ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 1075

Скачиваний: 6

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
0,1 % адреналин гидрохлоридін (қан тамырлады тарылтатын қасиеті бар) қосуы қажет.Өткізгіштік анестезия стомотологияда, хирургияда, терапевтикалық тәжірибедегі невралгияларда қолданылады.Анестетиктерді жүйке жолына (жүйке талшықтарының барлық сезімталдықтары жойылады) енгізеді. Көбінесе 1-2% ерітінділері қолданылады.Жұлынды нестезяда анестетикті жұлынның бел аймағына субарахнодальды жолмен енгізеді. Ол кезде жұлынның бел-сегізкөз аймағының барлық сезімталдықтарын жоятындықтан, аяқ-қол, кіші жамбас, мүшелеріне операция жасау үшін қолданылады.Инфильтрациялық анестезияда анестетиктер терң қабаттарының терең ұлпаларына енгізіледі.Әртүрлі хирургиялық операцияларда анестетиктің 0,25-0,5 % ерітінділері (200-500 мл) қолданылады.Синтетикалық анестетиктердің кокаинге қарағанда улылығы төмен.Нашақорлық тудырмайды, бірақ кейбір жанама әсерлері: бас айналу, жалпы әлсіздік, артериялық қан қысымының төмендеуі, коллапс және жүрек қызметінің тежелуі (жүрек қызметінің тоқтауы) байқалады.Жергілікті анестетиктер әртүрлі анестезия түрлерінен басқа микроцируляцияны жақсарту мақсатында тамырлардың түйілуінде қарынша экстрасистологясында, қарынша жыпылықтауын алдын алу үшін жіті иокард инфарктында (2-10%)лидокаин ерітіндісін күре тамырға ) қолданылады.

Novocainum-новокаин (Б) 0,25 % және 0,5 % 200 және 400мл ерітінді флаконда 0,25 және 0,5 1; 2; 5; 10 және 20мл ерітінді ампулада (инфильтрациялық анестезияда- ұлпа қабаттарына); 1 және 2 1; 2; 5; және 10 мл ерітінді ампулада (өткізгіштік анестезияда-жүйке жолдарына); 0,1 супп, 0,25% 100-150 мл немесе 0,5% 50-80 мл бүйрек маңы клечкасына Ф.В.Вишневский блокадасы;0,25-0,% 30-0-50мл еріт,ішек 5-15 мл б/е және қ/т 5-10 жағылма түрінде шығарылады.Әсері 30-60мин созылады.Аллергиялық реакциялар байқалуы мүмкін.Егер науқастың новокаинге (анестезинге дикаинге) аллегриясы болған жағдайда лидокаинмен, тримекаинмен емесе пиромекаинмен (бұларға жоғарғы сезімталдық аз байқалады) алмастыруға болады.

Anaesthesinum- aнестезин (Б) 5-10% жағылма сеппе 0,3 таб және «Павестезин» таб 0,1 супп және «Анестзол» супп; «Анестезин-Ментол» дражесі (1-2 дражеден ауыз қуысында толық сіңірілгенше) «Ампровизоль» аэрозолы 50,80,170мл баллоншада (зақымдалған жерге бір немесе бірнеше рет енгізіледі) шығарылады.

Dicainum-дикаин (А) 0,25-3% еріт.- терминальды анестезияда ; қабаққа қою үшін көз пленкасы түрінде шығарылады.

Кокаин (А) -025-3% еріт –терминальды анестезия үшін белгіленеді.

Lidocainum -лидокаин
(Б) 1% 10мл және 20мл еріт, амп.2% 2 және 10мл еріт. 10 2 мл еріт; инфильтрациялық анестезияда 0,125 – 0,25-0,5% еріт, өткізгіштік анестезия үшін 1-2% еріт теримнальды анестезия үшін 1-5% еріт түрінде шығарылады.Әсері 1-2% сағ созылады.

Trimecainum-тримекаин (Б)2% 1;2;5 ;және 10мл еріт амп.шығарылады.Инфильтрациялық және өткізгіштік анестезияларда,қолданылуы лидокаинге ұқсас.Перидуральд анестезияда 1-2% еріт,. жұлынды анестезияда: 5% еріт.,беткейлі анестезияда: 2-5% еріт, белгіленеді.Әсер 1-2 сағатқа созылады.

Pyromecainum-пиромекаин (Б) 0,5% 1% және 2% 10мл. Амп.(терминальды анестезия үшін ) және 5%-30,0 жағылма түрінде.(гингивостоматитте ауыз қуысына жағу үшін ) шығарылады.

Articain- артикаин: 2%10 мл., еріт,амп-инфильтрациялық, өткізгіштік, эпи-және перидуральды анестезияда; жұлынды анестезияда 5% 2 мл,еріт белгіленеді.

Прилокаин (3% 1 мл еріт,амп.) және бензофурокаин (1% 2 мл, еріт амп.)-стоматологияда инфильтрациялық анестезияда белгіленеді.

2.Бырыстырғыш дәрілер – тері және шырышты қабықшаның бетіндегі ақуыздың коагуляцияға ұшырауына байланысты, жергілікті қабынуға қарсы әсері бар.Тығыз ақуыз пленкасы сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіргіш заттардан қорғап, ауырсыну сезімдерін төмендетеді.Бырыстырғыш дәрілер тері және шырышты қабықшаның қабынуында (дермтитте, жараларда,эрозияда,экземада) сеппе, жағылма түрінде,жағу, шаю үшін белгіленеді.АІЖ-ң қабыну ауруларында (энтерит,колит және т.б) ішке қолданылады.

а) Бейорганикалық бырыстырғыш дәрілерге: висмуттың негіздік нитраты, қорғасын ацетаты, ашутас, мырыш сульфаты, күміс нитраты жатады.

Bismuthi subnitras-висмуттың негізгі нитраты. «Викалин», «Викаир» таб 5-10% жағылма; сеппе «Нео-анузол» супп түрінде шығарылады.

Қорғасын ацетаты (Plumbi acetas) 0,25-0,5% дымқылдау үшін қолданылады.

Ашутас (Alumen) : 0,5-1 %еріт.

б) Ооганикалық бырыстырғыш дәрілерге: танин, дерматол, ксероформ, тұнба және қайнатпалар (1:10-1:20) емен қабығы, шайқурай шөбі, жылантаран тамыр сабағы, шатыраш жапырағы, түймедақ гүлі, кәдімгі қаражидек жемісі, итошаған шөбі жатады.

Tanninum-танин: сеппе түрінде, ауыз қуысын шаю үшін 1-2% еріт, түрінде; жараларға, жарылуда, күйгенде, тесілуде,3-5-10% қолдану үшін сулы және глициринді ерітінділер мен жағылма түрінде тағайындалады.

Дерматол және ксероформ- сеппе түрінде (сыртқа) 10% жағылма.

3.Бүркеуші заттар

– шырышты қабықалардан бүркеп, сезімтал жүйке ұштарының тітіркенуіне кедергі жасайды.АІЖ-ның қабыну ауруларында қолданып, құрамында тітіркендіргіш заттар бар микстуралардың құрамына кіреді.

Mucilago Amyli-крахмал шырышты (2%)

Mucilago seminum Lini-зығыр тұқымының шырышы (1:30)

« Алмагель» - Алмагель: асқазан мен ұлтабардың жарасында, гиперацидті гастритте және асқазан ауруларында қолданылады.170 мл флаконда суспензия түрінде шығарылады. «Алмагель А»- құрамында 0,1 анестезин бар.
4.Сіңіргіш дәрілер (сорбенттер)- шырышты қабықшаларды тітіркендірмейтін және суда ерімейтін, үлкен адсорбциялық беті бар, ұнтаұ тәрізді инертті заттар болып табылады.Олар өз бойына химиялық қосылыстарды сіңіріп, сезімтал жүйке ұштарын тітіркенуден қорғайды.

Белсендірілген көмір («карболен») диспепсияда, іш кебуде (метеоризмде), тамақпенғ алкалоидтармен және ауыр металл тұздарымен және т.с.с улануларда қолданылады. АІЖ-ның жарсында және асқазаннан қан кетуде қолдануға болмайды.

Carbo ativatus-белсендірілген көмір (активтелген көмір) ұнтақ түрінде; таб түрінде; уланғанда асқазанды шаю үшін -20,0-30,0.(10-15л су мен араластырып) суспензиясын,ал метеоризмде 1таб.күніне 2-3 рет белгіленеді.

Smecta – смекта: 3,0 пакетте; әртүрлі диареяларда (іш өтуі) қолданылады. Адсорбциялық (сіңіргіш) қасиетінен басқа ауырған жерді сездірмейтін және АIЖ-ның шырышты қабықшаларына қорғаныш қызмет көрсететін қасиеттері бар.

Полифепан- гранула және паста түрінде шығарылып, жұқпалы және жұқпалы емес диареяларда, метеоризмде (іш кебуі) және жалпы улануларда қолданылады.

Ақ балшық (каолин) пен тальк- сыртқа сеппе турінде тағайындалады.
5.Тітіркендіргіш дәрілер - жергілікті қолданғанда, тері және шырышты қабықшалардың афферентті жүйке ұштарын қоздырып, ішкі мүшелердің қанмен қамтамасыз етілуін жақсартады. Тітіркендіргіш дәрілер невралгияда, құяңда (радикулитте), артралгияда, құздамада (ревматизмде), миалгияда, жарықтарда, сіңір таралуда, спорттық жарақаттарда, қышыма дерматозда, сондай-ақ жоғарғы тыныс алу жолдарының қабыну ауруларында қолданылады. Оларды іріңді ауруларда, нейродерматитте, сулы экземада, псориазда зақымдалған теріге жағуға болмайды.

Mentholum - ментол: 2% спиртті ерітінді және 10% майлы қоспа түрінде; 1 және 2% ментол майы: <<Меновазин>> препараты; <<Бороментол>>,<<Эфкамон>>, <<Гевкамен>> жағылма түрінде,Валидол (Validolum)
0,06таб.және 0,05капс. түрінде шығарылып, жүрек тұсының ауырсынуын төмендету үшін тіл астына енгізіледі.

Solutio Ammonii caustici – аммиак ерітіндісі: 10% 1мл. еріт. амп., 10% 40мл. еріт. флаконда шығарылады, мақта немесе дәкемен иіскету үшін.

Қыша қағазы- жылы суда қыша эфир майы бөлінуі нәтижесінен тітіркену қасиеті байқалады.

Терпентин майы (скипидар) – 20% жағылма, 40% линименті; камфора майы, жағылмасы және спирті (10%); бұрыш жапсырмасы; <<Никофлекс>>,<<Финалгон>>, <<Эспол>>,<<Бом-бенге>> және т.б. жағылмалары бар.


Афференттік иннервацияға әсер ететін дәрілер


Тежейтін

Қоздыратын





Жергілікті анестетиктер

Бырыстырғыш дәрілер


Бүркеуші дәрілер

Сіңіргіш дәрілер

Тітіркендіргіш дәрілер




Ф а р м а к о д и н а м и а к а с ы





Қозудың генерациясы мен өткізгіштігін бөлуіне байланысты,жүйке талшық ұштарының сезімталдығын төмендетеді

Сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіруден сақтау үшін,тері мен шырышты қабықша бетіндегі ақуызды коагуляцияға ұшыратады

Сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіруден сақтау үшін,шырышты қабықша беттерін бүркейді


Сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіруден сақтау үшін,беткі қабаттағы химиялық қосылыстарды өз бойына сіңіреді

Сезімтал жүйке ұштарын қоздырады




Д ә р і л і к п р е п а р а т т а р ы





Новокаин, лидокаин, тримекаин, бупивакаи, артикаин, прилокаин



Танин, висмуттын негізгі нитраты, ксероформ, ашу тас, емен қабығының қайнатпасы

Крахмал шырышты <<Алмагель >>

Белсендірілген көмір, смекта, тальк

Ментол,аммиак, ерітіндісі,қыша қағазы

<<Финалгон>> <<Бом- бенге>>


Б. Эфферентті иннервацияға әсер еретін дәрілер

Эфферентті иннервация вегетативті жүйкелерден (ішкі мүшелерді, қан тамырларды, бездерді қамтамасыз етеді) және қанқа бұлшық еттерінің қозғалтқыш жүйелерінен тұрады. Вегетативті жүйке жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерден тұрады. Симпатикалық ганглийлер мүшеден тыс, ал парасимпатикалық ганглийларда мүшелерде орналасқан.Преганглионарлы және постганглионарлы талшықтар деп ажыратылады. Жүйке талшықтарының мүшелердің жасушаларымен түйскен жерін синапс (түйіспе) деп атаймыз. Синапс пен ганглийларда қозу арнайы химиялық зат- медиатор (дәнекер) арқылы өтеді. Холинергиялық синапстың, сондай-ақ симпатикалық және парасимпатикалық ганглийлердің медиаторы ацетилхолин болып табылады. Холинергиялық синапста қозудың берілуі ацетилхолин медиаторы арқылы жүзеге асырылады. Ацетилхолин холинергиялық нейрондар ұштарының цитоплазмасында синтезделінеді. Ол холинацетилазаның цитоплазмалық энзимінің қатынасында холин және ацетилкоэнзим-А-дан пайда болады. Ацетилкоэнзим синапстық көпіршіктерде жинақталады. Ал адренергиялық синапстың медиаторы-