ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 536
Скачиваний: 5
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
| дағдысының қалыптасуына ықпал етеді. |
| | |
Үй тапсырмасы | | Оқулықтарын «Таза кітап» көрмесіне қоюға дайындау. | | |
№31 сабақ
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: 2-сынып | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Мектепке барар жолымыз |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 2.1.1.1 шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру |
Сабақтың мақсаты: | Білімділік: өлеңді түсініп оқиды. Мақал-мәтелдерді қолданып, мәтіннің негізгі ойы туралы айтады. Өлең мазмұны бойынша сұраққа жауап береді. Шығарманың мазмұнын өз сөзімен баяндайды. Дамытушылық: тақырыпты өз өмірімен байланыстыра алуға төселеді. Тәрбиелік: шыдамдылыққа, жол ережесін сақтай білуге үйренеді. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
1. Қызығушылығын ояту | Мұғалім оқушыларға жұмбақтар жасырады.
Жұмбақ шешіміне байланысты тақырып мазмұнын болжатуға болады. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтады. | (Ұ) «Оқуменжазуғадаярлық»әдісіОқушылар мұғалім жасырған жұмбақтардың шешуін табады. Кез келген өзі білетін бір қозғалыс көлігін сипаттап айтады. | ҚБ: «Отшашу»әдісі | Оқулық |
2. Мағынаны тану | Оқушылардың мәтінді тізбек бойынша, тізбекті үзбей оқуына қолдау көрсетеді. Мәтін мазмұнын ашу мақсатында сұрақтар қояды. | (Т) «Түсініпоқу»әдісі Қаржаубай Омарұлының «Көшедегі сабақ» мәтінін тізбектеп, түсініп оқиды. Төмендегі сұрақтарға жауап береді. | Дескрипторы: оқушылар мәтінді түсініп оқып, сұраққа жауап береді. | Оқулық |
| Әр сұраққа толық жауапты өз сөзімен айтуға дағдыландырады. | – Исатайғакөкесікөшедежүрутәртібітуралынеайтты? – Мәтін неліктен «Көшедегі сабақ» депаталған? Оқушылар мұғалім берген төмендегі қосымша мәліметтерді түртіп алады. Жолбелгілері7топқабөлінеді:ескертубелгілері, басымдылық белгілері, тыйымсалубелгілері,міндеттеубелгілері, ақпараттық-көрсеткіш белгілері, қызметкөрсетубелгілері,қосымшатақтайшалар. | | |
| Мұғалім оқушылардың мәтінде кездескен «құлағына құю» деген сөз тіркесінің мағынасын дұрыс түсінуіне көмек көрсетеді. | (Ұ) «Сөздік жұмысы» айдары құлағынақұю– түсіндіру Оқушылар жаңа сөздерді қатыстырып, сөйлем құрайды, яғни жаңа сөзді сөздік қорына енгізеді. | | Оқулық |
| Оқушылардың талдау жасау дағдыларын арттырып, талдау негізінде тұжырым жасай алуына бағыттайды. | (Ж) Оқушылар жұптаса отырып берілген мақал мазмұнын талдап, шыдамсыздық, сасқалақтық сияқты қасиеттердің зиянын мәтін мазмұнымен байланыстыра түсіндіреді. | Дескрипторы: мақал мен мәтін мазмұнының байланысын анықтайды. | Оқулық |
Дәптермен жұмыс | Мұғалім оқушылардың сөйлем құрауына, жазу барысында әрбір сөзді іштей буынға бөліп, сауатты жазуына ықпал етеді. | (Ө)
| Дескрипторы: сөздерді сауатты, көркем етіп жазады. | Оқулық, жұмыс дәптері |
3. Ойтолғаныс | Оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған тапсырманы орындата отырып, оқушыларды мәтінді терең, толық түсінуге жетелейді. | (Т) «Қорытындыла» айдары – Жолдажүруережесінсақтаунеліктенмаңызды? Оқушылар сұраққа мәтін мазмұнымен байланыстыра жауап береді. | Дескрипторы: сұрақтың нақты жауабын береді. | Оқулық |
Үй тапсырмасы | Мұғалім үй тапсырмасын оқушылармен бірге талдайды. | Берілген шартты белгілердің түсіндірмесін беруге әзірлену. | | |
№32 сабақ
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: 2-сынып | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Білімнің күші |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 2.2.3.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтау 2.1.5.1 өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу |
Сабақтың мақсаты: | Білімділік: ертегіні түсініп оқиды. Мұғалімнің көмегімен мәтіндегі негізгі ойды анықтайды. Өз ойын дәлелдермен жеткізеді. Дамытушылық: өз ойын дәлелдермен жеткізе алуға дағдыланады. Тәрбиелік: білімді адамның бәрінен мықты екеніне көзі жетеді; білімге деген құштарлығы артады. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
1. Қызығушылығын ояту | Сабақтың тақырыбын айқындау мақсатында балаларға бірнеше сурет көрсетіп, өз ойын ортаға салуын сұрайды. Оқушы жауабының толық, дәлелді болуын қадағалайды. Оқушылардың айтылым, тыңдалым дағдыларын дамытады. | (Ұ) «Оқуменжазуғадаярлық»әдісі Оқушылар берілген суреттер бойынша кімнің күшті екендігі туралы өз пікірін ортаға салады. | Дескрипторы: пікірін дәлелдермен айтып жеткізеді. | Оқулық |
2. Мағынаны тану | Мұғалім оқушылардың ертегіні оқып, қажетті ақпараттарды анықтай алуына қолдау көрсетеді. Мәтінмен жұмыс істегенде, оқушыларды жаңа сөздермен таныстырып, ойын дұрыс айта білуге, сұрақтар қоя білуге, берілген сұрақты түсініп, нақты жауап беруге үйретеді. Мәтінде кездесетін таныс сөздермен, сөз тіркестерімен және жаңа меңгерілген | (Т) «Түсініпоқу»әдісі «Кім күшті?» ертегісін іштей оқиды. Оқылым алдында берілген тапсырмалар бойынша ақпараттарды белгілеп алады. – «Дүниедегі ең күшті – менмін!» – депмақтанған қай аң? – Арыстан аңдарды қалай таңғалдырғысыкелді? Оқушылар сұрақтарға байланысты өз ойын айтады. | Дескрипторы: ертегіні іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарға белгі қояды. ҚБ: «Ду қолшапалақ»әдісі | Оқулық |
| сөздермен сөйлем құрай білуге дағдыландырады. | | | |
| Мұғалім оқушылардың мәтінде кездескен сөздің мағынасын түсінуіне көмектеседі. | (Ұ) «Сөздік жұмысы» айдары төсқақты– мақтанды | | Оқулық |
| Мұғалім оқушылардың берілген сұрақтарға ойланып, жауабын мәтін мазмұнынан тауып, өз пікірін дәлелдер келтіре отырып негіздеуіне қолдау көрсетеді. Өйткені,себебі, сол себепті деген сөздерді пайдалануына бағыт береді. | (Т) «Дәлелде» айдары Оқушылар «Адам қалай күшті болып шықты? Адамның күштілігін тағы немен дәлелдеуге болады?»деген сұрақ төңірегінде ойланып, өз пікірін топ ішінде айтады. Осы ойға қатысты басқа оқушылардың пікірлерін тыңдайды. Өз ойын дәлелдейді. | Дескрипторы: ертегі бойынша нақтылау сұрақтарының жауабын шығармадан табады; өз ойын дәлелдермен жеткізеді. | Оқулық |
| Оқушылардың сөз мағынасын түсініп, оны қимыл арқылы көрсетуіне көмектеседі. Бұл жұмыс түрі оқушылардың сөз мағынасын толық түсінуіне көмектеседі. | (Ж) Оқушылар ертегідегі сөздерді қимылмен бейнелеп көрсетеді. Төсқақты,бірадымалғашықты,тісінақситты,қолқусырып тәжіметті. | Дескрипторы: шығармашылық жұмыс орындайды. | Оқулық |
Дәптермен жұмыс | Мұғалім оқушылардың сөйлем құрауына ықпал етеді. Жазу барысында әрбір сөзді іштей буынға бөліп, сауатты жазуына ықпал етеді. | (Ө) 1-тапсырмада сөзжұмбақтың жауаптарын жазады.
«Бір кезде адам келіп, алып темірге қарғыпмінді.Тракторжылжыпжүреберді». | Дескрипторы: сөздерді сауатты, көркем етіп жазады. | Оқулық, жұмыс дәптері |
3. Ойтолғаныс | – Ненің, кімнің күштілігітуралы бастапқы ойыңөзгердіме? Мұғалім осы сұраққа оқушылардан жауап алады. | (Т) «Қорытындыла» айдары Оқушылар ненің, кімнің күштілігі туралы бастапқы ойға оралып, ойының өзгеру себебін түсіндіреді. | Дескрипторы: мәтіндегі негізгі ойды тұжырымдайды. | Оқулық |
| Саралау: оқушыларға бір тапсырма беріледі, алайда оны орындауда балалар мұғалім тарапынан әртүрлі қолдау алады. | | | |
Үй тапсырмасы | | Мақалды жаттап алу. | | |
№33 сабақ
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: 2-сынып | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Менің бос уақытым |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 2.1.3.1 шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау 2.3.3.1 шығармашылық жұмысын мұғалімнің көмегімен сурет, каллиграмма, аппликация, фотосуреттер арқылы ұсыну |
Сабақтың мақсаты: | Білімділік: ертегіні түсініп оқып, оқиғаның соңын болжайды. Оқиғаға жаңа кейіпкерлер қосып, шығармашылық жұмыс жасайды. Дамытушылық: кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалай білу дағдысы артады. Тақырыпты өз өмірімен байланыстыра алады. Тәрбиелік: оқушылар жалқаулыққа бой алдырмау керектігін түсінеді. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
1. Қызығушылығын ояту | Психологиялық ахуал қалыптастыру тренингі. | (Ұ) Шаттық шеңберіне тұрып, көздерін жұмады. Бастаушы қолды 1 рет қысады, екінші айналымда 2 рет қысады, соңында 3 рет қысады, бұл бастаушыға барғанда қанша заряд жібергені бойынша қайтып келеді. | | Оқулық |
| Мұғалім суретпен жұмыс барысында адамдар бос уақытта шұғылданатын істерді атауына қолдау көрсетеді. Оқушылардың уақытты тиімді пайдалану | (Т) «Оқуменжазуғадаярлық»әдісі Оқушылар сурет бойынша шағын мәтін құрап, отбасы мүшелері бос уақытында немен айналысып отырғандығы туралы әңгімелейді. | Дескрипторы: сұрақ төңірегінде ойын еркін жеткізеді. | Оқулық |