Файл: Зерттеу таырыбыны зектілігі.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 166

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Құрылыс және жабдықтар бағасы жеткілікті деңгейде бәсекеге қабілетті болып табылады. Туризм саласында қызмет атқаратын мамандардың пікірінше, 5 жұлдызды қонақ үйдің құрылысы мен жабдықтарын ұйымдастыру (мысалы, бөлме) 80 000 - 100 000 еуро тұрады, ол халықаралық көрсеткіштен 10-20% кіші.

Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметтері бойынша, халықаралық сапарлар (Қазақстандық резидент емес азаматтарға көрсетілген қызмет көрсету көлемі) соңғы 5 жылда 20% , яғни 1,04 млрд. долларға артты. Қазақстанда көрсетілген қызмет көрсету көлеміндегі негізгі үлесі ТМД елдерінің резидент емес азаматтарына көрсетілген 76% қызметтерге тиесілі [13].

Екінші жағынан, Қазақстанның резидент емес азаматтардан алынған халықаралық сапарлардың (импорт) көлемі (2013-2017 жж.) 49%, яғни, 1,22 миллиард долларды құрайды. Ол, Қазақстанның туризм төлем балансына теріс болып табылады.

Біздің ойымызша, Қазақстан экономикасында туристік нарықтың дамуы жыл сайын артып отыр, жалпытуризм түрлері бойынша сапарлардың негізгі мақсаттары болып еңбек демалысы, туысқандар мен таныстарға бару, іскерлік мақсаттағы сапарлар мен діни - қажылық, шоп туризмі алынады. 2017 жылдың басына ең көп сапарлар еңбек демалысы кезінде болған, оған барлық сапарлардың 80% мөлшері тиесілі, одан кейінгі орында іскерлік (8,4%) және дүкен аралау мақсатындағы сапарлар (7,4%) болса, ең төменгі көрсеткіш басқа мақсаттарға (0,6%) және діни-қажылық мақсаттағы сапарларға (0,2%) тиесілі. 2017 ж. туризм саласында 1705 компания тіркелді, олар жетекші туристік облыстарда барлық тіркелген компаниялардың төрттен үшінің үлесі тиеді екен, бірақ Алматы қаласы басқаларына қарағанда неғұрлым басым, оған жалпы кәсіпорындардың 30% жуығы тиесілі екен. Соңғы жылдары коммерциялық кәсіпорындардың саны артты [14].

Қазақстанға Өзбекстан, Ресей және Қырғызстан, Қытай, Түркия, АҚШ, Ұлыбритания елдерінен туристер көп келеді. Елге келген шетелдіктердің жалпы санының 38% немесе 200 000 адамнан астамы Алматы қаласына тиесілі. Ал Атырау мен Нұр-Сұлтан қалаларының үлесіне 20% (100 мың адамнан артық) тиесілі. Айта кетерлігі, 4 негізгі қала (Маңғыстау облысының Ақтау қаласына жұмыспен келгендер) жоғары туристік ағынмен ерекшеленеді, елге келуші шетелдіктердің 85% осы қалаларға тиесілі, жұмыс шетелдіктерді елге шақырушы неғұрлым күшті фактор болып табылады. Орналастыру орындары нысандарының саны аз, бағалық бәсекеге қабілеттілік жағдайында үлкен мәселені туындатады, жіктелімі жоқ басқада орналастыру орындарының сапасы төмен. Қазақстанда әуебилеттердің бағасы да өте қымбат, теміржол тасымалы неғұрлым бәсекеге жарамды, бірақ ол барлық халықаралық саяхатшылардың инфрақұрылым сапасы мен халық саны бойынша көпшілік нарығын қанағаттандыра алмайды.


Қазақстанды елге келген туристерге ұсынатын қызмет көрсету сапасы, инфрақұрылымы, тасымалдау құралдары бойынша бәсекеге қабілетті ел деп атауға келмейді, осының барлығы туристік саладағы әлеуметтік-экономикалық аспектілерінің даму жағдайын бағалауды қажет етеді.

2.2 Туризм саласының әлеуметтік-экономикалық аспектілерінің даму жағдайын бағалау

Туризм, баяу дамуда, еліміз туристік әлеуетке бай, ел аумағынан Ұлы Жібек Жолы өтеді, ежелгі қалаларымыз – Құлан, Қойлық, Саудакент, Отырар, Сарайшық мәдени жәдігерлеріміз, көптеген көрікті орындардың барлығына қарамастан еліміз өзіне дамушы елдерден қалталы туристерді тарта алмай отыр. Бүгінде Батыс Еуропа Өзбекстанды жаңа зерттелмеген бағыт ретінде таниды, Қазақстандағы қазіргі негізгі туристердің көпшілігі бұрынғы ТМД елдерінің халқы, еліміздегі мәдени құндылықтар кәсіби туроператорларға белгілі болса да, көпшілік туризм үшін қол жетімді болып отырған жоқ.

Қазақстан халықаралық туристік ағынды қалыптастыру үшін жағымды географиялық жағдайға бағытталғандығын білу үшін, шығу туризмінің жағдайын бағалау керек. Канада - 28 млн. адам, Ұлыбритания - 51 млн., Германия - 77 млн., Ресей - 20 млн., АҚШ - 72 млн. адам, Франция - 37 млн., Нидерланды - 28 млн., Италия - 26 млн., Жапония - 20 млн., Қытай - 25 млн. адам. Жалпы Қазақстанның шығу туризмінің ағыны өте аз.

Ел аумағының Батыс пен Шығысты жалғастырушы ел ретінде дамуға үлкен мүмкіндігі бар, 2018 жылдың басында Қазақстанда көлік жүйесінің ұзындығы 14,9 мың км., теміржол. 97,2 мың км., автомобиль жолын, 4,1 мың км ішкі су жолдары және 20,2 мың км магистральды құбырлар жолдары болды [25]. Қазақстан қазір көліктік тасымал бойынша тұрақты өсу кезеңінде, 2014 жылмен салыстырғанда тасымалданған жолаушылар саны барлық көлік түрлері бойынша өсті, Батыс Еуропа-Батыс Қытай автомобиль жолдарының ұзындығы 2 787 км құрап отыр, осы жобаға Ресей (2233 км) және Қытай (342 км) елдері де қатысады, жалпы жол ұзындығы 8445 км. Осы жобаны іске асыруға 2,1 млрд. АҚШ долл. МББР арқылы қаржыландырылды [15].

Еліміздегі 61 000 км әуе дәліздері бар, ірі ұлттық әуе компания «ЭйрНұр-Сұлтан», әуе компания 2011 жылы IАTА–ның IОSА операторлар реестріне кіргізілген. Ол Bоеing 787, Bоеing 767, АirbusА320 және Еmbrаеr 190 сияқты ұшақтарды сатып ала отырып, 2018 жылға осы типтес ұшақтардың 34-ін, ал 2020 жылға дейін 43-ке дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Нұр-Сұлтан және Алматы, Ақтау, Шымкент қалаларындағы әуежайлар негізгі әуежайлар болып саналады, соңғы үшеуі Қазақстанда тур кластер дамытуға арналған негізгі орындар болып табылады, бірақ дәл қазіргі уақытта олардан шет елдерге тікелей ұшатын бағыттар аз.



Қазір темір жол желілері дамуда, тез жылдамдықты жүрдек поездары іске қосылуда, осыған қатысты «Тұлпар-Талго» зауытында ішкі тасымал үшін жолаушыларға арналған вагондар құрастырылуда. 2018 жылы осындай жүрдек поездар желілері үшін 420 пассажирлік вагондар құрастырылса, 2015-16 жж. "Алматы – Нұр-Сұлтан - Петропавловск", "Нұр-Сұлтан - Атырау", "Алматы - Атырау" бағытындағы жүрдек поездары пайдалануға берілді. 2016 жылы "Алматы - Защита" жүрдек поезды шығарылып, жүзеге асырылуда [16]. Бірақ елдегі көліктік жағдай, қымбат баға, дамымаған инфрақұрылым Қазақстанды туристік бағыттағы деңгейін халықаралық деңгейде төмен – қолайсыз деп бағалауға себеп болып отыр. Кез келген елдің туризміне саяси тұрақтылық үлкен әсер етеді. Мысалы, Тунис пен Мысырдағы тұрақсыздық туристердің ағынын азайтып, туристік қызметке кері әсерін тигізеді, Италия, Түркия, Грекия бағытарына туристердің тобы азаюда.

Қазақстанға туристік келулердің жалпы жағдайын талдау үшін, Өзбекстан, Түркменстан, Тәжікстан, Қырғызстан сияқты көрші елдердегі келу туризмінің статистикасын жүргізу керек. Осы елдердің барлығында да туризм индустриясы жеткілікті деңгейде дамымаған, олар туристік бағытталған деп саналмайды. Сонымен қатар, салыстырмалы баға үшін Үндістан таңдап алынды. Оның географиялық орналасуы біздің елдің географиялық жағдайына ұқсас болып келеді, әсіресе, Оңтүстік аймақтармен өте ұқсас және шығу туризмінің негізгі нарықтары екі аймақтанда алынып тасталған. Қазақстан және оған жақын елдерден Үндістанның айырмашылығы ол туристер арасында оң имидж құра алды және ел қызықты туристік бағыт ретінде танылды. Қазақстанға келушілердің ресми көрсеткіші жыл сайын мөлшермен 4,7 млн. адамды құрайды (Үндістанға 5,2 млн.) бірақ нақты жағдайды ашып көрсетпейді, себебі Қазақстанға келетін туристердің мөлшермен 63% (3 млн.) көрші Өзбекстан, Түркменстан, Тәжікстан және Қырғызстаннан келетін азаматтар. Шекарадан өту, кіру туризмі деп тіркелсе де, олар туристік мақсатта келетіні күмән тудырады, қалған 23% Ресейден келген (1,1 млн.) келушілерде осы жағдайды сипаттайды. Осы жағдай тек Қазақстан емес, Қырғызстанда да болып отыр (2,4 млн келу туризмі), онда 88% (2,1 млн.) көрші елден келгендер болса, тағы 8% (200 мың) Ресейден келушілер болып табылады [17].

Солтүстік Қазақстан аймағына – Ақмола облысы, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары кіреді. Ландшафтық, климаттық жағдайы әртүрлі. Көкшетау, Баянауыл, Мойылды сияқты курорттары емдік демалыс орталықтары мен Қорғалжын, Наурызым қорықтары бар. Аймақ велосипед, су, рекреациялық туризміне ыңғайлы.


Шығыс Қазақстан аймағына Шығыс Қазақстан облысы кіреді, орталығы Өскемен қаласы, аумағы 283 300 км2, климаты тым континентті, аймақта ашық аспан астындағы сирек кездесетін минералдар музейі, археологиялық ескерткіштер көп. Марқакөл, Батыс-Алтай қорықтары, Зайсан, Марқакөл, Сабынды көлдері және Рахман қайнарлары бар. Марал шаруашылығы қолға алынған.

Оңтүстік Қазақстан аймағы өзіне Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарын кірістіреді. Шығыс және оңтүстік шекарамен жүздеген километрге созылған Тянь-Шань таулары бар, тарихи, археологиялық және мәдени ескерткіштер өте көп (Абдул-Әзиз-Баба, Қарашаш - ана мазарлары, Қарахан және Шамансұр, Айша-бибі, Бабаджа - Қатын кесенелері, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі т.б.), ежелгі Сайрам қаласының ескі қалдықтары, орта ғасырлардағы әлемдегі өте үлкен кітапханалардың бірі ежелгі Отырар қаласының орны сақталған. Ақсу-Жабағылы, Қаратау қорықтары бар.

Батыс Қазақстан аймағына Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстары кіреді. Мұнда теңіз деңгейінен 132 м биіктікте орналасқан тереңдігі бойынша әлемдегі екінші Қарқия ойпаты орналасқан. Каспий теңізі, Еділ өзені, Маңғыстау жартылай аралы, Үстірт қорығы, ежелгі және жаңа қалалар, археологиялық ескерткіштер, Хорезм мен Иранның ежелгі сауда жолдары-осының барлығы батыс аумағына тиісті.

Қазақстан Республикасы аймақтарының туристік тартымдылығына бағалау жүргізуге болады. Аймақтарға туристік бағалау жүргізу үшін маркетингтік әдіс қажет: аймақтың туристік ресурстары таңдалады (туристік нарық параметрлері, жеке аймақтар дамуының басым бағыттары); аймақтың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін анықтау (жеке территориялардың ішкі әлеуеті, аймақтарды туристік тартымдылық бойынша реттеу); болжамды бағаларды құру (туристік нарықтың мүмкін көлемі, туристік аймақтың мүмкін болатын даму бағыты).

Бағалау 1978 ж. америкалық Маккартни ұсынған «4 П» (өнім, баға, жылжыту, жайғастыру) және 1981 ж. Бумс және Битнер қосымша «2П» қосуды адамдар (персонал, сатып алушы) және физикалық белгілер (қоршаған орта, ішкі жағдай, ыңғайлылық, шу деңгейі, эстетика және т.б.) ұсынған [18].

Кесте 11 - Бағалау кезінде жүйелік көрсеткіштер

Көрсеткіш атауы

Есептік көрсеткіші

Бағасы

мағынасы

ұпай




Херфиндал индексі (<10000),

неғұрлым кіші болуы керек.

Туристік қызмет нарығында

Монополизм деңгейін анықтайды

Ix= d2i

d2i- туристік

нарықтағы жеткізушілер

<500

501-1000

1001-3000

2500-5000

>500

5

15

25

35

50




Халық шоғырлануының коэффициенті (≤100).

Аз болған сайын тығыздық аз. Егер Ix үлкен болса, Nx аз болады, яғни, туристік қызмет нарығын дамытуда қиындық туғызады

Nk= b2i

b2i- i халық тұрағының үлесі

<1000

1001-2500

2500-5000

>500

70

50

30

10




Халықтың орташа табысы мен туристьік қызметке шығындарының қатынасының коэффициенті. Халықтың табысына тәуелді

KT=D/Z

D – жан басына шаққандағы орташа табыстылық деңгейі

Z – бір адамынң туризм мен демалысқа жібергендігі

<1

1,01-1,5

1,51-2,0

2,01-4,0

4,01-6,0

>6,0

5

10

15

25

50

80




Туристік қызметтерге шығындар тндексі аймақтың туристік қызметтерді алуға қаражатын бағыттау деңгейін көрсетеді

Ір=hi/j

hi-аймақтың халық шығындарының туристік қызметтерге шығындар үлесі

j – республика бойынша көрсеткіш

<0,5

0,5-0,7

0,71-0,85

0,86-1

1,01-2

2,01-3

>3

10

20

35

50

70

85

95




Аймақтың экономикалық өсу коэффициенті жоғары болса экономикалық жұмысқа белсенді жаңа орындары ашылады

Ir=Ii/S

Ii – аймақтық ЖІӨ өсу қарқыны

S – республика бойынша көрсеткіш

<1

0,01-1,20

1,21-1,5

1,51-2

>6

20

40

50

65

80




Халықтың жас құрылымы индексі. 5 жастан 5 жасқа дейінгі халықтың үлесін көрсетеді

Iа=gi/l

gi – 15-45 жастағы адамдар тобының жалпы аймақтағы халық санының үлесі

l – ел бойынша көрсеткіш

<0,5

0,51-0,8

0,81-1

1,01-1,1

1,11-1,2

<1,2

10

20

30

40

60

80




Аймақтың туристік нарық қызметінің тартымдылығы

K=Wе*Bе

Wе – е туристік қызмет нарығының е тартымдылықты бағалау көрсеткішінің жалпы коэффициенті

Bе - туристік қызмет нарығының е тартымдылық көрсеткішінің ұпай бағасы


Әр көрсеткіш үшін жалпы коэффициентті анықтайды

Ескерту: Дерек көзі []














Аймақ туризмін бағалау үшін тағы бір «П»: әлеует қосу керек, ол ұзақ мерзімді факторларға: демографиялық, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, географиялық және инновациялық - технологиялық тәуелді болып табылады. Елдің туристік жағдайын бағалау үшін біршама көрсеткіштер қолданылады және олар келесі 11-кестеде келтірілген.

Бағалау әдісін қолдану аймақтың туристік қызмет нарығының тартымдылығына баға беруге мүмкіндік береді. Қазақстан жаңа даму жолына түсті, 5 туристік кластер анықталды, осы кластерлердің енді топтасып, жаңа аймақ ретіндегі тартымдылық коэффициентін бағалауға болады, есептеу негізінде халық шоғырлануының коэффициенті, халықтың орташа табысы мен туристік қызметке шығындарының қатынасының коэффициенті, аймақтың экономикалық өсу қарқынының коэффициенті, халықтың жас құрылымы индексі сияқты негізгі 4 көрсеткіштер алынды, айта кетерлігі есептеу экономикалық аймақ емес кластер негізінде жүргізілді, зерттеу нәтижелерінкелесі кестеде көрсетуге болады (кесте 12).
Кесте 12 - Қазақстан аймақтары бойынша туристік тартымдылықты бағалау

Көрсеткіш атауы

Нұр-Сұлтан

Алматы

Батыс

Шығыс

Оңтүстік







кластері

Кластері

Қазақстан

Қазақстан

Қазақстан













кластері

кластері

кластері

Халық

шоғырлануының

844930

1534353

628612

1394723

2775948

коэффициенті

(10)

(10)

(10)

(10)

(10)

Халықтың

орташа табысы

257285,1;

256350,1;

70881,5;

134777,5;

104518,1;

мен туристік қызметке

0,46

0,46;

1,67;

0,88;

1,13;

шығындарының қатынасы-

(5)

(5)

(15)

(5)

(10)

ның коэффициенті
















Аймақтың

экономикалық

0,7

0,8

0,05

0,03

0,04

өсу

қарқынының

(20)

(20)

(20)

(20)

(20)

коэффициенті
















Халықтың

жас құрылымы

0,7

0,7

0,6

0,6

0,6

индексі




(20)

(20)

(20)

(20)

(20)

Ескерту : Дерек көзі [18]