-екі сөйлеммен айтып көрсетсе болады. Саралау: оқушыларға бір тапсырма беріледі, алайда оны орындауда балалар мұғалім тарапынан әртүрлі қолдау алады. | (Ө) «Сахналау»әдісі Өлеңді оқып, мазмұнын алманың рөліне еніп әңгімелейді. | Дескрипторы: кейіпкер кейпіне еніп, өлеңді оқиды. ҚБ: «Отшашу»әдісі | Оқулық |
| Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне жағдай жасайды. | (Ө) «Кім жылдам»әдісі Жаңылтпашты жатқа жаңылмай, тез әрі түсінікті айтуға дайындалады. | Дескрипторы: жаңылтпашты жылдам айтады. ҚБ: «Отшашу»әдісі | |
Дәптермен жұмыс | Оқушыларға бағыт бере отырып, құраған мәтінінің суретпен байланысты болуын қадағалайды. Екінші тапсырмадағы қателерді түзетуде дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке болатындығын естеріне түсіреді. | Оқушылар бірінші тапсырмада сурет бойынша әңгіме құрап жазады. Екінші тапсырмада сөйлемдегі қателерді түзетіп жазады. | Дескрипторы: мәтін құрап жазады. ҚБ: «Отшашу»әдісі | |
3. Ойтолғаныс | Тақырыпқа қатысты ой қорытындысын жасауға жетелейді. Табиғаттағы барлық заттардың пайдалы екенін, соның ішінде ағаш таза ауа нышаны екендігін, өз оқулықтарының да ағаштан жасалатынын айтады. | (Т) «Қорытындыла» айдары Адамзат тіршілігі үшін ағаштың қандай пайдасы бар екендігін қорытындылап айтады. | Дескрипторы: тақырыпқа сай түйінді ой қорытады. | |
Үй тапсырмасы | Мұғалім үй тапсырмасын орындау жолын түсіндіреді. | Өзі тұрған аймақта өсетін ағаштардың атын жазу. | | |
№86 сабақ
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: 2-сынып | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Теңіздегі оқиға |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 2.2.3.1 мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау 2.2.6.1 кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау |
Сабақтың мақсаты: | Білімділік: мұғалімнің көмегімен мәтіннің негізгі ойын анықтайды. Кейіпкердің іс-әрекетін бағалайды. Дамытушылық: өз бетімен жұмыс жасай алады. Тәрбиелік: қоршаған ортаға қамқор болуды үйренеді. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
1. Қызығушылығын ояту | Мұғалім оқулықтағы сурет бойынша шағын мәтін құрауына көмектесіп, тақырыпты болжауға жетелейді. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады. | (Ұ) «Оқуменжазуғадаярлық»әдісі Сурет бойынша әңгіме құрап, сабақ тақырыбы не жайында болуы мүмкін екенін болжайды. | Дескрипторы: сурет бойынша әңгімелейді. ҚБ: мұғалімнің қолдау сөздері. | Оқулық |
2. Мағынаны тану | Мұғалім оқушылардың мәтінді іштей оқуына мүмкіндік береді. Мәтін мазмұнын ашу мақсатында сұрақ қояды:
| (Т) «Белгілепоқу»әдісі Нұрғали Қадырбаевтың «Жайын» мәтінін іштей оқиды. Түсінгенін өз сөзімен айтады. Сұраққа жауап береді. | Дескрипторы: шығарманы іштей оқып, оқиғаны өз сөзімен әңгімелей алады. ҚБ: «Ду қолшапалақ»әдісі | Оқулық, қарындаш |
| Мұғалім оқушыларға кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалата отырып, жақсы мен жаманды ажырата алуға жетелейді. | (Т) «Бағала» айдары – Балалардыңжайындықұтқаруғаәрекетжасағаныдұрыспа? Сұрақты топта талқылайды. | Дескрипторы: кейіпкердің іс-әрекетіне баға береді. Кері байланыс: «Отшашу»әдісі | Оқулық, слайд |
| Мұғалім оқушыларға негізгі ойды анықтау үшін бағыт | (Ө) «Анықта» айдары | Дескрипторы: | Оқулық, дәптер |
| береді. Қызыл кітап туралы мағлұмат айтады. Саралау: оқушыларға бір тапсырма беріледі, алайда оны орындауда балалар мұғалім тарапынан әртүрлі қолдау алады. | Оқушылар мәтіндегі тірек сөздерді түртіп алады. Оқып, «Жайын» әңгімесінің негізгі ойын ашып тұрған сөйлемді табады. | мұғалімнің қолдауымен негізгі ойды таба алады. ҚБ: «Отшашу»әдісі | |
Дәптермен жұмыс | Мұғалім оқушыларға су жануарларының ерекшелігін айтады. Ребусты шешу үшін алған білімін қолдануды ұсынады. Үшінші тапсырмада теңеуді табуда теңеуге жалғанатын қосымшаны естеріне түсіреді. |
айнадай | Дескрипторы: сөздерді қатесіз жазады. ҚБ: «Отшашу»әдісі | |
3. Ойтолғаныс | Оқушылардың өз ойын нақты дәлелмен жеткізуіне ықпал жасайды. | (Ө) «Қорытындыла» айдары – Теңізжануарларынақалайкөмектесугеболады? Оқушылар сұраққа өз ойын айтады. Мысалы: суқойманы ластамау, арықтарды тазалау, улы заттарды өзенге құйғызбау. | Дескрипторы: тақырыпқа сай түйінді ой тұжырымдайды. ҚБ: «Отшашу»әдісі | |
Үй тапсырмасы | Мұғалім үй тапсырмасын орындау жолын түсіндіреді. Үлгі ретінде таныстырылым ұсынуына болады. | Қызыл кітап туралы ақпарат іздеу. | | |
№87 сабақ
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: 2-сынып | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Қорықтар |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 2.2.2.1 мұғалімнің көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба білу 2.2.9.1 сұраққа жауапты анықтамалық кітаптардан, жинақтардан, сөздіктерден табу және ақпаратты берілген үлгі кестеге салу |
Сабақтың мақсаты: | Білімділік: сұраққа жауап береді, өзі сұрақ қояды. Ақпаратты берілген үлгі кестеге салады. Дамытушылық: жаңа сөздермен оқушылардың сөздік қоры дамиды, ауызекі сөйлеу дағдысы қалыптасады. Тәрбиелік: сыныптастарына көмектесе отырып, сыныптастар арасында достық сезім қалыптасады. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
1. Қызығушылығын ояту | Мұғалім оқушыларға сөздерді оқытады. Бұл тапсырманы орындау алдында мамандық иелері туралы қысқаша мағлұмат беріледі. Ұқсас жұмыс түрлерін айтқызады. Сұрақтар қояды:
| (Ұ) «Оқуменжазуғадаярлық»әдісі Оқушылар сөздерді оқып, ұқсас мамандық түрлерін атайды. Сұрақтарға жауап береді. | Дескрипторы: мамандықтар туралы білімін қолданады. ҚБ: «Отшашу»әдісі | Қимақағаз |
2. Мағынаны тану | QR-код бойынша тыңдалым ұйымдастырылады. Мұғалім оқушылардың іштей түсініп оқуына ықпал етеді. | (Ө) «Түсініпоқы»әдісі Балалар қорықтар туралы танымдық мәліметтерді оқиды. Оқыған мәтін мазмұнын топта талдап, топта баяндайды. Өзіне қай мәлімет ұнағанын, қызықтырғанын айтады. | Дескрипторы: мәтінді түсініп оқып, мазмұнын баяндайды. ҚБ: «Ду қолшапалақ»әдісі | Оқулық QR-код |
| Мұғалім оқушылардың өлеңде кездескен түсініксіз сөздердің мағынасын дұрыс түсінуіне көмектеседі. | (Ұ) «Сөздік жұмысы» айдары шұғыла–қызылтүсдеген мағынада | Кері байланыс: мұғалімнің, сыныптастарының қолдау сөздері. | Оқулық, дәптер |
| Мұғалім бұл сұраққа жауап беруде оқушыға мәтіннен дәлелді тауып оқытады. | – Қоқиқазтуралынебілесің? Оқушылар сұраққа мәтін мазмұнына сүйене отырып жауап береді. | | |
Дәптермен жұмыс | Өзіндік жұмыс ретінде ұсынады. Мұғалім оқушы кестемен жұмысты бастамас бұрын жануарлар мекендейтін | (Ө) «Анықта» айдары Жануарларды сұрыптап, аттарын кестеге орналастырады. | Дескрипторы: жануарларды топтап, кестеге жазады. ҚБ: «Смайл» әдісі | |