ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 1055
Скачиваний: 5
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
тринитролонг – құрамында 0,001-0,002 нитроглицерині бар жоғарғы ит тіс (клык) үсті қызыл иек шырышына қойылатын полимерлі пластинка: нитромазь («нитро», «миовин» - құрамында 2% нитроглицерині бар, түксіз тері аймағына жағылады, әсері 3-8 сағ. Созылады); нитродерм ТСС (трансдермальды терапиялық жүйе) – құрамында 50 мг нитроглицерині бар әсері 24 сағ.созылатын пластырь. Нитроглицериннің барлық препараттары жеке мөлшерленеді.
Sustac-mite- сустак – мите (Б): таб. 0,0026 нитроглицерин бар.
Sustac – forte – сустак – форте (Б): таб. 0,0064 нитроглицетин бар.
Nitrong – нитронг (Б); таб. 0,0026 және 0,0064 нитроглицерин бар.
Изосорбид динитратының препараттары: нитросорбид (ішке), кардикс, кардикет, изомак ретард, изокет ретард – нитроглицериннің ұзартылған (таб.;капс.) түрі.
Изосорбид мононитратының препараттары: моно мак (моносан): нитросорбидке қарағанда тиімділігі жоғары және әсері ұзағырақ (8-12 сағ.) изосорбид -5 – мононитраты; кардикс моно, мономак депо – әсері ұзартылған препараттар (24 сағ.дейін).
Эринит (пентаэритрил тетранитраты) – 0,001 таб.ішке белгіленеді, белсенділігі төмен.
Б) жүректің –адренорецепторын тежеп, адренергиялық әсерін төмендетеді. Ол жүрек жиырылу жиілігі мен күшінің төмендеуіне, жүрек жұмысын жеңілдете отырып, миокардтың оттегіге қажеттілігін төмендеуіне алып келеді. Демек, қамтамасыз етумен қажеттіліктің сәйкессіздігін басады. ЖИА–ң біріктірілген емдеуінде тағайындалады. («эфферентті иннервацияға әсер ететін дәрілер» тақырыбына қараңыз).
В) кальций арналарының блокаторлары (кальций антагонистері): фенидигин (нифедипин, коринфар) – дигидропиридин туындылары; верапамил (изоптин) – фенилалкиламиннің туындылары; дилтиазем (дильрен) – бензотиазепин туындылары. Бұл препараттар кальций арналары (L-түтігі) арқылы миокард жасушасына Са2+ иондары енуін бұзып, жүрек жұмысын жеңілдетіп, оттегіге қажеттілігін төмендетеді. Коронарлы қан тамырларды кеңейтіп, қан ағысын күшейтіп, миокардқа оттегінің жеткізілуін жеңілдетеді. Бұл топ препараттарын нитрат препараттары әсер етпеген жағдайда белгілейді. Верапамил мен дилтиазем жүректің өткізгіштік жүйесіне көбірек әсер етіп, тахиаритмияда
қолданылады. Фенигидин жүректің өткізгіштік жүйесіне аз әсер етіп, айқын антиангинальды белсенділік пен гипотензивті әсер көрсетеді, сондықтан стенокардия мен гипертонияны емдеу үшін қолданылады. Гипертониялық кризде сублингвальды (таблетканы шайнап тіл астында ұстау қажет) белгілейді. Жанама әсері: бас ауыру, рефлекторлы тахикардия, беттің қызаруы және ыстықты сезіну, аяқ қолдың ісінуі және кей жағдайда терінің аллергиялық реакциялары байқалуы мүмкін. Жүрек қызметі жеткіліксіздігінің ауыр түрінде, синусты түйінінің әлсіз белгісінде ( - адреноблокаторлармен бірге қабылдауға болмайды), айқын гипотензияда, жүктілікте және лактацияда қолдануға болмайды.
Phenihydinum – фенигидин (Б); 0,01 таб. (драже) – 1 таб. тәулігіне 2 рет белгіленеді.
Фенигидин тобының екінші буындағы препараттары: амлодипин (нормодипин, стамло, норвакс), исрадипин (ломир), нитрендипин (байпресс), никардипин (локсен), риодипин (форидон) – әсері ұзақ және жанама әсері аз. Кальций антогинистінің жаңа топ препараты мебефрадил (позикор) қан тамырлардың Т- түтігі мен нейрогормональды жасушаларды тежеу нәтижесінде коронарлық және шеткерлік қан тамырларды кеңейтеді, сонымен қатар ренин мен альдостеронның секрециясын азайтып, адренергиялық белсендіоікті төмендетеді. Осыдан мефебрадил кардиомициттердегі L-түтігіне әсер етпейді және миокард жиырылғыштығын өзгертпейді. Жүректің ишемиялық ауруы мен гипертониялық ауруларда тәулігіне 1 рет белгіленеді.
Г) басқа да антиангинальды дәрілер (қосымша):
Әсері миотропты коронарлы артерияларды кеңейтетін дәрілер: дипиридамол (курантил, персантин) коронарлық артериялардың қан айналысының көлемінің жылдамдығын жоғарылатып, миокардтың оттегімен қамтамасыз етілуін жақсартып, қосалқы (коллатеральды) қан айналымды күшейтеді, тромбоциттердің агрегациясын тежеп және миокардта микроциркуляцияны жақсартады. Карбокромен (интенкордин, интенсаин), лидофлазин (клиниум) коронарлық артерияларды кеңейтіп, қан ағысын күшейтеді, қосалқы қан айналымды жақсартады, бірақ әсері төмен болғандықтан негізгі препараттармен бірге қолданылады.
Кардиопротекторлы дәрілер: триметазидин (предуктал) – ишемияға миокард жасушаларының тұрақтылығын жоғарлатып, гемодинамикаға (қан айналымға) әсер етпей энергетикалық балансты реттейді.
Миокард инфарктында қолданылатын дәрілер
Миокард инфарктында ишемияланған аймақта кейіннен тыртыққа айналатын некроз (өлі еттену) пайда болады. Көбінесе миокард инфарктының себебі коронарлық қан тамырлардың атеросклерозы болып табылады. Миокард инфаркты қатты ауырсынуға, аритмияға, қозғыштыққа, қорқыныш сезіміне (өлім), жіті жүрек қызметінің жеткіліксіздігіне, АҚ–ң төмендеуіне және кардиогенді шокқа алып келуі мүмкін. Мұндай жағдайда келесі топтағы препараттар белгіленеді;
1.Наркотикалық анальгетиктер (морфин, промедол, фентанил) – ауырсыну белгілерін басу үшін, нейролептиктер (дроперидол) немесе транквилизаторлар (седуксен), наркозға арналған дәрілер бірге қолданылады.
2.Антиаритмиялық дәрілер (лидокаин).
3.Антикоагулянттар (гепарин) мен антиагрегантты дәрілер (аспирин) тромб түзілуін алдын алу үшін.
4.Фибринолитикалық дәрілер (стрептокиназа) – жаңа пайда болған тромбты еріту үшін.
5.Вазопрессорлы дәрілер (мезатон, норадреналин).
6.Нитроглецириннің препараттары (перлинганит, нирмин– к\т).
7.Оксигенотерапия.
8.Жүрек гликозидтері (строфантин) – жіті жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде, көбінесе дофамин (АҚсист. 70-100 мм сын.бағ.) немесе добутамин (АҚсист. >100 мм сын.бағ.) белгіленеді.
9. 1 – адреноблокаторлар (метопролол, атенолол) – жүрек жұмысын жеңілдету үшін және тахикардияда қолданылады.
10. алмастырушы және тұзды ерітінділер, натрий гидрокарбонаты –қышқыл-негіздік тепе-теңдікті реттеу үшін, глюкоза ерітіндісі инсулинмен бірге – жүректі қоректендіру үшін тағайындалады.
Гипотензивті дәрілер
Гипотензивті (антигипертензивті) дәрілер артериялық қан қысымын төмендету үшін белгіленеді. Олар көбінесе артериялық гипертензияда қолданылады. Артериялық қысымның деңгейі көптеген факторларға: жүрек жұмысына, шеткерлік қан тамырлардың тонусы мен оның тұтқырлығына, қан айналымының көлеміне, электролиттің құрамы және тұтқырлығына байланысты. Мұның барлығы нейрогуморальды бақылаумен реттелініп отырады. Әсер ету механизміне қарай гепотензивті дәрілерді келесі топтарға жіктейміз.
Жүрек– қан тамыр жүйесіне адренергиялық иннервацияның күшін төмендететін дәрілер (антиадренергиялық, нейротропты дәрілер):
А) транквилизаторлар және тыныштандыратын дәрілер;
Б) орталыққа әсерлі нейротропты дәрілер; клофелин, (катапресан, гемитон, клонидин), метилдофа (допегит, альдомет), гуанфацин (эстулик) – тамыр қозғалтқыш орталығының 2- адренорецепторын қоздырып, ОЖЖ–нен симпатикалық импульстің өтуін төмендетеді. Одан возомоторлы орталығының тежелуінен, артериялық қысымының төмендеуіне алып келеді.
Clophelinum – клофелин (Б): 0,000075 және 0,00015 таб.түрінде шығарылып, 1таб.тәулігіне 2-4 рет: 0,01% 1 мл еріт.амп.шығарылып, т\а, б\е, 10-20 мл 0,9% NaCl еріт. (стационарда) к\т: 0,125%: 0,25% және 0,5% 1,5 мл еріт.тюбик –тамызғыш–глаукомада көз тамшылары түрінде белгіленеді. Клофелиннің күшті гипотензивті әсері бар, мөлшерін жеке таңдайды. ОЖЖ–нің тежегіш әсеріне байланысты, тыныштандыратын, ұйықтататын әсері бар және дене қызуының төмендеуі байқалады. АІЖ–да жақсы сіңіріледі. Әсері 2-4 сағ.басталып, 4-6 сағ.созылады. бүйрекпен шығарылады. Гипертониялық аурулар мен гипертензивті кризде қолданылады. Ішке және парентеральды енгізіледі. Клофелинді ұйықтататын, психотропты дәрілермен және этил спиртімен бірге абайлап қолдану қажет. Жанама әсері: ауыз қуысының құрғауы (сілекей безінің секрециясы төмендеуінен), әлсіздік (ОЖЖ–нің тежегіш ісерінен) және іш қатуы байқалады. Клофелин ағзада Na+ иондарын және суды ұстап қалады, сондықтан диуретиктермен бірге қабылдау қажет. Айқын жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде, бас миындағы қан тамырларының айқын артеросклерозында, артериялық гипотонияда, маскүнемдікте, депрессияда және көлік жүргізушілерге қолдануға болмайды. Препаратты қабылдауды біртіндеп азайту қажет, себебі «доғару белгісі» (синдром отмены) (препаратты бірден доғарғанда АҚ едәуір көтеріліп, гипертензивті криз тудыруы мүмкін) пайда болады.
Methyldopha – метилдофа (Б); 0,25 таб.шығарылып, 1 таб.тәулігіне 2-3 рет мөлшерін біртіндеп жоғарылатады, тәулігіне 1,0 белгіленеді, тыныштандыратын әсері бар. Ішке енгізгенде әсері 4-5 сағ.соң басталып, 1 тәулікке дейін созылады. Ауыр жағдайларды к/т енгізіледі. Жанама әсері: ұйқының келуі, депрессия, ортостатикалық гипотензия, лейкопения және бауыр қызметінің бұзылуы байқалуы мүмкін. Жіті бауыр ауруларында, феохромоцитомада және жүктілікте қолдануға болмайды.
В) әсері шеткерлік нейротропты дәрілер: 1) ганглиоблокаторлар (бензогексоний, пентамин); 2) симпатолитиктер (резерпин, раунатин): 3)
- адреноблокаторлар (празозин,доксазозин, теразозин): 4) адреноблокаторлар (атенолол, ацебутолол, метопролол) («эфферентті иннервацияға әсер ететін дәрілер» тақырыбына қараңыз).
ІІ. Әсері миотропты гипотензивті дәрілер (шеткерлік вазодилататорлар). Бұл препараттар бұлшық ет қабырғасының қан тамырларын босаңсытып, олардың кеңеюіне алып келеді.
А) кальций арналарының блокаторлары (кальций антагонистері): фенигидин («Антиангинальды дәрілер» тақырыбына қараңыз), исрадипин (ломир); фелодипин (плендил) – әсері ұзақ.
Б) калий арналарының күшейткіштері: миноксидил (минона), диазоксид (гиперстат) – тамыр тонусын бір қалыпты ұстап тұру үшін, ұан тамырлардың бірыңғай салалы бұлшықет жасушаларындағы калий арналарын ашып, жасуша ішіне қан тамыр тонусына қажетті Ca2+ ионының енуін төмендетеді. Артериялық вазодилататор болып табылады.
Миноксидил артериялардың кеңеюіне байланысты, тамырлардың кедергісі азайып, АҚ төмендейді. Негізінен қатерлі гипертензияда ішке қолданылады. АІЖ–да жақсы сіңіріледі. Әсері 24 сағ.созылады. Бүйрекпен шығарылады.
Жанама әсері: бетті түк басу, су және Na+ иондарын ағзада жинақталуынан ісінулерге алып келеді. Диазоксид – күре тамырға енгізгенде тез және күшті гипотензивті әсер көрсетеді. Энтеральды енгізгенде АҚ-ң төмендеуі біртіндеп байқалады. Әсері 12-18 сағ. Созылады. Гипертензивті кризде қолданылады.
В) әртүрлі миотропты дәрілер:
Натрий нитропруссиді (нанипрусс) – артерия мен күре тамырларды кеңейтетін, азот тотығына оттекті беруші. Гипертензивті кризде күре тамырға тамшылатып енгізіледі. Әсерінің ұзақтығы 1-2 мин., сол себептен оны тамшылатып инфузия түрінде қолданылады. Жанама әсері: тахикардия, бас ауруы, диспепсиялық жағдайлар байқалады.
Apressinum – апрессин (гидралазин) (Б): 0,01 және 0,025 таб. шығарылып, 1 таб. тәулігіне 2-4 рет тамақтан соң белгіленеді. Артериола мен майда артерияларды кеңейтеді. Рефлекторлы тахикардия, ісіну, диспепсия, бас ауру, қызыл жегі синдромы байқалуы мүмкін.
Magnesia sulfas – магний сульфаты: 20-25% 5 және 10 мл еріт.амп. шығарылып, абайлап б\е және к\т енгізеді. Себебі тез енгізгенде наркотикалық әсері және тыныс алудың тежелуі байқалуы мүмкін. Негізінен гипертензивті және жүктіліктің нефропатиясында