ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 1078
Скачиваний: 6
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Наркозға арналған дәрілердің химиялық қүрылысы әртүрлі және наркоздың пайда болу механизмін түсіндіретін бірыңғай теориясы жоқ. Сондай-ақ, барлық наркозға арналған дәрілер ОЖЖ-гі қозудың нейрондарға және нейрон аралық берілуін тежейді. Наркоздың келесі сатылары бар:
І. Анальгезия сатысы: біртіндеп ауырсыну сезімінің және естің жойылуымен сипатталады. Соның салдарынан амнезия (естің жойылуы) дамиды.
ІІ. Қозу сатысы: науқаста қозғалыс пен сөйлеудің қозуы, тыныс алу мен тамыр соғуының жиілеуі, АҚ-ң жоғарылауы, көз қарашығының кеңеюі, рефлекторлы қызметтің барлық түрі күшейеді.
ІІІ.Хирургиялық наркоз сатысы: 1-і дәрежесі - беткейлі наркоз.
физиологиялық процестер қалыпқа келеді, ұйқы бірқалыпты, тыныш, қасаң қабық пен жұтқыншақ-көмекей рефлекстері сақталған, көз қарашығының жарықты сезінуі мен бұлшық ет тонусы сақталған. 2-і дәрежесі – айқын наркоз: тыныс алу, тамырдың соғуы, АҚ - бір қалыпты, кез қарашығының жарықты сезінуі әлсіз, рефлекторлы белсенділік пен бұлшық ет тонусы төмен. 3-і дәрежесі - терең наркоз: тыныс алуы - жеңіл, жиі, диафрагмапьды; кез қарашығы біртіндеп кеңейіп, жарыққа реакциясы жойылады; тахикардия дамып, АҚ төмендейді, толық бұлшық ет атониясы дамиды. 4-і дәрежесі - өте терең наркоз: барлық физиологиялық процестер шегіне жетіп, қабырғааралық бұлшық еттердің салдануына алып келіп, диафрагманың жиырылуы және АҚ төмендейді.
IV. Агональды (салдану) сатысы: тыныс алудың толық бұзылуы, тамыр соғуының жойылуы, қан айналымның тоқтауы. Тыныс алу және тамыр қозғалтқыш орталығының салдануынан өлімге алып келеді.
Наркозға арналған дәрілер енгізілуі доғарылғаннан кейін, ағзада ояну кезеңі басталады: наркоздың барлық сатылары кері ретпен жүріп, артынша наркоздан кейінгі уйқы басталады.
Наркоз түрлері:
Ингаляциялық наркоз: наркоз аппаратының маскасы немесе эндотрахеальды түтікше арқылы газ тәрізді немесе ұшқыш сұйық анестетиктермен демалу жолы. Ингаляциялық наркоз жеңіл басқарылады, бірақ оған сай қурал жабдықтарды талап етеді.
Ингаляциялық емес наркоз: анестетик ерітінділері күре тамырға енгізіледі (бір реттік, бөліп немесе тамшылатып), ал бұлшық етке немесе тік ішекке сирек енгізіледі. Ингаляциялық емес наркоздың қозу кезеңі жоқ, қарапайым, бірақ нашар басқарылады.
Мононаркоз - бір препаратпен жүргізілетін наркоз.
Аралас наркоз: наркозға арналған дәрілердің екі немесе одан да көп қоспалары қолданылады, мысалы, фторотан мен азоттотығының қоспасы.
Қиыстырылған наркоз: ингаляциялық емес наркоз бен (базис-наркоз немесе алғашкы наркоз - қозу кезеңін болдырмау үшін) ингаляциялық наркоздың (жеңіл басқарылады) бірігуі. Аралас және қиыстырылған наркоз өте аз концентрациясында препараттардың бірігуінің әсерінен жалпы тиімді анестезияны қамтамасыз етеді.
Үдемелі (потенцирленген) наркоз -бір-бірінің әсерін күшейтіп және ұзартатын наркотикалық, анальгетикалық және тыныштандыратын препараттармен қолданылатын қиыстырылған наркоз.
Нейролептоанальгезия - нейролептиктермен (дроперидол және т.б.) наркотикалық анальгетиктерді (фентанил және т.б.) қиыстырып беретін, есі сақтала отырып, жасанды жансыздандыратын жалпы анестезияның ерекше әдісі. Бұл әдіс өз еркімен, қиыстырылған анестезия және премедикация үшін қолданылады.
Науқасты наркозға дайындар алдында, психологиялық-эмоциональды кернеуін төмендету үшін, наркозға енуін жеңілдету үшін премедикация жүргізіледі: наркотикалық анальгетиктердің, антигистаминді дәрілердің, М-холиноблокаторлардың, сондай-ақ нейролептиктердің және транквилизаторлардың ішінен біреуін белгілеу қажет.
Наркозға арналған дәрілер келесі талаптарға сай болуы қажет:
1.Наркотикалық белсенділігі жоғары және терапевтикалық (наркотикалық) әсері кең болуы.
2.Наркоз тез және бірқалыпты басталып, қозу кезеңінсіз шығуын қамтамасыз ету.
3.Наркоздың едәуір тереңдігі мен жақсы басқарылуын қамтамасыз
ету.
4. Препарат шырышты қабатты тітіркендірмей, жүрек-қан тамыр жүйесін, паренхиматозды мүшелерді, зат алмасуды, сондай-ақ анестезиологиялық аппараттарда қолданылатын материалдарға зиянды әсерін тигізбеу.
5. Препаратты сақтағанда турақты және қолданғанда қауіпсіз болуы.
Наркозға арналған дәрілердің жіктелуі
Ингаляциялык наркоиа арналған дәрілер | Ингаляциялык емес наркозға арналған дәрілер |
1.Ұшқыш сұйықтықтар: Наркозға арналған эфир Фторотан (галотан) Метоксифлуран (пентран) Наркозға арналған трихлорэтилен (трилен) Энфлуран Изофлуран Десфлуран Флороксен 2.Газ тәрізді заттар: Азот тотығы Циклопропан | Барбитур қышқылының туындылары (барбитураттар): Тиопентал-натрий Гексенал Метагекситал (бриетал) 2. Барбитурат емес препараттар: Пропанидид (сомбревин, эпонтол) Натрий оксибутираты (ГОМК) Кетамин (кеталар, калипсол) Предион (виадрил) Альфаксолон (альтдресин) Этомидат (раденаркон, гипномидат) Пропофол (диприван) |
Ингаляциялық наркозға арналған дәрілер Аеther pro narcosi - наркозға арналған эфир (Б): 100-150 мл
флаконда. Эфир - түссіз, мөлдір, өзіне тән иіеі бар түссіз суйықтық. Қайнау температурасы +34-35 °С. Оттегі, ауа және азот тотығымен қауіпті жарылғыш қоспа түзіп, жеңіл тутанады. Эфирдің наркотикалық кеңдігі үлкен және наркотикалық белсенділігі жоғары. Эфирлі наркоз қауілсіз, жеңіл басқарылады, едәуір терең, қаңқа бұлшық еттерін жақсы босаңсуына алып келеді және күшті анальгетикалық әсері бар. Алайда эфирде қозу кезеңі мен оянуы ұзақ және наркоздан кейінгі депрессия баяу өтеді, ал шырышты қабықшаларға тітіркендіргіш әсеріне байланысты жөтел, құсу, рефлекторлы брадикардия және тыныс алудың тоқталуына алып келеді (алдын алу үшін атропин енгізіледі), улкен мөлшерінде гипергликемияға және жүрек аритмиясына, наркоздан кейінгі кезеңде пневмония мен бронхитке алып келуі мүмкін.
Рһthorothanum - фторотан (Б): 50 мл флаконда - жағымды иісі бар жанбайтын ұшқыш сұйықтық, жарылмайды, эфирден белсенділігі 3 есе жоғары, наркотикалық әсерінің кеңдігі үлкен, наркоз жеңіл басқарылып, жедел наркотикалық әсер көрсетеді (3-5 мин. соң), эфирге қарағанда қозу кезеңі мүлдем жоқ, оянуы мен наркоздан кейінгі ұйқы қысқа. Фторотан шырышты қабықшаны тітіркендірмейді, бездердің секрециясын тежейді және едәуір миорелаксациялық әсері бар. Бірақ фторотанның анальгетикалық белсенділігі әлсіз, кезбе жүйкесі тонусының жоғарылауына байланысты тыныс алудың тежелуіне, гипотонияға, брадикардияға алып келеді (алдын алу үшін атропин енгізіледі), жүректің катехоламинге сезімталдығын жоғарылатады, сол себептен АҚ-ы жоғарлату үшін адреналин мен норадреналинді енгізуге болмайды (аритмия, тіпті қарынша жыпылықтауын (фибриляциясын) тудыруы мүмкін), АҚ-н жоғарылату үшін мезатон қолданылады. Фторотанды бауырдың органикалық зақымдалуында
қолдануға болмайды. Фторотан миометрия тонусын төмендетіп, босанғаннан кейінгі жатырдан қан кетуді күшейтеді.
Метоксифлуран - фторотан мен эфирге қарағанда белсенділігі жоғары, бірақ қозу кезеңі ұзақ. Жанама әсері фторотанға ұқсас, бірақ миометрияның релаксациясын шақырмайды. Айқын анальгетикалық белсенділігі бар.
Трихлорэтилен - наркотикалық әсері жағынан метоксифлураминге ұқсас, бірақ әсері тез басталып, тез аяқталады (2-3 минуттан соң), күшті анальгетикапық әсері бар.
Энфлураин, изофлуран, десфлуран - құрамында фторы бар анестетиктер. Әсері фторотанға ұқсас, миорелаксациясы айқын байқалған, барлық жанама әсерлері аз байқалады.
Флороксен - наркозға енуі және одан шығуы тез, бірақ қаңқа бұлшық еттерінің босаңсуы жеткіліксіз, тұтанғыш препарат.
Хлороформ - қазіргі таңда қолданылмайды, еріткіш және экстрагент ретінде пайдапанады.
Хлорэтил - улы, наркоз үшін қолданылмайды, қайнау температурасы төмен (12 °С), криотерапия үшін жергілікті қолданылады - теріге енгізгенде салқындату мен сезімталдықтың төмендеуін тудырады.
Nitrogenium oxydulatum - азот тотығы («көңіл сергітетін газ» - аз концентрациясында мас болу сезімін, эйфория мен жеңіл ұйқы шақырады): сұр түсті металл, баллоншада шығарылатын жағымды иісі бар түссіз газ. Эдетте 70-80% азот тотығы мен 20-30% оттегінен тұратын қоспасы қолданылады. Наркоз тез басталады, қозуы жоқ (маскүнемдікте болады), наркоз жеңіл басқарылады, бірақ үстірт (наркотикалық белсенділігі төмен), оянуы ингаляцияны тоқтатқаннан кейін бірден пайда болады. Азот тотығының анальгетикалық әсері айқын, күштілігі жағынан морфинмен бірдей, сондықтан босануда ауырғанды сездірмеу үшін, миокард инфарктында, ауыр жарақаттарда, түсікте, операциядан кейінгі ауырсынуларда, хирургиялық стоматологияда қолданылады. Базистік наркозбен, нейролептоанальгезияда наркоз үшін фторотанмен қоспасы қолданылады. Азот тотығының өзі жанбайды, жануды үдетеді, эфирмен, циклопропанмен және хлорэтиленмен бірге қоспасы қауіпті жарылғыш болып табылады. Азот тотығының мөлшерін асырғанда гипоксия дамиды. Ұзақ ингаляцияда лейкопения мен мегабласты анемия шақырады.
Циклопропан - отқа қауіпті, қауіпті жарылғыш, бездердің секрециясын күшейтіп, ауыр аритмиялар шақырады, АҚ-ы жоғарылатады және қансырауды күшейтеді, бірақ күшті ауырсынуды сездірмейтін әсері бар.
Ингаляциялық емес наркозға арналған дәрілер
Тһiopentalum-natrium - тиопентал-натрий (Б): 0,5 және 1,0-20
мл флаконда - өзіне тән иісі бар сарғыш немесе сарғыш-жасыл түсті, ұсақ кеуекті құрғақ масса. Ерітіндіні иньекцияға арналған залалсыздандырылған (стерильденген) суда қолданар алдында (ех іетроге) дайындайды. 2,0-2,5% еріт. к/т (коллапс тудырмау үшін) өте баяу енгізеді. Препаратты енгізу уақытында наркоз басталып, қозу кезеңінсіз, 20-25 минутқа созылады, ал наркоздан кейінгі ұйқы ұзақ болады. Тиопентал-натрий алғашқы наркозда, терең анальгезияны қажет етпейтін қысқа уақытты операцияларда, сондай-ақ психомоторлы қозуды басу үшін және тырысу ұстамаларында қолданылады. Тиопентал-натрий мен оның аналогтары ауырсынуды өте нашар басады; наркотикалық әсерінің кеңдігі аз; кезбе жүйкесінің тонусын жоғарылату, нәтижесінде бпонхо - және ларингоспазмға, сапивацияның күшеюіне (басу үшін операциядан апдын атропин енгізіледі), тыныс алу мен жүрек қызметінің тежелуі немесе тоқталуына және гипотонияға алып келеді. Тиопентал-натрий және басқа да барбитураттарды бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылысында қолдануға болмайды.
Гексенал - тиопенталға үқсас, бірақ наркотикалық және бұлшық етті босаңсытатын әсері әлсіз.
Метагекситал - тиопенталға қарағанда белсенділігі жоғары, бірақ әсері (7-10 мин.) қысқа.
Propanididum - пропанидид (Б): 5% 10 мл еріт. амп. шығарылып, к/т баяу енгізіледі. Препараттың әсері өте қысқа, наркоз 20-40 секундтан соң қозу кезеңінсіз басталып, хирургиялық кезеңі 3-5 мин. созылады, есі 2-3 мин. соң қалпына келіп, әсері 20-30 мин. соңтолық жойылады. Алғашқы және қысқа уақытты наркоз үшін (биопсияға үлпа апу үшін, буын шыққанда орнына салу үшін, тігілген жіпті алу үшін, тісті жүлу үшін және т.б.) қолданылады. Тыныс апудың тежелуі, тахикардия, ықылықтау, бүлшық еттің тартылуы, терлеу, көк тамыр жолында гиперемия және анафилактикалық шок байқалуы мүмкін.
Natrii oxybutiratum - натрий оксибутираты (Б): 20% 10 мл еріт. амп. - к/т, б/е; 5% сиропы - ішке белгіленеді. Наркотикалық белсенділігі өте төмен, анальгетикалық әсері әлсіз, күре тамырға енгізгенде наркоз 30-40 мин. соң басталып, 2-4 сағ. созылады. Улылығы төмен. Аз мөлшерде ұйықтататын және тыныштандыратын, ал көп мөлшерде наркотикалық және тырысуға қарсы, қаңқа бұлшық еттерін босаңсытатын әсер көрсетеді. Ми ісігінде және басқа да гипоксиялық жағдайларда қолданылып, оттегі жеткіл іксіздігіне үлпалардың тұрақтылығын жоғарылататын антигипоксиялық әсері бар. Анестезиологияда негізінен алғашқы немесе базисті наркоз үшін қолданылады.
Ketamini hydrochloridum - кетамин гидрохлориді