ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 1071

Скачиваний: 6

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
трихомонада қоздырғышы тудыратын несеп-жыныс жүйесінің ауруы, әйелдерде кольпит пен вульвовагинит, ал ерлерде уретрит ауруын тудырады. Трихомонадозды емдеудің негізгі препараттары нитроимидазол туындылары болып табылады. Оларға: метронидазол (трихопол, флагил, метрогил, клион), тинидазол (фасижин), орнидазол (тиберал). Облигатты анаэробты микроорганизмдерге, бактериялар мен қарапайымдыларға қатысты белсенді болып табылады. 5-нитротоптың түрленуі ДНҚ синтезінің басылуын, шиыршықты құрылымның жоғалуы мен ДНҚ жіптерінің үзілуіне әкелетін белсенді аралық қосылыс түзілуін қамтамасыз етіп, ал бұл жасушаның жойылуына соқтырады. Әсер ету механизмі: нуклеин қышқылдарын жойып, бактерицидті әсер етеді. Әсер ету спектрі: қарапайымдылар (трихомонада, амеба, лямблий) спора түзбейтін анаэробты бактериялар, Неlicobacter руlori. Нитроимидазол туындылары АІЖ-да жақсы сіңіріліп, ағзаның барлық ұлпалары мен сұйықтықтарына, қабыну және некроз, абсцесс ошақтарына өте жақсы енеді. Қарапайымды инфекцияларда (трихомонадоз, амебиаз, лямблиоз, тері лейшманиозы, балантидиаз); әртүрлі анаэробты инфекцияларда, асқазан жарасында қолданылады. Жанама әсері: диспепсиялық бұзылыстар (тәбет төмендеуі, ауыздың ащы металл татуы, жүрек айнуы, құсу, диарея), бас ауыру, есек жем, қышыну, діріл, кандидоз, полиурия, зәрдің қызыл қоңыр түске боялуы, тетурам тәрізді әсерлер байқалуы мүмкін. Қолдануға қарсы көрсеткіші: жүктіліктің алғашқы үш айында (тератогенді әсер етеді, сүтке ащы дәм береді), лактацияда, ОЖЖ-ң үдемелі ауруларында. Емделу кезінде спиртті ішімдіктер (дисульфирамға ұқсас реакциялар, іштегі толғақ тәрізді ауырсынулар, лоқсу, құсу, бас ауыру, терінің қызаруы) қабылдауға болмайды.


Меtronidazolum – метронидазол (Б): 0,25 және 0,5 таб. – трихомонадозда сызба бойынша 0,25 тәулігіне 2 рет тамақ үстінде немесе тамақтан кейін 10 тәулік бойына; амебиазда 0,25 тәулігіне 3 рет 10 тәулікке дейін; лямблиозда 0,25 тәулігіне 2 рет 5 тәулікке дейін; қынапты супп. (таб.) 0,5 түнде; 0,5% 10мл еріт.амп. және 0,5% 100 мл еріт. флаконда шығарылып, к/т тамшылатып енгізіледі.

Трихомонадозда сондай-ақ трихомонацид, нитазол, фуразолидон қолданылады.

б) Лямблиозды емдеуге арналған дәрілер. Лямблийлер ішекті, өт қапшығы мен өт жолдарын, бауырды зақымдап, энтерит, энтероколит, холангит, холецистит, дуоденит шақырады. Лямблиозда метронидазол, тинидазол, фуразолидон («Трихомонадозды емдеуге арналған дәрілер», «Нитрофуран туындылары» тақырыптарына қараңыз) қолданылады. Лямблийге қарсы аминохинол, акрихин, хлорхинальдон белсенділік көрсетеді.

в) Амебиазаны емдеуге арналған дәрілер. Амебалар тоқ ішектің бойы мен қабырғасын зақымдап, амебалық дизентерия мен созылмалы жара колиттерін тудырады. Амебалар тоқ ішектің шырышты қабықшасынан қан ағысы арқылы бауырға, өкпеге, миға, бүйрекке өтіп амебалы процестер шақыруы мүмкін. Сол себептен дәрілерді 2 топқа бөлеміз:

1. Ішектегі амебиазда қолданылатын дәрілер (амебты дизентерия).

2. Ішектен тыс амебиазда қолданылатын дәрілер.

Амебиаздың кез келген түрін емдеуге нитроимидазолдар: метронидазол, тинидазол («Трихомонадозды емдеуге арналған дәрілер» тақырыбына қараңыз) жатады. Амебиазаның ішектегі түрінде, сонымен қатар бацилло тасығыштарда, ішек бойына әсер ететін хинолондардың 1 буыны: хиниофон, энтеросептол, мексаформ, интестопан («Синтетикалық микробқа қарсы дәрілер» тақырыбына қараңыз) ішек флорасын жойып, анаэробтар болып табылатын амебалардың өмір сүруіне қолайсыз жағдай жасау үшін тетрациклинмен бірге тағайындалады.

Ішектің қабырғасында және ішектен тыс орналасқан амебаға қарсы эметин (ипекакуана тамырының алкалоиды) әсер етеді. Ішке қабылдағанда рефлекторлы түрде құсық шақырады, сондықтан парентеральды енгізіледі. Эметин тікелей амебицидті әсер етіп, ұлпаларға жеңіл өтіп, бауырда сақталады, сондықтан амебалы гепатитте қолдану тиімді. Жанама әсерлері: құсу, лоқсу, тітіркендіргіш әсер, қышыма, есек жем, жүрек қызметінің бұзылуы, гипотензия, полиневрит, бұлшық ет әлсіздігі. Қолдануға қарсы көрсеткіштері: жүрек және бүйректің органикалық ауруларында.

Еmetini hydrochloridum – эметин гидрохлориді

(Б): 1% 1 мл еріт. амп. т/а және б/е тәулігіне 2 рет тағайындалады.

Ішектен тыс амебиазада әсіресе бауырдың амебты зақымдалуында безгекке қарсы препарат хингамин қолданылады.

г) Безгекке (малярия) қарсы дәрілер. Безгек қоздырғышы малярия плазмодиі, тасымалдаушы Аnopheles масаның ұрғашысы болып табылады. Үш күндік, төрт күндік және тропикалық деген малярияның 3 түрі бар. Маса денесінде малярия плазмодиі жыныстық циклда дамиды. Дені сау адамды зақымдалған маса шақса оған спорозоиттар енеді. Адам денесінде малярия плазмодиясының жыныссыз циклі дамиды. Одан спорозоиттар қан арқылы бауырға, одан ұлпаларға (преэритроцитарлы) өтеді. Бауыр жасушасында өсіп, көбейеді, ұлпалық мерозоиттар түзеді, одан қандағы эритроциттерге еніп, ол жерде тез өсіп, эритроцитті мерозоиттарға бөлінеді, 48 сағаттан кейін үшкүндік, 72 сағаттан кейін төрткүндік, ал 24-48 сағаттан соң тропикалық маляриялар қанға өтіп, эритроциттерді зақымдайды. Бұл процесс қызба ұстамасына алып келеді. Эритроцитарлы мерозоиттардың бір бөлігі қайта эритроциттерге еніп, ал бір бөлігі жыныс түріне (гаметалар) айналады. Үш және төрт күндік малярияда ұлпалық мерохоиттардың бір бөлігі қайтадан бауырға еніп, параэритроцитарлы форма түзеді. Қызба ұстамасы қалтырау, дене қызуының 39-410С жоғарылауымен, қатты бас ауыруы, ентігу, тахикардия, гипотензия, сандырақтау, бұлшық еттердің ауыруымен жүреді. Одан бауыр, көк бауыр ұлғайып, анемия, лейкопения, ал ауыр жағдайында маляриялық комаға ұласуы мүмкін.

Малярияға қарсы препараттар малярия плазмодиясының дамуының түріне байланысты әртүрлі кезеңдеріне әсер етеді.

1. Гематошизотропты дәрілер – эритроцитарлы түріне әсер етіп, малярия ұстамасын емдеу және алдын алу үшін және жеке химиопрофилактикасында қолданылады. Оларға: хингамин (делагил, хлорофин), хинин, мефлохин (лариам); кейде бигумаль (прокванил), хлоридин (пириметамин, тиндурин), гидроксихлорохин (плаквенил) жатады.

2. Гистошизотропты дәрілер – ұлпалық түріне әсер етеді: а) преэритроцитарлы түрінде – хлоридин, бигумаль (ерте қайталануын алдын алу үшін); б) параэритроцитарлы түрінде – примахин, хиноцид (кеш қайталануын алдын алу үшін);

3. Гаметотропты дәрілер – жыныстық түріне әсер етіп, малярия химиопрофилактикасында қолданылады: примахин (примаквин), хиноцид (квиноцид), хлоридин, бигумаль.

Қиыстырылған препараттары: «Фансимер» таб. (хлоридин+мефлохин+сульфадоксин), «Метакельфин» таб. (хлоридин+сульфален), «Фанзидар» таб. (хлоридин+сульфадоксин).


Ескерту: хингамин және гидроксихлорохин коллагенозды емдеу үшін қолданылады.

Сhinqaminum – хингамин (Б): 0,25 таб. 1-2 таб. 2-3 тәулігіне тамақтан соң; безгекте сызба бойынша 3 күннен 5 күнге дейін; 5% 5мл еріт.амп. – 10 мл б/е; 10 мл 10-20 мл 0,9% NaCl еріт. бірге маляриялық комада к/т енгізіледі. Жанама әсері: ұзақ қолданғанда (коллагенезді емдеуде) – дерматиттер, диспепсия, бас ауыруы, ретинопатия, лейокпения, бауыр зақымданулары, миокардтың дистрофиялық өзгерулері байқалуы мүмкін. Бауыр, бүйрек, қан, жүрек ауруларының ауыр түрінде қолдануға болмайды.

Гидроксихлорохин – химиялық құрылысы, фармакологиялық әсері жағынан хингаминге ұқсас.

Сhloridinum хлоридин (Б): 0,05 және 0,1 таб. – 1 таб. тәулігіне 2-3 рет тамақтан соң (3 күн), безгекті алдын алу үшін 0,025 күніне 1 рет (маляриялық кезеңнен өткенше). Жанама әсері: диспепсия, бас ауыру, жүрек тұсының ауырсынуы, анемия, тератогенді әсер. Қолдануға қарсы көрсеткіштері: қан жүйесі мен бүйрек ауруларында, жүктіліктің алғашқы 3 айында.

Рrimachinum – примахин (Б): 0,009 таб. – 1 таб. тәулігіне 3 рет (2 апта). Жанама әсері: диспепсия, жүрек тұсының ауырсынуы, цианоз (метгемоглобинемия), глюкоза-6-фосфатдегидрогеназаның туа біткен тапшылығында – эритроциттердің гемолизі мен гемолитикалық анемия. Қан және қан түзілу мүшелерінің ауруларында, бүйрек аурулары, стенокардияда, жіті жұқпалы ауруларда, ревматизмнің өршу кезеңінде қолдануға болмайды.

д) Токсоплазмозды емдеуге арналған дәрілер. Токсоплазмоздар — жасуша ішілік паразиттер. Тасымалдаушы мысық кейде басқа жануарлар болуы мүмкін. Алиментарлы, су арқылы және тұрмыстық жағдайлармен жұғады. Токсоплазмоздар лимфа түйіндерін, ішекті, өкпе, бауыр, жүрек, ОЖЖ-н, көзді зақымдап, түсік және іштегі ұрық дамуының кемарлығына алып келуі мүмкін. Емдеу үшін: хлоридин (жүктіліктің алғашқы 3 айында қолдануға болмайды), хингамин, аминохинол, сульфаниламидтер, макролидтер, тетрациклиндер, «Фанзидар», «Фансимер» тағайындалады.

е) Балантидиазды емдеуге арналған дәрілер. Қоздырғышы – Ваlantidum соli тоқ ішекті зақымдайды. Тасымалдаушысы жануарлар, әсіресе шошқалар. Емдеу – мономицин, тетрациклиндер, метранидазол, тинидазол.

ж) Лейшманиозды емдеуге арналған дәрілер. Тері лейшманиозында дененің ашық жерлерінде некроз тәрізді жара түзіледі. Висцеральды лейшманиозда бауыр, көк бауыр, сүйек миын зақымдайды. Науқас адамдар, ит, кеміргіштер зақымдау көзі болып табылады. Тері лейшманиозын емдеу үшін: мономицин, сурьма препараттары (солюсурьмин, глюкантим), пентамидин, метранидазол, акрихин (жергілікті) қолданылады. Висцеральды лейшманиозда сурьма препараттары мен пентамидин қолданылады.


8.Құрттарға қарсы (антигельминтті) дәрілер.

Гельминтоз – құрттардың ағзаға еніп зақымдауы, көбінесе балалар арасында кең тараған.

Құрттар балалар ағзасында токсиндер бөледі.Гельминттердің 3 түрі бар: нематодтар (жұмыр құрттар), цестодтар (таспа құрттар), трематодтар (жалпақ құрттар).Гельминттер ішекті зақымдап, ішек гельминтозын шақырады және ішектен тыс (бауыр, өт,өкпе,бас миын, тері, қан және лимфатикалық тамырлар) зақымдап,ішектен тыс гельминтоз шақыруы мүмкін.Ішек гельмитозының клиникалық белгілері біріңғай:АІЖ қызметінің бұзылуы, жүйке жүйесінің бұзылуы, аллергиялық реакциялар, анемия.Препаратты таңдау копроовоскопиялық зерттеу нәтижесіне қарай белгіленеді.Қазіргі кезде клиникалық тәжірибеде көптеген дәрілер енгізілген, олардың спектрі кең және тиімді болып келеді.

1.Нематодоздарда қолданылатын дәрілер.Нематодоздарға: аскаридоз (қоздырғышы аскарида(жылан құрт)), энтеробиоз (қоздырғышы бәсір), трихоцефалез (қоздырғышы власоглав), анкилостомидоз (қасық бас қоздырғышы), стронгилоидоз (қоздырғышы ішек кенелер).Нематодоздарды емдеу үшін: пиперазин, нафтамон (алькопар), левамизол (декарис) мебендазол (вермокс), медамин, пирантел (комбантирин, немоцид), пирвиний (ванквин), дитиазанин (тельмид), дифезил қолданылады.Қазіргі кездегі нематодтарға қарсы дәрілердің улылығы төмен, АІЖ нашар сіңіріліп, арнайы диетаны қажет етпейді және іш жүргізетін дәрілер (препараттардың әш жүргізетін әсері бар) белгіленбейді, емдеу ұзақтығы 1-3 күн. Әсер ету механизмі құрттардың жүйке-бұлшық ет жүйесінің қызметін бұзып, құрттарда глюкозаның сіңірілуін қайтымсыз бұзады.Аскаридозда, энтеробиозда; трихоцефалезда; тениозда; анкилостомидозда қолданылады.

Piperazini adipinas-пиперазин адипинаты: 0,5 таб;-3-4 таб.тәуілгіне 2рет (тамақтан 1сағ.алдын немесе тамақтан 1сағ кейн); аскаридозда 2 тәулік; энтеробиозда 5 тәулік бойына қолданады. 1 апта үзіліспен 2-3 курс өткізеді. Жүрек айу, іш тұсының ауруы, бас ауыру, бұлшық ет әлсіздігі және діріл байқалуы мүмкін. ОЖЖ –ң органикалық зақымдалуында қолдануға болады.

Нафтамон- (5,0 ұнтақты қант сиропында немесе 0,5 ішекте еритін 10 таб. Таңғы астан 2 сағ. алдын) аскаридозда, энтеробиозда, трихоцефалезда және анкилостомидозда (стационарда) қолданылады.

Левамизол- 0,15-1 таб. Ұйықтар алдында ( 1 аптадан кейін қайталау) аскаридозда, анкилостомидозда және стронгилоидозда қолданылады.

Левамизолдың иммуностимуляторлық әсері бар.

Mebendazolum- мебендазол