ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 302
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
SO2 0330 Қазандар, дизельді қондырғылар
Мазут күлі 2904 Дизельді қазандар
Қатты отынның
күлі 2908 Қатты отынға арналған қазандар, күл үйгіштер
Күйе 0277 Сұйық және қатты отынды араластыратын
қазандар
Көмір шаңы 2902 Көмір қоймасы
Бензапирен 0703 Сұйық және қатты отынды араластыратын
қазандар
Тізімге алу объектілері:
- ластаушы заттардың шығарындылары;
- бөліну көздері;
- атмосфераны ластау көздері;
- шаң-газ-тазарту қондырғылары. Тізімге алу кезінде анықталады:
- максималды бірлік ластану;
- жылдық максималды бірлік;
- есептік.
Бөліну көзінің параметрлері мен сипаттамалары, орналасуы мен геометриялық сипаттамалары қалалық жүйе бойынша алынады және экология бойынша аймақтық өкілдермен келісіледі. Максималды бірлік агрегатты максималдыжүктеген кезде және отынды жаққан кезде қазан немесе жұмыс қондырғысы үшін анықталады.
4 гхпв-1, ам-5 аспаптарының көмегімен алынған ауа сынамасын зертханада зерттеу
Билет №16
1 Аэроғарыштық түсірім әдістері.
Аэроғарыштық түсірім мыналарға бөлінеді:
• Фотографиялық – алдағы өңдеу және суреттер алу үшін Жерге жеткізетін, фототаспаға фотоаппараттармен орындалады. Ғарыштан алынған фотографиялар Дүниежүзілік мұхиттың ластануын, теңіз ағымдарының құрылымы мен бағыттарын, мұз жамылғысын, мұздардың еруін және т.с.с. зерттеуде қолданылады.
• Телевизиялық – бейне қабылдаушы құрылғыда – видиконда проекцияланады. Видиконнан электрлік дабылдар Жерге келіп түседі немесе алдағы жеткізу үшін магнитті таспаға жазылады. Түсірім телевизиялық камералардың немесе сканерлеуші құрылғылардың көмегімен жүзеге асырылады.
• Көп белдемді – фотографиялық та, электронды-оптикалық сканерлеуші жүйелердің көмегімен де орындалады. Түсірімдерді спектрдің түрлі белдемдерінде алады. Мұндай түсірімдерді өңдеу синтезделген жалғантүсті бейнелерді пайдалану мүмкіндігін береді.
Түсірімдердің аталған түрлері тайфундарды, дауылдарды бақылауға, табиғи орта жағдайының динамикасын, антропогенді ластанудың сипатын зерттеуге мүмкіндік береді.
• Спектрометриялық – арнайы аспаптармен – спектрографтармен жүргізеді, олар табиғи объектілердің спектрлік жарықтығының коэффициенттері. СО2 концентрациясын, шағын қоспаларды (SO2, Cl, NO2), аэрозольдер мен озонды тіркеуге мүмкіндік береді.
• Ультракүлгін – сәулеленудің арнайы көздерін пайдаланып жүзеге асырылады. Оның бір түрі – флуоресцентті түсірім – ультракүлгінмен сәулелендірген кезде жарқырай алатын, уран, мұнай мен газ кенорындарын анықтау үшін қолданылады.
• Инфрақызыл (жылулық) – табиғи объектілердің жылулық сәулеленуін тіркейді. Жанартаулық белсенділік аудандарын, теңіз акваторияларын, жерасты суларын, мәңгі тоң, мұнаймен ластану аудандарындағы геологиялық үрдістерді зерттеу үшін қолданылады.
• Радиожылулық – электромагнитті спектрдің микротолқынды диапазонында табиғи объектілерді сәулелендіруді тіркейді. Геотермалдық көздерді, жанартау әрекетін зерттеу, орман өрттерін анықтау үшін, жерүсті суларының, ормандардың, ауылшаруашылық жерлерді бақылау үшін қолданылады.
• Радиолокациялық – объектілердің табиғи радиосәулеленуін және 0,3 – 100 см спектр диапазонында бұл объектілердің жасанды радиодабылын тіркейді. Оны су бетінің мұнаймен ластануын зерттеу, төтенше жағдайлар, ылғалдылық, сортаңдану белдемдерін зерттеу кезінде қолданылады.
• Лазерлі (лидарлық) – ауаның ластануын, су айдындары түптерінің жағдайын бағалауға мүмкіндік береді, табиғи ортаның ластану көздерін бақылайды, сулы ортадағы қоспалардың концентрацияларын өлшейді.
2 хромотографиялық әдістерінің аспаптары мен жабдықтары
Жоспар:
1. Талдаудың хромотографиялық әдістерінің жалпы сипаттамасы.
2. Сұйықтық хромотография
3. Газды хромотография
І. Хромотографияның талдау негізін салушы орыс физиологы және биохимигі Михаил Семенович Цвет (14.05.1872 ж.т.) 1903 жылы ол өзінің ашқан жаңалығы туралы Варшава Университетінің биология бөлімінің жаратылыс танушылар қоғамының ортасында мәлімдеді. М.С.Цвет адамдардың назарына белгісіз табиғаттың құпиясы – қоспалардың сорбциялық бөлінуін ашып, қолданды. М.С.Увет хромотография принципін ашып, 126 сорбенттің қасиеттерін зерттеп, сұйықтық және адсорбциялық бағандық хромотографияны жасады. 1931 жылға дейін хромотография баяу дамыды. Хромотографияның гүлденуі Ледерердің, Винтерштейннің жұмыстарынан кейін басталды. (ХХ ғ. 30 жылдары.) 1938 жылы Измаилов пен Шрайбер жұқа қабаттың хромотографияны ұсынды. 1941 жылы Мортин мен Синг таралмалы сұйықтық хромотографияны ашады. Кейіннен бұл әдіс қағаз бетінде жүргізіле бастады. 1947 жылы Т.Б. Гапон және Е.П. Гапон, Ф.М. Шемякин ионалмасу хромотографияның негізін қалады. 1948 жылы олар тұнбалық хромотографияны ұсынды. 1952 жылы Мартин мен Джеймс жаңа әдіс - газ сұйықтық таралмалы хромотографияны ұсынды.
Хромотографиялық талдау әдісі технолгияда, экологияда, қоршаған ортаның ластануын бақылауда таптырмайтын әдіс. Хромотография кеңінен қолданылатын әдіс. Хромотграфияныі жаңа тәсілдерімен молекулалық массасы 1-ден 106 дейінгі газтәрізді, сұйық, қатты заттарды анықтауға болады (изотоптар, металлдар, синтетикалық полимерлер, белоктар). Хромотография:
• Ғылыми зерттеу зертханаларында
• Биологияда, медицинада
• Формацевтикада, криминалистикада
• Пестицидтердің маңызды кластарын анықтауда
• Қоршаған орта мониторингінде қолданылады.
Хромотография – заттар қоспасын бөлу және талдау әдісі, әдіс заттардың екі фаза қозғалмайтын немесе стационар (СФ) және қозғалмалы фаза (ҚФ) арасында әр түрлі таралуына оның ерігіштігіне және адсорбциялық қабілетіне тәуелді. Хромотографиялық процесс кезінде стационар фаза бойымен қозғалмалы фазамен бірге жылжитын зат сорбциясы мен десорбциясы кезектеліп көп рет қайталанады.
Стационар фаза келесі төрт қасиеттердің біреуіне ие болу керек:
1. Қозғалмалы фазадағы затты физикалық сорбциялауы керек
2. Қозғалмалы фазадағы затты химиялық сорбциялауы керек
3. Бөлінетін заттарды талғамды ерітуі керек.
4. Құрылысы кеуекті болып, бір заттарды өткізіп, келесі заттарды ұстап қалуы керек. Талданатын қоспа коспоненттері қозғалмалы фазамен бірге тұрақты фаза бойымен қозғалады. Стационар фазаны металл немесе шыны түтікке салып, бағана дап атайды. Оның ішкі диаметрі, ұзындығы белгілі болады. Сорбент бетімен әрекеттесу күштеріне байланысты компоненттері бағана бойымен әр түрлі жылдамдықпен жылжиды. Бір компоненттер жоғары қабатта қалады, ал кейбіреулері әрекеттесу дәрежесінің төмендігіне байланысты бағананың төменгі бөлігінде қалады.
Хромотография – гибридті аналитикалық әдіс, мысалы хромотографиялық бағана – аналиттикалық жүйенің бір бөлігі, оған бөлумен анықтау кіреді. Әдіс компонентті қоспаны бөлуге, коспоненттерді бөліп алуға, олардың мөлшерін анықтауға негізделген. Сондықтан сигналдарды детекторлар (оларды жазу және өңдеу) үлкен орын алады.
Сорбция дегеніміз – сұйық және қатты сіңіргіштермен (сорбенттермен) заттардың сіңірілуі. Бет ауданы үлкен сіңіретін зат сорбент деп аталады. Егерде сорбент өзінің бетімен сіңірсе, оны адсорбент деп атайды, құбылысты адсорбция, сіңірілетін затты адсорбтив деп атайды.
Егер де сорбен тбүкіл көлемімен сіңірсе оны абсорбент, құбылысты абсорбция, сіңірілетін затты абсорбтив деп атайды. Қыздырылғанда сіңірілген газдар қайта бөлініпшығады, оны десорбция деп атайды.
Кез келегн хромотогафиялық жүйеде қайтымды А затының молекулаларының ҚФ-дан СФ ауысуы болады. Ақ ↔ Ас.
Бұл процесс таралу коэффициенті немесе тепе-теңдік константасымен сипатталады:
қозғалмалы және стационар фазадағы зат мөлшері – СФ және ҚФ көлемдері
- сыйымдылық коэффициенті
Ұсталу уақыты элюент ағынының жылдамдығына тәуелді, сондықтан бағандық хромотографияда ұсталу көлемі VR сипаттамасын қолданады.
VR =tR Ʋ,
мұндағы Ʋ –элюенттің көлемдік жылдамдығы. және шығу уақыты арасында тәуелділік болады:
= , мұнда, tк – А компоненттің ұсталу уақыты
t0 – СФ –мен әрекеттескен заттың шығу уақыты.
Хромотографияның жіктелуі:
1. Әрекеттесу механизмі бойынша:
таралмалы – стационар фазада бөлінетін заттардың ерігіштігінебайланысты;
адсорбциялық – қатты сорбент пен адсорбцияланатын затты бөлуге байланысты;
эксклюзионды – бөлінетін заттың молекуласының өлшемі және формаларына байланысты бөлу;
- афгеннді – кейбір биологиялық және биохимиялық процесстердің спецификалық әрекеттесуіне байланысты (антитело – антиген, фермент – субстрат т.б.)
2. Орындау техникасы бойынша:
бағандық – арнайы бағанда орындалады
жазықтық – 1) қағаздық – бөлу арнайы қағазда жүргізіледі
2) жұқақабатты – бөлу сорбенттің жұқа қабатында жүргізіледі
3. Мақсаты бойынша:
аналитикалық – сандық және сапалық талдау
препараттық – заттарды таза күйде алуға, концентрлеуге және микроқоспаларды бөлу
өнеркәсіптік – процессті автоматтандыруда өнімбағанадын датчикке түседі.
4. Алу әдістері бойынша:
элюентті
ығыстырмалы
фронтальді.
ІІ. Сұйықтық бағандық хромотографияның (СБХ) классикалық нұсқасында хромотграфиялық бағана (d=0,5-5 см және ұзындығы 20-100 см болатын іші сорбентпен толтырылған ) арқылы элюент (ҚФ) жіберіледі. Элюент ауырлық күші әсерінен қозғалады. Оның қозғалу жылдамдығын бағананың төменгі жағында орналасқан кранмен реттеуге болады. Талданатын ерітінді сынамасын бағананың үмтіңгі бөлігіне орналастырылады. Сынаманың бағана бойымен қозғалуына байланысты коспоненттердің бөлінуі жүреді. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін элюент фракцияларын алады, одан кейін кез келген әдіспен заттардың концентрациясын анықтайды. Классикалық бағандық хромотографияның аппаратурасын жетілдіруге келіп, оны перспективалы заманауи әдістердің біріне айналдырды. Бұл әдіс жоғары эффектілі сұйықтық хромотография әждісі атауына ие болды (ЖСХ). Қазәргә кезде бұл әдіс органикалық қоспаларды талдаудың негізгі әдістеріне айналды.
Бағана тат баспайтын металлдан немесе шыныдан жасалған ішкі диаметрі 2-6 мм ұзындығы 10-25 см болатын, іші тегістелген шыны түтікше. Бағана өлшемі 3,5-10 мкм болатын сорбент бөлшектірмен толтырылған. Бағана арқылы толтыру үшін сорбент суспензиясын арнайы таңдалған еріткішпен р=50-80мПа қысымда толтырады. Мұндай бағаналардың бөлу қабілеттері жоғары болады, ашық бағаналардан 100 есе артық нәтиже көрсетеді. Сұйықтық хромотография - араласпайтын фазалар арасында заттарды бөлуді қарастырады. Заттар СФ арқылы өтеді. Сұйық хромотографияның 3 тәсілі бар:
1. Қатты сұйықтық қ-с
2. Сұйық – сұйық с-с
3. Сұйық – газ с-г
Қатты –сұйық хромотография – адсорбциялық хромотграфия болып табылады. Адсорбент ретінде силикогель, белсендірілген көмір, А 2О3 алынады.
Сұйық – сұйық хромотография – таралмалы хромотография болып табылады. СФ ретінде
қолданылатын ерітіндіні инертті тасымалдағышқа жағады, алынған толтырғыш қабаты арқылы сұйықтықты (ҚФ) өткізеді, ҚФ СФ-мен әрекеттеспеуі керек.
Сұйық хромотография сандық және сапалық анализде, ароматты көмірсутектерде, полимерлерде, ПАВ, пестицидтерді, гердицидтерді, дәрілік препараттарды, майларды, көмірсіларды талдауда қолданады.
Хромотографиялық детектор дегеніміз – бағанадан шығатын талданатын заттың мөлшері және таза зат мөлшерінің өзгерісіне байланысты келіп түсетін сигнал беретін құрылғы. Детектор бағанадан шығатын коспоненттерді тіркеп, мөлшерін анықтап береді. Сұйық хромотграфияда қолданылатын детекторлардың әрекет ету принципі УК және спектрдің көрінетін аймағында, жалында ионизациялауда, адсорбция жылуын, сыну көрсеткішінің ауысуына, жарық жұтылуына негізделген.
Детекторларды 2 топқа бөлуге болады:
6. Сұрыптаушы – (селективті) – олар белгілі бір класстағы қосылыстарға сезімтал
7. сұрытаушы емес (неселективті) универсальді – олар кең диапазондағы заттарға сезімтал.
Детекторлардың негізгі сипаттамалары: сезімталдығы, детекторлау шегі, сызықтығы, жаңғыртылуы, қолданылу мен қызмет ету қарапайымдылығы.
СХ-ның адсорбциялық нұсқасында СФжәне ҚФ-лардың полярлығына байланысты, оларды нормальді – фазалық хромотография (НФХ) және қайтымды фазалық хромотография (ҚФХ) жіктейді. НФХ-да полярлы адсорбент және полярлы емес қозғалмалы фаза қолданады, ал ҚФХ – полярлы емес адсорбент және полярлы ҚФ қолданылады. Екі жағдайда да СФ-ға қарағанда ҚФ-ны таңдау маңызды. СХ-да қолданылатын СФ ҚФ-мен әрекеттеспеуі керек., талдау жағдайларына механикалық және химиялық тұрақты болуы керек, қажетті талғамдылықты және эффектілікті қамтамасыз етуі керек. СФ талданатын қоспа компоненттерін жақсы ерітіп, ҚФ-мен араласпауы керек. Әр түрлі класты қоспаларды талдау үшін бағаналардың 3 типін қолданады: