ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 1080

Скачиваний: 6

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
норадреналин болып табылады.Ацетилхолинге сезімтал рецепторды холинорецептор, ал норадреналинге сезімтал рецепторларды адренорецептор деп атаймыз. Осы рецепторларды қуаттандыратын препараттарды миметиктер, ал тежейтін препараттарды блокаторлар деп атаймыз. Холинорецепторлардың екі түрі бар: М-холинорецепторлар (мускаринге сезімтал) олар парасимпатикалық жүйке талшықтарының ганглий кейінгі жүйке ұштарында және ОЖЖ-де орналасқан; Н-холинорецепторлар (никотинге сезімтал), олар симпатикалық және парасимпатикалық ганглийлерде, синокаротид аймақта, бүйрек үсті безінің хромаффинді жасушаларында, қанқа бұлшық еттерінің жасушаларында және ОЖЖ-де орналасқан. Холинергиялық синапста қозу келесі жолмен өтеді: жүйке импульсы ОЖЖ-нен холинергиялық жүйке талшықтардың ұштарына жетіп,синапстық саңылауға ацетилхолин бөлініп,постсинапстық мембрананың рецепторларымен байланысып,ол ағза қызметінің өзгеруіне алып келеді,ацетилхолинэстераза ферментінің әсерінен бұзылып,жүйке ұштарына біртіндеп жиналады.

1.Холинергиялық синапстарға әсер ететін дәрілер

1. М – холиномиметиктер: пилокарпин, ацеклидин. М – холинорецепторларды қуаттандырып, келесі әсерлер шақыруы мүмкін: көз қарашығынның тарылуы (миоз), жүрек соғуының баяулауы (брадикардия), қан тамырларды кеңейіп, артериялық қысымның (АҚ) төмендеуі, бронхиолалардың тарылуы және АIЖ-ның бездері секрециясы мен толқи жиырылу қызметінің күшеюі.

Pilocarpini hydrochloridum – пилокарпин гидрохлориді (А): 1-2% 5 және 10мл.еріт.-көз тамшылларды; 2% 3,0 көз жағылмасы; көз пленкалары түрінде шығарылып, глаукомада қолданылады; пилокарпин көз қарашығын тарылтып, көз ішілік сұйықтығының ағуын күшейтіп,көз ішілік қан қысымын төмендетін әсері бар. Жанама әсері: аккомодацияның түйілуі және көз жасының ағуы байқалады.

Aceclidinum – ацеклидин (А): 2-5% еріт.көз тамшысы; 3-5% көз жағылмасы түрінде шағарылып,глаукомада қолданылады; 0,2%1мл және 2мл еріт.шығарылып, АIЖ-ы мен қуық атониясында (операциядан кейінгі) тері астына енгізіледі. Жанама әсері: бронхспазм, тұншығу, брадикардия, жүрек өткізгіштігі мен автоматизмінің төмендеуі және артериялық қысымның (АҚ) төмендеуі байқалуы мүмкін. Бронх демікпесінің,жүрек ауруларының ауыр түрінде, жүрек талмасында (стенокардияда),АIЖ-нан қан кетуде,эпилепсияда, гиперкинезде, жүктілікте және операцияға дейінгі іш қуысының қабыну ауруларында қолдануға болмайды.


2. Н- холиномиметиктер: цититон, лобелин гидрохлориді. Олар каротиді шумақтың Н- холинорецепторларын қоздырып, тыныс алу орталығын рефлекторлы қуаттандырады. Тыныс алу рефлекторы түрде тоқтағанда, газбен уланғанда және жаңа туған баланың асфиксиясында (тұншығуында) қолданылады. Бірақ ондай жағдайда көбінесе жасанды өкпеге дем беру жүргізіледі. Н- холиномиметиктер тыныс алу орталығының тежелуінде (мысалы, морфинмен, барбитураттармен және т.б. уланғанда) әсері жоқ.


Cytitonum- цититон (Б): 1мл. амп. Шығарылып, 0,5 мл күре тамырға енгізіледі. Н-холиномимектер никотинге тәуелділік төмендету мақсатында, темекіден арылуды жеңілдету мақсатында кеңінен қолданылады. (<<Табекс>> таб.,1 таб. Тәулігне 1-5 рет 20-25 күн бойы; <<Лобесил>> таб., 1 таб. Тәулігіне 4-5 рет тамақтан бұрын 7-10 күн бойы; <<Никоретте>> сағыз түрінде, 1 сағыздан тәулігіне 3-4 рет). Атеросклерозда, гипертониялық ауруларда, ірі қан тамырлардан қан кетуде, өкпе ісінуінде және тырысуға бейімділікте қолдануға болмайды. Никотиннің улы әсері: темекі шегу, гипертониялық аурулар мен жүректің ишемиялық ауруларына; жүрек аритмияларына; эндартеритке, созылмалы бронхит пен пневмонияға, жел өкпеге, өкпенің қатерлі ісігі мен көрудің нашарлауына алып келеді.

3. Антихолинэстеразды дәрілер эндогенді ацетилхолинның жиналуына алып келетін, ацетилхолинэстераза ферментінің белсенділігін тежейді, нәтижесінде ағза мен ұлпаға оның әсері күшейіп, ұзарады. Антихолинэстеразалык, дәрілерді таңдау олардың белсенділігімен, ұлпаны тосқауылдау арқылы өту қабілетімен, әсерінің ұзақтығымен, тітіркендіргіш әсері және улылығымен анықталады. Антихолинэстеразды дәрілерді миастенияда және бұлшық ет дистрофиясында (жүйке-бұлшық ет өткізгіштігін жақсартады); салдануда, невритте; менингиттен, полиомиелиттен, энцефалиттен кейін; ішек пен қуык, атониясында; толғақтың әлсіздігінде; глаукомада қолданады. Эпилепсияда, гиперкинезде, бронх демікпесінде, стенокардияда, атеросклероз және жүктілікте қолдануға болмайды.

а) әсері қайтымды препараттары: физостигмин, галантамин (нивалин), прозерин (неостигмин), придостигмин(калимин,местинон),оксазил – орташа әсерлі;дистигмин (убретид)-әсері ұзақ.

б) әсері қайтымсыз препараттары:армин,ФОҚ. Әсері өте ұзақ.

Үшіншілік аминдер:физостигмин,галантамин-гематоэнцефальды кедергіден жеңіл өтетін болғандықтан,полиомиелиттен кейінгі жағдайды емдеу үшін қолданылады. Глаукома кезінде прозерин, физостигмин, фосфакол тағайындалады. Жергілікті әсер үшін (миастенияда, ішек пен қуық атониясында, полиомилеттен кейін, антидеполяризациялық кураре тәрізді дәрігерлердің антагонитері ретінде) әдетте салыстырмалы улылығы аз дәрілерді – прозерин,галантамин,сирек жағдайда физостигминді таңдайды.

Proserinum-прозерин (А):0,015 таб.-30 минут тамақтан алдын;0,05% 1 мл еріт.амп.,1мл тәулігіне 1-2 рет т/а енгізіледі.

Galanthamini hydrobromidum – галантамин гидробромиді
(А): 0,02таб.; 0,5%, 1% және 1,5% 1мл 1-2рет т/а енгізіледі.

ФОҚ (фосфорорганикалық қосылыстар) - әсері қайтымсыз, өте
белсенді және улы болып келеді. Табун, зарин, заман - химиялық төнгіш
заттарға жатса, ал дихлофос және т.б. инсектицид ретінде қолданылады.
Антихолинэстераздық дәрілермен улану мүмкіндігі бар. Ол негізінен ағзада
ацетилхолиннің жоғары концентрациясынын жиналуымен, сонымен бірге
холинорецепторларды тікелей қоздырумен байланысты, әсіресе ФОҚ уланғанда ағзаға қауіп тудыруы мүмкін. Улану белгілері: тыныс алудың қиындауы, брадикардия, АҚ төмендеуі,сілекейдің ағуы, терлеу, қүсу, іш ету, тырысулар, миозжәне аккомодацияның бүзылуы байқалады. Жәрдем: шұғыл түрде атропинді енгізіп, жасанды дем беру қажет (тыныс алу тоқтағанда), асқазанды шайып, симтоматикалық ем (жүрек-қан тамыр жүйесіне әсер ететін дәрілер, тырысуға қарсы дәрілер және т.б.) жүргізіп, холинэстеразды реактиваторлар (дипироксим, изонитрозин) енгізу қажет.
4. М-холиноблокаторлар М-холинорецепторларды тежейтін заттар болып табылады. Оларға: атропин (кәдімгі итжидек, қара мендуана, сасық мендуана алкалоидтары) итжидек препараттары, платифиллин (зиягүл алкалоиды), метацин жатады. Ацетилхолиннің әсерін жояды, сондықтан симпатикалық иннервацияға тән эсер көрсетеді: көз қарашығының кеңеюі (мидриаз), көз ішілік қан қысымының жоғарлауы, жүрек соғуының күшеюі және жиілеуі (тахикардия), АҚ көтерілуі, бронхтың кеңеюі. АІЖ бездерінің секрециясы мен толқи жиырылуы төмендеуі байқалады. Берілген топтың ең жақсы игерген өкілі атропин, сондықтан М-холиноблокаторларды атропин тәрізді дәрілер деп атайды.

Atropini sulfas – атропин сульфаты (А) 1% ерт. – көз түбін зерттеу үшін қолданылады және көзілдірік тандауда көз тамшысы түрінде шығарылып; иритте, иридоциклитте; 1% жағылма; көз пленкалары (атропин көз қарашығын кеңейтіп, аккомодацияның салдануын тудыруы мүмкін - жакыннан көре алмаушылық көз ішілік қысымын жоғарылатады, әсөрі 7-8 күнге созылады) түрінде; 0,1% 1 мл еріт. амп. шығарылып, 0,25-1 мл т/а, б/е, к/т енгізіледі. Спазмолитик ретінде атропинді бірыңғай салалы бұлшық ет түйілуінде (бауыр, бүйрек пен ішек шаншуларында), бронхспазмада қолданылады. Сонымен бірге асқазан мен ұлтабардың жарасында, наркоздан алдын премедикация үшін, брадиаритмияда, бронх демікпесінде, атриовентрикулярлы блокадада, паркинсонизмде, сондай-ақ


М-холиномиметиктермен және антихолинзстеразды дәрілермен уланғанда және көз тәжірибесінің диагностикасында қолданылады. Жанама әсері: тахикардия, ауыз қуысының құрғауы мен көз қарығу байқалады.

Platyphyllini hydrotartras – платифиллин гидротартраты (А): 0,2% 1мл ерт.амп.шығарылып, т/а енгізіледі, платифиллин миотропты спазмолитикалық әсер көрсетіп, АҚ төмендетеді.

Methacinum - метацин (A): 0,1% 1 мл еріт. амп. шығарылып, т/а, б/е, к/т енгізіледі. ОЖЖ-не, аккомодацияға аз әсер етіп, бронхолитикалық әсері айқын байқалады.

Скополамин гидробромиді - ОЖЖ-н тежеп, әуе мен теңіз ауруларында («Аэрон», «Скоподерм ТТС»таб.) қолданылады.

Итжидек пепараттары: «Бекарбон», «Бесалол», «Белластизен», «Беллалгин» таблеткасы – жара ауруларында, гастритте және шаншуларда қолданылса; «Анузол», «Бетиол» супп. – тік ішектің қабыну ауруларында, АІЖ-ң түйілуінде; ал «Солутан» - бронхолитикалық және жөтелге қарсы және т.б.дәрі –дәрмек ретінде қолданылады.

Ипратоприум бормиді (атровент) – 0,01 таб., мөлшерленген аэрозоль түрінде; окситропиум бромиді және тровентол – мөлшерленген аэрозоль түрінде шығарылып, бронхтарға тандамалы әсер етіп бронх демікпесіне қолданылады.

Прензепин – асқазан безінің М1 холинорецепторының арнайы тежегіші болып табылып, гиперацидті гастрит пен асқазан жарасында қолданылады.

Тропикамид - көз тамшысынын әсері қысқа 2-6 сағ.; гоматропин -көзтамшысы, әсері 15-20 сағ. созылады.

М-холикоблокаторларды гаукомада. миокардтың, бауыр мен бүйректің ауыр органикалық зақымдалуында қолдануға болмайды.

М-холиноблокагарлармен улану кезінде келесі белгілері байқалады: мидриаз, ауыз қуысының құрғауы, тері қабаттарының қурғауы, тамыр соғуының жиілеуі, психикалық қозу, галлюцинация, ОЖЖ-нің тежелуі, тыныс алу орталығының салдануынан өлімге апып келуі мүмкін. Жәрдем: асқазанды шаю (танин ерітіндісімен немесе белсендірілген көмірдің суспензиясымен), ішке тұзды іш айдағыш, антихолинэстеразды дәрілер, үлкен мөлшөрде тыныштандыратын, ұйықтататын дәрілер, форсирленген диурез, гемосорбция және жасанды дем беру қажет.



5.Ганглиоблокаторлар симпатикалық және парасимпатикалық ганглиялардағы вегетативті түйіндердің Н- холинорецепторларын бөгеу нәтижиесінде, қан тамырлары кеңейіп, артериялық және веноздық қан қысымын төмендетеді; АІЖ-ң бездерінің секрециясы мен толқи жиырылуын