ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 1069

Скачиваний: 6

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Жеңіл неврозда, неврастенияда, жоғары тітіркенуде, вегетоневрозда (гипертониялық ауру, жүрек қан тамыр жүйесінің неврозы, АІЖ–ң түйілуі және т.б.), ұйқысыздықта қолданылады. Өсімдіктен алынған препараттары жақсы қабылданып, амбулаториялық тәжірибеде, әсіресе бөгде адамдарда кеңінен қолданылады. Жанама әсері: бромидтерді ұзақ қолданғанда кумуляцияға ұшырап, «бромизм» тудырады – жалпы теңселу, апатия, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, шырышты қабықшалардың қабынуы (жөтел, насморк, бронхит, коньюнктивит, іш өту), тері бөртпелері мұндай жағдайда бром препараттарын доғарып, көп мөлшерде сұйықтық және натрий хлоридімен бірге (тәулігіне 20г) белгіленеді.

Natrii bromidum – натрий бромиді. Kalii bromidum – калий бромиді: 1%-3% еріт.ішуге арналған микстура құрамына кіреді.

Bromcamphora – бромкамфора: 0,15 және 0,25 таб. -1-2 таб. тәулігіне 2-3 рет.

Tinctura valerianae – шүйгіншөп тұндырмасы: 30 мл флаконда 20-30 тамшыдан тәулігіне 3-4 рет.

Tincture leonuri – салаубас тұндырмасы: 25 мл флаконда 30-5- тамшыдан тәулігіне 3-4 рет.

Қиыстырылған препараттары: корвалол, валокордин, валокормид, валоседан, персен.

Corvalolum- корвалол: 15 мл флаконда, 15-40 тамшыдан тәулігіне 2-3 рет қабылдайды. Корвалол тыныштандыратын, спазмолитикалық және қан тамырды кеңейтетін әсері бар.

Антидепрессанттар(тимолептиктер); ниаламид (нуредал), имипрамин (имизин, мелипрамин), амитриптилин (триптизол), флуоксетин (прозак), пиразидол.

Антидепресанттар тқнжырау (депрессия) белгілерін басуға бағытталған: жүйке– психикалық және соматикалық ауруы бар науқастардың психикасы мен ойлау қабілетінің бұзылуымен жүретін эмоционалды кернеу, апатия, тежелу мен көңіл– күйдің төмен болуында тағайындалады. Антидепресанттар дені сау адамдардың психикасына ісер етпейі. Депрессия түріне байланысты әсері әртүрлі бағыттағы препараттар белгіленеді: астениялық жағдайда – қуаттандырғыш әсері бар антидепресанттар, ал үреймен жүретін депрессияда – психотыныштандырғыш әсері бар антидепрессанттар тағайындалады. Ниаламид – жүйке және талшық ұштарында серотонин, норадреналин және дофаминнің жиналуын және ОЖЖ– не синапсқа енуін күшейтетін МАО бәсеңсіткіш (ингибиторы) болып табылады, ол жанама әсердің көбеюіне алып келеді. Ниаламид психоқуаттандырғыш әсер көрсетеді. МАО ингибиторларымен емделу кезінде ірімшік, бұршақ тұқымдастарын, құс бауырларынан, жер жаңғақ, банан, кофе, сыра, шарап, кептірілген еттерден бас тартуға тура келеді. Бұл өнімдердің құрамында тирамин бар, ол тираминді синдром тудырады, қан қысымын жоғарылатып, гипертензивті кризде айқын байқалады.


Pirazidolum – пиразидол (Б): 0,025 және 0,05 таб. 1-2 таб. тәулігіне 2 рет. МАО А түрінің ингибиторы, ОЖЖ– не реттегіш әсер көрсетеді, ал қорқыныш жағдайларында тыныштандыратын әсер көрсетеді.

Imipraminum (imizinum) – имипрамин (Б): 0,025 таб. -1-2 таб. тамақтан соң тәулігіне 4 рет: 1,25% 2 мл еріт.амп.шығарылып, 2 мл- ден б\е тәулігіне 1-3 рет. Норадриналиннің, дофаминнің, серотониннің ұсталуын тежейді, одан синапста жиналуын, физиологиялық белсенділігін күшейтетін 3 циклді антидепрессанттар болып табылады.

Amitripthylinum – амитриптилин (Б): 0,025 таб. : 1%-2 мл еріт.амп.шығарылып, б\е және к\т енгізіледі. Құрылысы мен әсер ету механизмі имизинға ұқсас, бірақ тыныштандыратын әсері жоғары. Азафеннің әсеріне ұқсас.

Fluoxetinum – флуоксетин (Б); 0,02 капс. Таңертең тәулігіне 1 рет. Әсері жүйке ұштарындағы серотонин, норадреналин және дофаминге аз мөлшерде ұсталуын тежейді. Психоқуаттандырғыш әсер көрсетеді.

Мапротилин (людиомил) – әсері мен қолданылуы имизинге ұқсас, норадреналиннің нейрональды ұсталуының ингибиторы.

Жанама әсері: антидепресанттра холинотежегіш әсер көрсетеді, психикалық бұзылыстар, АҚ– ң өзгеруі, диспепсиялық бұзылулар, гепатотоксикалық әсер және аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін. Антидепрессанттарды бауыр, бүйрек және қан жүйесі ауруларында, диабетте және жүктілікте қолдануға болмайды.
Норматимиялық дәрілер (литий препараттары): литий карбонаты, литий оксибутираты – маниакальды жағдайда (маниакальды депрессияда және т.б. ) алдын алу және емдеу үшін қолданылады.

Әсер ету механизмдері; қозуды күшейтеді, сондай – ақ ОЖЖ–ң нейромедиаторлық процестеріне әсер етіп, жүйке жасушаларының мембранасы арқылы Na+ иондарының өтуін бұзып, натрий иондарының антогонисті болып табылады.

Литий карбонаты (Lithii carbonas) – 0,3 таб. – тәулігіне 2-3 рет тамақтан соң, ішке белгіленеді. Литий оксибутираты ішке және б\е енгізіледі. Әсері ұзақ преапараттары микалит, контемнол.

Жанама әсері: қол мен саусақтардың дірілі, бұлшық еттің әлсіздігі, диспепсия, полиурия, шөлдеу мен жүрек ырғағының бұзылуы байқалады. Литий препараттарының емдік әсері әлсіз, сондықтан дәл мөлшерленуін қажет етеді. Бүйрек пен қалқанша безі қызметінің бұзылуында, жүрек жеткіліксіздігі мен өткізгіштіктің бұзылуында және жүктілікте қолдануға болмайды.
Психостимуляторлар: кофеин, фенамин (амфетамин), меридил (центедрин), сиднокарб (мезокарб), сиднофен, бемитил(бемактор).

Психостимуляторлар ОЖЖ – не қоздырғыш әсер көрсетеді, физикалық және ойлау қабілетін жоғарылатады, шаршауды басып, көңіл – күйді көтереді, ішкі тітіркенулерді басады және ұйқы келуі мен тәбетті төмендетеді. Психостимуляторларды көп қолданғанда жүйкенің психикалық және физикалық шаршауы, яғни физикалық және ойлау қабілеттілігінің тым жоғарлауынан ағзаның жүдеуіне алып келеді. Бір қабылдағаннан кейін де толық дем алу қажет. Психостимуляторлар үйренгіштік және дәріге тәуелділік тудырады. Сондықтан абайлап қолдану қажет (тек рецепт бойынша босатылады). Фенаминде шеткерлік симпатомиметикалық әсер көрсетеді: АҚ жоғарлауы, тахикардия, жүрек жиырылуының күшеюі, көз қарашығының кеіеюә, бронх бұлшық еттерінің босаңсуы байқалады.

Сиднофеннің антидепрессивті әсері жоғары, ал психоқуаттандырғыш әсері аз байқалады. Кофеинде психоқуаттандырғыш әсері аз, ал аналептикалық әсері көп байқалады. Психостимуляторларды (сиднокарб, сиднофен, меридил) шаршаумен, апатиямен жүретін астениялық жағдайда, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуінде, ұйқы келуінің артуында (нарколепсия), депрессияда (нейролептиктермен шақырылған), балаларда ойлау қабілетінің кеш дамуында, түнгі энурезде (ұйықтар алдында) қолданылады. Жанама әсері: психостимуляторлар ұйқысыздық шақырады (сондықтан тәуліктің бірінші жартысында қабылдаған жөн), тітіркену, тынышсыздық, бас ауыру, жүрек тұсының ауыруы, АҚ–ң көтерілуі, анорексия, ауыз қуысының құрғауы мен психоздық асқыну байқалады. Жүрек қан тамыр ауруларында, гипертиреозда және егде жастағы адамдардың психикалық қозуында қолдануға болмайды.

Sydnocarbum – сиднокарб (А); 0,01 таб.-1 таб.тәулігіне 1-2 рет.

Meridilum – меридил (А): 0,01 таб. 1 таб.тәулігіне 1-2 рет.

Бемитил (Б): 0,125 және 0,25 таб. шығарылады.

Антигипоксиялық және антиоксидантты әсері бар, яғни дене жүдеуінде жұмысқа қабілеттілікті күшейтеді (акропротекторлар), адаптогенді және иммунды қуаттандырғыш әсер етеді. Астенияда, неврозда,жарақатан кейінгі жағдайда, интоксикацияда, хирургиялық операциялардан кейінгі инфекцияларда және жүдеуде қолданылады.

Ноотроптар; пирацетам (ноотропил), аминалон (гаммалон), феннибут, пантогам, пикамилон, пиридитол (пиритинол, энцефабол), ацефен – есте сақтау қабілетін күшейтіп, қалпына келтіреді, жағымсыз әсерлерге мидың тұрақтылығын күшейтеді, яғни жоғарғы интегративті ми қызметін белсендіреді.


Әер ету механизмі; ағзадағы АТФ-ң айналымын жылдамдығы мен аценилатциклазаның

белсенділігін жоғарылатады.Зат алмасу процесін және ОЖЖ –нен қозудың берілуін

қуаттандырады. ГАМҚ – ергиялық зат болып табылады. Мидың энергетикалық процесін және

қанмен қамтамасыз етілуін жақсартады, оның гипоксияға және агрессивті әсерлерге

тұрақтылығын жоғарылатады. Есте сақтау қабілетінің бұзылуын қалпына келтіріп,интелектуальды

және танып – білудің функцияларын белсендіріп, оқу үрдістерін жақсартады. Шокқа қарсы, орталық миорелаксациялық, седативті, транквилизаторлық әсер көрсетеді.

Неврологияда, психиатрияда, геронтологияда және педиатрияда, мидың қан айналымының бұзылуымен байланысты ойлау қабілетінің жетіспеушілігінде; атеросклерозда, инсульттан кейін, бас миының жарақатынан кейін және интоксикацияда, маскүнемдікте, балалардың церебральды салдануында, олигофрения және есте сақтау қабілетінің, сөйлеу, көңіл бөлу, ойлау қабілетінің бұзылуына алып келетін энцефалопатиялық бұзылыстарда қолданылады. Емделу ұзақ уақыт жүргізіледі, ал әсері біртіндеппайда болады. Ноотропты дәрілер дені сау адамның жүйке дамуына әсер етпейді. Жанама әсері: диспепсиялық жағдайлар, ұйқы бұзылуы, аллергиялық реакциялар байқалуы мүмкін.

Pyracetanum – пирацетам (Б); 0,2 таб. 0,4 капс. – тәулігіне 3 рет тамақтан соң; 20% - 5мл еріт.амп.шығарылып, тәулігіне 1-2 рет б\е және к\т енгізіледі.

Жалпы тонусты реттейтін дәрілер (адаптогендер): жень - шень тұндырмасы, элеутерококктың сұйық сығындысы, қызғылт семізоттың сұйық сығындысы (родила розовая), заманиха тұндырмасы, стеркулия тұндырмасы, аралия тұндырмасы, сапарал, пантокрин, рантарин, цитруллин (стимол).

Әсер ету механизмі: ағзаның қорғаныс механиздерін қуаттандырады, ойлау қабілетін және ағзаның қолайсыз факторларға төзімділігін арттырады. Ағзадан аммоний иондарын шығарып, қандағы лактаттың деңгейін төмендетеді, метаболиттік процесін жақсартады. Бұл препараттар ОЖЖ - нің тонусын реттейді; зат алмасуды, ішкі секреция бездерінің қызметін, вегетативті иннервацияның тонусын (төмендеген қан тамырының тонусы мен АҚ –ы, жұрек жқмысын жоғарылатады) жақсартады; жағымсыз жағдайларға ағзаның төтеп беруін және жалпы қорғаныштықты күшейтеді. Астенияда, физикалық және ойлау қабілетінің қатты жүдеуінде, жұқпалы аурулардан кейін және жүдеуде, неврастенияда, вегетоқантамыр дисстониясында, гипотензияда қолданылады. Препарат жақсы қабылданады. Күшті жүйке қозуында, ұйқысыздықта, гипертониялық ауруларда
қолдануға болмайды.

Сапарал 0,05 таб. – 1 таб. Күніне 2 рет.

Tincture Ginsengiжень – шень тұндырмасы: 50 мл флаконда 25 тамшыдан тамақ алдында күніне 3 рет қабылдау қажет.

Аналептиктер

Аналептиктер ОЖЖ –ң барлық бөлімдеріне қоздырғыш әсер көрсетеді. Сопақша мидың тыныс алу мен тамыр қозғалтқыш орталықтарын қуаттандырып, көп мөлшерде ОЖЖ–ң басқа бөлімдеріне әсер етіп, наркозда айқын ояту әсеріне ие. Наркозға арналған дәрілермен (кофеин, кордиамин), ұйықтататын препараттармен (этимизол, бемегрид), этил спиртімен жедел уланғанда, жіті және созылмалы жүрек қызметінің жеткіліксіздігі мен жұқпалы аурулардың тыныс алу жеткіліксіздігінде (камфора, сульфокамфокаин, кордиамин), жедел каллапста, хирургиялық операциялардың шок жағдайында (этимизол, цититон), жаңа туған баланың (этимизол)тыныс алу жеткіліксіздігінде қолданылады. Энтеральды және парентеральды енгізіледі. Аналептиктерді балаларға абайлап қолдану қажет, гипоксиялық жағдайда (гипертермиялық әсері) тырысуларға алып келуі мүмкін.

Аналептиктердің ішінде фармокологиялық әсері жағынан спектрі кең этимизолмен камфора болып табылады. Этимизол қабынуға қарсы және аллергияға қарсы әсері бар; ойлау қабілетін жақсартады; гипоксияға қарсы қасиеті бар. Камфора кардиотоникалық әсер көрсетеді, бас миының қан тамырларын кеңейтіп, АҚ қалпына келтіреді, қан айналымның кіші шеңберінің қызметін жеңілдетеді, ұлпалардағы микроциркуляцияны жақсартады; қақырық түсіретін, өт айдайтын, терлеттетін, қабынуға қарсы, тітіркендіретін және иіссіздендіргіш әсерлері бар. Камфора – әлсіз аналептик болып табылады. Камфора спирті, камфора майы теріге жағуға арналған қабынуға қарсы және микробқа қарсы әсер көрсетеді. Камфора препараттары жіті және созылмалы жүрек қан тамыр жеткіліксіздігінде, коллапста, тыныс алудың тежелуінде, пневмонияда қолданылады. Қазіргі кезде камфораның суда еритін сульфокамфокаин (сульфакамфор қышқылы новокаин) препараттары бар.

Coffeinum – natrii bensoas – кофеин натрий бензоаты (Б): 0,1 және 0,2 таб.: 10% 1 және 2 мл еріт. амп.: 20% 1 және 2 мл еріт. амп. -1-2 мл т\а.

Cordiaminum – кордиамин (Б); 15 мл флаконда -30-40 тамшыдан тәулігіне 2-3 рет: 1 және 2 мл амп. Шығарылып, 0,5-2 мл-ден т\а, б\е, к\т енгізіледі.