ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 1074

Скачиваний: 6

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


белгіленеді. Егер үйқы тез оянумен өтетін жағдайда, оянған кезде әсері қысқа немесе үйықтар алдында әсері үзақ дәрілер белгіленеді. фармакологиялық әсері - аз мөлшерде тыныштандыратын, ал орташа мөлшерде үйықтататын, тырысуға қарсы, анксиолитикалықжәне бүлшық етті босаңсытатын әсер көрсетеді.

Рһenobarbitalum - фенобарбитал (Б): 0,05 және 0,1 таб. шығарылып, 1 -2 таб. тағайындалады. Әсері 6-8 сағ. созылады. Фенобарбитап тырысуға қарсы және эпилепсияға қарсы қолданылады.

Этаминал - натрий: ұнтақ; ұйықтардан 0,1-0,2 таб. 30 мин. алдын қабылдау қажет. Әсері 4-6 сағатқа созылады. 5% 5-10 мл еріт. к/т енгізіледі.

Аеsthimalum - эстимал (Б) - 0,1 -0,2 таб. ұйықтардан 15-30 мин. алдын қабылдайды. Әсері 6-8 сағ. созылады.

Циклобарбитал - 0,1-0,2 таб. («Реладорм» таб.) - этаминал-натрийге үқсас.

Nitrazepamum - нитразепам (Б): 0,005 және 0,01 таб. шығарылып, ұйықтардан 30 мин. бұрын қабылдайды. Әсері 6-8 сағатқа созылады.

Флунитразепам (рогипнол) - әсері нитразепамға ұқсас. 0,002 таб; 0,002 құрғақ зат + 1 мл еріткіші бар амп. шығарылады.

Триазолам (0,00025 және 0,0005 таб.) және мидазолам (0,015 таб.; 0,5% 3 мл ерітінді ампулада) - әсері қысқа 10-20 минугтан кейін басталып 2-3 сағатқа созылады.

Zopiklon - зопиклон - 0,0075 таб. шығарылып, ұйықтар апдында 1 таб. ұсынылады. Әсері 20-30 мин. басталып, 6 сағ. созылады.

Золпидем - әсері қысқа (2-3 сағ.).

Метаквалон - әсері 6-8 сағ.

Жанама әсері: күндіз ұйқының келуі, әлсіздік, атаксия, жүру бағдарының бұзылуы, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі, материалды кумуляция (барбитураттарға тән қасиет, әсіресе фенобарбиталда) байқапуы мүмкін. Ұйықтататын дәрі-дәрмектерді үйренгіштік және дәріге тәуелділік тудыруы мүмкін. Дәріні доғарғанда абстиненция, ұйқы мен көру қабілетінің бұзылуы, тырысу мен ортостатикалық гипотензия байқапады. Сондықтан үйықтататын дәрілерді 4 аптадан артық қабылдауға болмайды. Препаратты абайлап, мөлшерін азайтып доғару қажет, Басқа да жанама әсерлері: диспепсия (жүрек айну, ауыз қуысына метапл дәмінің келуі) және аллергиялық реакциялар. Бауыр мен бүйрек қызметінің бүзылуында, (әсіресе жүктіліктің апғашқы 3 айында), көлік жүргізушілеріне және жылдам қимыл қажет ететін қызметкерлерге қолдануға болмайды. Ұйықтататын дәрілермен бірге алкогольды сусындар қолдануға болмайды. Ұйықтататын дәрілермен анальгетиктерді, наркотикалық дәрі-дәрмектерді, нейролептиктерді, транквилизаторларды бірге қолданғанда синергизм байқалады. Ұйықтататын дәрілермен жедел улану.
Абайсызда, әдейі немесе қате артық мөлшерлеуде улануларға алып келеді. Белгілері: уйқы келуі, апатия, миоз, брадикардия; әрі қарай коматозды жағдай: естүссіздік, рефлекстің және тыныс алудың тежелуі, АҚ-ң төмендеуі, ауырған жерін сезбеу, дене қызуының төмендеуі, қаңқа бұлшық еттерінің босаңсуы, гиперсаливация; көз қарашығының кеңеюі; бүйрек қызметінің бұзылуы, қан айналымының бұзылуы және тыныс алу салдануынан өлімге алып келуі мүмкін. Жәрдем: асқазанды шаю, гемодиализ, гемосорбция және перитонеальды диализ жасау қажет. Барбитураттармен жеңіл уланғанда күре тамырға оның антогонистері бемегрид (0,5% -10 мл ерітінді ампулада), флюманезил, оттегімен емдеу, пневмонияны алдын алу үшін - антибиотиктер; инфузиялық терапия -полиглюкин, витаминдер В1, В6, В12 (бірден енгізуге болмайды), Витамин С, АТФ; АҚ-ы төмен жағдайда - норадреналин енгізіледі.

3. Эпилепсияға қарсы дәрілер

Этиологиясы әр түрлі тырысуды басу үшін тырысуға қарсы дәрілер қолданады. Оларды көбіне балалар тәжірибесінде гипертермия кезінде тырысуларды басу үшін, сонымен бірге эпилепсияға қарсы дәрі ретінде қолданады. Эпилепсияның негізгі белгілері - естің тануымен жүретін тырысудың ұстамалары. Қалтырауға устамадан басқа науқаста біртіндеп терең психикалық бузылыс пайда болады. Емдеу дәрілерді үздіксіз қолданудан турады, соның салдарынан ұстамалардың жиілігін азайтуға болады.

Эпилепсияның түрлері:

- үлкен ұстамаларда - ес түсінен айырылатын, клоникалық және тоникалық тырысуға, бірнеше минуттан соң уйқыға алып келеді;

- кіші устамаларда - беттің бұлшық еттерінің тырысуы байқалып, ұстама бірнеше секундқа созылады;

-психомоторлы автоматизмде - ес-түсін біледі, бірақ қимылын бақылай алмайды (қиратуы мүмкін, бөгде адамдарға шабуыл жасауы мүмкін, ұзақ уақыт қала көшелерін аралауы мүмкін т.б.).

Эпилепсия түрлі ми улпасындағы эпилептогенді аймақтың орналасқан жеріне байланысты. Зерттеулерге қарағанда эпилепсияға қарсы дәрілер эпилептогенді аймақтың қозуын төмендетеді. Бул препараттар бас миындағы ГАМҚ-ң қурамын көбейтеді және мида Na+ иондарының құрамын азайтады. Эпилепсияға қарсы препараттармен емдеу принциптері: тырысу түріне байланысты, үздіксіз емдеу, эпилепсия ұстамалары жойылғанша, емді 3-5 жыл бойы үздіксіз жүргізу, балаларда үйренгіштікті болдырмау үшін препараттарды алмастырып отыру, емдеу амбулаториялық және үй жағдайларында жүргізіледі.



Эпилепсияның түріне қарай дәрілердің жіктелуі:

1.Үлкен және психомоторлы ұстамаларда қолданылатын дәрілер: фенобарбитал, бензонал, гексамидин, дифенин (фенитоин), карбамазепин (финлепсин, тегретол), хлоракон;

2.Кіші үстамаларда қолданылатын дәрілер: этосуксимид (суксилеп), триметин (триметадион);

3.Әр түрлі ұстамаларда қолданылатын дәрілер (көбінесе эпилепсияның аралас түрлерінде): натрий вальпроаты (конвулекс, депакин, ацедипрол), кальций вальпроаты (конвульсофин), клоназепам (антелепсин).

Әсер ету механизмі: ОЖЖ-гі ГАМҚ-ң эндогенді тежегіш медиаторының қурамын жоғарылатуымен байланысты, қыртыс және қыртыс асты қабаттарының қозғалтқыш аймақтарының белсенділігін төмендетеді. Аминқышқылдарының (глутамат, аспартат) ОЖЖ-не қоздырғыш әсерін азайтады. Фармакологиялық әсері - тырысуға қарсы, тыныштандыратын (фенобарбитал), ұйықтататын, транквилизаторлық әсерлері бар. Қолданылуы: эпилепсиялық үлкен ұстамаларда, эпилепсиялық кіші ұстамаларда, үш тармақты жүйкенің невралгиясында (карбамазепин, этоксуксимид), сіреспе (столбняк), тырысу жағдайларында. Жанама әсері: әлсіздік, уйқы келуі, бас ауыру, психиканың тежелуі, тератогенді әсер (дифенин, триметин), қан жүйесінің бұзылуы, нефро- және гепатотоксикалық әсер, аллергиялық реакциялар және диспепсия байқалуы мүмкін. Бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылуында, қан жүйесінің бұзылуында, жүрек жеткіліксіздігінде, жүктілікте және лактацияда қолдануға болмайды. Барлығы таблетка түрінде шығарылып, тәулігіне 3-4 рет тамақпен бірге немесе тамақтан кейін тағайындалады.

Hexamidinum - гексамидин (Б): 0,125 және 0,25 таб. – ½ -2 таб. тәулігіне 1-2 рет.

Dipheninum-дифенин (Б): 0,117 таб.-1-З таб. тәулігіне 3 рет.

Саrbamazepinum - карбамазепин (Б): 0,1; 0,2; 0,4 таб.-1-2 таб. тәулігіне 1-3 реттамақпен бірге немесе тамақтан кейін.

Еthosuximidum-этосуксимид 0,3-0,5 капс. түрінде шығарылады.

Natrii valphroas-натрий вальпроаты 0,3 және 0,5 таб. 1-2 таб. тәулігіне 1-3 рет.
4.Паркинсонизмге қарсы дәрілер

Паркинсон ауруы немесе дірілдеуіш салдану - бұлшық ет тонусының жоғарылауымен жүретін бас миының созылмалы ауруы немесе экстрапирамидалық жүйке ядроларының зақымдануынан болатын созылмалы нейродегенерациялық ауру. Паркинсонизм - бас миының қара субстанциясындағы қозғалғыш, қыртыс асты түзулердің зақымдануы кезінде пайда болатын қозғалғыш және вегетативті симптомтардың жиынтығы. Паркинсон ауруы кезінде гипокинезия, тонустың жоғарылауы, дірілдеу (саусақ, қол сүйектері, төменгі жақ, тіл, бастың ретсіз дірілдеуі), аурудың жүріс- түрысының өзгеруі, тершеңдік пен терінің майлануы және қозғыштық байқалады. Паркинсонизм ауруы - экстрапирамидті жүйе қызметінің өзгеруі нәтижесінен пайда болғандықтан, дофаминнің мөлшері азайып, холинергиялық нейрондардың әсерінің күшеюінен жоғарғы айтылған белгілер байқалады.


Жіктелуі:

1.Антихолинергиялық препараттар циклодол (паркопан), трипериден (норакин), тропацин, бипериден (акинетон), дексетимид (тремблекс) - әсері үзақ препараттар. Бүлар орталыққа холино тежегіш әсер көрсетеді.

Сусlodolum - циклодол (А): 0,001, 0,002, 0,005 таб. ½ -1 таб. 3 рет тәулігіне тамақтан кейін белгіленеді.

2. Дофаминергиялықпрепараттар: леводопа («Наком », «Синемет», «Мадопар») - ОЖЖ-де дофаминнің синтезін күшейтеді; депренил (селегилин), бромокриптин (парлодел), мидантан (амантадин), глудантан - орталыққа дофаминомиметикалық әсер көрсетеді, яғни экстрапирамидті жүйенің нейрондарында дофаминнің мөлшерін жоғарылатады, дофаминді рецепторлардың дофаминге сезгіштігін жоғарылатып, деподан оның бөлінуіне жағдай жасайды.

Қолданылуы: паркинсон ауруында, парезде (жартылай салдану), салдануда, экстрапирамидті бүзылыстарда (леводопа), акромегалия, Иценко-Кушинга ауруында, лактацияны (бромокриптин) басу үшін, сонымен қатар вирустық ауруларды емдеу және алдын алу үшін. Жанама әсері: тәбеттің темендеуі, жүрек айну, қүсу, ортостатикалық гипотензия, үйқысыздық, психиканың бүзылуы, дискинезия (қозғалыс) т.б. Қиыстырылған препараттарының жанама әсері аз байқалады.

Levodopum - леводопа (Б): 0,25 және 0,5 таб (капс.); 1 -4 таб. (капс.) тамақ үстінде немесе тамақтан кейін.

Мidantanum - мидантан (Б): 0,1 таб. 1 таб.- 2-4 рет тәулігіне тамақтан кейін.

Deprenyl - депренил (Б): 0,005 таб. 1-2 таб.-1-2 рет тәулігіне тағайындалады.
6.Анальгетиктер

Ауыру синдромымен кептеген аурулар жүреді. Ол табиғаты химиялық, механикалық, биологиялық күшті тітіркендіргіштердің әсерінен пайда болады. Сондықтан ауырсынудың этиологиясы мен патогенезіне байланысты анальгетиктер тобына жататын дәрілердің кемегімен ауырсынуды темендетуге немесе толық басуға мүмкіндік береді. Анальгетиктердің әсерінен ОЖЖ-нің координацияланған қозғалғыш қызметі мен естің, сезімтал мүшелерінің қызметінің сақталуымен реакциялар таңдамалы тежеледі. Анальгетиктер ноцицепциялық нейрондардың түйіспелері арқылы қозу үрдісінің өтуін бегеумен қатар, антиноцицепциялық жүйенің (ауру туындату жүйесіне қарсы) белсенділігін арттырады. Фармакологиялық белсенділігіне, химиялық тобына, әсер ету механизміне байланысты 2 топқа жіктеледі:

-Наркотикалық

- Бейнаркотикалық (наркотикалық емес)

Наркотикалық анальгетиктер - кез-келген ауырсынуды басатын морфин және морфин тәріздес (синтетикалық) препараттар тобы. Наркотикалық анальгетиктер эйфория (езін жақсы сезіну), үйренгіштік және дәріге тәуелділік (психикалық және физикалық), қүмартушылық және нашақорлық тудырады. Препаратты доғарғанда абстиненциялық синдром байқалады (теріс эмоция, қорқыныш, үйқысыздық, елестеулер), вегетативті жүйенің бүзылуы (тахикардия, артериялық қан қысымының өзгеруі, қүсу, диарея, гипертермия) соңында елімге алып келуі де мүмкін.
Әсер ету механизмі: наркотикалық анальгетиктер энкефалиндер мен эндофинді эндогендердің нейропептидтерінің белсенділігін (нейрогуморальды антиноцицепциялық жүйенің белсенділігін арттырады) күшейтеді. Содан анальгетикалық әсер байқапады. Наркотикалық анальгетиктер ағзадағы пептидтердің (эндофиндер және энкефалиндер) қүрылысына үқсас болғандықтан, апиынды рецепторлармен байланысады. ОЖЖ-сі мен шеткерлік үлпалардағы ОЖЖ-ң барлық деңгейіндегі нейрон аралық ауырсынудың өту импульстарын шеткерлік афференпі жүйе арқылы жоғарғы орталықтарға торлы қүрылым (ретикулярлы фармация), гипоталамус, таламус, ганглияларға, лимбиялық жүйелерге, үлкен ми қабықтарының ауырсыну импульстарына тежегіш әсер керсетеді.

Наркотикалық анальгетиктердің жіктелуі:

1. Апиын алкалоидтары: морфин, морфилонг, омнопон.

2.Морфиннің синтетикалық алкалоидтары: промедол, фентанил, суфентанил, пентазоцин (фортрал, лексир), буторфанол (бефорал, морадол, стадол), бупренорфин (норфин, темгезик), нальбуфин (нубаин), трамадол (трамал), пиритрамид (дипидолор), эстоцин, тилидин, росидол.

3. Наркотикалық анальгетиктердің антагонистері: налорфин, налоксон, налтрексон.

Морфин апиын алколоиды болып табылады. Апиын - көкнәрінің кептірілген түрі. Медициналық мақсатта қолданылатын опийдің қүрамында морфин 10%-дан кем болмауы қажет. Апиынның қүрамында 20-дан астам алкалоид бар.

Морфиннің фармакологиялық әсері

Морфиннің орталыққа әсері:

а) ауырсыну орталығын, тыныс алу және жөтел орталығын тежейді.

Тыныштандыратын және ұйықтататын (жеңіл үйқы келуі) әсері бар және

эйфория (өзін жақсы сезіну немесе уайымдау, өзін бақылай алмауы, айналадағы ортаға жауапкершіліксіздігі, көңіл-күйінің кетеріңкі болуы, есту, көру. сезу сезімінің бұзылуы) тудырып, орталықтарды тежеп, дене қызуын (улы мөлшерде гипертермия) төмендетеді.

б) морфин кез қозғаптқыш жүйке орталығын қоздырып, миозға (кез қаршығының тарылуы) алып келеді, қүсу орталығын (науқастың 20-40%-де морфинді енгізгенде құсу байқалады) қоздырады.

Морфиннің шеткерлікке әсері спазмогенді әсерімен байқалады:

а) морфин - АІЖ-ң сфинктерінің тонусын жоғарылатады, ішектің толқи жиырылуын (іш қату) және ас қорыту бездерінің секрециясын (астың нашар қорытылуы) төмендетеді;

б) морфин өт түзілуін темендетеді.

в) несеп шығару тонусын, қуықтың және уретро сфинктерінің тонусын жоғарылатады. Соның әсерінен несептің түзілуі қиындайды;