ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 1066

Скачиваний: 6

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


І. АІЖ-да жақсы сіңірілетін сульфаниламидтер. Ағза сұйықтықтары мен ұлпаларына жақсы сіңіріледі, резорбтивті әсер етіп, жүйелі инфекцияларда қолданылады. Қолданылуы: тыныс алу жолдарының қабыну аурулары, өт пен несеп шығару жолдарының инфекциялары, хламидиялы инфекциялар, жұмсақ ұлпалар мен іріңді инфекциялар, отит, синусит, жара инфекциялары, токсоплазмоз, безгек (малярия). Жанама әсері: аллергиялық реакциялар, диспепсия, кристаллургия (сусындарды көп қабылдау қажет), бас айналу, бас ауыру, жағдайдың нашарлауы, анемия, лейкопения, невриттер байқалуы мүмкін. Аллергиялық реакцияларда, бауыр, бүйрек және қан жүйесі қызметі бұзылуларында қолдануға болмайды.

а) әсері қысқа препараттары: стрептоцид (сульфаниламид), сульфацил-натрий (сульфацетамид, альбуцид), норсульфазол (сульфатиазол), этазол (сульфаэтидол), уросульфан (сульфакарбамид), сульфадимезин, сульфазин (сульфадиазан). Әсері 8-10 сағат. Бірінші күні ең жоғарғы мөлшерін – 2 г, содан соң 1 г-нан тәулігіне 4-6 рет тағайындалады.


Streptocidum-стрептоцид (Б): 0,5 таб.; 5% линимент; 10% жағылма.

Sulfacilum-natrium-сульфацил-натрий (Б): 30% - 5 мл ерітінді ампулада шығарылып, қ/т енгізіледі; 20% және 30% - көз тамшысы, 30% көз жағылмасы (жаңа туған балалар мен ересектердің бленнореясын алдын алу және емдеу үшін, конъюнктивитте, қасаң қабақ жарасында) бар.

Sulfadimezinum-сульфадимезин (Б): 0,5 таб. түрінде шығарылады.

Urosulfanum-уросульфан (Б): 0,5 таб. түрінде шығарылады.

Уросульфан мен этазол несеп жолдарында кристалданбайды, сондықтан несеп шығару жолдарының инфекциясында қолданылып, бүйректен өзгеріссіз шығарылады.

Стрептоцид пен норсульфазол тонзилитте, фарингитте, ларингитте, стоматитте қолданылып, «Ингалипт» аэрозолінің құрамына кіреді.

Сульфазилиннің күмісті тұзы іріңді жара, күйгенде, ойық жараларда, ойықтарда қолданылатын 1% «Сульфаргин» («Дермазин») жағылмасы бар.

б) әсері ұзақ препараттары: сульфапиридазин (сульфаметок-сипиридазин), сульфамонометоксин, сульфадиметоксин (мадрибон). Әсері 24-48 сағат. Бірінші күні 1-2 г, кейін 0,5-1 г тәулігіне 1 рет тағайындалады.

Sulfadimethoxinum-сульфадиметоксин (Б): 0,5 таб.

Сульфапиридазин таблеткадан басқа, көз тамшысы және көз пленкасы түрінде шығарылады.

в) әсері өте ұзақ препараттары: сульфален (сульфаметосипиразин, келфизин). Орташа әсері 65 сағат, терапевтикалық концентрациясы ағзада 1 аптаға дейін сақталады, сондықтан аптасына 1 рет белгіленеді.

Sulfalen – сульфален (Б): 0,2 таб.; бірінші күні 5 таб., кейін 1 таб. тәулігіне 1 рет тамақтан 30 минут бұрын (созылмалы инфекцияларда – 1 таб. аптасына 1 рет) белгіленеді.

ІІ. АІЖ-да нашар сіңірілетін сульфаниламидтер. Сульгин (сульфагуанидин), фталазол (фталил сульфатиазол), фтазин (фталилсульфапиридазин).

Бұл препараттардың ішекте жоғары концентрациясы түзіледі, ішке қабылдайды. Қолданылуы: ішек инфекцияларында – колит, энтероколит, бацилді дизентерияда.

Phthalasolum – фталазол (Б): 0,5 таб. шығарылып, әсері қысқа препараттардың кестесі бойынша тағайындалады. Жанама әсері: аллергиялық реакциялар байқалуы мүмкін.

Салазолсульфаниламидтер: салазопиридазин (салазодин), салазосульфапиридин (салазопирин, сульфасалазин), салазодиметоксин. Бұлар 5-аминосалицил қышқылымен қиыстырылған препараттар таблетка, суппозиторий, суспензия түрінде шығарылады. Тоқ ішекте бос сульфаниламид пен аминосалицил қышқылына ыдырап, қабынуға қарсы әсер көрсетеді.



ІІІ. Триметоприммен қиыстырылған сульфаниламидті препараттары. Ко-тримоксазол (бактрим, бисептол, септрин, кандибене, ориприм, берлоцид). Құрамында сульфаметоксазол мен триметоприм бар. Әсер ету механизмі: Сульфаниламидтер ПАБҚ-ң дегидрофолий қышқылына өтуін, ал триметоприм дегидрофолий қышқылының тетрагидрофолий қышқылына өтуін бөгеп, пуриндер синтезін, одан ДНҚ және РНҚ синтезін бұзады. Потесептил (потесетта) – құрамы: сульфадимезин + триметоприм. Лидаприм – құрамы: сульфаметрол + триметоприм. Сульфатон – құрамы: сульфамонометоксин + триметоприм. Гросептол - құрамы: сульфамеразин + триметоприм.

Жоғарыда айтылғандай бактерицидті әсер ететін, микробқа қарсы спектрі кең препараттар. Тыныс жолдарының инфекцияларында, несеп шығару жолдарының инфекцияда, урологияда, ішек инфекциясында, отитте, менингитте, сепсисте, паразитарлы инфекцияларда (лейшманиоз, токсоплазмоз, малярия) қолданылады. Жанама әсері: аллергиялық реакциялар, диспепсия, қан жасалуының тежелуі, бауыр және бүйрек қызметінің бұзылуы, суперинфекция (кандидамикоз), тератогенді әсер көрсетуі мүмкін. Бауыр, бүйрек қызметі бұзылуының ауыр түрінде, қан жасалуы бұзылуларында, аллергияда және жүктілікте қолдануға болмайды.

Biseptol – бисептол (Б): - (0,12 және 0,48) офиц. таб. шығарылып, 2 таб. тәулігіне 2 рет тамақтан соң; 5 мл амп. шығарылып, 10 мл 250 мл 0,9% NaCl еріт. тәулігіне 2 рет к/т тамшылатып енгізіледі.

Ескерту: сульфаниламидтерді новокаинмен, анестезинмен, фолий қышқылымен, новокаинамидпен бірге қолдануға болмайды, себебі олар ПАБҚ-ң бәсекелес антагонизмі, яғни сульфаниламидтер синтетикалық диабетке қарсы дәрілердің әсерін күшейтіп (сульфанилмочевина туындылары – бутамид, глибенкламид және т.б.) гипогликемияға алып келуі мүмкін; К витамині антагонистерінің әсерін күшейтуінен қан кетуге алып келуі мүмкін, метотрексаттың әсерін (агранулоцитоз қауіпі бар) күшейтеді.

б) Нитрофуран туындылары. Фурациллин («Антисептиктер» тақырыбына қараңыз), фуразолидон (нифурозид), нифуроксазид (эрцефурил), фурадонин (нитрофурантоин), фурагин (солафур), фуразолин, нифуратель (макмирор). Әсер ету механизмі: РНҚ-ң синтезін бұзады, цитоплазмалық мембранадағы тыныс алу ферменттерінің қызметін тежеп, жасуша қабықшасының бұзылуына алып келеді. Препараттың мөлшеріне байланысты бактериостатикалық және бактерицидті әсер көрсетеді. Бактериялардың ферменттік жүйелерін бұзу жолымен бактерицидті әсер етуі мүмкін, препараттың микробтарға қарсы әсер төзімді микроорганизмдер дамуын алдын алады.
Әсер ету спектрі кең: грамм (+) және грамм (-) кокктарға және бактерияларға, қарапайымдыларға (трихомонада, лямблий), хламидияға, клостридияға, спирохетке әсері төмен. Көкіріңді таяқшаларға, протейге, клебсиеллаға, энтеробактерияларға, саңырауқұлақтарға, вирустарға әсер етпейді. Нитрофурандарға микроорганизмдердің тұрақтылығы баяу пайда болады.

Қолданылуы: Жергілікті, антисептик ретінде жара, күйікті емдеу үшін, қуыстарды жуу үшін 0,02% фурациллиннің еріт. және 0,5-1% фурагин еріт. (калий тұзы, солафур) қолданылады. Ішек инфекцияларын емдеу үшін (дизентерия, іш сүзегі, тамақпен улануда, лямблиоз, энтероколит, өт жолдарының инфекциясында) фуразолидон және нифуроксазид ішке қолданылады. Урологиялық инфекцияны емдеу үшін фурадонин, фурагин, фуразолин – ішке; нифуратель таблетка, вагинальды суппозиторий және вагинальды жағылма түрінде қолданылады. Фуразолин мен фурагин кейде пневмонияда, сепсисте, остеомиелитте, тілме қабынуында қолданылады, себебі олар басқа препараттарға қарағанда ұлпаларға жеңіл өтеді. Жанама әсері: диспепсия, аллергия, нейропатия (бас айналу, бас ауыру, полиневрит, есту қабілетінің бұзылуы, көз жүйкесінің зақымдалуы), тетурам тәрізді әсерлер байқалуы мүмкін. Қолдануға қарсы көрсеткіштері: бүйрек қызметі бұзылуында, жеке көтере алмаушылық, глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа жеткіліксіздігі (эритроциттердің гемолизі пайда болуы мүмкін).
Furazolidonum­-фуразалидон (Б):0,05таб,:2таб,төулігіне 3-4 рет тамақтан соң.

Furadoninum-фурадонин(Б): 0,05таб,:0,1 ішекте еритін таблетка тәулігіне 3-4 рет белгіленеді.

в)Хинолондар.Хинолондардың I буыны (8- оксихинолин туындылары).Әсер ету механизмі:ақуыздардың денатурациясын тудыратын,құрамында галогені бар(йод-энтеросептол және хиниофон, хлор-энтеросептол және хлорхинальдон, бром-интестопан),бактерицидті әсер көрсетеді.Микроорганизмдердің металлға тәуелді ферменттік жүйесін жояды.Хинозол ертінді,сеппе,жағылма түрінде жергілікті антисептик ретінде лданылады. энтеросептол,хиниофон, хлорохинальдон, <<Интестопан>>таблетка,<<Интетрикс>> капсула ішек ішек инфекциясын емдеу үшін қолданылып ,гармм(-) энтеробактерияларға, амебаларға, лямблияларға әсер етеді,өте улы болғандықтан(аллергия,йодизм немесе бромизм, шеткерлік невриттер,кору жүйесінің зақымдалуын тудырады) қолданылуы шектеулі,микроорганизмдерге екіншілік резистенттік жылдам пайда болады.Мексаформ(құрамында энтересептол М-холинеомиметик және т.б бар)түйілумен жүретін энтероклитте қолданылады:мексаза( құрамында энтересептол,ферменттер өт қышқылдары бар)метеоризмде,ішекте ашу процестері күшейгенде колданылады.


Нитроксолин(5-НОК)-несеп шығару жолдарының инфекцияларында(пиелонефрит,цистит,уретрит,простатит және т.б)қолданылады,АІЖ-да жақсы сіңіріліп,бүйректен өзгеріссіз шығарылады.Әсер ету спектрі кең:грамм (+)және грамм (-) бактерияларға ,Candida саңырауқұлактарына басқа микробқа қарсы дәрілерге қоздырғыштардың тұрақтылығында әсері күшті.Жанама әсері:диспепсия,аллергия,зәрдің қызыл сары түске боялуы.Қолдануға қарсы көрсеткіштері: бүйрек жеткіліксіздігінде абайлап қолдану керек.

Nitroxolinum-нитроксолин (Б):00,5таб. (драже) шығарылып,2 таб. (драже)тәулігіне 4 рет тамак үстінде.

Хинолонрадын ІІ буыны.Налидикс қышқылы(неграм,невиграмон),оксолиенді қышқылы(грамурин),пипемидин қышқылы(палин).Әсер ету механизмі:микроорганизмдердің металлға тәуелді ферментті жүйесін жояды.Препарттың молшеріне байланысты бактериостатикалық немесе бактерицидті әсер көрсетеді.Әсер ету спектрі:грамм(-) энтеробактерияларға-эшерехия,шигелла,сальмонелла,протей,клебсиеллаларға қарсы әсер көрсетеді,ал пепимедин қышқылы көркіді таяқшаларға әсер етеді.Екіншілік резистентілік жылдам пайда боладф.Қолданылуы:жіті және созылмалы несеп шығару жолдарының инфекцияларында,ал налидикс қышқылы сондай ақ энтероколитте холециститте,отитте қолданылады.Жанама әсері:диспепсия,аллергия,фотодерматоз,бас ауру,бас айну,оксолиен қышқылы тахикардия,ұйқысыздық шақыруы мүмкін.ҚОлдануға қарсы көрсеткіштербауыр және бүйрек қызыметі бұзылғанда ,тыныс алу тежелуінде жүктіліктің алғашқы 3 айында,2 жасқа дейінгі балаларга қолдануға болмайды.

Acidum nalidixum-налидикс қышқылы (Б):0,5таб.және капсула шығарылып,1-2 таблетка тәлігіне 3-4рет белгіленеді.

Ескерту:Хинолондарды нитрофурандармен(антагонист)антидциттермен ,темір препаратымен (хинолондардың сіңірілуін төмендетеді)бірге қолдануға болмайды.

Хинолондардың ІІІ буыны (фторохинолдардан). Пефлоксацин (абактал,пефлацин) офлаксацин(таривид), норфлоксацин (нолицин,нарбактин), ципрофлоксцин (сифлокс, цифран, ципролет, ципробай), ломефлоксацин (максаквин), спарфлоксацин (загам), флероксацин (хинодис). Әсер ету механизмі: бактериялардың ДНК гидразасын тежеп,одан ДНК қызыметі мен қызыметінің құрылысы бұзылып, ақуыз синтезін тежейді. Бактерицидті әсер көрсетеді.Постантибиотикалық әсері(5-11сағ)бар,Әсер ету спектрі өте кең:аэробты грамм (-) микроорганизмдерге белсенділік танытып,грамм (+) және жасуша ішілік қоздырғыштарға әсері әлсіз ,анаэробты бактерияларға белсенділігі төмен .Спарфлоксоцин туберкулкз микробактериясы мен лепраға, грамм(+) кокктага әсер етеді.Спарфлоксацин мен флеросацининнің хламидий мен микоплпзмаға әсері жоғары.Фторохинолдарға: сұр тропонема, саңырауқұлақтар, вирустар, қарапайымдылар метициллинрезистентті стафилаккоктар тұрақты болып келеді.Фторхинолдарға екіншілік резистенттік баяу дамиды .Қолданылуы:Фторхинолдар-резервті микробқа қарсы дәрілер,олардың белсенділігі жоғары кең спектрі антибиотиктердің парентеральді қолданылуында әсері болмаған жағдайда тағайындайды.Жеңіл инфекциялада қолданылмайды.Фторхинолдардың тыныс алу жолдарының инфекциялаында;құлақ , тамкқ, мұрын , өт пен несеп шығару жолдарының;іш қуысы мен кіші жамбас мүшелерінің;тері ,жұмсақ ұлпалар мен сүйектің ; гинекологиялық жұқпалы