Файл: Саясаттанупнібойыншадифференциалдысына.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 388

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Саяси әлеуметтену: мәні, кезеңдері, үлгілері мен факторлары.

Саясаттану пәні, ұғымдары, әдіс-тәсілдері мен қызметтері.

Саясаттанудың негізгі парадигмалары.

Саясаттағы объективтілік пен субъективтілік, оның қоғамдық дамудағы рөлі.

Ежелгі дәуір ілімдеріндегі саясаттанудың элементтері (Конфуций, Платон, Аристотель, Цицерон).

Жаңа замандағы саяси ой (Т.Гоббс, Монтескье, Руссо, Кант т.б.)

ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қазақ даласындағы саяси ой пікірлер (Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев)

Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалар.

12. Биліктің қызметтері мен жіктелуі. Саяси билік пен мемлекеттік билік.

Егеменді Қазақстандағы мемлекеттік билік.

Биліктің түрлері.

Саяси элитаның түсінігі мен қызметі.

Саяси көшбасшылық түсінігі мен табиғаты, оның әлеуметтік функциялары.

Саяси жүйенің құрылымы.

Мемлекеттің белгілері мен қызметтері.

Конституциясы.

демократиялық принциптер мен шаралар

Саяси партиялар: түсінігі, мәні, белгілері мен қызметтері

Саясишиеленістердішешутүрлері мен жолдары

Әлемдік саясат және әлемдік саяси үдеріс.

институттарының қызметі.

Қазіргі кезеңдегі ғаламдық проблемалар


  1. шенеуніктері туралы ашына жазды.Шоқан адамдардың адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін олар еркін болуы шарт деді. Ол еркіндікті де дұрыс пайдалана білу керек. Ол үшін халықтың сауаты жоғары болуы тиіс деп тұжырымдады.

  2. Осы кезде қазақ халқынан шыққан ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин (1841— 1889) де өмір сүрді. Ол халықты дүниеге «дұрыс көзқараспен» қарауға тәрбиелеуді өзінің негізгі мақсаты етіп қойды. Тек білім, ағартушылық қана бұқара халықты билеп-төстеушілердің қысым-қыспағынан құтқара алады деп, барлық күш-жігерін олардың білімін көтеруге арнады. Адамдарды ойындағы бос қиялдардан арылып, дүниенің ақиқатына көздерін ашып, шын мәнінде алға жылжитын, прогрестік жолға түсіруге тырысты.Ыбырай «Қазақ даласыңдағы жұт жөнінде» деген еңбегінде халқының болашағы отырықшылыққа көшу және егін шаруашылығымен айналысуда деп атап көрсетті. Бірақ оны өз еркімен, ықтиярымен біртіндеп істеуге тиіс. Сондықтан көшпелі қазақтарды күшпен отырықшылыққа айналдыруға болмайды деп, қарсы шықты.ЬІ. Алтынсарин адамдарды іс-әрекетке ынталандырып, жұмылдыратын негізгі себеп - өмірлік қажеттіктер, атап айтқанда, өмір сүру, білім алу, мәдениетке ұмтылу және т.б. қажеттіліктер деп есептеді. Сондықтан да адамдар оларға талпынады. Бұл ұмтылыстан келіп, билеудің ескі түрлерін өзгерту қажеттілігі пайда болады деді.Ыбырай қазақ қыздарын оқытуға ерекше көңіл бөлді. Сондықтан ол 1887 ж. Ырғызда

  3. 20 орындық интернат және қазақ қыздарына арнайы мектеп ашты. Ұлы ұстаздың қажырлы еңбегінің арқасында XIX ғасырдың 70 - 80 жылдарында қазақ даласында көптеген мектеп ашылды. Ол мектептердің, мақсаты қазақ жастарын жоғары адамгершілік рухында тәрбиелеу деп ұқты.





  4. Бұл кезде қазақтың кемеңгер данасы, заңғар ақыны, асқан ағартушысы, жазба әдебиетіміздің негізін салушы АбайҚұнанбаев(1845 - 1904) ж.ж. өмір сүрген еді.Абай қазақ даласында барлық жақсылықтың, жаңалыктың жаршысы болды. Ол адамды «ақыл, білім, ерік» жоғары дәрежеге көтеріп, асқақтататындай қоғамның прогрестік дамуын аңсады. Игілікті, парасатты қоғам орнату Абай еңбектерінің басты бағытының бірі болды. Сондыктан ол барлық, адамдарды өзінді өмірде қалай ұстаудың, игілікке, ақылға сыйымды іс істедім бе деп күніне немесе аптасына, тым болмаса, айына бір рет өз-өзіне есеп беруге шақырды.Абай патша өкіметінің сойылын соғып, байлардың мүддесін қорғайтын қарапайым халықты езуші старшина, би, болыс және т.б. атқамінерлер сияқты әлеуметтік топтың қоғам дамуына кедергі келтіріп отырғандығын жақсы түсіне білді. Сондықтан ол ел басқару жүйесіне жаңа заң, ережелер енгізуді армандап, сол жолда жүзден аса бабы бар ереже жасаған.Абай қандай адамның болмасын әлеуметтік жағдайын жақсартып,

  5. рухани гүлдендіретін еңбек, соның арқасында ол бүкіл адамзат қоғамына кызмет етеді деп санады. Одан әрі ол: «Жалға жүр, жат жерге кет, мал тауып кел, Малын болса сыйламай тұра алмас ел», - деп еңбектің қандай түрі болса да пайдалы, одан арлануға болмайтындығын үйретті. Абай еңбекшілердің хал-ахуалын, өмірін жақсарту үішін қоғамның экономикалық негізін өзгерту керек деп түсінді. Сондықтан ол қазақтардың прогресті дамуын егіншілік, қолонер, сауда сияқты экономиканың үш тетігімен тығыз байланыстыра қарады. Данышпан атамыз: «Түбінде баянды еңбек егін салған, жасынан оқу оқып, білім алған», - деп көрегендік ойын түйеді. Ал қолөнері қандай жағдайда болсын адам қолында қалатындығын көрсете келіп, «алдау қоспай адал еңбегін сауған қолөнері - қазақтың әулиесі сол» деп жоғары бағалайды.Ақын өзгерістің негізгі күші ағартушылық деп ұқты, «Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ» сияқты кемшіліктерді көрсету арқылы халықты түзетуге тырысты. Ол үшін «Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ойлап қой» деп ақыл берді. Әсіресе, жастарға үлкен үміт артты. Адамның адамгершілік қасиетін арттыруға жұмылдырды. «Бірің қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос», - деп, ұлттық бүтіндік, ішкі татулык, ынтымақтастыққа шақырды. Өз халқымыздың мүддесі үшін күресте достық, татуластық, бірлік керектігіне назар аударды.Сол кездегі тарихи жағдайда өмір сүрген қазақ халқына бұдан әрі бұрынғыша тіршілік етуге болмайтынын ескерте келіп, заман талабына сай еңбек етіп, кәсіпті, сауданы меңгеруге кеңес берген - Абай. Демек, қазақ қауымына әлеуметтік реформаны да, экономикалық реформаны да бірінші ұсынған - ұлы Абай. Яғни, данышпан ақынымыздың айтқан өсиеттері, ақыл-кеңестері осы күнге дейін өз мағынасын жойған жоқ.

  1. 1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23

Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалар.


  1. Билік жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі анықтамалар мен тұжырымдамалар бар. Солардың негізгілеріне қысқаша тоқтала кетейік.

  1. Телеологиялық анықтамабилікті белгілі бір мақсатқа, белгілеген нәтижеге, қорытындыға жету мүмкіндігі деп түсіндіреді. Мысалы, ағылшын фәлсафашысы Т. Гоббс(1588—1679) билік болашақта игілікке жетудің құралы және өмірдің өзі өле-өлгенше билік үшін үздіксіз ұмтылыс деп жазды.

  2. Бихевиористіканықтамабойынша билік деп басқа адамдардың жүріс- тұрысын, өзін-өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс-әрекеттің ерекше түрі.

  3. Инструменталистіканықтамабилікті белгілі бір құралдарды, амалдарды (зорлық-зомбылық, күштеу сиякты шараларды) пайдалану, колдану мүмкіндігі деп біледі. Мәселен, Американың белгілі саясаттанушысы Р.

  1. Даль(1915 жылы туған) билік бір адамға екінші адамды өз еркімен жасамайтын іс-әрекетті жасауға мәжбүр ету мүмкіндігін береді дейді.

  1. Структурсистіканықтамабилікті басқарушы мен бағынушының арасындағы қатынастың ерекше түрі деп ұғады. Олар кейбір адамдарды туғанынан, табиғатынан әміршіл, басқарғысы келіп тұратын болады, ал басқалары көнбіс, көнгіш, басқа біреу өз ырқын билеп, басқарып, жол көрсетіп тұрғанын ұнатады, қалайды дейді. Солардың арасында, олардың ойынша, билік қатынастары туады.

  2. Конфликтіліканықтамабилікті дау-жанжал жағдайында игілікті бөлуді реттейтін мүмкіндік, шиеленісті шешудің құралы деп түсіндіреді.


  1. Біраз ғалымдар билікті кең мағынасында басқаларға тигізілетін жалпы ықпалретінде қарайды.

  2. П. Моррис, А. Гидденс сияқтылар, жоғарыдағы көзқараспен келіспей, билікті біреуге немесе бірдеңеге тигізетін жай ғана ықпал, әсер емес, оларды өзгертуге бағытталған іс-әрекет дейді.

  3. Америка саясаттанушылары Г. Лассуэлл мен А. Каплан "Билік және қоғам" деген кітабында билікті шешім қабылдауға қатысу мүмкіндігі ретінде сипаттайды.

  4. Сонымен, біз билік туралы ғалымдардың арасында ортақ пікір, анықтама жоқ екенін байқадық. Батыстың әлеуметтанушысы Р. Мартин билік махаббат сияқты, күнделікті тілімізде жиі пайдаланылады, іштей сезіледі, бірақ сирек анықталады деп бекер айтпаған. Оның себебі, француздың саясаттанушысы Ж. К. Шевалье айтқандай, адамдарды биліктің жалпы ұғымының айналасындағы айтыс-тартыстан гөрі нақтылы, шын мәніндегі биліктің өзі көбірек ойландырған, магнитше тартқан.

  5. Дегенмен, ғылым болғандықтан анықтама беріледі. Мысалы, "Философиялық энциклопедиялық сөздікте" билік туралы былай делінген: "Сөздің жалпы мағынасында билік өз еркінде жүзеге асыруға қабілеттілік пен мүмкіндік, адамдардың жүріс-тұрысы, іс-әрекетіне қайсыбір амал-әдістер бедел, құқық, күштеу арқылы шешуші ықпал жасау" ("Фшософский энциклопедическийсловоръ". М., 1983, 85-бет).Біздінше, билік деп біреудің екіншілерге әмірін жүргізіп, олардың іс-әрекеті, қызметіне ықпал етуін айтады. Билік адамзат қоғамымен бірге пайда болады және оның даму барысында бола бермек. Ол ең алдымен коғамдық өндірісті ұйымдастыру үшін керек. Онсыз барлык, катысушы адамдарды біртұтас ерікке бағындыру қиын. Билік адамдар арасындағы қарым-қатынастарды, адамдар, қоғам және мемлекеттік саяси институттар арасындағы қатынастарды реттеуге міндетті. Ол қоғамның тұтастығы мен бірлігін қолдау үшін керек. Алғашқы қауымдық

  6. коғамда билік қоғамдық сипатта болды. Ол кезде билікті қауым бастығын сайлайтын ру-ру мен тайпалардың барлық мүшелері бірігіп іске асыратын. Әлеуметтік бөлшектену өрістеп, мемлекеттің пайда болуына байланысты ру басшыларының адамгершілік беделі төмендеп, оның орнына ақсүйектер билігінің беделі ұлғайды. Биліктің аппараты дүниеге келді, адамдарды еркінен тыс, ыктиярсыз еркіне көндірген мекемелер пайда болды. Олар мемлекет ретінде қоғамнан дараланып, оқшауланып, оның үстінен қарайтын органға айналды. Құлдық қоғамда саясат, саяси билік пайда болды. Сондықтан саяси биліктің пайда болуын қазіргі саясаттануда мемлекеттің пайда болуымен байланыстырады.

  7. Әдетте, "билік" деген сөз әр түрлі мағынада қолданылады. Оны ықпал ету бағытына, объектісіне байланысты былай етіп бөледі: ата-аналар билігі, мемлекеттік, экономикалық, саяси, әлеуметтік, құқықтық, әскери, рухани билік және т.т. Бірақ биліктің толық мағынасы мемлекеттік-саяси салада ғана айқындалады. Сондықтан саяси билік биліктің ең басты түріне жатады.

  8. Биліктің басқа түрлерімен салыстарғанда саяси биліктің мынадай ерекшеліктері бар: оның өктемдік сипаты (ол басқа биліктерден жоғары тұрады, оның шешімдерін қалғандары орындайды), оның бүкіл қоғамның атынан билік жүргізуі, басқарумен кәсіби айналысатын адамдардың ерекше тобының болуы, оның көпшілік адамдардың мүддесін козғауы, басқа мекемелерге қарағанда билік органдарының тәуелсіздігі, қоғам өмірінің жұмыс тәртібін белгілеуде жеке-дара құқығы, мемлекет шеңберінде ашық күш қолдана алуы және т.б.
  9. 1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23

12. Биліктің қызметтері мен жіктелуі. Саяси билік пен мемлекеттік билік.


  • Саяси билік – саясат туралы ғылымның алтын өзегі, темір қазығы, басты категориясы, түбегейлі түсінігі. Саяси биліктің мәнін, оның механизмдері мен басты принциптерін, әлеуметтік рөлін білу арқылы ғана қоғамдағы санқилы әлеуметтік, экономикалық, рухани және саяси процестердің өзара байланысын, қызмет атқаруын және дамуын жан-жақты түсінуге, олардың ішкі қатпарларына зер салып үңілуге болады. Сондықтан бұл тақырыпқа қатысты мәселелерді қарастыруды мына сұрақтар төңірегіне топтастырған ыңғайлы сияқты.

  • Мемлекеттік билік ол саяси биліктің ұйғарған уәкілділігін іске асыратын жүйе. Сайлаушылар, саяси партиялар президент сайлайды, парламент қалыптастырады, яғни мемлекеттік биліктің құрамын құрастырады. Осы мемлекеттік билікке қоғамның барлық мүшелері тегіс бағынады. Ал саяси билікте ондай өкілеттік болмайды. Мысалы, саяси партия саяси биліктің құрамында болғанымен саяси партиядан қоғам мүшелері тәуелсіз, партияға

  • бағынатындар әрбір партияның өз мүшелері ғана. Саяси биліктің негізгі мақсаты мемлекеттік билікті қалыптастыру. Мемлекеттік билік саяси биліктің ең жоғарғы сатысы болып табылады.
  • Биліктің қызметтері, жіктелуі


  • Саясибиліктіңөзіндікқызметтеріболады.Олар:

    1. Қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру.

    2. Оның саяси жүйесін қалыптастыру.

    3. Әр түрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекеттің істерін басқару.

    4. Үкімет органдары, саяси емес процестерге басшылық жасау.

    5. Саяси және басқа қатынастарды бақылау.

    6. Белгілібір қоғамға сәйкес басқарудың түрін, саяси тәртіпті және мемлекеттік құрылысты құру.

    7. Қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қолдау.

    8. Дау-дамай, шиеленістерді ашып, оларға шек қою және дер кезінде шешу.

    9. Қоғамдық келісімге, мәмілеге келу. т.с.с.