Файл: Зерттеу таырыбыны зектілігі.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 165

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


6-кесте мәліметтері бойынша Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Ақмола облысы тұрғындары туризм түрлері бойынша сапарларға көп шығады, кейінірек Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары орналасса, ең төменгі көрсеткіш Қызылорда және Жамбыл облыстарына тиесілі.

2018 ж. мамырында Қазақстан даму банкінің «Обзор индустрии туризма в Казахстане» құжатына сәйкес, Қазақстанға кіретін шетелдік туристердің келу мақсаты іскерлік және жеке мақсатта екені көрсетілді, ол қазақстандық нарықтың тез дамуы мен әлемдік бизнестегі рөлінің артуы мен түсіндіріледі, жалпы шетелдік келушілердің тек 1% ғана Қазақстанға демалыс және туризм үшін келеді екен [21].

Туристік қызметтер көлемі туризм типтері бойынша 2014-2018 ж. жыл басындағы серпіні оң үрдісті көрсетеді және орындарды брондау жөніндегі қызметтер визалық, экскурсиялық және өзгеде қызметтерге қарағанда үлкен пайыз - 94,8% көрсетіп отыр (кесте 7).
Кесте 7 - Туризм типтері бойынша 2014-2018 ж. жыл басындағы серпіні










соның ішінде




























Жылдар

Барлығы

визалық

қызметтер

экскурсиялық

қызметтер

орындарды

брондау

жөніндегі

қызметтер

өзге де

қызметтер






















2014

15 486 551,6

585 768,0

534 438,4

14 038 964,3

327 380,9




2015

17 512 325,4

564 011,8

614 329,5

16 188 627,8

145 356,3




2016

14 832 562,6

625 072,7

401 839,9

13 483 682,7

321 967,3




2017

15 347 599,6

708 246,8

480 682,0

13 734 134,0

424 536,8




2018

17 999 760,9

426 562,5

229 863,0

17 066 770,6

276 564,8




Ескерту: Дерек көзі [11]




Елге келген шетелдіктердің жалпы санының 38% немесе 200 000 адамнан астамы Алматы қаласына тиесілі. Ал Атырау мен Нұр-Сұлтан қалаларының үлесіне 20% (100 мың адамнан артық) тиесілі. Айта кетерлігі, 4 негізгі қала (Маңғыстау облысының Ақтау қаласына жұмыспен келгендер) жоғары туристік ағынмен ерекшеленеді, елге келуші шетелдіктердің 85% осы қалаларға тиесілі, жұмыс шетелдіктерді елге шақырушы неғұрлым күшті фактор болып табылады.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ақпараты бойынша, 2019 жылдың бірінші жартысында туризм түрлері бойынша қызмет көрсетілген келушілер санышамамен - 3 миллион 840 мың адам.
Кесте 8 – ҚР туризмге келушілер саны, адам




2019 жылғы

қаңтар-маусымға

2018 жылғы

қаңтар-маусымға

БАРЛЫҒЫ

3839207

4156389

ТМД елдері

3557308

3898004

Өзбекстан

1702743

2226746

Ресей

808306

749048

Қырғызстан

663503

588220

ТМД-дан тыс елдер

281899

258385

Түркия

53453

46391

Германия

38341

36125

КНР

26164

23324

Оңтүстік Корея

17260

13899

Ескерту: Дерек көзі [12]

Қазақстанға келетін туристердің көшін ТМД елдері арасында Өзбекстан бастап тұр. 2019 жылдың қаңтар-маусым айларында бұл елден 1 702 743 адам келген. Ал былтыр жарты жылда екі миллион екі жүз мыңнан аса адам келген екен. Екінші орында Ресей - 808 305,5 адам. Былтырғы көрсеткіш азырақ, шамамен 750 мың адам. Үшінші орында Қырғызстан - 663 502,5 адам, бұл 2018 жылмен салыстырғанда шамамен жетпіс мың адамға көп. 

Қазақстанға Әзербайжан мен Беларусьтен де адамдар салыстырмалы түрде көп келеді. Осы жартыжылдықта бұл елдерден тиісінше 44 мың және 41 мың адам келген. Былтырғы көрсеткіштер бүгінгімен пара-пар.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекаралық қызметінің деректеріне сәйкес, Қазақстанға ТМД-дан тыс елдерден де адамдар саяхаттайды. Олардың жалпы саны - 281 899 адам. Алғаш бестікті бастап тұрған - Түркия 53 мың адам, кейін Германия - 46 мың адамнан асады. Қытай мен Оңтүстік кореядан 26 мыңнан аса және 17 мыңнан аса адам келген. Тізімде бесінші тұрған - АҚШ, жарты жылдық көрсеткіш шамамен 15 мың турист. 



Бұл елдерден бөлек Қазақстанға Моңғолия, Ұлыбритания, Үндістаннан 10 мыңнан аса турист келген
Кесте 9 – Келу туризмі бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер саны, адам




2019 жылғы

қаңтар-маусымға

2018 жылғы

қаңтар-маусымға

Қазақстан Республикасы

461123

371241

Ақмола

5234

4653

Ақтөбе

6020

5303

Алматы

1676

1820

Атырау

40988

32014

Батыс Қазақстан

12407

8952

Жамбыл

2113

1817

Қарағанды

9367

8909

Қостанай

9424

8747

Қызылорда

1604

1112

Маңғыстау

11749

13928

Павлодар

4456

4348

Солтүстік Қазақстан

7244

5601

Түркістан

4106

2808

Шығыс Қазақстан

11695

11770

Нұр-Сұлтан қаласы

112791

89968

Алматы қаласы

206126

160667

Шымкент қаласы

14173

8824

Ескерту: Дерек көзі [12]


Статистика комитетінің баспасөз хатшысы Қазақстанда келу туризмі бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санын берді. Өңірлер бойынша туристер ең көп келетін Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары. Қаңтар мен маусым айларында Алматыны 206 мыңнан аса, елордамызды 112 мыңнан аса турист таңдаған. Еліміздегі үшінші миллионер қала Шымкентке 14 мың адам келген. 

Атырау облысының көрсеткіші 40 мың адам, былтырмен салыстырғанда бұл 8 мың адамға көп. Сонымен қатар, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының әрқайсына 10 мыңнан аса турист келген. 


Қазақстандықтар жиі баратын елдер

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекаралық қызметі өкілдері ұсынған ақпарат бойынша 2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында шет елге шыққан қазақстандықтардың саны - 4 миллион 925 мың адамнан асты. Былтыр да шамамен осындай көрсеткіш болған. 

Қазақстандықтар ең көп баратын елдердің қатарында - Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, сондай-ақ, Түркия, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері, Мысыр бар. 
Кесте 10 – Шығу туризмі бойынша келушілер саны, адам




2019 жылғы

қаңтар-маусымға

2018 жылғы

қаңтар-маусымға

Барлығы

4925260

4968813

ТМД елдері

4370351

4458379

Ресей

1922592

2077469

Қырғызстан

1230048

1193411

Өзбекстан

1159061

1125221

ТМД-дан тыс елдер

554909

510434

Түркия

162831

139405

КНР

93490

89528

Біріккен Араб Эмираттары

90271

81555

Египет

71654

53929

Ескерту: Дерек көзі [12]



ТМД елдері бойынша алда тұрған бұл үш елдің жалпы көрсетікші - 4 миллион 300 мың адамнан асады. Ал қазақстандықтар саяхаттаған ТМД елдерінен тыс мемлекеттердің көрсеткіші - 554 909 адам. 

Осы жартыжылдықта шет елге шыққан қазақстандықтардың басым бөлігі өзге жерге жұмыс барысымен барған. 4 миллион 925 мың адамның шамамен 87 мыңы турист ретінде елден шыққан. Қалғаны жеке мәселелер бойынша және транзитке байланысты.

Қазақстандықтар үшін соңғы 5 жылда Түркия негізгі туристік орталық болып табылды, оның нарықтық үлесі 50% құрайды. Одан кейін Қытай, БАӘ (10%), Таиланд және Мысыр (6%) мемлекеттері, Еуропалық Болгария, Хорватия, Италия, Франция елдері

Қазақстан үшін жеңіл визалық процедуралар ұсынды, Қазақстаннан шығатын туристер үшін негізгі өнім жағажай туризмі болып табылады. Қазақстанда ақылы уақытша тұратын объектілердің толтырымдылық көрсеткіштері халықаралық бәсекелестік деңгейінен төмен деңгейде, бірақ, Маңғыстау мен Атырау облыстары неғұрлым жоғары көрсеткішке ие, ондағы толтырымдылық осы аймақтың жұмыс бабындағы іскерлік сапарлар маңыздылығына байланысты.

Толтырымдылықтың орташа көрсеткіші 4 жұлдызды қонақ үйлер үшін бәсекелестік деңгейден төмен болып отыр, ол 4 жұлдызды сегментте соңғы үш жылда ұсыныстардың артуы мен түсіндіріледі. Сондықтан жаңаны сандар өзінің шаруашылық қызметінде тұрақтандыру кезеңінде болады және тұрақты көрсеткіштерге жете алмайды. Бірақ, жіктелімі жоқ қонақ үйлердің және басқада орналастыру нысандарының нөмірлік қорларының орташа толтырымдылық коэффициенті үлкен алаңдаушылық тудырады, себебі олар бәсекелестік деңгейден төмен мөлшерде, сәйкесінше 24,3 %, 12,5 % болып отыр.

Орналастыру орындары нысандардың жеткіліксіз ұсынысы (әсіресе 5 жұлдызды сегментте) халықаралық деңгейде орта деңгейден төмен және ұсынылатын қызмет сапасы жоғары болып табылады. Бұл Қазақстанда туризм саласының бағалық бәсекеге қабілеттілігі туралы жалпы мәселені туындатады, 2016 ж. Wоrld Еcоnоmic Trаvеl басылып шыққан сапарлар мен туризм туралы есепте, барлық сауалнама алынған туроператорлардың барлығы осы мәселені көтереді. Ал басқа жағынан жіктелімі жоқ басқа да орналастыру орындары бағасының төмендігімен ерекшеленеді. Қазақстан мұнайды өндіруші және экспорттаушы ел екендігіне қарамастан, әуе билеттердің бағасының да өте қымбаттығын айтуға болады. Теміржол тасымалы неғұрлым бәсекеге жарамды, бірақ ол барлық халықаралық саяхатшылардың инфрақұрылым сапасы мен ел мөлшері бойынша көпшілік нарығын қанағаттандыра алмайды [12].