ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 1068
Скачиваний: 6
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Bemegridum – бемегрид (Б); 0,5% 10 мл ерітінді ампулада шығарылып, 1-10 мл (70 мл дейін) к\т енгізіледі.
Aethimisolum – этимизол (Б); 0,1 таб. -3-4 рет тәулігіне тамақтан соң; 1% және 1,5% 3 және 5 мл еріт. амп. -4-5 мл т\а, б\е, 2-3 мл к\т.
Sulfocamphocainum – сульфокамфокаин (Б): 10% 2 мл еріт. амп. Шығарылып, 2 мл-ден тәулігіне 2-3 рет т\а, к\т енгізіледі.
Sol. Camphorae oleosa – камфораның майлы ерітіндісі: 20% 1 және 2 мл еріт.амп. -1-5 мл-ден тәулігіне 1-3 рет т\а тағайындалады.
4.Жүрек – қан тамыр жүйесіне әсер ететін дәрілер
Қан айналымы реттейтін дәрілер медициналық тәжірибеде жүрек жұмысы мен қан тамыры тонусының бұзылуында кеңінен қолданылады. Сондықтан жүрек қан тамыр жүйесіне әсер ететін дәрілерді қолданылуына қарай келесі топтарға жіктеледі:
1. Жүрек гликозидтері;
2. Антиаритмиялық дәрілер;
3.Антиангинальды дәрілер;
4.Гипотензивті дәрілер.
-
Жүрек гликозидтері
Жүрек гликозидтері айқын кардиотоникалық әсері бар, этиологиясы әртүрлі миокард дистрофиясымен байланысты, жүрек қызметінің жеткіліксіздігін емдеуге арналған өсімдіктерден алынған күрделі органикалық қосылыстар. Бұрынғы кезде құрамында жүрек гликозидтері бар өсімдіктерді медицинада жүрек қызметінің жеткіліксіздігін емдеуде қолданған. Олар: оймақгүл (наперстянка), строфант Комбе, меруертгүл (ландыш), жалынгүл (горицвет) және т.б. жүрек гликозидтерінің молекуласы екі бөлімнен тұрады: қантты (гликонды) және қантсыз (агликонды). Жүрек гликозидтері жүрекке таңдамалы әсер ете отырып, миокард жұмысын жақсартып, жіті және созылмалы жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде белгіленеді. Медициналық тәжірибеде кеңінен қолданылатын өсімдіктен алынған жүрек гликозидтері:
– Күлгін оймақгүл (Digitalis purpurea) – дигитоксин;
– Түкті оймақгүл (Digitalis Lanata) – дигоксин, целанид;
– Строфантин Комбе (Strophantus Kombe) – строфантин К;
– Меруертгүл (Convallaria) – коргликон;
– Жалынгүл (Adonis vernalis) – жалынгүл шөбінің тұнбасы.
Жүрек гликозидтерінің әсер ету механизмі кардиомиоцит мембранасындағы Na+, K+-АТФ- азаны (жүрек гликозидтерінің рецепторлары) тежегіш әсерімен байланысты, ол жасуша ішінде Na+, онымен қоса Ca2+ иондарының концентрациясы жоғарлауына алып келеді. Саркоплазмада Ca2+ иондарының мөлшері жоғарлауынан кардиотоникалық әсері байқалады. Ca2+ иондары трапонинді кешенмен байланысып, миокардтың жиырылғыш ақуыздың тежегіш әсерін жояды. Ол актин мен миозиннің бірігуінен пайда болған актиомиозин миофибриллдердің (бұлшықет талшықша) тез және күшті жиырылуына алып келеді. Жүрек гликозидтері жүрекке таңдамалы әсер көрсетеді.
Фармокологиялық әсері (жүрек гликозидтері жүрекке таңдамалы әсер көрсетеді):
1. Кардиотоникалық әсері: а) оң инотропты (систоланың күшеюі мен жеделдеуі, жүректің соғуы және минуттық көлемінің артуы), Б) Теріс хронотропты (диастоланың ұзаруы, жүрек ырғағының баялауы). В) Теріс дромотропты (миокардтың өткізгіштігінің төмендеуі г) Оң батмотропты (жүректің өткізгіштігінің артуы). Д) Оң тонотропты (миокард тонусының жоғарлауы).
2.Миокардта энергетикалық балансының жақсаруы (миокардтың оттегіге деген сұранысының артуы).
3.Диурездің күшеюі. Седативті (тыныштандыратын) әсер көрсетеді.
Осы себептерден жүрек гликозидтері систоланы күшейтіп қысқартады, соғуы мен минуттық көлемін арттырып жүрек қызметін күшейтеді, бірақ диастола ұзарып жүрек көбірек дем алады. Жүрек гликозидтері миокардтың қозуы мен автоматизмін күшейтеді, ол экстрасистолаға алып келуі мүмкін. Жүрек гликозидтері өткізгіштікті нашарлатып, ал артық мөлшерінде жүрек – қарынша бөгетін тудыруы мүмкін. Жүрек қызметінің жеткілісіздігімен ауыратын науқастар жүрек гликозидтерін қолданғанда жүректің реттелуі нәтижесінде күре тамыр іркілісі төмендеп, ісінулер жойылады, веноздық қысым төмендеп, ентігу жойылады.
Жүрек гликозидтерінің бір – бірінен айырмашылығы белсенділігіне, әсерінің пайда болу жылдамдылығына, әсерінің ұзақтығына және дәрілік заттың фармакокинетикасына байланысты. Мысалы, строфантин мен конвалятоксинді күре тамырға енгізгенде жүрекке әсері 5-10 мин. Соң басталады. Ал целанидте 5-30 мин. Соң басталады. Дигоксин ішке енгізгенде 30 мин.соң, ал дигоктоксин 2 сағ.соң әсер етеді. Жүрек гликозидтерінің кардиотоникалық әсерінің ұзақтығы ағзадағы инактивация жылдамдығына, оларды плазма ақуызымен байланысуына және ағзадан шығу жылдамдығына байланысты. Строфантин, жалынгүл және меруертгүл препараттары ағзадан тәулік бойында шығарылады. Әсері ұзақ, әсіресе дигитоксинде 2-3 апта, ал дигоксин мен целанидте 3-5 күнде ағзадан шығарылады. Жүрек гликозидтерінің әсері ұзарған сайын көп кумуляцияланады, яғни материальды кумуляцияға (дәрілік заттың ағзада жиналуы) ұшырайды. Өте жоғары кумуляцияланатын препарат дигитоксин (160сағ.), одан аздау дигоксин және целанид (34-36 сағ.), ал строфантин аз кумуляцияланады. Жүрек гликозидтерінің препараттары АІЖ– да бірдей сіңірілмейді, өте жақсы дигитоксин (90-95%), дигоксин мен целанид (20-40%) сіңіріледі, өте нашар сіңірілетін строфантин К
(5%) препараты. Жүрек гликозидтері жіті және созылмалы жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде, сонымен қатар жүрек қызметінің жеткіліксіздігін алдын алу үшін, суправентрикулярлы тахикардияда, жүрекше дірілінде қолданылады. Жүрек гликозидтерін жүрекше – қарынша бөгетінде, айқын брадикардияда және жұқпалы миокардитте қолдануға болмайды. Жүрек гликозидтерін гипокалиемияда және кальций препараттарымен бірге қолданғанда аса сақтық қажет.
Ұзақ әсер ететін препараттар
(созылмалы жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде қолданылады)
Digitoxinum – дигитоксин (кардитоксин) (А): 0,0001 таб. -1/2-1 таб.тәулігіне 1-2 рет: 0,00015 супп. Түрінде, тәулігіне 1-2 рет тік ішекке белгіленеді. Әсері 2-4 сағ. Соң басталып, 8-12 сағ.созылады, күшті кумуляцияланып 2-3 аптадан соң ағзадан шығарылады.
Cordigitum – кордигит (Б): 0,008 және 0,0012 супп. Шығарылады. Дигитоксинге қарағанда аз кумуляцияланады.
Digoxinum – дигоксин (ланикор) (А): 0,00025 таб.-1таб. Тәулігіне 3-5 рет: 0,025% 1 мл еріт.амп. – 10-20 мл 0,9% NaCl., тәулігіне 1-2 рет к\т. Дигоксинді ішке енгізгенде әсері 1 сағ. Басталып, 6-8 сағ.созылады; ал күре тамырға енгізгенде әсері 20-30 мин. Басталып6 3 сағ. Созылады, ағзадан 2-7 күнде шығарылады, дигитоксинге қарағанда аз кумуляцияланады.
Celanidum – целанид (ланатозид) (А): 0,00025 таб. – 1 таб. тәулігіне 2-3 рет: 0,05% 10 мл еріт.флаконда -10-25 тамшыдан тәулігіне 2-4 рет ішке; 0,02% 1 мл еріт.амп., к\т енгізіледі. Целанид, дигитоксинге қарағанда әсері тез және қысқа.
Herba adonidis vernalis – көктемгі жалынгүл шөбі (Б): 1-30 тұнба-1 ас қасықтан тәулігіне 3-4 рет тамақтан алдын; «Adonis – brom»- «Адонис - бром» 1 таб.тәулігіне 3 рет: Аdonisidum – Адонизид 20-40 тамшыдан тәулігіне 2-3 рет тамақтан 30 мин. Бұрын қабылдау қажет. Жалынгүл препараттары оймақгүл препараттарына қарағанда белсенділігі төмен, аз кумуляцияланады және тыныштандыратын әсері бар.
Тез әсер ететін препараттар
(жіті жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде қолданылады)
Strophantinum K – строфантин К (А): 0,05% 1 мл еріт.амп.- 10-20 мл 0,9% NaCl еріт., к\т баяу енгізеді. Әсері 5-10 мин. Басталып, 0,5-1,5 сағ. созылады, ағзадан 1-3 күннен соң шығарылады.
Corgliconum – коргликон (Б): 0,06 % 1 мл еріт.амп.-10-20мл 0,9% NaCl еріт.к\т баяу ағынмен енгізеді. Строфантинге қарағанда әсері тез, бірақ қысқа.
Улану. Жүрек мгликозидтерінің мөлшерін асырғанда ағза улануы мүмкін.
Белгілері: брадикардия, аритмия (экстрасистолия, жүрекше қарынша бөгеті, қарынша және жүрекше жыпылықтауы) құсу, лоқсу, көз көруінің нашарлауы, сандырақтау, галлюцинация (елестеушілік), тырысулар және АҚ-ң төмендеуі. Жүрек қызметі тоқтауынан адам өліміне алып келуі мүмкін.
Жәрдем: препаратты доғарып, жүрек гликозидтерінің антагонистерін (унитиол); калий препараттары (калий хлориді – к/т; панангин – ішке); ЭДТА динатрий (кальций ионын өзіне байланыстыру үшін); антиаритмиялық ддәрілер (лидокаин, дифенин, амиодарон және т.б., атриовентрикулярлы бөгетте және айқын брадикардияда – атропин) белгіленеді.
Жүрек гликозидтері қандағы калий ионының концентрациясын төмендететін дәрілермен (тиазидті диуретиктер, кортикостероидтар) бірге қолданғанда, кардиотоникалық әсері күшейеді.
Жүрек гликозидтерінің биологиялық стандартизациясы: белсенділігін бағалау құрбақада (кейде мысықтарда) жүргізіледі. Дәрілік шикі заттармен көптеген препараттардың (галенді, жаңа галенді және т.б.) белсенділігін биологиялық стандартизациямен анықтайды. Бұл жағдайда жүрек гликозидтерінің белсенділігін ҚӘБ (құрбақаның әсер бірлігі) белгіленеді. 1 ҚӘБ – систолада жүректің тоқтауын шақыратын стандартты препараттың ең аз мөлшеріне сәйкес келеді. Белсенділігін стандартты прпаратпен салыстырылады.
Бейгликозидті (стероидты емес) кардиотоникалық дәрілер. Жүрек жұмысын күшейтетін дәрілерге сонымен қатар адреномиметиктер, дофамин, метилксантиндер және глюкагон жатады. Бірақ жүрек – қан тамыр жүйесіне жанама әсері (тахикардия, аритмия және т.б.) көр болғандықтан, кардиотоникалық дәрі-дәрмек ретінде қолданылуы шектеулі. Әсер ету механизміне қарай келесі топтарға жіктейміз:
Жүректің – адренорецепторларын қуаттандыратын: дофамин, добутамин («Адренергиялық синапсқа әсер ететін дәрілер» тақырыбына қараңыз).
Фофодиэстераза ингибиторлары: амринон, милринон.
Әсер ету механизмі: жағынан амринон жүрек гликозидтерінен айырмашылығы миокард жасушасындағы Са2+ бос иондары мен ц -АМФ-ң құрамы жоғарлаумен байланысты. Амринонды жүрек жеткіліксіздігіне және гликозидтерінің әсері тиімсіз болған жағдайда белгілейді. Күре тамырға жіне ішке енгізіледі. Милринон құрлысы және әсері жағынан амринонға ұқсас. Амринонға қарағанда белсенділігі жоғары және тромбоцитопения шақырмайды. Тек жіті іркілген жүрек қызметі жеткіліксіздігінің қысқа мерзімді терапиясында қолданылады.
2. Антиаритмиялық дәрілер
Жүрек қызметінің ырғағы миокард қызметін жәнежүректің өткізгіштік жүйесін сипаттайтын көптеген параметрлерге байланысты. Миокардтың ырғақты белсенділігі жүрек ырғағының жүргізілуі мен өткізгіштік жүйеге және кардиальды әсерге байланысты. Жүрек аритмиясының себептері: