ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 545
Скачиваний: 5
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
1. Қызығушылығын ояту | Ойқозғау сұрағына оқушылардың белсенді араласуын қадағалайды. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады. | (Ұ) «Ойқозғау»әдісі – Атамекен»сөзінқалайтүсінесің? Осы сұрақ төңірегінде ойқозғау жүргізіледі. Оқушылар өз ойын бүкпесіз, ашық айтады. | Кері байланыс: мұғалімнің қолдау сөздері. | |
2. Мағынаны тану | Мұғалім оқушылардың өз туған жері, тұратын мекені туралы білгенін ортаға салып, соның ішінен мақтанышпен айтуға болатын ақпараттарды пайдаланып, таныстырылым жасауына көмектеседі. Өз өлкесінің жетістіктері, ерекше белгілері, еңбек адамдары т.б. туралы айтылуы мүмкін. | (Т) «Оқумен жазуғадаярлық»әдісі Әр шағын топ оқулықтағы берілген ауыл,қала,аудан,облыс,республикасөздерін пайдаланып, білгендерін қысқаша жазады. Бұл кезең 2-3 минутқа созылады. Топаралықжұмыс. Қатысушылар қай жерде ойларының сәйкес келгенін және сәйкес келмегенін түсіндіре отырып ақпарат алмасады. Сыныппен жұмыс. Бұл кезеңде әрбір топ тақырып бойынша өз білімдерін көрсетіп, пікірлерін білдіреді, берілген сұрақтар бойынша идеяларын айтады. Оның үстіне жауаптар қайталанбауы тиіс. Қоржынға тақырыпқа қатысты идеялар, есімдер, күндер, фактілер, жорамалдар, терминдер және тағы басқалары салынады. Солардан таныстырылым жасалады. | Дескрипторы: өз өлкесі туралы таныстырылым ұсынады. ҚБ: «Екі жұлдыз, біртілек»әдісі | Оқулық Таныстыр ылым |
| Оқушылардың автор туралы білімін қалыптастырып, тереңдету мақсатында қосымша ақпарат беруіне болады. | (Т) «Қойындәптер»әдісіОқушылар оқулықтан ақын Мұзафар Әлімбаев туралы мәліметтерді оқып, танысады. Қажетті деректерді жазып алады. | | Оқулық |
| Оқушылардың тізбек бойынша оқуына мүмкіндік тудырады. Оқушылардың тізбекті үзбей, мәнерлеп, түсініп оқуына қолдау көрсетеді. | (Т) «Мәнерлепоқы»әдісі бойынша оқушылар Мұзафар Әлімбаевтың «Түркістан өлкесі», «Аңырақай», «Алтынемел» өлеңдерін тізбек бойынша оқиды. Оқыған өлең мазмұнын топта талдап, мазмұнын топта баяндайды. | Дескрипторы: өлеңдегі негізгі ойды анықтап, өз сөздерімен айтып жеткізеді. | Оқулық |
| Әр өлеңдегі негізгі ойды анықтауына қолдау көрсетеді. | Әр өлеңдегі негізгі ойды анықтайды. Оқылған әр өлеңнің мазмұнын өз сөзімен баяндап айтады. | ҚБ: «Ду қолшапалақ»әдісі | |
| Мұғалім оқушылардың мәтінде кездескен «жоңғар», «тұралата қаусатқан», «мүйіс» деген сөздердің мағынасын дұрыс түсінуіне көмектеседі. | (Ұ) «Сөздік жұмысы» айдары жоңғар – ерте заманда қазақпен жауласқан халық тұралата қаусатқан – тізе бүктіріп жеңген мүйіс–Отанымыздыңбірбөлшегідеген мағынада Оқушылар осы сөзді қолданып, сөйлем айтып көреді. | | Оқулық |
| Оқушылардың сұраққа жауапты мәтіннен іздеп табуына және сол жауапты өз сөзімен айтуына қолдау көрсетеді. | (Т) «Анықта» айдары Оқушылар аталған жерлер туралы не білетінін еске түсіріп айтады. «Алтынемел» өлеңінен теңеу сөзді табады. Теңеу сөз – «ер-тоқымдай» | Дескрипторы: өлеңнен теңеу сөздерді табады. | Оқулық |
| | Өлеңде аталған жерлер Қазақстанның қай аймағында орналасқанын картадан көрсетеді. | Дескрипторы: картамен жұмыс жасайды. | |
Дәптермен жұмыс | Мұғалім оқушылардың тақырып бойынша қорытынды жасап, берілген сөздермен сөйлем құрап жазуына көмектеседі. Керекті сөздер: Қазақстан,Түркістан,қала,оңтүстік. | (Ж) Берілген сөздермен сөйлем құрап жазады. Мысалы: Түркістан – Қазақстанның оңтүстігіндегі көне қала. Бұрынғы кезде Қазақ хандығының астанасы болған. Онда Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі бар. | Дескрипторы: берілген сөздермен сөйлем құрап жазады; дереккөзбен жұмыс істейді. ҚБ: «Отшашу»әдісі | Оқулық, жұмыс дәптері |
| Оқушылардың өз ойы мен сезіміне ерік беруін қолдау керек. Саралау: Нәтиже: тапсырма біреу, алайда оқушылардан жеке нәтиже күтіледі. | 2-тапсырмада оқушылар өзінің тұрған жері туралы қысқаша мәтін құрап жазады. | Дескрипторы: өз ауылы (қаласы) туралы шағын мәтін жазады. | Жұмыс дәптері |
3. Ойтолғаныс | Мұғалім оқушылардың тақырып бойынша қорытынды ой түюіне ықпал етеді. | (Ө) «Қорытындыла» айдары Оқушылар тақырыпты қорытындылап, бүгін қандай ақпаратпен таныс болғанын айтады. | Дескрипторы: тақырып бойынша қорытынды пікір білдіреді. | Оқулық |
| | | ҚБ: «Ду қолшапалақ»әдісі | |
Үй тапсырмасы | Мұғалім үй тапсырмасын орындау жолын түсіндіреді. | Мақалды жаттап алу. | | |
№41 сабақ
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: 2-сынып | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Ақ алтынның мекені |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 2.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу) табу 2.3.3.1 шығармашылық жұмысын мұғалімнің көмегімен сурет, каллиграмма, аппликация, фотосуреттер арқылы ұсыну |
Сабақтың мақсаты: | Білімділік: оқушылар «Осы – біздің Оңтүстік» өлеңін мәнерлеп оқып, өлеңнен теңеу сөздерді табады. «Ел мақтаған мақтамын» тақырыбында әңгіме құрап айтады. Дамытушылық: шығармашылық жұмысты орындауға жаттығады. Тәрбиелік: еңбекті бағалай білуге, еңбекші адамдарға құрметпен қарауға үйренеді. Саналы да ерікті еңбек адамды бақытқа кенелтеді деген ойды санасына сіңіреді. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
1. Қызығушылығын ояту | Мұғалім өзі өлең оқып беріп, сосын оқушыларға оқытуға болады. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады. | (Ұ) Әрбір адам – туысым, досым, жұрағат,Әрбірсабақ –үйрену, ұғу, ұлағат. Әрбір ісің – тірлік, тірек, адалдық,Әрбірсөзің–шындық,бірлік,адамдық. | | |
| QR-код бойынша тыңдалым ұйымдастырылады. Оқушылардың мақта өнімдері туралы не білетіндігін есіне түсіріп, кластер түрінде жазуына көмектеседі. Бұл әдіс ақпаратты басқа формада есте сақтауға көмек болады. | (Ұ) «Оқумен жазуғадаярлық» әдісі май жіп ? МАҚТА дәке мата жерде өседі | Дескрипторы: мақтаның жерде өсетіндігін дәлелдермен негіздейді. | Оқулық QR-код |
2. Мағынаны тану | Мұғалім оқушылардың өлеңді түсініп оқуына мүмкіндік береді. Дауыс ырғағын келтіріп, мақтаныш сезіммен оқуына қолдау көрсетеді. Оқылым дағдыларының артуын қадағалайды. | (Т) «Түсініп оқу» әдісі Ақын Өтебай Тұрманжановтың «Осы – біздің Оңтүстік» өлеңін мақтаныш сезімімен оқиды. Өлең мазмұнын топта талдайды. | Дескрипторы: оқушылар өлеңді түсініп, мәнерлеп оқиды. | Оқулық |
| Мұғалім оқушылардың мәтінде кездескен «маржан, ақық, жақұт» деген сөздердің мағынасын дұрыс түсінуіне көмектеседі. | (Ұ) «Сөздік жұмысы» айдары маржан,ақық,жақұт– асыл, бағалы тастар. Оқушылар осы сөзді қолданып, сөйлем айтып көреді. | | Оқулық |
| Оқушылардың өз жері мен өлеңдегі жер туралы мәліметтерді салыстырып, өзіндік қорытынды жасауына көмектеседі. Саралау: Қолдау: бір тапсырма беріледі, алайда оны орындауда балалар мұғалім тарапынан әртүрлі қолдау алады. | (Т) «Шығармаларкестесі»әдісі Оқушылар оқулықтағы ақын Өтебай Тұрманжановтың «Осы – біздің Оңтүстік» өлеңі мен өз өлкелерін салыстыра отырып кесте толтырады. | Дескрипторы: өз жерін өлеңдегі жермен салыстырады. ҚБ: «Ду қолшапалақ»әдісі | |
Дәптермен жұмыс | Оқушылардың сұраққа жауапты мәтіннен іздеп табуына және сол жауапты өз сөзімен айтуына қолдау көрсетеді. | (Т) «Анықта» айдары
Өлеңнің алғашқы төрт жолының қай сөзіне -тайқосымшасын жалғап айтуға болатынын анықтайды. ақықтай,жақұттай
| Дескрипторы: өлеңнен теңеу сөздерді табады. | Оқулық, дәптер |