ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 296
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
7.2 Түбегейлі зерттеулер туралы жалпы мәліметтер.
Түбегейлі зерттеулер өнеркәсіптік кәсіпорындардың, ірі қоқыс үйінділерінің, гидротехникалық құрылыстардың ықпалынан болатын геологиялық ортаның нақты өзгерістерін бағалаудан тұрады. Ортаның сандық параметрлері мен жағдайы түбегейлілігі 1:5 000 – 1:10 000 режимдік бақылауларда, территорияны арнайы зерттегенде анықталады.
Геологиялық орта мен сыртқы табиғи орталар (ауа, су, топырақ, өсімдіктер) және техникалық жүйелер арасындағы байланыстар күрделі және көп факторлы болып табылады, қарапайым үлгілер бойынша зерттеледі.
Геологиялық-экологиялық зерттеулердің түбегейлі кезеңінде «ластану көзі – қоршаған орта – тірі ағзалар» жүйесінде себеп-салдарлы байланыстарды зерттеу мақсатында жұмыстар орындалады. Әдетте бұл зерттеулер техногенді ластанудың анықталған эпицентрлерінде жүргізіледі. Топырақтар, грунттар, жерүсті және жерасты сулары, жер маңындағы атмосфера және топырақтағы (топырақ астындағы) ауа терең зерттеледі.
Компоненттерді геохимиялық сынамалау жүргізіледі: топырақтарды 50-100 метр аралықта және кәсіпорынның өнеркәсіптік алаңдарында максималды тығыздықта; суды су айдындары мен ағын суларға өнеркәсіптік пайдаланылған суларды түсіру орындарында, сонымен қатар түп түзілімдерінің қарқынды ластану бөлікшелерінде; өсімдіктерді қарқындылығы түрліше геохимиялық өрістерде (ең алдымен мыс, цинк, қорғасын, никель, кобальт, сүрме, кадмий, марганец сияқты элементтердің ену және қозғалу формалары зерттеледі).
Желдер өрнегін есепке алып, ақпараттың айтарлықтай көлемін алуға болады. Тасымалданатын газталдағыштардың көмегімен жер маңындағы атмосфера зерттеледі, алдағы газды хроматография үшін шыны сауыттарға газ сынамалары іріктеледі; алдағы күлдеу және жоғары дәлдіктегі спектрлік немесе спектрофотометриялық талдаулар үшін арнайы сүзгіштер немесе таңдамалы сорбенттер (маталар, шымтезек, сүзгіштер және т.с.с.) орнатылады.
Электромагнитті өрістер мен гравитацияның ықпалын азайту үшін, сүзгіштерді тұрғын ғимараттарда немесе өнеркәсіптік құрылыстарда 10-15 метр биіктікте орнату қажет. Сынаптың орташа мөлшерін есептеу үшін газсынапты бақылаулар да жүргізіледі. Бұл мақсатта бақылаулардың әр тармағында 50 дейін ауа сынамасы іріктеледі.
2 Сынамаларды іріктеу әдістемесі.
Сынамалау кескінді-аудандық нұсқада орындалады. Топырақ және топырақ астындағы сынамалар тереңдігі 0,3-0,5 метр шпурлардан (тау жыныстарындағы дөңгелек саңылау) немесе жұмсақ түзілімдердегі ұсақ ұңғымалардан іріктеледі. Ластаушы заттарды анықтау да тасымалданатын газталдағыштардың, газсынапты талдағыштардың көмегімен тікелей бақылау нүктелерінде жүргізіледі.
Ең улы химиялық элементтердің бірі – сынап үшін 1 шаршы км 2-4 анықтау бойынша ауада және өзге табиғи орталарда тікелей газсынапты өлшеулер жүргізіледі, бұл потенциалды қауіпті ғана емес, қоршаған ортаға сынап түсуінің шамалы көздерін, соның ішінде ұйымдаспаған тұрмыстық шығарындыларды да анықтауды қамтамасыз етеді.
Зерттеулердің түбегейлі кезеңінде өнеркәсіптік қалалық агломерациялардың ықпал ету аймақтарында қарды сынамалау ұсынылады, бұл атмосфераның ғаламдық жағдайын (қышқыл жаңбырлар) және қысқа уақыт аралығындағы қоршаған ортаның ластануын бағалауға мүмкіндік береді. Қар жамылғысының химиялық құрамының өзгеруі бүгінгі күндегі ортаның сапасын сипаттайды. Әсіресе атмосфералық жауын-шашындар үлестерінің ірі үзілістерінен кейінгі алғашқылары ластанған болады. Оларды сынамалау кескіндік-аудандық нұсқада жүргізіледі. Шурфтың ауданы мұқият өлшенеді және қар құрамының уақыты белгіленеді. Қар сынамасының салмағы 13-15 кг, бұл 8-10 литр су алуға мүмкіндік береді. Еріту бөлме температурасында жүргізіледі.
3 Қажетті мәліметтерді жинау.
Қар су мен қатты қалдықты талдау жеке жүргізіледі. Сынамалау қыстың аяғында жүргізіледі.
Атмосфералық ауаны, жерүсті және жерасты суларын, топырақты, қарды зерттеу мониторинг элементтерімен циклды түрде жүргізіледі.
Ластаушы-кәсіпорындарда өндіріс технологиясы, атмосфераға шығарындылардың, ағын сулар мен пайдаланылған сулардың көлемі мен құрамы, қалдықтарды қоймалау және сақтау орындары туралы мәліметтер жиналады; қоршаған ортаға ластаушы заттардың түсу арналары анықталады.
Шаң аулағыш және тазарту құрылыстарынан, нөсерағарлардан, өндірістің қатты қалдықтарының геохимиялық сынамалары іріктеледі.
Техногенді геохимиялық аномалиялардың шектерінде қоршаған ортаның химиялық элементтермен ластану ықпалын бағалау үшін, нақты территорияларда халық денсаулығының жағдайы туралы медициналық мекемелерде мәліметтер жиналады.
7.3.Күзет орындары мен фондық станцияларда бақылауларды ұйымдастыру.
Жоспар:
1.Бақылаудың күзет орындары. 2.Фондық станциялар.
1. Күзет орындарының 3 түрін ажыратады:
1. Стационарлық – ластаушы заттардың мөлшерін үздіксіз тіркеуді немесе алдағы талдауға ауа сынамаларын үнемі іріктеуді қаматамасыз етуге арналған. Стационарлық күзет орындарының қатарынан, негізгі және ерекше ластаушы заттар мөлшерінің ұзақ мерзімді өзгерістерін анықтауға арналған, тірек күзет орындары ажыратылады. Бақылаулардың стационарлың күзет орны арнайы жабдықталған павильон болып табылады, онда ластаушы заттардың концентрациясын және метеорлогиялық параметрлерді тіркеуге арналған аппаратура орналастырылған. Күзет орнын орнатудың алдында барлық стационарлық және қозғалмалы көздер шығарындыларының жиынтығынан барлық ингридиенттер бойынша концентрациялардың есептік өрістерін, құрылыс ерекшеліктері мен жергілік жердің бедерін, тұрғын үйлер дамуының және өенкәсіп, энергетика кәсіпорындарының кеңею перспективаларын және т.б.талдау қажет. Күзет орны ғамараттардың аэродинамикалық көлеңкесінен және жасыл желектер аймағынан тыс орналасу керек, оның территориясы жақсы желдетілу керек, жақын орналасқан ластанудың төменгі көздерінің (тұрақ, АЖС) ықпалына түспеу керек. Стационарлық күзет орындарындағы атмосфералық ауаның ластануын және метеорологиялық параметрлерді бақыдау жыл бойы барлық маусымдарда ауа райына тәуелсіз жүргізілу керек.
2. Бағытжолдық күзет орны – стационарлық күзет орнын орнату мүмкін болмаса немесе жеке аймақтардағы, мысалы, жаңа тұрғылықты аймақтардағы ауа ластануының жағдайын түбегейлі зерттеу қажет болса, ауа сынамаларын жүйелі іріктеуге арналады. Бағытжолдық күзет орындарындағы бақылаулар, қажетті жабдықтармен және аспаптармен жабдықталған, қозғалмалы зертхананың көмегімен жүргізіледі. Бағытжолдық күзет орындарын да арнайы таңдалған жерлерге орнатады. Бір машина жұмыс күнінің ішінде 4-5 нүктені жүріп өтеді. Қоспалардың концентрациясын анықтау бірдей мерзімдерде жүргізілу үшін, таңдалған бағытжолдық күзет орындарын автокөліктің жүріп өту тәртібі бірдей болу керек.
3. Қозғалмалы (шам астындағы) күзет орны – өнеркәсіптік шығарындылардың бұл сөзінің ықпал ету аймағын анықтау мақсатында түтінді (газды) шаммен сынамаларды іріктеуге қызмет етеді. Кәсіпорын шамының астында бақылау арнайы жабдықталған машинаның көмегімен де жүргізіледі. Шам астындағы күзет орындары, көзден белгіленген қашықтықта орналасқан, нүктелерді құрайды. Олар шығарындылардың зерттелетін көзінің шам бағытына сәйкес ауысады. Ауа сынамаларын іріктеу орындары стационарлық көзден 0,2; 0,5; 1; 2; 3; 4; 6; 8; 10; 15; 20 км қашықтықта біртіндеп желдің бағыты бойынша жүргізіледі. Шамның астында шығарындылардың көлемін есепке алып, осы кәсіпорынға тиәсті ингридиенттерді бақылау жүргізіледі. Максималды ластану аймағында 60 кем емес ауа сынамаларын іріктейді, ал басқа аймақтарда 25 кем емес. Шам астындағы бақылауларды жүргізген кезде ауа сынамаларын іріктеу Жер бетінен 1,5 м биіктікте 20-30 минуттың ішінде 3-тен кем емес нүктеде бір уақытта жүргізіледі.
2. 20 ғасырдың 60-шы жылдарында Дүниежүзілік Метеорологиялық Ұйымда атмсофераның фондық жағдайын бақылаудың дүниежүзілік желісі құрылды. Оның мақсаты атмосфералық құраушылардың фондық деңгейлері, адам әрекетінің атмосфераның жағдайына тигізетін ықпалы туралы тұжырымдауға болатын, олардың вариациялары мен уақыт ішіндегі өзгерістері туралы ақпарат алудан тұрады. Кешенді фондық мониторинг станцияларының ұлттық желісі халықаралық желінің құрамына енеді және фондық аудандардағы табиғи орталардың ластану жағдайын бақылауды жүзеге асырадых. Бұл желі экомониторингтің ұлттық қызметін құрудың іргетасы болып табылады. Станциядан 100 км қашықтықта барлық бағыттар бойынша алдағы 50 жыл ішінде жерді пайдалану тәжірибесінде айтарлықтай өзгерістер көзделмеген жерде, айтарлықтай таза жерлерде, тауларда, оқшауланған аралдарда базалық станцияларды орналастыру қажет. Базалық станциялардың негізгі міндеті, ешюір жергілікті көздердің ықпалына түспейтін, атмосфера ластануының ғаламдық фондық деңгейін бақылау болып табылады. Басты мақсаты Жерді пайдаланудағы өзгерістерге және өзге антропогендің ықпалдарға негізделген, атмосфера құраушыларының ұзақ мерзімді ауытқуларын станция аймағында анықтаудан тұратын, аймақтық станцияларды ластанудың ірі көздерінен 40 км кем емес қашықтықта ауылды жерде болу керек. Континенталды станциялар зерттеулердің кеңірек ауқымын қамтиды, ластану деңгейіне ықпал етуі мүмкін көздер 100 км радиуста болмайтындай, жеке аудандарда орналасады. Фондық мониторинг принциптерінің бірі экожүйелердің компоненттеріндегі ластаушы заттардың мөлшерін кешенді зерттеу болып табылады. Өлшеулердің нәтижелері гидрометеорологиялық мәліметтермен толықтырылады. Атмосфералық ауадағы өлшенген бөлшектердің, озонның, көміртегі оксидтерінің, азоттың, күкірт диоксидтерінің, сульфаттардың, бензапиреннің орташа тәуліктік концентрациялары, сонымен қатар атмосфераның аэрозольдік лайлылығының көрсеткіші өлшенеді. Метеорологиялық бақылаулар ауаның температурасын, ылғалдылығын, желдің жылдамдығы мен бағытын, атмосфералық қысымды, бұлттылықты, күн шығуын, атмосфералық жауын-шашындарды, қар жамылғысын және топырақ бетінің жағдайын бақылаудан тұрады. Сонымен қатар, оларға радиация мен радиациялық балансты бақылау жатады. Фондық мониторинг бағдарламасы бойынша жүргізілетін кез келген бақылаулар міндетті түрде метеопараметрлерді өлшеумен бірге жүргізілу керек, сондықтан фндық бақылауларды метеорологиялық станциялардың негізінде жүргізген дұрыс.
7.4 CЛИ
Өзендердің, көлдердің және су қоймалардың ластану деңгейі СЛИ көрсеткіші бойынша бағаланады. Ол судағы, құраушы заттың болуын сипаттайды: оттегі, органикалық заттар және ШМК дан асатын заттар. СЛИ бойынша анықталған жер үсті судың сапа критерийлері су классының сапасын сипатталады: өте таза судан (1 класс) төтенше ластанған суға дейін (7 класс).
СЛИ ШМК бойынша есептеледі және келесі формуламен анықталады:
In=(qi*Ai)Ci(1)
Мұнда:
In- судың суммарлы ластану индексі
qi-уақыт ішіндегі i-ді заттың орташа концентрациясы
Ai- i-ді заттың қауіптілік коэффициенті.
Ai=1/ШБК (2)
Ci-заттың қауіптілігінің классына байланысты болатын деңгейінің көрсеткіші.
8 билет
8.1 Қоршаған орта сапасының нормативтері.
Шаруашылық әрекеттің табиғи ортағы артып келе жатқан ықпалы және оның жағымсыз салдары адам тұратын ортаның сапасын реттеу туралы мәселе өзекті болып табылады.
Табиғат пен адамның арасында зат, энергия және ақпарат алмасуды тұрақты және өзгеріссіз қамтамасыз ететін және тіршілікті кедергісіз ұдайы өсіретін және қамтамасыз ететін, табиғи ортаның экологиялық жүйелерінің жағдайы табиғи ортаның сапасы деп есептеледі. Ол өзін-өзі реттеу, өзін-өзі тазарту арқылы табиғаттың өзінен қолдау табады.
Сапаны мөлшерлеу – бұл адамның тіршілігі және биокөптүрлілікті сақтау үшін оның жарамдылығын анықтайтын, қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін белгілеу. Сапа нормативтері санитарлық-гигиеналық, экологиялық (өндірістік-шаруашылық) болып бөлінеді.
Санитарлық-гигиеналық көрсеткіштерге шекті мүмкін концентрациялардың (ШМК), зиянды (химиялық, биологиялық) заттардың, физикалық ықпалдардың, радиациялық ықпалдың шекті мүмкін деңгейлерінің (ШМД) және т.б. нормативтері жатады. Мұндай нормативтерді құрудың мақсаты адам денсаулығына қатысты қоршаған ортаның сапа көрсеткіштерін анықтау болып табылады.
Экологиялық нормативтер – зиянды заттардың шығарындылары мен лықсымаларының нормативтері. Олар, лықсыманың (шығарындының) белгілі бір шекті шамасымен әрекетін шектеп, зиянды ықпал көзіне тікелей қатысты талаптарды белгілейді.
8.2Ірі масштабты геоло-экол зерттеулер
Ірі масштабты (1:25 000 – 1:10 000) жұмыстар сатысына жатқызылатын геологиялық-экологиялық зерттеулердің негізгі міндеті бұрын анықталған аномальді бөлікшелердің және жеке аномалиялардың шектерінде қоршаған ортаның жағдайын (ластану дәрежесін) түпкілікті бағалау болып табылады.