ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 399
Скачиваний: 2
СОДЕРЖАНИЕ
Саяси әлеуметтену: мәні, кезеңдері, үлгілері мен факторлары.
Саясаттану пәні, ұғымдары, әдіс-тәсілдері мен қызметтері.
Саясаттанудың негізгі парадигмалары.
Саясаттағы объективтілік пен субъективтілік, оның қоғамдық дамудағы рөлі.
Ежелгі дәуір ілімдеріндегі саясаттанудың элементтері (Конфуций, Платон, Аристотель, Цицерон).
Жаңа замандағы саяси ой (Т.Гоббс, Монтескье, Руссо, Кант т.б.)
Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалар.
12. Биліктің қызметтері мен жіктелуі. Саяси билік пен мемлекеттік билік.
Егеменді Қазақстандағы мемлекеттік билік.
Саяси элитаның түсінігі мен қызметі.
Саяси көшбасшылық түсінігі мен табиғаты, оның әлеуметтік функциялары.
Мемлекеттің белгілері мен қызметтері.
демократиялық принциптер мен шаралар
Саяси партиялар: түсінігі, мәні, белгілері мен қызметтері
Саясишиеленістердішешутүрлері мен жолдары
-
өз аумағында бүкіл қоғамның жалғыз ресми өкілі ретінде халықты азаматтық тұрғыда біріктіреді; -
жоғарғы билік, тәуелсіздік мемлекетте ғана болады. Ол басқа мемлекеттерден тәуелсіз, яғни сол қоғамның ең жоғарғы билігін өз қолында ұстап, ішкі және сыртқы саясатын өз қалауымен жүзеге асырады; -
заң күші мен құқық нормаларын шығару, құқық шығарма мемлекетке ғана тән; -
билеуші органдарының болуы. Оның органдарында тек қана басқару ісімен шұғылданатын арнайы қызметкерлері болады. Қоғам тәртібін сақтау үшін мемлекет әскері мен жасағы құрылады. Сыртқы күштердің ықпалынан қорғану үшін оларға қарсы барлау ұйымдастырылады; -
мемлекет органдары мен онда қызмет ететін адамдарды қаржыландыратын арнаулы материалдық қор болады, ондай қор жасау үшін алым-салық белгілейді және жинайды; -
өз тұрағы, аумағы бар. Сол аумақта билігі жүреді, өмір сүреді және оны қорғау мақсатында тынымсыз әрекет жасайды. Басқаруды тиімді жүзеге асыру үшін аумақты әкімшіліктерге бөледі. -
құқықтық жүйенің қалыптасуы. Басқарылатын қоғамдық қатынастарды реттеп, оларды қажетті қалыпқа салып, тәртіп орнату үшін құқықтық нормалар жасалынады.
-
23.Егеменді мемлекет Қазақстан Республикасының
- 1 ... 12 13 14 15 16 17 18 19 ... 23
Конституциясы.
Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің негізін 90-жылдары қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба
жері, атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес. Жер ананың аялы алақанында аман қалған әрбір от басынан рулы ел тарап, халық қашан да еңсесін көтеріп, ел болып дамып кете беретін. Халқымыздың ата-қоныс қара орманға деген ұрпақтық сүйіспеншілігінің түп-тамыры да дәл осында жатыр. Сондықтан да ата-бабамыз осындай ұлан-ғайыр жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра еткен. Өкінішке орай, осы бір тарихи жалғастық Қазақстанды да өз уысында ұстаған тоталитарлық мемлекет кезінде үзіліп қалды. 70 жыл ішінде жүргізілген аяусыз зұлмат тек қазақ халқын сан жағынан ғана селдіретіп, өз отанында азшылыққа ұшыратып қойған жоқ, ол өмір сүретін табиғи ортаны да ойрандады, халық санасын уландырды, оның тарихында мыңдаған жылдар бойына мәңгілік болып саналып келген талай табиғи байлық ондаған жылдардың ішінде-ақ сарқылып келмеске кетті. КСРО өзінің 70 жылдық тарихында ұлттардың, этникалық топтардың, аз халықтардың теңдігі мен құқы жөнінде жар салудан жалыққан емес, ал іс жүзінде халықаралық міндеттерді сақтау былай тұрсын, тіпті, конституциялық заң ережелері де орындалмады. Шынайы демократия болмағандықтан да заң әрқашан қағаз жүзінде қалып отырды. Тек егеменді
Қазақстан Республикасы жағдайында ғана құқықтық мемлекет құрудың шынайы мүмкіндігі туып отыр. Біздің жас мемлекетіміздің Конституциясында міне осы қадам тәуелсіз Қазақстанның демократиялық дамуының кепілі ретінде жүзеге асырылады.
1. Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолы Құқықтық мемлекет құру мен қоғамды демократияландыру – қайшылықты, ұзақ та күрделі процесс. Бұл біздің жас мемлекетіміздің аяғынан қаз тұру жолынан да жақсы байқалады. Тоталитарлық жүйеден демократиялық қоғам өміріне өту қажеттілігі айқын болған күннен бастап-ақ Қазақстан тұрғындарының алдында ең алдымен Қазақстан мемлекетінің егемендігі мен тәуелсіздігін қорғау міндеті тұрады. Бұл орайда демократияны дамыту – меншік қатынастарын реформалау мен нарықтық экономикаға өту экономиканы тығырықтан алып шығудың, ұлттық мемлекеттің қалыптасуына қолайлы жағдай туғызудың толассыз жолы. Саяси саладағы басты мақсат – жас егеменді мемлекетті қуатты президентті республика етіп қалыптастыру. Біздің мемлекетімізде барлық азаматтардың теңдігі барлығының заң алдындағы бірдей жауапкершілігі, кімнің қай ұлтқа жататындығына қарамастан, бірдей екендігі әуелден-ақ нақты көрсетілген. Әрине, кейбір жағдайда жергілікті ұлт – қазақтардың мүддесі ерекше ескеріледі. Мұндай жағдайға ұлттық мәдениетті, тілді өркендету, қазақ диаспорасының рухани-мәдени және басқа да байланыстарын қалпына келтіру, олардың өз Отанына қайтып оралуына қолайлы жағдайлар туғызу жатады.
-
Азаматтық қоғам – саяси үкіметке тәуелсіз жұмыс істейтін және оған ықпал жасауға қабілетті әлеуметтік қатынастар мен институттар жиынтығы; дербес жеке адамдар мен әлеуметтік субъектілер қоғамдастығы. Қандай да болмасын қоғамдық мәні бар идеяларды қабылдау қашанда сұхбатты, яғни сұхбаттасушы жақтардың түрлі көзқарастарын және маңызды тепе-теңдігін білдіреді. Ешкім ешкімге өз түсінігін мойындатуды да, ешкім ешкімді дәлме- дәл қайталауды да мақсат етпейді. Идеялар белгілі қоғамның, әлеуметтік дамудың талаптарына сәйкес келетіндіктен қабыл алынады. Сондай идеялардың қатарына азаматтық қоғам идеясы жатады. Азаматтық қоғам туралы әр түрлі көзқарастар, әр түрлі бағдарлар бар. Қазірде азаматтық қоғамның жалпыға бірдей ортақ анықтамасы жоқ. Дегенмен әлемдік әлеуметтік-философиялық ғылымда бұл феноменді зерттеудің екі түрлі бабы бар. Біріншісі азаматтық қоғамды әлеуметтік әмбебап категория ретінде қарастырады. Бұл ұғымға олар мемлекетке, өкімет құрылымдарына қарама- қарсы қойылған қоғамдық қарым-қатынастардың бүкіл жиынтығын сыйғызады. Екіншілері азаматтық қоғам ұғымының мағынасына шынайы батыстық феноменді жатқызады да, оны буржуазиялық (нарықтық- демократиялық) қарым-қатынастардың қалыптасуымен байланыстырады. Азаматтық қоғам деп адамның жеке тұлғасының және бейресми, мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдардың дамуына қолайлы жағдай туғызатын әлеуметтік тәртіп түрін айтады. Аталған мемлекеттік емес ұйымдардың іс-әрекеті арқылы ғана жеке адам социумның, әлеуметтің даму жолына әсерін тигізе алады. Сондықтан да азаматтық қоғамды коммуникацияның, қарым- қатынастың өзіндік ерекше формасы деп қарастырса да болғандай, себебі азаматтық қоғам арқылы мемлекет пен азамат арасындағы сұхбат жүзеге асады. Азаматтық қоғам үкімет, билік құрылымдарынан тысқары жатқан әлеуметтік байланысты танытады. Азаматтық қоғам аса дамыған экономикалық, мәдени, саяси, құқықтық қарым-қатынастар болуын талап етеді. Егер біз мемлекетті билік институты, бақылау және жазалау көзі ретінде қарастыратын болсақ, онда азаматтық қоғамды оған қарама-қарсы құрылым ретінде абсолютті еркіндік — анархия деп түсіну дұрыс емес. Шындығында әлеуметтік біртұтастықты қалыптастыратын осы екі бөлік бірін-бірі толықтыра отырып өмір сүреді. Мемлекетсіз азаматтық қоғам жоқ. Онсыз ретсіздік, төртіпсіздік, хаос, ұйымдаспағандық, ыдырау ғана мүмкін. Және де, керісінше, дамымаған азаматтық қоғамсыз демократиялық, құқықтық мемлекет те жоқ, тек зорлық-зомбылық, басыбайлық, тирания ғана бар. Азаматтық қоғамның пайда болуын іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі азаматтың пайда болуымен байланыстыратын көзқарастар да жоқ емес. Азамат белгілі құқықтар мен міндеттерге ие болған іс-әрекет субъектісі. Азаматтық қоғамды осы тұрғыдан түсіндірудің бастамасы антикалық полис феноменімен байланысты. Азаматтық қоғам - ол жеке тұлғаның негiзгi құқықтыры мен еркiндiктерi заң жүзiнде қамтамасыз етiлетiн және саяси қорғалатын, мемлекеттен тыс қатынастар саласы үйлесiмдi дaмығaн қoғaм. Оны iшкiмемлекеттiк қaтынacтapдың дамуына ықпал жасайтын адамдар топтарының ұйымдасқан әpeкeтi ретiнде де aнықтayғa болады. Қoғaм
-
мүдделерiне бағытталған азаматтық бастама азаматтық қoғaмның маңызды белгiсi болып табылады. Дамыған демократиялық мемлекеттер, сонымен қатар өркендеген азаматтық қoғaмaдap да болып табылады. Сонымен бiрге азаматтық қoғaмның дамуына бағытталған түрлi әлеуметтiк топтардың немесе жеке азаматтардың бастамалары (азаматтық бастамалар аталынатын) мемлекет арқылы қабылданады және оны жетiлдiре түceді. Дамушы және -
«өтпелi экономика» мемлекеттерiне жататын елдерде жағдай бiршама басқаша. Coңғылары азаматтық бастамалар мемлекет құрылысының тiкелей мiндеттерi шектерiнен шығып кeтyiнe байланысты азаматтық бастамаларға күдікпен қарайды.[1] -
«Бүкiл адамзат үшiн жарқын болашаққа үмiт беретiн бiрден-бiр жол, ол өзара iс-қимыл мен ынтымақтастық жолы, мұндa барлық қoғaмдық күш-жiгерлер - мемлекеттер, жеке сектор, бiлiм беретiн және зерттеу мекемелерi, барлық нысандағы азаматтық қoғaм - нақты, қол жететiн мaқcaттapғa ұмтылу үшiн өз күштерін бiрiктiредi.» (БҰҰ Бас ХатшысыКофи Aннaнның ұйымның қызметi туралы есебi, Бас Ассамблея, Нью-Йорк. 6 қыркүйек2001жыл -
Азаматтық бастамалар тек елеуciз шамада ғaнa мемлекет арқылы қабылданады: мемлекет мұндай бастамаларды өзiнiң даму үлгiлерiне көшiруге қабiлетсiз. Мемлекетпен азаматтық қoғaм органикалық жүйе элементтерi ретiнде емес, ал тек ресми турде ғaнa өзара iс-қимыл жасайды: олар өзара тiптi белгiлi бiр қарама-қайшылыққа да барады. -
Азаматтық қoғaмның даму қажеттiлiгi тек демократия қажеттiлiктерiмен ғaнa мәжбүрленбейдi, ол сонымен қатар экономикалық сипат та алады: кәсiпкерлiк қызмет бастамалары, әcipece шағын және орта бизнес салалары, тек жеткiлiктi түрде дамыған азаматтық қоғамда берiлетiн мүмкiндiктермен тiкелей байланысты. -
Азаматтық қoғaмның қалыптасу және даму процесi үшінші сектордың дамуымен тығыз байланысты.[2] -
Үшiншi сектор - бұл өз мақсаттарын мүдделер бойынша клубтарда, кәсiби одақтарда, әлеуметтiк қозғалыстарда, одақтарда icке асыратын epiктi азаматтардан құралатын өзiн-өзi басқаратын сектор (деп анықтама беріледі – Sourcebook on Building Partnerships with Civil Society Organizations. UNDP, 2002) -
Азаматтық қoғaмның ажырамас құрамды бөлiгi бола отырып, «үшiншi сектор» елдегi қоғамдық-саяси процестердi ары қарай демократияландыруға оң ықпалын тигiзедi. Мемлекеттiң демократиялық жүйесi әзipше дамымай oтырған жағдайда, дәл осы бейүкiметтiк ұйымдар арқылы азаматтық қoғaм көбiне iлгерi дамып отырады. -
«Бейүкіметтік ұйымдарды» мемлекеттік емес ұйымдар деп те аударад -
-
- Саяси режим түсінігі мен түрлері.
-
Саяси режим –сяаси билікті жүзеге асырудың түрі , формасы,әдістері,оның салаларын ұйымдастыру қағидалары. -
Қазіргі саясаттануда ең кеі таралған жіктеудің түрі қоғамдағы қалыптасқан саяси тәртіптің ерекшеліктерінде негізделеді. Саяси тәртіп деп,саяси билік,қоғамды басқару әдіс жиынтығы,азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің демократиялық дәрежесін айтады.Саяси билікті жүзеге асырудың қоғамды басқарудың тәсілдер жиынтығы ретінде демократиялық құқық пен еркіндіктің жағдайын білдіретіне саяси тәртіп жатады. -
Зерттеушілердің көбі бөл тәртіпті айқындағанда оның көрсеткіші өлшеуші ретінде демократиялық даму деңгейін,қоғам мүшелерінің белсенділігін айтады. -
Саяси режимнің тарихқа белгілі 3 түрі бар: -
-Тоталитарлық режим. -
-Авторитарлық режим. -
-Демокартиялық режим. -
Саяси режимнің демократиялық жіне антидемократиялық түрі бар.Демократиялық режим президенттік және парламенттік болып бөлінеді.Президенттік режимде атқарушы органдан тікелей үкімет басшысына бағынады.Президентбелгілі бір мерзімге бүкіл халықтық сайлау негізінде сайланды.Мысал ретінде біздің-РҚпрезиденттік басқарудағы мемлекет.Парламенттік режимде-заң шығарушы өкіметтің рөлі басым болады.Онда атақарушы үкіметпеарламентке бағынады.Мысалы Англия парламенттік республикаға жатады.Антидемократиялық режимдер тоталитарлық жіне авторитарлық болып бөлінеді. -
Тоталитарлық-қоғамның барлық салаларына,мемлекеттің толық бақылау жасауы.Тоталитарлық режим адамның саяси билік пенн қоғамдағы идеологияға бағынуымен сипатталады. -
Саяси режимнің тағы басқа түрлері: -
-
-
-Демократиялық -
-Антидемократиялық Антидеамократиялық: -
-авторитарлық -
-тоталитарлық -
-фашистік режимдер болып жіктеледі.