ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 1056
Скачиваний: 5
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
миокард ишемиясымен, жүрек ақауымен, жүректің электролитті өзгерістерімен, химиялық заттармен улануымен, иннервацияның бұзылуымен, эндокринді және жұқпалы аурулармен байланысты. Жүректің жиырылу ырғағы бұзылуында автоматизм, өткізгіштік және қозғыштық өзгереді. Аритмия түрлері: экстрасистолия – жүрекше мен қарыншаның ретсіз жиырылуы, ұстамалы тахикардия – суправентрикулярлы немесе вентрикулярлы, жыпылық аритмия (жүрекше және қарынша жыпылықтауы), жүректің өткізгіштік жүйесінің (синоатриальды немесе атриовентрикулярлы бөгет) бөгеті.
Жүрек жиырылуы ырғағы бұзылуын емдеу және алдын алу үшін ырғақсыздыққа қарсы дәрілер қолданылады. Негізгі бағыты мен ісер ету механизміне қарай төмендегідей топтарға жіктеледі:
Тахиаритмияны басатын дәрілер
I тобы. Мембраны реттеуші дәрілер – жасуша ішіне Nа+ K+ Са+, Cl- иондарының тасымалдануын тежеп, қозғыштықты, өткізгіштікті және автоматизмд төмендетіп, жүрек бұлшық етінің жұмысын жақсартады.
I A топшасы (хинидин тобы): хинидин сульфаты, новокаинамид (прокаинамид), дизопирамид (корапейс, норпейс, ритмилен, ритмодан), этмозин (морацизин) – жүрекше мен қарыншаның өткізгіштіктігін төмендетеді. Әртүрлі қарынша үсті мен қарынша тахиаритмиясында қолданылады. Хинидин, дизопирамид және этмозиннің М – холинолитикалық әсері бар, сондықтан тахикардия тудырып, атриовентрикулярлы өткізгіштікке алып келеді. Жанама әсері: миокард жиырылуының тежелуі, жүректің қан айдау қызметі мен АҚ –ң төмендеуі байқалады. Жүрек өткізгіштігінің бұзылуында (II-III дәрежелі бөгетте), айқын жүрек жеткіліксіздігінде және гипотонияда қолдануға болмайды.
Chinidini sulfas – хинидин сульфаты (Б): 0,1 және 0,2 таб. – 0,2 таб. әр 1 сағ.сайын немесе басқа сызба бойынша ұстама басылғанша беріледі.
Жанама әсері: лоқсу, құсу, іш өту, есту мен көру қабілеттінің бұзылуы және аллергиялық реакциялар байқалады.
Novacainamidum – новокаинамид (Б): 0,25 және 0,5 таб.тәулігіне 1-4 таб. тәулігіне 4-6 рет: 10% 5 мл еріт.амп.шығарылып, б/е және NaCl изотонды еріт. (глюкоза) тамшылатып к/т енгізіледі. Жанама әсері: гипотензия, лоқсу, құсу, ауызға ащы дәмнің келуі, іш өту, жалпы әлсіздік,бас ауыру, қозғыштық және ұйқысыздық байқалуы мүмкін.
Disopyramidum – дизопирамид (Б): 0,1 капс. -1-2 капс. Тәулігіне 3-4 рет: 1% 5 мл еріт.амп.шығарылып, 1-3 мл к/т енгізіледі.
Aethmosinum – этмозин (Б); 0,1 таб. – 1 таб. тәулігіне 3-4 рет: 2,5% 2 мл еріт.амп.шығарылып, б\е және к\т енгізіледі.
I B топшасы (лидокаин тобы): лидокаин (ксикаин), миксилетин (мекситил), дифенин (фенитоин, дифенилгидантоин).
I A топша препараттарынан айырмашылығы мембранада калий иондарының өткізгіштігін жоғарылатып, жасушадан шығуын жеңілдетеді. Лидокаин автоматизмді тежеу нәтижесінде эктопиялық қозу ошақтарын төмендетеді. Хинидинге қарағанда әсер потенциал ұзақтығы мен қозусыздық (рефрактерлі) кезеңінің тиімділігін төмендетеді. Гемодинамикаға әлсіз әсер етеді. Әсіресе жүректің ишемиялық ауруының, миокард инфарктының асқынуынан пайда болған қарынша тахикардиясында қолданылады.
Лидокаин («жергілікті анестетиктер» тақырыбына қараңыз) – 1-2% еріт.шығарылады, баяу ағынмен немесе тамшылатып к\т енгізіледі, енгізгеннен кейін әсері 10 – 20 мин.созылады. АҚ төмендеуі, бас айналу, тырысулар, атриовентрикулярлы бөгет және тахиаритмия тудыруы мүмкін.
Мексилетин – АІЖ – да жақсы сіңіріліп, көбінесе қарынша экстрасистолиясында ішке және парентеральды тағайындалатын лидокаин туындысы.
Дифенин – жүрек гликозидтерінің мөлшерден тыс енгізуінен пайда болған тахиаритмияда қолданылатын, эпилепсияға өарсы дәрі –дәрмек. Сонымен қатар автоматизмді тежеп, потенциал әсерін қысқартады және өткізгіштікке әсер етпейді. АІЖ –да баяу сіңіріліп, әшке және к\т енгізіледі.
І С топшасы: аймалин (гилуритмал), этацизин, тирацизин (боннекор), пропафенон (ритмонорм) – І А топшасына ұқсас. Жүрекше және қарынша өткізгіштігін нашарлатады. Гемодинамикаға (миокард жиырылғыштығына, жүректің қанды айдауы, АҚ) әлсіз әсер етеді. Қарынша үсті мен қарынша тахиаритмиясында қолданылады.
Ajmalinum – этацизин (Б): 0,05 таб.: 2,5% 2 мл ерітінді амп.шығарылып, б/е енгізіледі.
ІІ тобы. адреноблокаторлар: анаприлин, метопролол және т.б. – ырғақтың синустық бөлігінде деполяризациялану кезеңінде жасушаға Са2+ мен Na+ иондарының енуін және жасушадан K+ иондарының шығуын бұзып, қозғыштықты, жиырылғыштықты және өткізгіштікті төмендете отырып, адренобөгегіш және тыныштандырғыш әсер көрсетеді. Қарынша үсті және қарынша аритмиясында қолданылады. Жанама әсері: миокард, жиырылғыштығының төмендеуінен жедел жүрек қызметінің жеткіліксіздігіне, өткізгіштіктің баяулауынан атриовентрикулярлы бөгетке алып келуі мүмкін. («Адренергиялық синапсқа әсер ететін дәрілер» тақырыбына қараңыз.)
ІІІ тобы. Amiodaronum - амидарон (кордарон) (Б): 0,2 таб.: 5% 3 мл еріт.амп.шығарылып, тамшылатып к\т енгізіледі; орнид (бретилий) – симпатолитик болып табылады. Бұл препараттар кардиомиоциттердің мембранасының K иондары үшін өткізгіштігін тежеп, реполяризациялық процестің және рефрактерлері кезеңнің тиімділігін ұзарта отырып, жүрекше – қарынша өткізгіштігін баяулауына алып келетін АҚ мен жиырылғыштықты біршама төмендетеді. Басқа дәрілер әсер тепеген жағдайлардағ қарынша үсті және қарынша аритмиясында, көбінесе ЖИА мен (жүректің ишемиялық ауруы) ауыратын науқастардың өміріне қауіпті аритмияларды, миокардитте, жүрекше фибриляциясында қолданылады.
IV тобы. Кальций арналарының блокаторлары: верапамил (изоптин, финоптин), дилтиазем – «баяу» Са2+ арналары арқылы Са2+ иондарының тасымалдауын тежеп, эктопиялық ошақтарда жасушалардың кеннеттен деполяризациялануын баяулатады. Са2+ иондары жүрек – қан тамыр жүйесін реттеуде маңызы өте зор. Жүрек қызметі мен қан тамырлардың тонусы Са2+ иондарының алмасуына (көбінесе жасуша ішілік және сыртқа таралуы) тікелей байланысты. Сондықтан Са2+ иондарының кинетикасын басқарудың үлкен маңызы бар. Оның бірден бір жолы кальций арналарын тежеу. Соңғы жыодаы кальций арналарын тежеу медициналық тәжірибеде өте кеңінен қолданылады.
Verapamilum – верапамил (Б): 0,04 және 0,08 таблетка түрінде шығарып, 1-2 таб.тәулігіне 3-4 рет тамақтан 30 мин.алдын: 0,25% 2 мл еріт.амп.к\т енгізіледі. Са2+ арналарын таңдамалы тежеп; автоматизмді, қозғыштықты және өткізгіштікті төмендетеді; антиаритмиялық, антиангинальды және гипотензивті әсер көрсетеді. Суправентрикулярлы аритмияда, жүрекше фибриляциясында және пароксизмальды қарынша үсті тахикардияда қолданады. Жанама әсері: гипотензия, жүрек қызметінің жеткіліксіздігінің күшеюі, атриовентрикулярлы бөгет, лоқсу, құсу, бас айналу және аллергиялық реакциялар байқалады.
Әртүрлі препараттары. Жүрек гликозидтері (дигоксин) – тек жүрекше лүпілдеуі мен жыпылықтауында қолданылады. Магний сульфаты – қарынша тахикардиясы мен жыпылықтауында қосымша дәрі – дәрмек ретінде қолданылады. Калий хлориді, панангин – гипокалиемиялық ырғақсыздықта және жүрек гликозидтерімен уланғанда қолданылады.
2.Брадиаритмияны қалпына келтіретін дәрілер – әртүрлі брадиаритмияны (синусты брадикардия, синоатриальды, атриовентрикулярлы бөгет және т.б.) басу үшін қолданылатын дәрілер екі топқа бөлінеді. Олар:
1.М – холинолитиктер: атропин – кезеген жүйкенің әсерін төмендетеді.
2.Адреномиметиктер: изадрин, адреналин – жүректің 1- адреноцепторларын қоздырып, кардиомиоциттердегі Са2+ иондарының және ц – АМФ құрамын жоғарылатып, автоматизмді күшейтіп және өткізгіштікті жақсарта отырып, жүрек ырғағын қалпына келтіреді.
Жүректің ишемиялық ауруында қолданылатын дәрілер
(антиангинальды дәрілер)
Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА, коронарлық (тәжді) жеткіліксіздік) – атеросклероз немесе коронарлы артериялар тарылуы салдарынан, жүректің оттегіне қажеттілігі мен оның оттегімен қамтамасыз етілуі сәйкес келмеуі немесе миокардқа қанмен оттегі келуінің бұзылуынан пайда болады. Қолданылатын антиангинальды дәрілер жүректі оттегімен қамтамасыз етуін күшейтеді (коронарлы (тәжді) артерияларды кеңейту арқылы) немесе оттегіге қажеттілікті (жүрек жұмысын жеңілдету арқылы) төмендетеді.
Жүректің ишемиялық ауруының клиникалық белгілері: стенокардия (көкірек тұсы бірден қатты ауырып, сол қол мен сол жақ жауырынға берілуі) мен миокард инфаркты (миокардтың қлі еттенуі) түрінде өтеді. Стенокардия ұстамасында, миокард инфарктын алдын алу үшін, міндетті түрде әсері тез антиангинальды дәрілерді қабылдау қажет.
Стенокардия (жүрек талмасы) ұстамасын басатын дәрілер. Бұл препараттар коронарлы қан тамырларды кеңейтеді. Nitroglycerinum – нитроглицерин (Б): 0,005 таб. және капс. Түрінде шығарылып, ұстама кезінде тіл астына немесе 1% спиртті еріт. -1-2 тамшы қантпен тіл астына белгіленеді. Әсер 1-2 минутта басталып, 20-30 минутқа созылады. Нитроглецирин шеткері қан тамырлардың бірыңғай салалы бұлшық еттерін босаңсытады, NO2
NO газына айналып, қан тамырлардың бірыңғай салалы бұлшық еттеріне өтіп оларды босаңсытады. Осының нәтижесінен үлкен және кіші қан айналым жүйесінде веноздық және артериялық қан тамырларды кеіейтіп, жүрекке түсетін салмақты азайтып, миокардтың энергия мен оттегіге қажеттілігін төмендетеді. Нитроглицерин бітелген аймақтағы қан тамырды кеңейтіп миокардтың ишемияланған аймағын қанмен қамтамасыз етілуін жақсартады. Сондай – ақ жүрек пен қан тамырлардың симпатикалық иннервациясына орталық тежегіш әсер көрсетеді. Нитроглицерин миотропты спазмолитикалық әсерінен бронхтың, ішектің, өттің және несеп шығару жолдарының бірыңғай салалы бұлшық еттерін босаңсытады. Жанама әсері; АҚ – ң төмендеуі (мөлшерін асырғанда коллапс!), рефлекторлы тахикардия,бас ауыру және бас айналу (әсіресе бірінші қабылдаудан кейін), құлақ шуылы, ыстық сезіну, беттің қызаруы, бас сүйек ішілік және көзішілік қысымының көтерілуі, ал нитроглицеринді жүйелі қолданғанда үйренгіштік пайда болуы мүкін. Миға қан құйылғанда, айқын гипотонияда, бас сүйек ішілік қысым және көзішілік қысымы жоғарлауында қолдануға болмайды. Стенокардия ұстамасын басу үшін изосорбид динитратының нитросорбиді (Nitrosorbidum (Б): 0,005 және 0,01 таб.шығарылып тіл астына, немесе мөлшерленген аэрозоль «изомак – спрей»: 1-3 мөлшерден ауыз қуысына шашыратуға белгіленеді). Нитросорбид нитроглицеринге қарағанда әсері (3-5 мин.соң) баяу басталады. Нитраттарды қабылдай алмауда милсидомин (корватон, сиднофарм) – 0,002 және 0,004 таблеткада тіл астына немесе нонахлазин – 1,5% 5-10 мл еріт.ішке белгіленеді.
Валидол (тіл астына) мен корвалол (30-40 тамшыдан ішке) сенімді әсер етпейді. Валидол ауыз қуысының суық рецепторларын тітіркендіріп, коронарлы қан тамырлардың қанмен қамтамасыз етілуін рефлекторлы түрде жақсартады. Екі препараттың да антиангинальды әсері әлсіз.
Validolum – валидол: 5 мл флаконда – 5 тамшыдан (қантпен) тіл астында ұстау қажет: 0,06 таб. және 0,05 капс.шығарылып, тіл астына тағайындалады.
2.Стенокардия (жүрек талмасы) ұстамасын алдын алу үшін қолданылатын дәрілер:
А) нитрат препараттары (вазодилятаторлар (тамыр кеңейткіштер)). Әсері ұзартылған нитроглицерин препараттары: сустак (әсерінің ұзақтығы 4-6 сағ.), нитронг (әсері 7-8 сағ) – нитроглийериннің майда капсуладағы дәрілік түрін шайнамай тамақиан алдын ішке қабылдау қажет: