ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 1072
Скачиваний: 6
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
г) морфин бронх бүлшық еттерінің тонусын жоғарылатып, бронхоспазм (кеңірдекшелер түйілуі) тудырады.
Колданылуы: наркотикалық анальгетиктер ауырсынуды басуда, басқа топ препараттары әсер етпей жатқанда, жәрақатта, күйгенде, шоктарды алдын алу үшін, науқасты операцияға дайындар апдында және операциядан кейінгі кезеңдерінде, қатерлі ісіктерде, миокард инфарктында (морфин), бауыр, бүйрек және ішек шаншуларында, холинолитиктермен және миотропты спазмолитиктермен бірге нейролептоанальгезияда (фентанил, промедол кебінесе диазепаммен (транкливизатор) бірге). Жанама әсері: тыныс алу тежеледі (налоксонмен басамыз), брадикардия (атропинмен басамыз), қүсу, жүрек айну, іштің қатуы байқалады. Наркотикалық анальгетиктерді 3 жасқа дейінгі балаларға және егде жастағы қарт адамдарға қолдануға болмайды.
Басқа да наркотикалық анальгетиктердің ерекшеліктері
Омнопон - қүрамында апиын алкалоидтары бар (морфин 50%) анальгетикалық әсері әлсіздеу, бірақ қүрамында папаверин тәрізді алкалоидтары бар (қаңқа бүлшық еттерінің түйілуін темендетеді) жаңа галенді препарат. Сондықтан омнопон бауыр, бүйрек және ішек шаншуларында кеңінен қолданылады.
Промедол - морфинге қарағанда әлсіз тыныс алуды тежейді, қуықтың, АІЖ-н, жатыр мойны және қанқабүлшық еттерін босаңсытады. Сондықтан босануды тездету жене ауырсынуды сездірмеу мақсатында (жатырдың жиырылуын күшейтеді және тонусын жоғарылатады) қолданылады,
Фентанил - морфинге қарағанда 100-150 есе күшті, бірақ әсері қысқа 30 минут, нейралептоанальгезияда және шоктарды алдын алу үшін қолданылады. Тыныс алуды морфиннен де күшті тежейді. Пентазоцин, буторфанол, трамадол - физикалық тәуелділігі аз байқалады, тыныс алуды тежемейді.
Пентазоцин - артериялық қан қысымын жоғарылатып, тахикардия тудырады. Просидол - морфиннен әлсіздеу, сфинктерге әсер етпейді. Ішек пен қуық қаңқа бүлшық еттерін босаңсытады. Трамадол - арапас әсерлі антибиотик болып табылады (апиынды + апиынды емес), апиынды рецепторлармен байланысып, жүйке синапсындағы серотонин мен норадреналинді тежейді. Тыныс алу және ас қорыту жүйелеріне әлсіз әсер етеді, дәріге тәуелділік аздап тудырады. Әсері 3-5 сағ. созылады. Орташа, күшті, созылмалы және жедел ауырсынуларда тиімді.
Улану. Наркотикапық анальгетиктермен жедел уланғанда есінен тану, тыныс алудың тежелуі, дене қызуының темендеуі, миоз, ал балаларда тырысулар (тыныс алу мүшелерінің салдануынан өлімге алып келуі мүмкін) байқапады. Жедел жәрдем; асқазанды шаю (морфинмен уланғанда - 0,05% калий перманганатымен немесе белсендірілген кемірдің суспензиясымен бірнеше қайтара шаю), ішке белсендірілген көмір, түзды іш айдағыш дәрілер, күре тамырға наркотикалық анальгетиктердің антогонисті налоксон енгізу қажет (налтрексон ішке әсері 1-2 сағ. кейін байқалып, 24-48 сағ. созылады. Олар апиынды нашақорлықты емдеу үшін қолданылады); оттегімен емдеу, екпеге жасанды дем беру; анапептиктер; атропин; форсирленген диурез; науқастың денесін жылытып; тілдің кетуін алдын алу қажет.
Могрһini hydrochloridum - морфин гидрохлориді (А) 0,01 таб.- 1 таб. тәулігіне 2-3 рет; 1% - 1 мл еріт. амп. (шприц-тюбикте) - т/а енгізіледі. Морфиннің анальгетикалық әсерінің үзақтығы 3-5 сағ. созылады.
Оmnoponum - омнопон (А): 1% және 2% еріт. амп. шығарылып, 1 мл т/а енгізіледі.
Ргоmedolum- промедол (А): 0,025 таб.; 1% және 2% еріт. амп. шығарылып, 1 мл-ден т/а, б/е, к/т.
Рһеntanylum-фентанил (А): 0,005% 2 және 5 мл еріт. амп. шығарылып, б/е және к/т енгізіледі.
Реntazocinum- пентазоцин (А): 0,05 таб; 3% - 1 мл еріт. амп. шығарылып, т/а, б/е, к/т енгізіледі.
Butorfanolum-буторфанол (А): 0,2% 2 мл еріт. амп. шығарылып, б/е және к/т енгізіледі.
Вuprenorphinum -бупренорфин (А): 0,0002 таб. шығарылып, ішке және тіл астына; 0,03% -1 мл еріт. амп. шығарылып, б/е және к/т.
Тramadolum- трамадол (А): 0,05 капс. тәулігіне 3-4 рет (8 ретке дейін); 0,1 супп.; 5%-1 мл және 2 мл еріт. амп. шығарылып, б/ежәне к/т енгізіледі.
Наркотикалық анальгетиктердің антогонистері
Naloxoni hydrochloridum - налоксон гидрохлориді (А): 1 мл амп. шығарылып (0,4 мг/мл), т/а, к/т, б/е.
2. Бейнаркотикалық анальгетиктер
Бейнаркотикалық анальгетиктердің ауырсынуды басатын, ыстықты түсіретін және қабынуға қарсы әсерлері бар. Қабыну ауруларында, ревматоидты ауруларда, тромбозды алдын алу үшін, невралгияда, радикулитте; тіс, бас, буын, бұлшық ет ауруларында; еттеккір бүзылыстарында және ревматизмде қолданылады. Ап жарақаттарда және этиологиясы басқа ауруларда әсер етпейді. Бейнаркотикалық анапьгетиктер ыстықты басатын дәрі-дәрмек ретінде қолданылады. Наркотикалық анальгетиктерге қарағанда тыныштандыратын және үйықтататын әсері жоқ, тыныс апу, жөтел орталықтарын тежемейді, эйфория, үйренгіштікжәнедәріге тәуелділік тудырмайды. Әсер ету механизмі; бейнаркотикалық анальгетиктер ұлпалардағы арахидон қышқылынан простагландин түзетін циклооксигеназа (циклооксигеназаның 2 түрі бар (ЦОГ1, ЦОГ 2)) ферментінің бәсеңсіткіші (ингибиторы) болып табылады (простгландин - ауырсыну, қызба және қабынуды шақырады). Простагландиндердің әсерінен қан тамырлар кеңейеді және қабыну аймағында ісінулер байқалады. Простагландиндер гипоталамустағы жылуды реттеу орталығының сезімтапдығын күшейтіп, оның нәтижесінде қызба байқалады. Бейнаркотикалық анальгетиктер простагландиндердің синтезін тежеп қана қоймай, сонымен қатар афферентті иннервация арқылы таламусқа импульстің өтуін бүзады. Ыстықты түсіретін әсері жылуды реттеу орталығының қозуы төмендеуі нәтижесінен болады. Қабынуға қарсы әсері қабыну медиаторларының (простагландиндер)
өнімдерінің төмендеуімен байланысты.
Бейнаркотикалық анальгетиктердің жіктелуі:
а) аналыетик - антипиретиктер (ауырсынуды басатын және ыстықты түсіретін қасиеті бар):
1.Салицил қышқылының туындылары: ацетилсалицил қышкьілы (аспирин), натрий салицилаты, салициламид.
Асidum acetylsalicylicum - ацетилсалицил қышқылы: 0,25 және 0,5 таб. тамақтан кейін уатып сумен қабылдау қажет. Ацетилсалицил қышқылы қабынуға қарсы, ыстықты түсіретін (әсері басымырақ) және ауырсынуды басатын қасиеттері бар. Жанама әсері: диспепсия, құсу, лоқсу, асқазан тұсының ауырсынуы, ульцерогенді әсері (АІЖ-ң жарасының зақымдануы), асқазан мен ішектен қан кету, аллергиялық реакциялар, бронхспазм, бас айналуы, құлақ шуылдау және есту қабілетінің бұзылуы, қан ұюының төмендеуі мен тератогенді әсерлер байқалуы мүмкін.
Антиагрегантты және кейбір антикоагулянтты әсеріне байланысты ацетилсалицил қышқылы жүрек-қан тамыр жүйесімен байланысты тромбтың асқынуын алдын алуда кеңінен қолданылады. Ацетилсалицил қышқылының антиагрегантты әсері аз мөлшерінде байқалады 0,2 - 0,25 мөлшерде тәулігіне қабылданады. Осы мақсатта ацетилсалицил қышқылының арнайы препараттары шығарылған: тромбо АСС, аспирин- кардио, құрамында 0,05 және 0,1 дәрілік заты бар.
Ацетилсалицил қышқылының көпіргіш таблеткалары: “Аспирин С”, “АЦЦ+С-Меркле”, “Алка-Зельтцер”, “Форталгин С”.
Егуге арналған ацетилсалицил қышқылы: ацелизин (аспизоль) (жедел ауырсынуда, қызу көтерілгенде, тромбофлебитте): 1,0 флаконда + 5 мл инъекцияға арналған суда ерітіп, б/е, к/т - 200 мл изотонды NаСІ немесе глюкоза еріт. тамшылатып енгізеді; натрий салицилаты: 10% - 5 және 10 мл еріт. амп. шығарылып, к/т енгізіледі.
Кцыстырылған препараттары: “Асфен”, “Аскофен”, “Кофицил”, “Цитрамон”, “Седальгин”, “Олдон”, “Ацифеин”, “Миронал”, “Томапирин”, “РингЫ”, Цефекон N (напроксен+салициламид+кофеин).
-
Пирозолон туындылары: антипирин, аналыин.
Апаідіпит - анальгин (Б) - 0,5 таб. 50% 1-2 мл еріт. амп. шығарылып, б/е, к/т енгізіледі. Анапыиннің ауырсынуды түсіретін, қабынуға қарсы және ыстықты түсіретін қасиеттері айқын байқалады. Жанама әсері: қан жүйесінің тежелуі (лейкопения, гранулоцитопения, агранулицитоз) жүрек қан тамыр жүйесінің бүзылуы (стенокардия, жүрек жеткіліксіздігі), аллергиялық реакциялар, ісіну, пиразолон туындыларының өнімдерінің ыдырауынан несеп қанық-сары немесе қызыл түске боялуы байқалады. 5 күннен артық қабылдауға болмайды.
Қүрамында анальгині бар препараттар: “Баралгин”
(анальгин+спазмолитик), “Максиган”, “Спазган”, “Спазмалгон”, “Триган”, “Ревалгин” таб. және амп.; 5 мл б/е және к/т (қүрамы: анальгин + миотропты спазмолитик + М-холиноблокатор) енгізіледі. Бүл препараттардың аналыетиктикалық және спазмолитикалық әсері бар. Бауыр, бүйрек және ішек ауруларында, панкреатитте қолданылады. “Темпалгин" таб. (анальгин + темпидин + транквилизатор) түрінде шығарылады. Бұл препарат бас, тіс ауруларында, люмбагода, радикулитте тиімді. Анальгетик ретінде “Тетралгин”, “Пенталгин”таб. қолданылады. Анальгетикалық, спазмолитикалық және қан тамырды кеңейтетін әсері бар “Андипал” таб. (қүрамы: анальгин + дибазол +папаверин + фенобарбитал) тағайындалады.
3. Пара-аминофенол туындысы: парацетамол
(панадол, ацетаминофен, эффералган, тайленол, калпол, цефекон Д (супп.)) - анальгетикалық және ыстықты түсіретін қасиеті бар, ал қабынуға қарсы әсері мүлдем жоқ. Жанама әсері: Нефро- және гепатотоксикалық әсер, қан жүйесінің бүзылуы, аллергиялық реакциялар байқалады. Салицилаттарды, әсіресе парацетамолды үзақ уақыт қабылдаған (көп мөлшерде) балаларда Рейе синдромы: улы энцефалопатия, бауыр, ми және бүйрек дистрофиясы байқалып, өлімге алып келуі мүмкін.
Рагасеіетоіит - парацетамол (Б); 0,2 және 0,5 таб; 0,25 және 0,5 супп. шығарылады. Келесі препараттардың қүрамына кіреді: “Солпадеин” таб. (парацетамол + кодеин + кофеин); “Дарвал” таб; “Панадол-экстра” (парацетамол+кофеин); “Цитрамон П” (аспирин+ парацетамол+кофеин) “Колдрекс”, “Фервекс”, “Тера-Флю”, “Ибуклин”, “Ринза”, “Но-шпалгин” (парацетамол + но-шпа + кодеин) және т.б.
б) Стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер (ауырсынуды басатын және ыстықты түсіретін қасиеті сақталынған, ал қабынуға қарсы әсері басымырақ).
Ревматизмде, ревматоидты артритте, полиартритте және миокардитте, радикулитте; Бехтерев ауруында; артрозда; невралгияда; миозитте; флебитте; подаграда қрлданылады.
1.Салицил қышқылының туындысы: аспирин, катрий салицилаты; метилсалицилат - артритте, миозитте сыртқа қолданылатын линимент және жағылма қүрамына кіретін сүйықтық.
2. Пиразолон туындысы: антипирин, амидопирин, анальгин; бутадион (фенилбутазол) - басқа топ препараттарынан айырмашылығы
қабынуға қарсы әсері басым және әсері үзақтығымен ерекшеленеді.
Бутадион улы: диспепсия, АІЖ-ның шырышты қабықшасын зақымдайды, лейкопения және агронулоцитоз, ісіну, аллергиялық реакциялар тудырып, бауыр қызметін бүзады.
Вutadionum - бутадион (Б): 0,15таб.-1 таб. тәулігіне 3-4 реттамақпен бірге немесе тамақтан кейін, 5% - 20,0 жағылмасы бар. Амидопиринмен бірге “Реопирин” (амидопирин+бутадион), “Амбене” (дексаметазон + бутадион + лидокаин + натрий салициламид), “Пирабутол” препаратының қүрамына кіреді, таб. және амп. түрінде 5 мл к/т енгізіледі.
3.Басқа да топ туындылары:
Іпсіотеіасіпит - индометацин (метиндол, индобене): 0,025 және 0,05 таб. және капс. шығарылып, 1-2 таб. (капс.) 2-4 рет күніне тамақпен бірге немесе тамақтан кейін, 0,05 және 0,1 супп. түрінде; 3% 1-2 мл еріт. амп. шағырылып, б/е; 5% және 10% 30,0 және 40,0 жағылма түрінде шығарылады. Бутадион және салицилаттардан әсері күштірек, индолсірке қышқылының туындысы болып табылады. Жағымсыз әсері жағынан нейротоксикалық, асқазанғауытты әсері, нефротоксикалық әсері бар. Осы топқа