ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 1079

Скачиваний: 6

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

тежейді. Ганглиоблокаторлар гипертониялық криз ұстамаларында, өкпе
ісінуінде, жедел ми ісінуінде, тығындалған эндортеритте, кей кезде асқазан жарасында қолданылады. Жанама әсері: ішек атониясы ортастатикалық

гипотония (алдын алу мақсатында препаратты кабылдап болғаннан соң науқас 2 сағат төсекте дем алуы кажет), аккомодацияның бұзылуы мен ауыз қуысының курғауы байқалуы мүмкін. Гипотонияда, бауыр мен бүйрек ауруларында, қан кетуде, мидан қан кетуде. Жүрек жұмысының бұзылуында, жедел миокрад инфактында қолдануға болады.

Benzohexonum-бензогексоний (Б): 0,1 және 0,25 таб.-1-2 таб. тәул. 3-6 рет; 2,5% 1 мл еріт. амп. т/а, б/е енгізіледі. Әсері 2-4 сағ.

Pentaminum - пентамин (Б): 5% 1 және 2 мл еріт. амп, шығарылып,

б/е,к/т енгізіледі. Әсері 1-2 сағатқа созылады.

Pirilenum - пирилеи (Б): 0,005 таб, әсері 8 -12 сағ. созылады.

Гигроний және арфонад әсері қысқа (10 - 20 мин), қан кетуді төмендету мақсатында хирургияда қолданылады.

Пахикарпин ганглиоблокаторлық белсенділігі өте төмен және әсері қысқа. бірақ АІЖ-да жаксы сіңіріліп, миометрияға қуаттандырғыш эсер (туу кызметін куаттандырады) көрсетеді.


6. Кураре тәрізді дәрілер (шеткерлік әсерлі миорелаксанттар) -

қаңқа бұлшық еттерінің Н-холинорецепторларын тежеу нәтижесінде: қол, көз, аяқ, мойын, арқа бұлшык еттерінің, қабырға аралық бұлшық еттерінің және диафрагманың босаңсуы байқалады. Кеңірдек интубациясында, эндоскопиялық ем-шараларда, хирургиялық операциялардың интубациялық наркозында, суйек сынықтарының орнына түсіруді жеңіддету, буын шығуын орнына келтіру мен сіреспені емдеу үшін қолданылады.

а) Эсері антидеполяризациялык, миорелаксанттар: тубокурарин хлориді, панкурной бромиді (павулон); пипекуроний бромиді (ардуан), векуроний бромиді (норкурон) - Н-холинорецепторларды тежеп, ацетилхолинның деполяризациялық әсерін төмендетеді. Миорелексациялық әсері 20-60 минут. Антидеполяриэациялық миорелаксанттардың антагонисті синапстық саңылаудағы ацетилхолинның мөлшерін жоғарылататын антихолинэстеразды дәрілер болып табылады.

Tubocurarini chloridum - тубокурарин хлориді (А): 1% 1,5 мл еріт. амп., 0,0004 - 0,0005 г/кг, к/т енгізіледі. d-Тубокурарйн-оңтүстік Америка өсімдігінің әртүрлі Strychnos алкалоиды.

б) Әсері диполяризациялық миорелаксанттар:: дитилин (миорелаксин, листенон) - химиялық құрылысы жағынан диацеталхолин болып табылады. Н-холинорецепторларды қоздырып, синапстан кейінгі мембрананың деполяризациясын тудырады. Әсері 5-10 минут. Антихолинэстеразды дәрілер дитилиннің әсерін күшейтеді. Дитилиннің әсерін төмендету үшін құрамында холинэстеразасы бар жаңа қан құю қажет.


Dithylinum - дитилин (A): 2% 5 және 10 мл еріт. амп. шығарылып, 0,0015 - 0,002 г/кг к/т енгізіледі.

в) Әсері аралас миорелаксанттар: диоксоний - алғашкыда деполяризация кезенін тудырып, содан соң антидеполяризациялық миорелаксанттар секілді эсер көрсетеді.

г) Меликттин (тегурінгүл алкалоиды) – үшіншілік амин болып табылатын алкалоид. АІЖ-да жақсы сіңіріліп, әсер ету жағынан тубокураринге ұқсас. Бұлшық ет тонусының жоғарлауымен жүретін ауруларда және толқи жиырлу қызметінің бұзылыстарында (постэнцефальды паркинсонизм, арахноэнцефалит және т.б.) қолданылады.

2. Адренергиялық синапстарға әсер ететін дәрілер

Шеткерлік иннервацияда адренергиялық талшықтардан эффекторлы (жұмыс атқаратын) жасушаларға импульстар берілуінде норадреналин медиаторы қатысады. Адренергиялық аксондар эффекторлы жасушаларға келіп, жүйке ұштарының қызметін атқаратын варикозды түйіндері бар жіңішке торға таралады. Варикозды түйіндердің көпіршіктерінде (везикулаларында) норадреналин медиаторы бар. Жүйке импульстарына жауап ретінде норадреналиннің синапстық қуыста бөлінуі және синапстан кейінгі мембраналарының адренорецепторларымен әсерлесуі пайда болады. Адренорецепторлардың сезімталдығына байланысты 2 түрі бар. Олар а - және β - адренорецепторлар. а - адренорецепторлардың а1 және а2. ал β-адренорецепторлардың β1 және В2түрлері бар. а1-адренорецепторлар синапстан кейін, ал а2-адренорецепторлар синапстан алдын және тыс жинақталған. и -адренорецепторлар бүйректің шырышты қабықшасында, терінің қан тамырларында, АІЖ-ң сфинктері мен көк бауырда орналасқан. В1 -адренорецепторлары жүректің бұлшық етінде, β2-адренорецепторлары ми, жүрек, бронх және қаңқа бұлшық еттерінде орналасқан.

Көптеген ауруларда, әсіресе жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруларында вегетативті жүйке жүйесінің айқын бұзылыстары пайда болуы мүмкін. Бұл бұзылыстар вегетативті жүйке жүйесінің әртүрлі құрылымында, соның ішінде адренергиялық синапста қозудың берілу механизміндегі өзгерістерімен айқындалады. Сондықтан медициналық тәжірибеде қазіргі кезде кеңінен адренергиялық синапстағы қозудың берілуін таңдамалы қалыпқа келтіретін дәрілер кеңінен қолданылады. Адренорецепторларды қоздыратын дәрілерді адреномиметиктер, ал тежейтін дәрілерді адреноблокаторлар дейді. а1-адренорецепторлардың қозуында қан тамырлар тарылып, АҚ көтеріледі. Β

1-адренорецепторлардың қозуында жүрек соғуы жиілеп, күшейеді, автоматизмі жоғарылап, өткізгіштігі жақсарады, В2-адренорецепторлардың қозуында бронхтар мен қан тамырлар кеңейеді, Адреномиметиктер кеңінен айқын гипотензиясы бар жіті қан тамыр жеткіліксіздігінде, бронх демікпесінде, мурын мен көздің шырышты қабықшаларының қабынуында, глаукомада, гипогликемиялық комада және жүрек жумысы тоқтағанда қолданылады. Адреноблокаторлар гипертония ауруларында, аритмияларда, стенокардияда және тамырлардың түйілуінде қрлданылады.

1. а-адреномиметиктер (а - адрексрецепторларды қоздырады).

Меsatonum - мезатон (фенилэфрин гидрохлориді) (Б): (a1- адренорецепторларды (тамырлардың, тамыр қозғалтқыш орталықтардың) қоздырып, қан тамырларды тарылтып, АҚ-ы жоғарылатады, рефлекторлы брадикардия тудырады. Тамырлардың және тамыр қозғалтқыш орталықтың адренорецепторларын қоздырады. ОЖЖ шамалы қоздырып ішке («Колдрекс» қиыстырылған препаратының құрамына кіреді) қолданылады. Әсері күре тамырға енгізгенде 20 минут, тері астына енгізгенде 40-50 мин. бойы сақталады. Көз қарашығын кеңейтетін әсері бар, сондықтан көз түбін зерттеу үшін диагностикалық мақсатта, глаукомада көз тамшысы түрінде 1-2% еріт. қолданылады. Мұрынның шырышты қабықшаларының қан тамырларын тарылтып, жергілікті енгізгенде қабынуды төмендететін қасиеті бар, сондықтан ринитте мүрын тамшысы түрінде 0,5% еріт. қолданылады. Қан тамырын тарылтып, АҚ-ы жоғарылату үшін шокта, коллапста 1% - 1 мл еріт. амп. түрінде 0,3% 1 мл 40% 40 мл глюкозамен к/т баяу немесе тамшылатып; 0,3-1 мл т/а және б/е тәулігіне 2-3 рет енгізіледі,

Нафтизин (санорин), називин (назол) және галазолин (ксимелин, тизин, олинт) - а2-адренорецепторларды қоздырып, қан тамырларды өте үзақ уақыт тарылтатын қаеиеті бар, сондықтан созылмалы ринитте қолданылады.

Марһіһугіпит - нафтизин (Б): 0,05% және 0,1% 10 мл еріт. флаконда шығарылып, ринитте мүрын қуысына тамшы түрінде тағайындалады, а -адреномиметиктерді гипертонияда, атеросклерозда, миокардтың созылмалы ауруларында және гипертиреозда қолдануға болмайды.

Клофелин - гематоэнцефальды кедергіден жеңіл өтеді, тамыр қозғалтқыш орталығының а2-адренорецепторларын қоздырып, жүйке үштарынан норадреналиннің бөлінуін төмендетеді, соның әсерінен орталыққа гипотензивті әсер етіп, АҚ-ы төмендетеді. Клофелин жүрек- қан айналымын төмендетіп, анальгетикалық (ауырған жерді басатын) және седативті (тыныштандыратын) әсер көрсетеді. Гипертониялық ауруларда және глаукомада (кез тамшысы)
белгіленеді.

2.β- адреномиметиктер

Іsadrinum - изадрин (новодрин, эуспиран) (Б); 0,005 таб.; β1 және В2 адренорецепторларды қоздырады. Жүректің 6,-адренорецепторларын қоздырып, жүрек жиырылуы күші мен жиілігін жоғарылатады, сондықтан брадиаритмияда және атриовентрикулярлы бөгетте 0,005 таб. түрінде тіл астына белгіленеді. Бронхтың В2 адренорецепторларын қоздырып және кеңейтіп, бронхолитикалық әсер көрсетеді. 0,5% - 25 мл және 1% 100 мл флаконда шығарылып, бронх демікпесінде ингаляциялау үшін тағайындалады. 0,5% - 1 мл амп. шығарылып, к/т енгізіледі. Изадриннің бронхолитикалық әсері тез және қысқа (1 сағ. дейін). Жанама әсері

жағынан тахикардия, экстрасистолия (жүректің β1 -адренорецепторларын қоздаруымен байланысты) және діріл байқалады.

Бронхтарға таңдамалы әсер ететін β2 адреномиметиктерге: орципреналин сульфаты (алупент, астмопент), фенотерол (беротек, партусистен), сальбутамол (вентолин), тербуталин (бриканил) жатады. Бұл препараттардың әсері ұзақ (6 сағ. дөйін), бронх демікпесінде ішке, парентеральды және ингаляция түрінде тағайындалады.

Salbutamolum - сальбутамол (Б): 0,002 және 0,004 таб. түрінде шығарылып, 1-2 таб. тәулігіне 1-4 рет; 0,1% 5 мл еріт. амп,- к/т тамшылатып; 10 мл және 20 мл аэрозоль 1-2 ингаляциядан тәулігіне 4-6 рет. Фенотеролға қарағанда әсері төмен.

Орципреналин сульфаты - бронхтағы β2-адренорецепторларды қоздырып, бронхиальды демікпені алдын алу және ұстамасын басу үшін, кей кезде брадиаритмия мен атриовентрикулярльі бөгетте қолданылады. Изадринге қарағанда АҚ төмендеуі мен тахикардия тудырады. Тербуталин бронх демікпесі ұстамасын басу үшін аэрозоль түрінде қолданылады, мөлшері күніне 8 реттен аспауы қажет.

Кленбутерол (контраспазмин), формотерол (форадил), сальметерол (сальметер, серевент) - әсері ұзағырақ (12 сағ.) препараттар. β2-адреномиметиктер бронхтың, сонымен қатар миометрияның β2 адренорецепторларын қоздырып, жатыр мойынының бұлшық еттерін босаңсытып, түсік тастау қаупінде қолданылады.


Добутамин (добутрекс, инотрекс) - 6,-адренорецепторларды таңдамалы тежеп, миокардтың жиырылуы мен жүректің қан айдауын күшейтеді, сондықтан жүрек жеткіліксіздігінде кардиотоникалық дәрілік зат ретінде, хирургиялық операцияларда к/т тамшылатып енгізіледі.

β - адреномиметиктерді стенокардияда, жүрек ырғағының бұзылуында және жүктіліктің алғашқы 3 айында қолдануға болмайды.

3. а -және 6 - адреномиметиктер: адреналин (эпинефрин) гидрохлориді (гидротартраты) - фенилалкиламиндер тобына жатады, Адреналин синтетикалық жолмен немесе жануарлардың бүйрек үсті безінен алынады. Тікелей а- және β-адренорецепторларды қуаттандырады. Адреналин β2-адренорецепторларын қоздыруымен байланысты қан тамырларды кеңейтіп (а-адренорецепторларды қоздыруымен байланысты) АҚ-ң жоғарылауынан кейін оның төмендеуі байқалады, сондыктан шокта, коллапста, АҚ көтеру үшін а-адренорецепторлардың таңдамалы қоздырғышы болып табылатын мезатон мен норадреналинді бірге қолданған дұрыс. Жарақат алғанда, операцияларда, қан кетуде, интоксикацияда, уланғанда - АҚ-ң бірден төмендеуінде адреномиметиктерді қолданбас бұрын, қан айналым жүйесіндегі қан көлемін толтыруды міндетті түрде ескерген жөн. Адреналин аллергиялық реакцияларда (анафилактикалық шокта, көмейдің аллөргиялық ісігінде және т.б.); жүрек тоқтағанда - сол жақ жүрек қарыншасының қуысьіна енгізіледі; басқа да β-адреномиметиктер әсер етпей жатқанда, бронх демікпесі ұстамасын басуда; инсулинннің мөлшерін асырғанда туатын гипогликемиялық комада қолданылып, сонымен қатар адреналин ерітіндісін жергілікті анестетиктердің улылығын төмендету және әсерін ұзарту үшін қолданылады. Адреналин жүрек бұлшық ет жиырылу күші мен жиілігін жоғарылатады, ал атриовентрикулярлы өткізгіштік бұзылуында β-адреномиметиктерді (изадрин, орципреналин) қолданған дұрыс. Адреналинді б/е, т/а, шырышты қабатқа жергілікті енгізіледі, ал к/т тамшылатып сирек қолданылады. АІЖ-да бұзылуы себебінен ішке қолданбайды. Адреналиннің әсері қысқа: к/т енгізгенде - 5 мин., т/а енгізгенде - 30 мин. Жанама әсері: тахикардия, жүрек аритмиясы, жүрек түсының ауырсынуы, АҚ көтерілуі, гипергликемия, тынышсыздық, діріл, бас ауыру және миға қан қүйылуы мүмкін. Гипертониялық ауруларда, атересклерозда, тиреотоксикозда, қант диабеті мен жүктілікте қолдануға болмайды.

Норадреналин (норэпинефрин) - АҚ жедел төмендегенде к/т тамшылатып, жүрек тоқтағанда сол жақ жүрек қарыншасының қуысына енгізіледі.