ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 1070
Скачиваний: 6
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
толметин (толектин), сулиндак (клинорил), кеторол (кеторолак трометамині) жатады.
Кеtorol - кеторол 0,01 таб. - 1-2 таб. тәулігіне 4-6 рет; 3% 1 мл еріт. амп. шығарылып, б/е және к/т енгізіледі.
Diclofenac-natrium - диклофенак натрий (ортофен, вольтарен) (Б): 0,025 және 0,05 таб. тәулігіне 2-3 реттамақпен бірге немесе тамақтан соң; 2,5% 3 мл еріт. амп. шығарылып, б/е енгізіледі. Бүл препарат қабынуға қарсы дәрілік заттар ішінде ең белсенді және кең терапевті әсері бар, улылығы төмен фенилсірке қышқылының туындысы болып табылады. Тиімділігі жоғары болғандықтан, ревматологияда қатты ауырсынуларда кеңінен қолданылады.
Ibuprofenum - ибупрофен (бруфен, долгит, нурофен) (Б): 0,02 - 0,04 таб. әсері бутадионға үқсас, улылығы төмен (сондықтан, жағымсыз реакциялар аз байқалады), АІЖ-ның шырышты қабығын тітіркендірмейтін фенилпропион қышқылының туындысы болып табылады. Қиыстырылған препараттары: “Ибуклин”, “Новиган”.
Naproxenum - напроксен (напросин) (Б): 0,25 таб. 1 таб. таңертең және кешке қабылдау үшін. Әсері үзақ, бірақ қабынуға қарсы әсері төмен, улылығы аз нафтилпропион қышқылының туындысы болып табылады. Қиыстырылған препараттары: „Цефекон -Н”, „Гіенталгин -Н".
Кеtoprohenum- кетопрофен (кетонал, фастум, быструмгель) (Б): қабынуға қарсы әсері жоғары, әсіресе ауырсынуларды (гинекологиялық) басу үшін қолданылады; 0,05 капс. Тәулігіне 3 рет тамақпен бірге 0,3 таб. – 1 таблеткадан таңертең тамақпен бірге немесе тамақтан кейін (шайнамай), 0,1 супп. Түрінде; 10% - 1 мл амп. Шығарылып, б/е енгізіледі. Құрамы мен әсері жағынан ибупрофенге ұқсас.
Оксикам туындылары; пироксикам (фелден, финалгель) – әсері ұзақ, тәулігіне 1 рет қабылдау қажет.; лорноксикам (ксефокам) анальгетикалық әсері жоғары, ісік ауруларында, операциядан кейінгі кезеңдерде қолданылады.
Мелоксикам (мовалис) – қабынған аймақта түзілген циклооксигеназа-2 (ЦОГ-2) таңдамалы тежейді. Қабынуға қарсы әсері жағынан ревматоидты артритте тиімді. Жанама әсері аз байқалады. Әсері ұқсас препараттарға; целококсиб (жағымсыз реакциялар аз байқалады) және нимесулид (месулид, найз, нимесил, нимулид) – сульфонанилид туындысы болып табылады. ЦОГ-2 таңдамалы тежейтін препараттар қолдануға қауіпсіз, терапевтикалық мөлшерінде АІЖ – на әсер етпейді және тромбоциттердің агрегациясын өзгертпейді.
Бейнаркотикалық анальгетиктерді СЕҚҚД асқазан мен ұлтабардың ойық жарасында, бауыр мен бүйректің қызметі бұзылуында, асқазан мен ішектен қан кетуде, бронхоспазмда («аспириндік» демікпе), лейкопенияда, жүктілікте (босанудың алдында) және лактацияда
қолдануға болмайды. Жас балаларға абайлап қолдану қажет.
Психотропты дәрілер
Психотропты дәрілер адамның психикасы мен эмоциясына, көңіл- күйіне, мінез- құлқына және ойлау қабілетіне таңдамалы әсер етеді. Бұл топ препараттары психиатрияда және неврологияда, сондай – ақ терапевтикалық, хирургиялық, онкологиялық тәжірибеде және т.б. медицина салаларында кеңінен қолданылады.
Психотропты дәрілердің жіктелуі:
Нейролептиктер (психозға қарсы дәрілер): қабылдауды және ойлау қабілетін қалыпты жағдайға келтіріп, психикалық қозуды (сандырақ, елестеу, қорқыныш, озбырлық (агрессивтілік) басатын дәрі – дәрмектер тобы. Бұл топ препараттардың көбісінің айрықша тыныштандыратын қасиеті бар. Нейролептиктердің жіктелуі:
Әсер ету механизмі әртүрлі: дофаминолитикалық, серотонинолитикалық, – адренолитикалық, М – холинолитикалық, Н1 – антигистаминдік ісер етеді.
Фармокологиялық әсері:
Шизофренияда, психозда, тоқтаусыз құсуда (сәулесоқпен емдеуде, цитостатиктермен емдеуде, ми ісігінде, наркоздан кейін, жүктілікте) ықылықта, гипертониялық кризде, нейролептанаьгезияда және операциядан алдын қолданылады. Жанама әсері: әкстрапирамидті бұзылыстар (дәрілік паркинсонизм), артериялық гипотензия және коллапсқа алып келуі мүмкін, тахикардия, м – холинотежегіш әсерлер (ауыз қусының құрғауы, көз қарашығының кеңеюі, глаукома, атониялық іш қату, қуық сфинктерінің дисфункциясы), бауыр қызметінің бұзылуы, қан жүйесінің бұзылуы (гемалитикалық анемия, клозапин қабылдағанда агранулоцитоз байқалады), гипофиздің тропты гормонының секрециясының өзгеруінен (кортико, сомато және лактотропты) эндокринді бұзылыстарға алып келуі мүмкін, аллергиялық реакциялар, күн сәулесіне тері сезімталдығының жоғарылауы, ұрықтың жатырішілік дамуының бұзылуы (тератогенді әсер) және депрессия байқалады. Аминазин тітіркендіргіш әсер көрсетеді (флебит, инфильтрат). Бауыр, бүйрек зақымдалуында, қан жасалу қызметінің бұзылуында, жүрек пен ОЖЖ – нің зақымдануларында, тромбоэмболияда және гипотонияда қолдануға болмайды.
Aminazinum – аминазин (Б); 0,025: 0,05: 0,1 драже. -1-2 дражеден тамақтан соң тәулігіне 1-3 рет: 2,5%-1: 2: 5 және 10 мл.ерітінді амп. (1-5 мл 2-5 мл 0,25 – 0,5% новокаин еріт.ерітіп б\е тәулігіне 3 реттен көп емес, 2-3 мл 20 мл 5 % немесе 40% глюкоза еріт. к/т – баяу енгізіледі.
Triftazinum – трифтазин (Б): 0,005 және 0,01 таб. – 1 таб. Тамақтан соң тәулігіне 2-4 рет б\е енгізіледі.
Aethaperazinum - этаперазин (Б): 0,004: 0,006 және 0,01 таб. 1 таб. Тамақтан соң тәулігіне 3-4 рет енгізіледі.
Haloperidolum – галоперидол (Б): 0,0015 және 0,005 таб. – 1 таб. Тамақтан бұрын тәулігіне 2-5 рет: 0,2% 10мл еріт.флаконда шығарылып, 10-15 тамшыдан тамақтан соң тәулігіне 2-5 рет: 0,5% 1 мл еріт.амп. шығарылып, 0,4-1 мл тәулігіне 2-3 рет б\е енгізіледі.
Droperidolum – дроперидол (Б); 0,25% 5 және 10 мл еріт. Амп. Шығарылып, 1-2 мл б\е және к\т енгізіледі.
Chlorprothixenum – хлорпротиксен (Б): 0,015 және 0,05 таб. 1 таб. Тамақтан бұрын тәулігіне 2-4 рет: 2,5% 1 мл еріт. Амп. 1-2 мл б\е енгізіледі.
Azaleptinum – азалептин (Б): 0,025 және 0,1 таб. – 1таб. Тамақтан соң тәулігіне 2-3 рет: лепонекс – 2,5% 2 мл еріт.амп. – б\е енгізіледі.
Sulpiridum – сульпирид (Б): 0,05: 0,1 және 0,2 таб. – 1 таб. Тәулігіне 1-4 рет: 5% 2 мл еріт.амп.шығарылып, тәулігіне 1-3 рет б\е енгізіледі. Асқазанның шырышты қабығына, құсыққа қарсы және «цитопротекторлық» әсеріне, сондай – ақ сульпиридтің жүйке жүйесіне оң әсеріне байланысты, асқазан мен ұлтабардың жараларында қолданылады.
Транквилизаторлар (анксиолитиктер) – жүйке тозуында (невроз) және некроз тәрізді бұзылыстарда байқалатын, қорқыныш, үрей, эмоционалдық кернеу, тынышсыздық, қозуды басуға бағытталған психотропты дәрілер тобы. Транквилизаторлардың нейролептиктерден айырмашылығы психозға қарсы әсері жоқ.
Жіктелуі:
- транквилизаторлық (анксиолитикалық – үрейге қарсы) әсері – феназепамда, лоразепамде, диазепамда, хлордиазепоксидте, мепробаматта, амизилде айрықша байқалған.
- ұйықтататын
- тырысуға қарсы
- Бұлшық ет босаңсытатын.
- Транквилизаторлар наркотикалық, ұйықтататын және анальгетикалық дәрілердің әсерін күшейтеді.
Әсер ету механизмі: ОЖЖ-де тежелу процесін күшейтетін ГАМҚ –н белсендіреді, яғни бензодиазепин туындылары ағзада бензодиазепинді рецепторлармен байланысып, ол ГАМҚ рецепторларының сезімталдығын күшейтеді. Невроз (жүйке тозуы) және невроз тәрізді жағдайларда, соматикалық ауруларда (гипертониялық ауру, ЖИА (жүректің ишемиялық ауруы), асқазан мен ұлтабардың жарасында, экземада, нейродермитте, вегетотамырдың дистониясында және т.б. ) ұйқысыздықта, тырысу жағдайларында, сондай – ақ операциядан алдын және кеінгі кезеңдерде
қолданылады. Жанама әсері: транквилизаторлар эйфория және дәріге тәуелділік тудырады, ұзақ қолданып препаратты доғарғанда, абстиненциялық синдром (қозу, ұйқысыздық, жүрек айну, құсу, діріл және т.б.) байқалады. Транквилизаторларды қабылдағанда есте сақтау қабілеті мен көңіл күйдің бұзылуы, ұйқы келуі, депрессия, бұлшық ет әлсіздігі және жүріп тұрудың бұзылуы байқалады. Транквилизаторларды көлік жүргізушілерге және айрықша назарды, тез ойлауды және жылдам қимыл әрекетті қажет ететін мамандықтағы қызметкерлерге қолдануға болмайды. Бензодиазепиндерді жедел бауыр мен бүйректің жеткіліксіздігінде, миастенияда және жүктілікте қолдануға болмайды. Емдеу кезінде алкогольді сусындар қабылдауға болмайды.
Sibazonum – сибазон (Б): 0,005 таб. 1-2 таб. Тәулігіне 1-3 рет: 0,5% 2 мл еріт.амп.шығарылып, 2-4 мл б\е, 4-6мл к\т баяу (10-20 мл 40% глюкоза ерітіндісімен) енгізіледі.
Phenazepamum – феназепам (Б): 0,0005 және 0,001 таб. – 1таб.тәулігіне 2-3 рет.
Chlordiazepoxidum – хлордиазепоксид (Б); 0,005 таб. -1-2 таб. Тәулігіне 1-4 рет белгіленеді.
«Күндізгі» транквилизаторлар; мезапам, грандаксин, оксилидин, мебикар, триоксазин – транквилизаторлық әсері өте төмен, ұйықтататын, тырысуға қарсы және бұлшық еттің босаңсуына әсер етпей, көңіл күй мен жұмысқа қабілеттілікті төмендетпейді.
Mezapamum - мезапам (Б): 0,01 таб. – 1таб. тәулігіне 2-3 рет.
Grandaxinum - грандаксин (Б); 0,05 таб. – 1 таб. тәулігіне 1-3 рет.
Mebicarum – мебикар (Б): 0,3 таб.-1таб. тәулігіне 1-3 рет белгіленеді.
Тыныштандыратын (седативті) дәрілер – күшті қозуды, тітіркенуді басуға бағытталған. Транквилизаторлардан айырмашылығы қорұыныш сезімін, үрейді баса алмайды, миорелаксациялаушы әсері жоқ, дәріге тәуелділік тудырмайды. Ұйықтататын әсері жоқ, бәрақ ұйқы келуін жеңілдетеді.
Әсер ету механизмі: ми қыртысында тежелу процесін күшейтеді, ОЖЖ нің қозу процесін әлсіретеді, бас миының қыртыс қабатына өтетін белсенді импульстарды әлсіретеді. Седативті және спазмолитикалық әсер көрсетеді.
А) бром препараттары; натрий бромиді, калий бромиді, бромкамфора – бромидтер қозу мен тежелу процестерінің тепе теңдігін қалыптастырады, әсіресе ОЖЖ –ң күшті қозуларында, яғни бас ми қыртысының тежелу процесін күшейтеді.
Б) дәрілік өсімдік препараттары: шүйгіншөп (валериана), салаубас (бессмертник), пассифлора, таушымылдық (пиона), ново– пассит. Шүйгіншөп препаратының тыныштандыратын әсерінен басқа, спазмолитикалық әсері бар, яғни жүрек қан тамыр жүйесі неврозында және АІЖ– ң түйілуінде қолданылады.

-
Нейролептиктер -
Транквилизаторлар -
Тыныштандыратын (седативті) дәрілер -
Антидепрессанттар -
Нормотимиялық дәрілер -
Психостимуляторлар -
Ноотроптар -
Жалпы тонусты реттейтін дәрілер (Адаптогендер)
Нейролептиктер (психозға қарсы дәрілер): қабылдауды және ойлау қабілетін қалыпты жағдайға келтіріп, психикалық қозуды (сандырақ, елестеу, қорқыныш, озбырлық (агрессивтілік) басатын дәрі – дәрмектер тобы. Бұл топ препараттардың көбісінің айрықша тыныштандыратын қасиеті бар. Нейролептиктердің жіктелуі:
-
Фенотиазин туындылары: аминазин (хлопромазин), трифтазин (трифлуперазин, стелазин), левомеппромазин (тизерцин), этаперазин. -
Тиоксантен туындысы: хлорпротиксен (труксал). -
Бутирефенон туындысы: галоперидол, дроперидол. -
Химиялық құрылысы басқа да препараттары: клозапин (азелиптин, лепонекс), сульпирид (эглозил).
Әсер ету механизмі әртүрлі: дофаминолитикалық, серотонинолитикалық, – адренолитикалық, М – холинолитикалық, Н1 – антигистаминдік ісер етеді.
Фармокологиялық әсері:
-
Психозға қарсы (сандырақ, елестеуді басады) аминазинде, трифтазинде, левомепромазинде, этаперазинде, галоперидолда, хлорпротиксенде айрықша байқалады. -
Транквилизаторлық (тыныштандырып, қорқыныш және үрейді басады) аминазинде, тизерцинде, галоперидолда, дроперидолда айрықша байқалады. -
Құсыққа қарсы әсері галоперидолда, дроперидолда, зтаперазинде, сульпиридте айрықша байқалады. -
Гипотермиялық (жылу бөлінуін күшейтіп, жылу өнімін төмендетіп жасанды гипотермия тудырады) әсер көрсетеді. -
Бұлшық ет босаңсытады. -
Наркотикалық, ұйықтататын және анальгетикалық дәрілердің әсерін күшейтеді. -
Антигистаминдік әсер көрсетеді. -
Гипотензивті ( - адренорецепторды тежегіш әсерімен байланысты) әсері – аминазинде, дроперидолда айрықша байқалады. -
Дәрілік паркинсонизм тудырады: көбінесе – галоперидолда, трифтазинде, аминазинде: сирек – хлорпротиксенде, клозапинде, сульпиридте байқалады. Осы жағдайды алдын алу үшін паркинсонизмге қарсы дәрілік заттарды (циклодол және т.б.) белгілейді.
Шизофренияда, психозда, тоқтаусыз құсуда (сәулесоқпен емдеуде, цитостатиктермен емдеуде, ми ісігінде, наркоздан кейін, жүктілікте) ықылықта, гипертониялық кризде, нейролептанаьгезияда және операциядан алдын қолданылады. Жанама әсері: әкстрапирамидті бұзылыстар (дәрілік паркинсонизм), артериялық гипотензия және коллапсқа алып келуі мүмкін, тахикардия, м – холинотежегіш әсерлер (ауыз қусының құрғауы, көз қарашығының кеңеюі, глаукома, атониялық іш қату, қуық сфинктерінің дисфункциясы), бауыр қызметінің бұзылуы, қан жүйесінің бұзылуы (гемалитикалық анемия, клозапин қабылдағанда агранулоцитоз байқалады), гипофиздің тропты гормонының секрециясының өзгеруінен (кортико, сомато және лактотропты) эндокринді бұзылыстарға алып келуі мүмкін, аллергиялық реакциялар, күн сәулесіне тері сезімталдығының жоғарылауы, ұрықтың жатырішілік дамуының бұзылуы (тератогенді әсер) және депрессия байқалады. Аминазин тітіркендіргіш әсер көрсетеді (флебит, инфильтрат). Бауыр, бүйрек зақымдалуында, қан жасалу қызметінің бұзылуында, жүрек пен ОЖЖ – нің зақымдануларында, тромбоэмболияда және гипотонияда қолдануға болмайды.
Aminazinum – аминазин (Б); 0,025: 0,05: 0,1 драже. -1-2 дражеден тамақтан соң тәулігіне 1-3 рет: 2,5%-1: 2: 5 және 10 мл.ерітінді амп. (1-5 мл 2-5 мл 0,25 – 0,5% новокаин еріт.ерітіп б\е тәулігіне 3 реттен көп емес, 2-3 мл 20 мл 5 % немесе 40% глюкоза еріт. к/т – баяу енгізіледі.
Triftazinum – трифтазин (Б): 0,005 және 0,01 таб. – 1 таб. Тамақтан соң тәулігіне 2-4 рет б\е енгізіледі.
Aethaperazinum - этаперазин (Б): 0,004: 0,006 және 0,01 таб. 1 таб. Тамақтан соң тәулігіне 3-4 рет енгізіледі.
Haloperidolum – галоперидол (Б): 0,0015 және 0,005 таб. – 1 таб. Тамақтан бұрын тәулігіне 2-5 рет: 0,2% 10мл еріт.флаконда шығарылып, 10-15 тамшыдан тамақтан соң тәулігіне 2-5 рет: 0,5% 1 мл еріт.амп. шығарылып, 0,4-1 мл тәулігіне 2-3 рет б\е енгізіледі.
Droperidolum – дроперидол (Б); 0,25% 5 және 10 мл еріт. Амп. Шығарылып, 1-2 мл б\е және к\т енгізіледі.
Chlorprothixenum – хлорпротиксен (Б): 0,015 және 0,05 таб. 1 таб. Тамақтан бұрын тәулігіне 2-4 рет: 2,5% 1 мл еріт. Амп. 1-2 мл б\е енгізіледі.
Azaleptinum – азалептин (Б): 0,025 және 0,1 таб. – 1таб. Тамақтан соң тәулігіне 2-3 рет: лепонекс – 2,5% 2 мл еріт.амп. – б\е енгізіледі.
Sulpiridum – сульпирид (Б): 0,05: 0,1 және 0,2 таб. – 1 таб. Тәулігіне 1-4 рет: 5% 2 мл еріт.амп.шығарылып, тәулігіне 1-3 рет б\е енгізіледі. Асқазанның шырышты қабығына, құсыққа қарсы және «цитопротекторлық» әсеріне, сондай – ақ сульпиридтің жүйке жүйесіне оң әсеріне байланысты, асқазан мен ұлтабардың жараларында қолданылады.
Транквилизаторлар (анксиолитиктер) – жүйке тозуында (невроз) және некроз тәрізді бұзылыстарда байқалатын, қорқыныш, үрей, эмоционалдық кернеу, тынышсыздық, қозуды басуға бағытталған психотропты дәрілер тобы. Транквилизаторлардың нейролептиктерден айырмашылығы психозға қарсы әсері жоқ.
Жіктелуі:
-
Бензодиазепин туындысы – диазепам (седуксен, сибазон, реланиум, валиум), феназепам, хлордиазепоксид (хлозепид, элениум, либриум): нозепам (оксазепам, тазепам) лоразепам, альпразолам (альпракс, ксанакс), медазепам (мезапам, рудотель, нобриум), тофизопам (грандаксин). -
Басқа да топ туындылары: мепропан (мепробамат), амизил, оксилидин, мебикар, триоксазин. -
Негізгі фармокологиялық әсерлері;