ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 384
Скачиваний: 2
СОДЕРЖАНИЕ
Саяси әлеуметтену: мәні, кезеңдері, үлгілері мен факторлары.
Саясаттану пәні, ұғымдары, әдіс-тәсілдері мен қызметтері.
Саясаттанудың негізгі парадигмалары.
Саясаттағы объективтілік пен субъективтілік, оның қоғамдық дамудағы рөлі.
Ежелгі дәуір ілімдеріндегі саясаттанудың элементтері (Конфуций, Платон, Аристотель, Цицерон).
Жаңа замандағы саяси ой (Т.Гоббс, Монтескье, Руссо, Кант т.б.)
Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалар.
12. Биліктің қызметтері мен жіктелуі. Саяси билік пен мемлекеттік билік.
Егеменді Қазақстандағы мемлекеттік билік.
Саяси элитаның түсінігі мен қызметі.
Саяси көшбасшылық түсінігі мен табиғаты, оның әлеуметтік функциялары.
Мемлекеттің белгілері мен қызметтері.
демократиялық принциптер мен шаралар
Саяси партиялар: түсінігі, мәні, белгілері мен қызметтері
Саясишиеленістердішешутүрлері мен жолдары
Саясаттанупәнібойыншадифференциалдысынақсұрақтары.
2021-2022оқужылы
-
Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы.
-
Саясаттану пәні, ұғымдары, әдіс-тәсілдері мен қызметтері. -
Саясаттанудың негізгі парадигмалары.
-
Саясаттанудың басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы.(тарих, философия, құқық негіздері, психология, мәдениеттану, саяси экономия т.б.) -
Саясаттағы объективтілік пен субъективтілік, оның қоғамдық дамудағы рөлі.
-
Ежелгі дәуір ілімдеріндегі саясаттанудың элементтері (Конфуций, Платон, Аристотель, Цицерон). - Орта ғасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси идеялар (Августин, Аквинский, Макиавелли).
-
Жаңа замандағы саяси ой (Т.Гоббс, Монтескье, Руссо, Кант т.б.) - Қазақ даласындағы саяси ой-пікірлер (Әл-Фараби, Ж.Баласағұни, Қожа Ахмет Йассауи және т.б.)
-
ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қазақ даласындағы саяси ой пікірлер (Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев) -
Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалар.
-
Биліктің қызметтері мен жіктелуі. Саяси билік пен мемлекеттік биліктің айырмашылығы. -
Қазақстандағы мемлекеттік билік.
-
Биліктің түрлері. -
Саяси элитаның түсінігі мен қызметі.
-
Саяси элиталардың қалыптасуы мен жіктелуі. -
Саяси көшбасшылық түсінігі мен табиғаты, оның әлеуметтік функциялары.
-
Саяси жүйе туралы ұғым. -
Саяси жүйенің құрылымы.
-
Саяси жүйенің жіктелуі
-
.Мемлекеттің пайда болу мен мәні.
-
Мемлекеттің белгілері мен қызметтері. -
Азаматтық қоғам: мәні, құрылымы, функциялары.
-
Саяси режим түсінігі мен түрлері. -
Авторитарлық саяси режим және оның формалары.
-
Демократия туралы ұғым және оның белгілері. -
Сайлау жүйелерінің мәні мен сайлау жүйелерінің негізгі түрлері.
-
Қазіргі кездегі саяси партиялар: түсінігі, мәні, белгілері мен қызметтері. - Қазақстандық қоғамның саяси өміріндегі қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың алатын орны мен рөлі.
-
Саяси мәдениеттің түсінігі, мәні, құрылымдық компонеттері мен қызметтері. - 1 2 3 4 5 6 7 8 9 ... 23
Саяси әлеуметтену: мәні, кезеңдері, үлгілері мен факторлары.
Саяси сана және саяси идеология түсінігі, функциялары, формалары мен деңгейлер.
-
Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы.
-
Ең алғаш саясат ғылымын зерттеу сонау ежелгі дәуірден басталған. Ал тоериялық жағынан зерттеу бірінші мың жылдықтың орта кезінен басталған. Осы уақытта саяси ұғымдар пайда болған. Олар философиялық нысанда болған. Бұл Конфуций, Платон, Аристотель еңбектерімен байланысты. Олардың ойынша «саяси ғылым халықты әдемі де жақсы өмір сүруге үйретеді», — деп түсіндірген. -
Саясаттану сөзі (политология) гректің «политика» және «логос» деген сөздерінен шыққан, яғни «саясат туралы ғылым» деген мағынаны білдіреді. -
Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдің ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән – мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық құрылыстың қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі пайымдаулар негізінен діни – мифологиялық сарында болатын. Себебі, ертедегі адамдар жер бетіндегі өмірге құдайдың құдіретімен пайда болған жалпы әлемдік ғарыштық тәртіптің ажырамас бөлігі ретінде қарады. Мысалы: Мысырда (Египетте), Вавилонда (Иракта), Үндістанда, Қытайда, сол кездегі мифтарға сүйенсек, дүниенің билік көзі құдайда және ол жердегі өмірді реттеп, тындырып отырды. -
Біздің заманымыздан бұрынғы мыңжылдықтың ортасында саясатты діни – мифологиялық танудың орнына философиялық – этикалық түсіну белең алды. Бұл уақыттың ойшылдары – Платон, Конфуций, Аристотель. Бұл ойшылдар саясатты теориялық тұрғыдан зерттеп, оны этикамен тығыз байланыста қарады. Олар саясатты адамдардың мақсат – мүддесіне сай келуі, адамгершілікке негізделуі тиіс деп ұқты. -
Орта ғасырда саясаттың діни – этикалық түрі қалыптасты. Оның негізін салушы – Фома Аквинский. Ол саяси билікті құдай орнатады, бірақ мемлекет басшылары құдайдың қалауына қарсы шықса,халықтың оларды құлатуына болады деген байлам жасады. -
Ал саясатты қазіргідей түсінуге үлкен үлес қосқан ХVI ғасырда өмір сүрген Италияның ойшылы Никколо Макиавелли. Ол саясатты құдайшылық (теологиялық) түсіндіруден арылтып, саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден туған мәселелерді шешуге бейімдейді. Саяси зерттеулердің өзегі етіп мемлекеттік билікті алды және оны қалай қолға түсірудің, пайдаланудың сан түрлі әдіс – тәсілдерін көрсетті. Осы негізде саясаттануды біздің қазіргідей түсінуімізге жол ашты. -
Капитализм уақытында саясаттану теорияларын Дж. Локк, Ш.Л. Монтескье, Ж.Ж. Руссо, Т. Джефферсон, Т. Пейн, И. Кант, Гегель сынды көрнекті ғалымдар негіздеді. -
ХIХ ғғасырдың екінші жартысында саясаттану пән ретінде қалыптасты. 1857 жылы АҚШ – тың Колумбия коледжінде профессор Фрэнсис Либер «Тарих және саяси ғылым» деген кафедра ашты. Соның негізінде 1880 жылы саяси ғылымының жоғары мектебі құрылды. 1872 жылы Францияда меклекеттік аппаратта арнайы қызметкерлер дайындайтын саяси ғылымдар мектебі жұмыс істей бастады. 1889 жылы Американың саяси және әлеуметтік ғылымдар ассоциациясы құрылды. -
Ең алғашқы саяси кафедра 1662 жылы швецарияның Упсаль Университетінде құрылған. Нағыз ғылым ретінде де «Саясат » ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғысырдың басында қалыптасты. Батыс Еуропамен АҚШ да кең тарады. -
Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып, толық қанды қалыптасуына, 1949 жылы ЮНЕСКО-ның басшылығымен құрылған саяси ғылымдардың халықаралық ассоциациясы құрылды. -
Бүгінгі таңда АҚШ-тың Шығыс елдерінің барлық жоғары оқударында саясаттану жеке пән ретінде оқытылды. әлемнің ең ірі университеттері саясатанушы мамандар дайындайды. -
Бұрынғы КСРО-да 80-жылдарда дейін саясаттанудың ғылым ретінде мәртебесі болған жоқ. Қайта құру жылдарынан бастап қана саясатқа деген көзқарас өзгере бастады. -
1989 жылдан бері Жоғары Аттестатциялау Коммисиясында саясаттанудан эксперттік сарапшылық кеңес жұмыс істей бастады. 1990 жылы КСРО-ның ғылым және техника саласы бойынша мемлекеттік комитеті «саяси ғылымдар» деген атпен саяси ғылым қызметкендерінің тізімі ресми түрде бекітті. 1989-1990- оқу жылдарында Балтық бойы елдерінде 1990 жылдан бастап ТМД-ның басқа елдерінде саясаттану өтіле бастады. Қазір Қазақстанның барлық жоғарғы оқу орындарында дерлік бұл ғылым жеке пән ретінде өтілуде. Сонымен қатар мемлекет саясаткер-политолог мамандығын мойындап, жоғарғы оқу орындарында бұл сала бойынша мамандар дайындай бастады.
- 1 2 3 4 5 6 7 8 9 ... 23
Саясаттану пәні, ұғымдары, әдіс-тәсілдері мен қызметтері.
-
Саясаттанупәніқоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, қазіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Ол адамзаттың демократиялық, қоғамдағы қүқығы, еркіндігі мен міндеттері, жеке адамның саяси-құқықтық жағдайы, оның саяси өмірге қатынасу тәсілдері, саяси өзгерістердің түрлері, саяси мәдениетті қалыптастырудың мазмұны мен жолдары, қазіргі замандағы сан түрлі саяси идеялық көзқарасгар, жаңаша саяси ойлаудын мәні, казіргі дүниежүзілік дамудың козғаушы күштері туралы түсінік береді. Ол бұрынғы және қазіргі саяси жүйелерді, адамның санасындағы, көзқарасындағы, мақсат- мүддесіндегі және мінез-құлық, іс-әрекетіндегі саяси өзгерістерді қарастырады. Ол, бір жағынан, жиналған деректерді қорытады, екінші жағынан, құбылыстардың өзара ұқсастығы бойынша болашаққа болжам жасайды. -
Саясаттануды зерттейтін ғалымдардың көпшілігі (үшінші топ) бұл ғылымды саясат туралы жалпы, оның барлық көріністерін қамтып, тәртіпке келтіретін, жинақтап біріктіретін ғылым деп санайды. Бұл пікірді Біріккен Үлттар Ұйымының Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) басшылығымен 1948 жылы Парижде өткен саясаттанушылардың Халықаралық коллоквиумы да мақұлдады. Оған қатынасқан дүние жүзінің белгілі ғалымдары саясаттану пәні мына бөлімдерден тұрғанын жөн деп тапты: -
І) саяси теориялар (олардың пайда болуы, дамуы және қазіргі кездегі қызметі);
-
саяси институттар (конституциялар, аймақтық және жергілікті басқару; көпшілік әкімшілігі, саяси институттарды салыстырып зерттеу); -
партиялар мен қоғамдық ұйымдар; -
қоғамдық пікір; -
халықаралық саясат (халықаралық ұйымдар мен халықаралық құқық).