Файл: 1 билет 1 Геоэкологияны рылымы мен ылыми мазмны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 293

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Сонда да грунт суларының болуы сақталатын блоктардан сілтіленген материал қат арқылы сумен өтіп кетуі мүмкін дегенді білдіреді. Жыныс арқылы ұзақ уақыт бойы айналуы бөліну өнімдерінің көшуін анықтау үшін маңызды. Бұл үрдіс өте баяу, және сондықтан одан аса жағымсыз жағдайлар болуы мүмкін деп күтілмейді. Алайда, ұзақ уақытқа көму жүйелері үшін оған міндетті түрде мән берілуі керек.

6. Газды хроматографиялық əдісімен талдауды төрт жүйеден тұратын газды хроматографта жүргізеді: газ дайындаушы жүйе, бағананың термостатты жүйесі, өлшегіш жəнетермостаттан тұратын жүйе жəне регистрлі құрылғы жүйе.

Газды хроматографтың сызбасы:

1- газ-тасығыш баллон; 2-дозатор; 3-бағана; 4-детектор; 5-регистратор; 6-есептегіш

интегратор; 7-9 термостаттар.

Тасығыш-газды баллоннан 1 тұрақты жылдамдықта хроматографиялық жүйе арқылы

өткізеді. Сынаманы хроматографияланушы заттардың толық булануын қамтамассыз

ететін температураға дейін жылытатын дозаторға 2 енгізеді. Талданатын бу қосындысы газ-тасығыш ағынмен ұсталады жəне хроматографиялық бағанаға түседі, ол талдау

деңгейін жүргізу қалпындағы температурада болады. Кезекпен детекторға түсетін

бағанадағы зерттелетін қосынды қосылғыштарға (компоненттерге) бөлінеді. Детектор

сигналы регистратормен тіркеледі жəне есептегіш интегратормен өңделеді.

Бағаналар. Аналитикалық ГХ-ға арналған хроматографиялық бағана 3-6 мм болатты,

мысты, шынылы түтіктен тұрады. Көптеген есептерді шешу үшін көбінесе U-тəрізді

немесе спираль түрдегі пішінге ие, 1-3 м ұзындықтағы бағананы қолданады.

Хроматографиялық бағанада қосындының компоненттерге бөлінуі жүреді. Аспап 2

бағанадан тұрады:1-сі жұмыстық, онда бөліну жүреді; 2-сі- салыстырушы бағана.

Хроматографиялық бағана қозғалмайтын сұйық фазадан тұратын қатты тасығышпен

толтырылған. Тасығыш-газ ретінде азот немесе гелийді қолданады.

Газ дайындау жүйесінде тасығыш-газ тазартуын жəне құрғатуын жүргізеді жəне керекті жылдамдықпен газ қысымын орнатады. Дозалаушы құрылғы талданатын қосындының

белгілі мөлшерін бағанаға енгізуге рұқсат етеді. Газды сынаманы газды дозатор арқылы, ал сұйықты- микрошприц көмегімен енгізеді. Көбінесе дозатор булануымен

араластырады, сондықтан сынама тасығыш-газбен хроматографиялық бағанаға ауысады. Детектор ретінде жылуөткізгіш детектор-катарометрді пайдаланады. Ол сəйкесінше

электрлі сигналды хроматографиялық бағанадан шығатын құрамның өзгеруінің түзілуіне негізделген. Катарометр ағынды түрдегі 2 қорапшадан тұрады, соның негізінде сезімтал элемент ретінде жоғарғы температураға дейін тұрақты тоқпен жылытылатын жіңішке

вольфрамды жіпшелер пайдаланылады.1-ші қорапша жұмыстық болып табылады, оған



жұмыс бағанадан өткен газ түседі. Басқа қорапша салыстырушы ретінде қолданылады, оған салыстырушы бағанадан өткен таза тасығыш-газ өтеді. Жіпшелерге қарағанда

қорапша қабырғалары төмен температураға ие. Екі қорапшадан өтетін бірдей құрамдағы газдыңтұрақты жылдамдығы жіпшелерден қорапша қабырғасына дейін тасымалыбірдей жəне жүйе жылулық теңдік күйінде болады. Детектор сигналы компенсациялы типтегі

тіркегіш құралмен тіркеледі.

Қолданылуы

Сандық газды хроматографиялық талдау əдісін жеке аналитикалық əдіс ретінде

қарастыруға болады.бұл əдісті мұнай өнеркəсібінде, пестицидтерді, тыңайтқыштарды,

дəрілік заттарды, дəрумендерді, есірткілерді анықтағанда қолданады. Осы əдіспен

металдарды анықтауға болады
6.3
6.4ЭВ-74 әмбебап ионөлшегіш.

ЭВ-74 ионөлшегіште жұмыс жасау операциялардың белгілі бір бірізділігін талап етежді. Датчиктің ұшындағы штекерді аспаптың артқы қабырғасындағы «Изм» ұяшығына қосады, салыстырудың қосымша электродын қаныққан KCl ерітіндісімен толтырады. Аспапты желіге қосып, 50-60 мин қыздырады және гальванометрдің нөлін түзетеді.

Одан соң ионөлшегішті буферлік ерітінділер бойынша баптайды. Құрғақ стақанға рН 1,68 буферлік ерітіндіні құяды, оған электродтарды салады, температуралық түзеткішті ерітіндінің температурасына сәйкес келетін белгіге қарсы орналастырады. Содан соң потенциометрдің баптау сабын орташа қалыпқа келтіреді, «тербелу шегі» айырып-қосқышты «Eu» потенциометрімен «-1-19рН» қалпына көшіреді және гальванометрдің тілін 1,68рН қалпына өрескел түрде түзетеді; бұл нүктеге «Eu» потенциометрімен тілді бір қалыпты келтіреді.

Электродтарды сумен шайып және сүзгіш қағазбен құрғатып, оларды рН 4,58 буферлік ерітіндіге салады, диапазон кнопкасын 4-9рН қалпына айырып, қосады және рН түзетеді. Дәл осылай рН 6,88 (4-9рН диапазонында) және рН 9,22 (8-11 рН диапазонында) стандартты буферлік ерітінділердің рН тексереді. Егер барлық диапазондарды тексерген кезде рН айытқуы 0,05 аспаса, баптауды аяқтайды. Содан соң зерттелетін ерітіндінің рН өлшеуге болады. Шыны электродты құрғаудан қорғайды, өйткені бұл оның сипаттамаларын өзгертуі мүмкін: жұмыс аяқталған соң оны суға салады. Қосымша электродты қаныққан KCl ерітіндісімен толтырады және мерзімді түрде ерітіндіні толықтырып отырады.

ЭВ-74 ионөлшегіште ерітіндінің рН анықтау.

Өлшеудің алдында ионөлшегіштің айырып-қосқыштарын «t» және «-1-19» қалпына қойыңыз. Ионөлшегішті желіге қосыңыз және оны 30 мин қыздырыңыз. Электродтары бар стақанды сәл көтеріңіз, бағананы жылжытыңыз, электродтарды жуғыштан тазартылған сумен жуыңыз. Электродтардағы судың қалдықтарын сүзгіш қағаздың бөлшектерімен алыңыз.


Анықтау барысы

Сыналатын ерітіндіні ионөлшегіштің стақанына (көлемінің жартысына дейін) құйыңыз және оған электродтарды салыңыз. Одан соң кезекпен аспаптың «Катиондар, аниондар» , «рХ», «-1-19» кнопкаларын басыңыз. Көрсететін аспаптың «-1-19» шкаласындағы тілдің жағдайын байқаңыз және сәйкес диапазон кнопкасын басыңыз. Егер «-1-19» шкаласы бойынша көрсеткіш 8-9 цифрларының арасында болса, 4-9 диапазонының кнопкасын басу керек. «0-5» шкаласы бойынша иономер тілінің көрсеткіштерін жазыңыз және оған таңдалған диапазонның бастапқы цифрын қосыңыз. Сыналатын ерітіндінің рН шамасын анықтау осымен аяқталды. Келесі анықтауға дейін электродтарды тазартылған суда қалдырыңыз. Ионөлшегішті желіден сөндіріңіз.
7 билет

7.1Табиғи орта ластануының негізгі түрлері.

Ластану – табиғи экожүйелер мен адамға зиянды ықпал ететін, жаңа, әдетте тән емес физикалық, химиялық және биологиялық факторлардың қоршаған ортада пайда болуы мен келтірілуі. Мыналарды ажыратады:

·       Табиғи ластану  (жанартаулар, сел ағындары, орман өрттері және т.с.с.), адамның ықпалынсыз болады;

·       Антропогенді, адамның шаруашылық әрекетінің нәтижесі болып табыладыа, кейде ауқымы бойынша табиғидан асып түседі.

Қоршаған орта ластануының әр түрлері үш негізгі түрге бөлінеді: физикалық, химиялық және биологиялық.

Ластағыш – қоршаған ортада пайда болатын немесе әдеттен тыс мөлшерде туындайтын, ортаның ластануын тудыратын, кез келген физикалық агент, химиялық зат немесе биологиялық түр (ең бастысы микроағзалар). Олар табиғи, антропогенді, сонымен қатар бастапқы (тікелей ластану көзінен) және екінші қатарлы (бастапқы химиялық реакциялардың ыдырауы барасында) болып бөлінеді. Сонымен қатар трофикалық (қорек) тізбектерінде шоғырланатын, тұрақты (ыдырамайтын) ластағыштарды ажыратады. Ластағыштардың көбі (пестицидтер, пластмассыалар) табиғи жағдайларда аса баяу ыдырайды, ал улы қоспалар (сынап, қорғасын) мүлде ыдырамайды.

Егер осы ғасырдың 40 – шы жылдарында натуралды өнімдер (мақта, жібек, жүн, сабын, каучук, қоспалары жоқ азық-түлік) басым болса, қазіргі уақытта өнеркәсіптік дамыған елдерде олар қиын ыдырайтын және қоршаған ортаны ластайтын, синтетикалық өнімдермен алмастырылған. Бұл ең алдымен синтетикалық талшық, жуғыш заттар (детергенттер, ағартқыштар), қоспалары бар азық-түлік, минералды тыңайтқыштар.


Физикалық ластану – сыртқы ортаның физикалық, температуралық-энергетикалық, толқынды және радиациялық параметрлерінің өзгеруімен байланысты. Ол мыналардан тұрады: жылулық, шулы, электромагнитті, радиоактивті, жарықтық ластану. Осылайша, жылулық ықпал жер беті режимінің және адамдардың өмір жағдайының нашарлауынан көрінеді. Қалалық территориялардың шектерінде жылулық ластанудың көздері қызметін атқарады: өнеркәсіптік кәсіпорындардың жерасты құбырлары (140-160 С), жылу трассалары (50-150С), құрама жинақтағыштар, коммуникациялар. Соңғы уақытта электрберілістердің жоғары вольтті желілерімен, радио- және жылу беретін станциялармен байланысты, сонымен қатар микротолқынды пештерді, компьютерлерді, радиотеленфондарды пайдаланумен байланысты электромагниттік ластануларға назар аудара бастады. Күшті магнитті өрістер тудыратын бейнетерминалдарды пайдаланған кезде әйелдерде түсіктердің 3,5 есе артқанын, персоналды компьютерлердің операторларында көру сезімінің нашарлауын және катарактаның дамуын ғалымдар анықтады. Сонымен қатар жоғары вольтті беріліс желілері түзетін электромагнитті өрістер онкологиялық аурулардың пайда болуына себеп болады.

Химиялық ластану – белгілі бір ортаның химиялық компоненттері мөлшерінің артуы, сонымен қатар оған тән емес немесе мөлшерден асатын концентрацияларда химиялық заттардың енуі (енгізу). Әсіресе қауіпті компоненттер техногенді аэрозольдер, химиялық заттар, ауыр металдар, пестицидтер, пластмассалар, СПАВ болып табылады. Қазіргі уақытта табиғи ортада шамамен 7-8 млн. химиялық зат бар, олардың қоры жыл сайын тағы 250 мың жаңа қоспалармен толығады. Көптеген химиялық заттар канцерогенді және мутагенді қасиеттерге ие, олардың ішінде бензол, асбест, пестицидтер, бенз(а)пирен, ауыр металдар (әсіресе сынап, кадмий, қорғасын), түрлі бояғыштар мен азық-түлік қоспалары аса қауіпті.

Биологиялық ластану – кездейсоқ немесе адамның әрекетіне байланысты, келген түрлердің жаппай көбеюі кезінде жағымсыз ықпал ететін, бөгде өсімдіктердің, жануарлар мен микроағзалардың экожүйелерге енуі. Сонымен қатар тірі ағзалардың әдейі немесе кездейсоқ интродукциясын жатқызуға болады. Сонымен қатар бірқатар жағдайларда жаңа түрлер бәсекеге аса қабілетті болады және жергілікті түрлерді ығыстыра бастайды. ҚР территориясында, тозаңы күшті аллерген болып табылатын, арамшөптердің 100 астам түрі өседі. Қалаларда қоқыстардың болуы, тұрмыстық қалдықтарды уақытында жинамау синантропты жануарлардың (егеуқұйрықтардың, қарғалардың, жәндіктердің және т.с.с.) санының күрт артуына алып келді. Ортаның биологиялық ластануына, антибиотиктер, ферменттер, факциналар, сарысулар өндіретін кәсіпорындар, яғни өнеркәсіптік биосинтез кәсіпорындары айтарлықтай үлес қосады, олардың шығарындыларында микроағзалардың тірі жасушалары бар.