ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 538

Скачиваний: 5

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




туралы ой қалыптастыруына бағыт береді.










2. Мағынаны тану

Мұғалім оқушыларға мәтінді алдымен іштей оқып, рөлге бөліп оқуға дайындалуды ұсынады.

(Т) «Рөлгебөліпоқу»әдісі

Оқушылар берілген мәтінді алдымен іштей оқиды. Сосын топтасып, рөлге бөліп оқиды.

Дескрипторы: түсініп, рөлге бөліп оқиды.

Оқулық




Мұғалім оқушылардың сурет бойынша ертегінің жалғасын болжауына қолдау көрсетеді.

(Т) «Болжау»әдісі

Суретке қарап, ертегіні жалғастырыпайт.

Оқушылар ойланып, ертегінің соңын болжайды.

Дескрипторы: ертегінің соңын болжайды.

Оқулық




Оқушылардың өз пікірін дәлелдермен негіздеп айтуына қолдау көрсетеді.

(Т) «Пікіріңді айт» айдары

Құмырсқаныжалқаудепайтуғаболама?Оқушылар осы сұрақ төңірегінде топта ой бөлісіп, өз пікірлерін айтады, қорытынды жасайды.

Дескрипторы: сұраққа қатысты өз пікірін білдіреді.




Дәптермен жұмыс

Мұғалім оқушылардың сөйлем құрауына, жазу барысында әрбір сөзді іштей буынға бөліп, сауатты жазуына ықпал етеді.

(Ө) 1-тапсырмада қате тұжырымдарды түзетіп жазады.

Құмырсқа інде тұрады. – Құмырсқа илеудетұрады.

Өрмекші өрмекті тоқымайды, тігеді.

Өрмекшіөрмектітоқиды.

2-тапсырмада оқушы өзі құраған ертегі бөлімін суретпен бейнелейді.

Дескрипторы:

сөздерді сауатты, көркем етіп жазады.

Оқулық, жұмыс дәптері




Оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту бағытында шығармашылық жұмыс орындауына қолдау көрсетеді.

(Ж) Жұмыс іздеген құмырсқаны жауынқұртпен немесе көбелекпен кездестіріп, ертегіні жалғастырып айтады.

Қиялына ерік беріп, ойын кез келген бағытта өрбіте алады. Мысалы: «Құмырсқа жолда ұшып жүрген әсем көбелекті кездестіреді. Көбелекпен дос болғысы келеді. Оның тілегін естіген көбелек бірге ұшып, гүлден гүлге қонып, шырын жинауды ұсынады. Құмырсқа ол сияқты ұша алмайтын болғандықтан, өз жолымен кетті».

Дескрипторы: мұғалімнің көмегімен ертегінің жалғасын ойлап айтады;

мәтінге жаңа кейіпкер, жаңа сюжет қосады.





3. Ойтолғаныс

Мұғалім сұрақтың жауабын ертегіден тауып, анықтауына көмектеседі.

(Т) «Қорытындыла» айдары

Оқушылар «Құмырсқа нені түсінді?» сұрағының жауабын мәтіннен оқып береді.

«Қараса, өзінің құмырсқа досы тырбаңдаптірлікетіпжүрекен.Үлкендәндіжалғызөзісүйрейалмай,алқыныпкеледі.Құмырсқақуаныпкетедіде,дереудосынакөмеккебарады. Екеулеп жүріп, үлкен дәнді илеугежеткізеді.Құмырсқаөзініңқолынанкелетініспен айналысу керек екенін түсінеді» деген сөйлемдерді қайталап оқиды.

Дескрипторы: тақырып бойынша қорытынды ой тұжырымдайды.

Оқулық

Үй тапсырмасы




Өзі құраған ертегі бөлімін суретпен бейнелейді.









34 сабақ

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы: 2-сынып

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Санамақтар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

2.2.3.1 мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау

2.3.2.1* мұғалімнің көмегімен үлгі бойынша шағын ертегі, жұмбақ жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар мен санамақтар құрастыру

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: санамақты жатқа айтады. Санамақты жалғастырып айтады. Санамақтағы негізгі ойды анықтайды.

Дамытушылық: тақырыпты өз өмірімен байланыстыра алады.

Тәрбиелік: оқушылар санамақта айтылған жақсы қасиеттерге ұмтылу керектігін түсінеді.


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

1.

Қызығушылығын ояту

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Кел, санайық санамақ,Саусақтарды даралап.Бас бармағым алғашқы,Балаң үйрек жалғасы,Ортан терек атасы,Шылдыршүмек анасы,

(Ұ)

Оқушылар санамақтың мазмұнын қимыл-қозғалыспен көрсетеді.

Оқушылар өздері білетін санамағын да айтады.

Санамақтың халық ауыз әдебиеті үлгілерінің бірі екенін есіне түсіреді.



ҚБ: «Отшашу»әдісі

Оқулық




Шынашағым балапан,Бәрінеортақ алақан.

Санамақтың құрылымына талдау жасайды.







2. Мағынаны тану

Мұғалім оқушыларға көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, «Бес саусақ» санамағын оқуды ұсынады.

Тиісті сөздерді дұрыс анықтауға баулып, санамақтың ерекшелігіне назар аудартады.

(Т) «Оқуменжазуғадаярлық»әдісіОқушылар көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, санамақты оқиды.

Басбармақ – бұл білім,Ардақтыанатілім.

Балаң үйрек – мектеп,Жетілерсіңкөктеп.

Ортан терек – мұнара,Көтерілемкүнара.

Шылдыр шүмек – туған жер,Ойын-сауыққұрғанжер.

Кішкене бөбек – балапан,Кеңжазылғаналақан.

Дескриптор:

тиісті сөздерді қойып, санамақты оқиды.

Оқулық




Мұғалім оқушылардың өлеңді тізбекті үзбей, түсініп оқуына қолдау көрсетеді. Дұрыс оқуға дағдыландыру үшін мұғалім балалардың оқығанына ықылас қойып, оқудағы қатесін көрсетіп, түзетіп отыруы керек.

Оқушыларды қателеспей, дұрыс оқуға үйрету үшін қолданылатын тәсілдердің бірі қиын сөздерді алдын ала балаларға талдатып, оқытып алу.

Айтылым, тыңдалым әрекеттерінің дамуына ықпал етеді.

(Т) «Түсініпоқу»әдісі
Оқушылар санамақты тізбек ретін үзбей, түсініп оқиды.

Бұл тыңдалым дағдыларын қалыптастырады.

Дескрипторы: санамақты тізбектеп, түсініп оқиды.

Оқулық


Дәптермен жұмыс

Мұғалім оқушыларға үлгі бойынша санамақты құрауға ықпал етеді.

Жазу барысында әрбір сөзді іштей буынға бөліп, сауатты жазуына ықпал етеді.

Мұғалім өз үлгісін ұсынып, оқушыға көмек көрсеткені дұрыс.

(Ө)

  1. тапсырмада өлеңнің 6 санына байланысты жолдарын үлгідегідей өзгертіп жазады. Үлгі:

Бір дегенім – білім,БілімжарықКүнім.

  1. тапсырмада достарының атымен ұйқастырып, 1-ден 5-ке дейін немесе

6-дан 10-ға дейін санамақ құрап жазады.

Бірдегенім –Біржан...

Дескрипторы:

өз ойынан санамақ құрайды.

Оқулық, жұмыс дәптері

3. Ойтолғаныс

Саралау: оқушыларға бір тапсырма беріледі, алайда оны орындауда балалар мұғалім тарапынан әртүрлі қолдау алады.

(Т) «Қорытындыла» айдары Оқушылар ақын санамақ өлең арқылы балаларға не айтқысы келгендігін анықтайды. Мысалы: Әр бала білімді, еңбекқор, талапты, арманшыл, жігерлі, сенімді, талғампаз болып, Отанына адал қызмет етуі керек.

Дескрипторы: санамақтағы негізгі ойды анықтайды.

Оқулық




Оқушыларды өлеңнің мағынасын түсініп оқу дағдысына баулиды.

Ақынның санамақ өлеңдер арқылы балаларға айтқысы келген негізгі ойын санамақ деректерін пайдалана отырып түсіндіреді.

Дескрипторы:

ақынның айтқысы келген ойын деректермен түсіндіреді.




Үй тапсырмасы




Өзіне ұнаған санамақты жаттап алу.










35 сабақ

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы: 2-сынып

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қазіргі роботтар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

2.2.1.1 шығарманы дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу

2.2.9.1 сұраққа жауапты анықтамалық кітаптардан, жинақтардан, сөздіктерден табу және ақпаратты берілген үлгі кестеге салу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: мәтінді түсініп, рөлге бөліп оқиды. Тақырыпқа сай шығармашылық жұмыс жасайды. Мәтін мазмұны бойынша сұраққа жауап береді. Сұрақтарға жауапты шығармадан анықтап, үлгі кестеге салады.

Дамытушылық: өз пікірін дәлелдеу арқылы айтылым дағдысы дамиды.

Тәрбиелік: оқушылар робот жасау үшін білім мен өнердің бірдей қажеттігін түсінеді.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

1.

Қызығушылығын ояту

QR-код бойынша тыңдалым ұйымдастырылады.

Мұғалім оқушылардың жаһандану әлемінде жаңа технологиялардың жетістігін қолдану мәселесіне тоқталып, соларға түсінік беруіне қолдау көрсетеді.

(Т) «Оқуменжазуғадаярлық»әдісіОқушылар қазіргі роботтар туралы білетінін әртүрлі форматта ұсынады.

Мысалы: бірінші топ бала мен робот арасындағы диалогті құрастырса, екінші топ робот кейпінде монолог дайындайды.

Дескрипторы: оқушылар өз білетінін әртүрлі форматта ұсынады.

Оқулық QR-код

2. Мағынаны тану

Рөлге бөліп оқыту арқылы оқушылардың тыныс белгісіне қарай дауыс ырғағын қоюына ықпал етеді.

Саралау: бір тапсырманы орындау барысында оқушылар әртүрлі рөлдерді орындайды.

(Ж) «Рөлгебөліпоқу» әдісі

Оқушылар берілген мәтінді алдымен іштей оқиды.

Сосын жұптасып, рөлге бөліп оқиды. Рөлге бөліп оқу кезінде дауыс интонациясына мән береді, қажет жерінде мимиканы, дене қозғалысын үйлестіруге де көңіл бөледі.

Дескрипторы: шығарманы рөлге бөліп оқиды.

Оқулық




Оқушылар тұжырымдардың ақиқат немесе жалған екендігін анықтап, мәтінді түсіну деңгейін көрсетеді.

(Т) «Дәлелде» айдары

Балалар «Дұрыс-бұрыс тұжырымдар» кестесінде берілген сұраққа жауап береді.

Дескриптор: тұжырымдардың тұсына белгі қояды.

Оқулық

Дәптермен жұмыс

Мұғалім оқушыларға сөйлем құрауға ықпал етеді.

Жазу барысында әрбір сөзді іштей буынға бөліп, сауатты жазуын қадағалайды.

Оқушылардың жазылым дағдыларын дамытады.

(Ө) Оқушылар кестені толтырады. Өзінің қандай роботты қалайтынын кестені толтыру арқылы көрсетеді.

Оны қалай атар едің?Олнеістей алады?

(Өнерлі,ақылды,қайырымды)

Дескрипторы: сұраққа жауапты шығармадан тауып, берілген үлгі кестеге салады.

Оқулық, жұмыс дәптері

3. Ойтолғаныс

Саралау: оқушыларға бір тапсырма беріледі, алайда оны орындауда балалар мұғалім тарапынан әртүрлі қолдау беріледі

(Т) «Қорытындыла» айдары

Оқушылар робот құрастыру үшін қандай білім мен өнер қажеттігін айқындайды.

Мысалы:

  • математикалық сауаттылық

  • ақпараттық технологиялық білімінің жетік болуы

Дескрипторы: тақырыпқа сай ой қорытындылайды.

Оқулық