ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 1081
Скачиваний: 6
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Аdrenalini hydrochloridum - адреналин гидрохлориді (Б); 0,1% 1 мл еріт. амп. 0,3-0,75 мл т/а және б/е; 0,1 % 10 мл еріт. флаконда шығарылып, жергілікті (шырышты қабатқа) енгізіледі.
Аdrenalini hydrotartras -адреналин гидротартраты (Б): 0,18% 1 мл еріт. ампулада; 0,18 % 10 мл еріт. флаконын жергілікті енгізіледі,
Noradrenalini hydrotartras -норадреналин гидротартраты (Б): 0,2% 1 мл еріт. амп. шығарылып, 5% глюкоза еріт. бірге к/ттамшылатып енгізеді.
4.Симпатомиметиктер: эфедрин - Ерһеdrа өсімдігінің алкалоиды, а және β-адренорецепторларға тікелей емес (медиатор арқылы) әсер етеді. Варикозды түйіндерге әсер етіп, медиатордың (норадреналиннің) бөлінуін тудырып, медиатордың нейрональды кері ұсталуын төмендетеді. Жүрек жұмысын қуаттандырады, АҚ-ы жоғарылатады, бронхолитикапық әсер көрсетеді, ішектің толқи жиырылуын төмендетіп, көз қарашығын кеңейтеді (аккомодацияға жәнө көз қысымына әсері жоқ), қаңқа бұлшық еттерінің тонусын жоғарылатып, гипергликемия шақырады. Эфедрин ОЖЖ-не психоқуаттандырғыш әсер көрсетеді. Бронх демікпесі үстамасын
алдын алу және басуда, жедел АҚ төмендету үшін және гипотониялық жағдайда, аллергиялық реакцияларда, ОЖЖ-ң тежелуінде, ринитте, көз тәжірибесінде көз қарашығын кеңейту мақсатында және атриовен- трикулярлы бөгетте қолданылады. Гипертониялық ауруларда, атеросклерозда, стенокардияда, гипертиреозда және ұйқысыздықта қолдануға болмайды.
Ерһеdrini hydrochloridum- эфедрин гидрохлориді (Б): 0,025 таблетка, 1-2 таб. тәулігіне 2-3 рет; 5% 1 мл еріт. амп. - 0,5-1 мл т/а және б/е; 100-500 мл глюкозаның немесе NаСІ изотонды еріт. к/т тамшылатып; ринитте 2-3 % еріт. мұрын тамшысы; 1-5 % көз тамшысы түрінде қолданылады.
5. α-адреноблокаторлар
а) Таңдамалы емес а - адреноблокаторлар: фентоламин және тропафен а, және а2 адренорецепторларды тежейді. Шеткерлік қан тамырларды кеңейтіп, шеткерлік ұлпалардың қанмен қамтамасыз етілуін жақсартады АҚ төмендетіп, тахикардия тудырады. Қолданылуы: шеткерлік қан айналымының бұзылуы: эндартериит, Рейе ауруы, аяқтың ойық жаралары, феохромоцитома.
Рһеntolamini hydrochloridum - фентоламин гидрохлориді (Б): 0,025 таб. шығарылып, 2-4 таб. тәулігіне 3-5 рет қабылдау қажет.
Тгораphenum - тропафен (Б): 0,02 қүрғақ зат амп. 1 мл инъекцияға арналған суда ерітіп т/а, б/е тәулігіне 1-3 рет.
б) Таңдамалы а-адреноблокаторлар: празозин (адверзутен, минипресс) – а1 - адренорецепторларды таңдамалы тежейді. Артерия мен венаны кеңейтіп, жүрекке венозды қан ағысын төмендетеді, жүрекке алдын және кейінгі түсетін күшті төмендетіп, жүрек жұмысын жеңілдетеді.
Негізгі әсері - АҚ төмендету. Тахикардия тудырмайды. Қандағы холестериннің мөлшерін темендетіп, бүйрек пен ми қан айналымын қалыпты жағдайға келтіреді. Әртүрлі артериялық гипертензияда қолданылады. Әсері 6-8 сағатқа созылып, бірінші рет ұйықтар алдында тағайындайды, себебі науқас 6-8 сағат тееекте дем алуы (ортостатикалық коллапс қаупін алдын алу үшін) тиіс.
Рrazosini hydrochoridum - празозин гидрохлориді (Б): 0,001; 0,002; 0,005 таб., 1/2-5 таб. тәулігіне 2-3 рет қабылдайды.
Доксазозин (кардура) және теразозин (гитрекс) празозиннен айырмашылығы әсері ұзақ, сондықтан тәулігіне 1 рет қабылдайды және «алғашқы мелшердің еренін (феноменін)» туғызбайды, Таңдамалы а- адреноблокаторлар қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясында қолданылады, өйткені қуықтың бірыңғай салалы булшық еттері мен несеп шығару жолдарының сфинктерін босаңсытып, несептің айдалуын жақсартады, антидизуриялық әсер тамсулозинде (омник) байқалады.
а-адреноблокаторларды жүрек пен қан тамырлардың органикалық зақымдалуы мен жүктілікте қолдануға болмайды.
6. β-адреноблокаторлар (В - адренорецепторларды тежейді).
а) Таңдамалы емес β - адреноблокаторлар β1 - және β2- адренорецепторларды тежейді. Әсері орташа (6-8 сағ.): анаприлин (пропранолол, обзидан, индерал), окспренолол (тразикор), альпренолол, пиндолол (вискен); әсері ұзақ (24 сағ. дейін.): надолол (коргард), бопиндолол (сандонорм).
Аnaprillinum - анаприлин (Б): 0,01 және 0,04 таб., 1-4 таб. тәулігіне 3-4 рет; 0,1% 1 және 5 мл еріт. амп. шығарылып, күре тамырға енгізіледі. Β1 - адренорецепторларды тежеу нәтижесінде, жүректің жиырылу күші мен жиілігін төмендетіп, жүрек бұлшық етінің қозуын, автоматизмі мен өткізгіштігін және жүрекке оттегінің қажеттілігін төмендетеді. Қолданылуы: стенокардия, тахиаритмия, инфаркттан кейінгі жағдай. Бүйректегі ренин синтезініңтежелуі мен жүректің минуттық көлемі төмендеуімен байланысты гипотензивті әсері байқалады. Жанама әсері: брадикардия, атриовентрикулярлы өткізгіштіктің қиындауы, жүрек жетіспеушілігі, гипотензия, β2-адренорецепторларды тежеу нәтижесімен байланысты бронх тонусының жоғарылауы (бронхспазм), ұйқы келуі, депрессия, аяқ-қол тамырларының түйілуі мен диспепсиялық жағдайлар байқалуы мүмкін. Брадикардияда, жүрек жеткіліксіздігінде, бронх демікпесінде, бронхспазмға бейімділікте, атриовентрикулярлы түйіннің еткізгіштігінің бұзылуында, қант диабетінде
(анаприлин дәрілік гипогликемияны күшейтеді) және жүктілікте қолдануға болмайды.
Охprenololum - окспренолол (Б): 0,02 таб., 1-2 таб. тәулігіне 3 рет,
б) Кардиоселективті β-адреноблокаторлар β1-адренорецепторларды тежейді, бірақ бронх тонусына әлсіз әсер етеді. Әсері орташа (6-8сағ): талинолол (корданум), метопролол (беталок, спесикор); әсері узақ (24 сағ. дейін): атенолол (тенормин), бисопролол (конкор), ацебутолол (сектраль).
Таlinololum - талинолол (Б): 0,05 драже-1-2 дражеден тәулігіне 3 рет; 0,2% 5 мл еріт. амп. шығарылып, к/т (өте баяу) енгізіледі.
Atenololum - атенолол (Б): 0,025; 0,05; 0,1 таб.;1 таб. тәулігіне 1 рет тағайындалады.
Віsoprololum - бисопролол (Б): 0,005 таб.; 1 таб. тәулігіне 1 рет.
в) Ішкі симпатомиметикалық белсенділігі бар β- адреноблокаторлар жүрек соғуының жиілігіне айқын әсер етпей, жүректің қызметін жақсартады: окспреналол, альпренолол, пиндолол, бопиндолол, талинолол, ацебутолол.
г) (β + а) - адреноблокаторлар: лабеталол а1 - адренорецепторларды тежейді, басқа 6-адреноблокаторлардан айырмашылығы айрықша гипотензивті әсері байқалады. Гипертониялық ауруларда және гипертензивті кризде қолданылады.
LabetаІоІ - лабеталол (Б): 0,1 және 0,2 таб. шығарылып, 1 таб. тәулігіне 2-3 рет тамақ үстінде; 1% 5 мл еріт. амп. шығарылып, стационар жағдайында к/т (тез және күшті әсерімен байланысты ортостатикалық гипотензия байқалуы мүмкін) енгізіледі.
β-адреноблокаторларды науқастың жағдайын асқындырып алмау үшін, қабылдауды бірте-бірте төмендеткен дұрыс («доғару белгісі»), Ішкі симпатомиметикалық белсенділігі бар И-адреноблокаторларда доғару белгісі сирек кездеседі. β-адреноблокаторлар (тимолол) глаукоманы емдеу үшін көз тәжірибесінде қолданылады.
7.Симпатолитикалық дәрілер: резерпин (рауседил, серпазил), октадин (гуанетидин, изобарин, исмелин), орнид (бретилий).
Норадреналиннің қайта ұстау және депонирлену (октадин, резерпин), немесе синапстан алдыңғы жүйке үштарынан норадреналиннің белінуін бұзу (орнид) жолымен, жүйке талшықтарынан норадреналиннің бөлінуін азайтады. Негізгі әсері: қан тамырларды кеңейтіп, АҚ төмендету. Гипертониялық ауруларда (резерпин), артериялық гипертензияның ауыр түрінде (октадин) және антиаритмиялық дәрі (орнид) ретінде қолданылады.
Reserpinum - резерпин (Б); 0,0001 және 0,00025 таб. шығарылып, 1 таб. тәулігіне 2 - 4 рет тамақтан соң; 0,25% 1 мл еріт. амп. шығарылып, 1 мл б/е және к/т енгізіледі. Резерпин раувольфия әсімдігінің алкалоиды, гематоэнцефальды кедергіден жеңіл өтіп, тыныштандыратын әсері бар.
Жанама әсері жағынан депрессия, ұйқы келуі, жаппы әлсіздік, бас айналу, ентігу, асқазан безініңсекрециясыныңкүшеюі, АІЖ-ң түйілуі, іш ету, жүрек айну, брадикардия, миоз, мурын бітуі және ұзақ қолданғанда паркинсонизм байқалуы мүмкін. Құрамында резерпині бар таблеткапар: «Адельфан- эзидрекс», «Трирезид», «Кристепин», «Бринердин», «Неокристепин». Раунатин (раувазан) препаратының құрамында да раувольфия алкалоиды бар, қолданылуы резерпинге ұқсас, бірақ ОЖЖ-не әлсіз әсер етеді.
Осtadinum - октадин (Б): 0,025 таб. түрінде шығарылады. Жанама әсері: ортостатикалық коллапс (препаратты қабылдап болған соң науқас
төсекте 2 сағат дем алуы керек), адинамия, брадикардия, жүрек айну, іш өту, мұрын бітелуі және сұйықтықтардың ұлпаларда ұсталуы мүмкін.
Препараттарды жедел ми қан айналысының бұзылуында, органикалық жүрек-қан тамыр ауруларының ауыр түрінде, бүйрек жеткіліксіздігінде, атеросклерозда, ал резерпинді - асқазан мен ұлтабардың жарасында, октадинді - феохромоцитомада қолдануға болмайды.
Дофаминергиялық дәрілер
Дофамин - а-тирозиннен түзетін биогенді амин болып табылады. Ол норадреналиннің серігі. Нейромедиатор ретінде ол ОЖЖ-нің қызметінде маңызды қызмет атқарады. Дофаминергиялық процеске әсер етуі, бірқатар нейротропты, соның ішінде психотропты препараттардың әсер ету механизмімен байланысты. Дофаминергиялық рецепторлардың әртүрлі подтиптері бар: Д1 және Д2, Д1-рецепторларының қызметі дофаминнің аденилатциклазаның белсенділігі мен циклді АМФ-тың түзілуіне қуаттандырғыш әсерімен байланысты. Д2-рецепторлар бул әсермен байланысты емес. Дофамин шок жағдайында (кардиогенді, травмалық, эндотоксикалық, операциядан кейінгі, гиповолемиялық т.б. шокта) қолданылады. Тек күре тамырға тамшылатып енгізеді. Әсері тез басталып 5-10 мин. кейін (енгізіп болғаннан соң) аяқталады.
Dophaminum - дофамин (Б); 0,5%; 4% 5 мл еріт. амп.; 125 мл немесе 400 мл 0,9% NaСІ, глюкоза ерітіндісімен араластырып, күре тамырға 2-3 сағат тамшылатып, 1-4 күн бойы енгізіледі.
Орталыққа әсер ететін тікелей дофаминомиметиктер - ОЖЖ-ң Д2 рецепторын қуаттандыратын.
Бромокриптин (парлодел) - гипоталамустың дофаминді рецепторларын қуаттандырып, гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормонының әсіресе пролактин мен соматотропиннің синтезін тежейді. Лактацияны төмендету үшін, эндокринді ауруларында (акромегалия, Иценко-Кушинга), паркинсонизмде
қолданылады.
Апоморфин гидрохлориді - сопақша мидың триггерлі аумағының дофаминді рецепторын қуаттандырып, қозуында күшті қустыратын әсері байқапады («Асқорытужүйесіне әсер ететін дәрілер» тақырыбына қараңыз).
Тікелей емес дофаминомиметиктер: мидантан (амантадин), глудантан - орталыққа әсер ететін дофаминомиметикалық препарат, деподан дофаминнің бөлінуін күшейтіп, дофаминге дофаминді рецепторлардың сезімталдығын жоғарылатады. Паркинсонизм ауруында қолданылады. Депренил (селегилин, юмекс) леводопамен бірге паркинсонизмде қолданылады.
Дофаминді рецепторларды тежегіш дәрілер - (лимбиялық жүйедегі Д2-рецепторын тежейді) - психотропты әсер көрсетеді.
Серотонин әртүрлі мүшелер мен ұлпаларда кездеседі, жүйке жүйесінің синаптикалық көпіршіктерінде жиналып, жүйке импульстарының әсерінен бөлініп, серотонинді рецепторлармен байланысатын биологиялықаминдер. Серотонин ОЖЖ-ң медиаторы қызметін атқарады. Серотонинің шеткерлік әсері қан тамырларды тарылтады, қабыну медиаторының бірі, жергілікті енгізгенде (т/і, т/а) ісінуі мүмкін. Серотонин тромбоциттердің агрегациясын жоғарылатады, сондықтан әртүрлі қан кетулерде қан тоқтату үшін қолданылады. Жанама әсерлері: күре тамырға жылдам енгізгенде ауырсыну, тромбофлебит, іш қуысы мен жүрек түсының ауырсынуы, АҚ-ң көтерілуі, бас ауыру, тыныс алудың қиындауы, жүректің айнуы, диарея байқалады. Бүйрек ауруында, гипертония ауруында (11-111 дәрежесінде) бронх демікпесінде, жедел тромбозда, Квинке ісінуінде қолдануға болмайды.
Serotonini adipinas - серотонин адипинаты (Б): 1% 1 мл еріт. амп, - 150 мл 0,9% NaСІ еріт. к/т тамшылатып; 0,5% 5 мл новокаин еріт. б/е енгізіледі.
ОРТАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ДӘРІЛЕР
Жіктелуі:
1.Наркозға арналған дәрілер
2. Этил спирті
3. Ұйықтататын дәрілер
4. Эпилепсияға қарсы дәрілер
5. Паркинсонизмге қарсы дәрілер
6. Анальгетиктер
7. Психотропты дәрілер
8. Аналептиктер
1. Наркозға арналған дәрілер (жалпы анестетиктер)
Наркоз (грек. narcosis - мелшею, есеңгіреу) - ағзаның өмірлік маңызды қызметтері (тыныс алу мен қан айналым жүйесі) сақтала отырып, естің жойылуы, қаңқа бұлшық еттерінің тонусының төмендеуімен, рефлекторлы реакциялар мен барлық сезімталдықтың төмендеуімен, ОЖЖ-де нейронаралық қозудың берілуі әлсіреуімен жүретін жағдай. Афферентті импульстердің берілуінің бұзылуы, қыртысты-қыртыс асты аралықтардың, аралық мидың, жұлынның қызметтерінің өзгеруі және т.б. Наркоз хирургиялық операцияларда қолданылады. Науқастарды наркоз жағдайына енгізу, хирургиялық операциялардан кейін наркоздан шығуы ағзаны қалпына келтіру ауруханалар мен клиникаларда арнайы анестезиология және реабилитация бөлімдерінде жүргізіледі.