Файл: Саясаттанупнібойыншадифференциалдысына.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 387

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Саяси әлеуметтену: мәні, кезеңдері, үлгілері мен факторлары.

Саясаттану пәні, ұғымдары, әдіс-тәсілдері мен қызметтері.

Саясаттанудың негізгі парадигмалары.

Саясаттағы объективтілік пен субъективтілік, оның қоғамдық дамудағы рөлі.

Ежелгі дәуір ілімдеріндегі саясаттанудың элементтері (Конфуций, Платон, Аристотель, Цицерон).

Жаңа замандағы саяси ой (Т.Гоббс, Монтескье, Руссо, Кант т.б.)

ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қазақ даласындағы саяси ой пікірлер (Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев)

Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалар.

12. Биліктің қызметтері мен жіктелуі. Саяси билік пен мемлекеттік билік.

Егеменді Қазақстандағы мемлекеттік билік.

Биліктің түрлері.

Саяси элитаның түсінігі мен қызметі.

Саяси көшбасшылық түсінігі мен табиғаты, оның әлеуметтік функциялары.

Саяси жүйенің құрылымы.

Мемлекеттің белгілері мен қызметтері.

Конституциясы.

демократиялық принциптер мен шаралар

Саяси партиялар: түсінігі, мәні, белгілері мен қызметтері

Саясишиеленістердішешутүрлері мен жолдары

Әлемдік саясат және әлемдік саяси үдеріс.

институттарының қызметі.

Қазіргі кезеңдегі ғаламдық проблемалар


  1. Саясаттану саяси құбылыстар мен өзгерістердің мән-мағынасын түсініп-білу үшін бірталай әдістерді пайдаланады.

  2. Салыстырмалы әдісәр түрлі елдердегі саяси құбы лыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді. Ол елдегі саяси тұрақтылықпен саяси жағдайды бағалауға, соның негізінде нақтылы саяси шешімдер қабылдауға көмектеседі. Бұл әдістің әсіресе қазіргі Қазақстан Республикасында алатын орны зор. Себебі, жүргізіліп жатқан саяси реформалардың табысты болуы көбіне басқа елдердің озық тәжірибесін тиімді пайдалануға байланысты болмақ.

  3. Жүйелеу әдісісаяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысты зерттейді.

  4. Социологиялықәдіссаясатты қоғам өмірінің, экономикалық, әлеуметтік құрылым, мәдениет және т.б. жағдайына байланысты анықтайды.

  5. Тарихи тәсіл саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті, заманына қарай, бұрынғы, қазіргі және болашақтың| байланысын айқындай отырып қарастырады. Ол әр түрлі саяси окиғаларды, процестерді, деректерді олардың болған уақыт мезгілін еске ала танып-білуді талап етеді.

  6. Бихевиористік әдіс жеке адамдар мен топтардың іс- әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адамдардын өздерін өздері қалай ұстауын талдауға негізделеді. Бұл әдісті жақтаушылар саяси қызметтің барлық түрлерін адамдардың іс-әрекеттерін талдау арқылы түсініп-білуге болады дейді.

  7. Норамативтікәдіс(XIX ғасырға дейін жиі пайдаланылған) қоғамдық игілікті ең мол қамтамасыз ететін немесе адамға әуел бастан тән ажыратылмас табиғи құқықтық іске асыруға барлық мүмкіндікті жасайтын саяси құрылыстың түрін іздейді.

  8. Саясаттануреттеушілікбасқаруқызметінатқарады.Оның ерекшелігі

  9. — қоғамның саяси өмірімен тығыз байланысына. Соған орай ол адамдардың саяси өмірінде өзін-өзі ұстауына, іс-әрекетіне тікелей әсер етеді.. Саяси дамудың үрдіс, бағдарын бақылай отырып, саясаттану қоғамдық оқиғаларды тиімді басқару үшін нақтылы мәлімет, мағлұматтар береді. Саяси білімдер, хаттамалар, кеңестер адамдардың күнделікті практикалық іс-әрекеттері басшылыққа алынады.

  1. 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Саясаттанудың негізгі парадигмалары.


  1. Парадигма, (үлгі деген сөз) – зерттелетін мәселені шешу үшін үлгі ретінде алынған теория; теориялық көз-қарастардың, методологиялық принциптердің, әдістемелік қабылдаудың және эмпиризмдік нәтижелердің бірігу жүйесі; ғылымның белгілі бір даму кезеңінде ғылыми қауымдастықпен қабылданған және болжамдарды ғылыми ұғыну үшін, ғылыми таным процесінде туатын міндеттерді шешу үшін үлгі, модель, стандарт ретінде пайдаланылатын теориялық және әдістемелік ережелер жиСаясаттануда

  2. Саясаттанудапарадигмадеп саяси өмірді бейнелеуде білімді ұйымдастырудың сынын білдіретін, әлеуметтік құбылыстардың бір тобын теориялық пайымдау үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады. «Парадигма» ұғымын 20 жж. ғылыми айналымға енгізген американ философы және қоғам тарихын зерттушісі Томас Кун.Ол сондай-ақ, белгілі ғылыми дәстүр шеңберінде кейбір зерттеушілік практика шеше алатындай жеткілікті мөлшерден шеттелмеген проблемалар да болуы тиіс.
  3. Саясаттанудағы негізгі парадигмалар


  4. Теологиялықпарадигма(тео - құдай, логос - ілім) саясатты, билікті құдайдың құдыретімен түсіндіреді, яғни адамға саясат әлемін, саяси қатынастарды түсіндіретін діни пайымдарды Құдай берген деп қабылданады. Теологиялық парадигманың дамуының бастапқы кезеңінде мифология көрнекті орын алды, өйткені мифтер көптеген халықтардың өмірінде әртүрлі дәрежеде өз заманының саяси проблемаларының көрінісі ретінде қызмет етті. Бұл парадигма саясаттану ғылымының алғашқы дами бастаған кезеңінде пайда болды.

  5. Натуралистікпарадигмасаясатты әлеуметтік сипаты жоқ табиғи себептермен, атап айтқанда , географиялық ортамен, биологиялық және психофизиологиялық ерекшеліктерімен түсіндіреді. Натуралистік парадигма мемлекет пен биліктің шығу тегінің табиғилығын, олардың пайда болуы мен қызмет етуінің табиғи қажеттілігін негізге алады.

  6. Әлеуметтік парадигма саясаттың табиғаты мен пайда болуын әлеуметтік факторлар арқылы түсіндіреді. Қоғамдық өмірдің тұтастай түсінігінен шыға отырып, әлеуметтік парадигма қоғамдық дамуды ішкі қарама қайшылыққатолы үдеріс ретінде қарастырады. Әлеуметтік парадигма топтар мен тап күресі идеологиясының концептуалдытұғыры болып табылады.

  7. Тиімді (рационалды) сыни парадигма саясаттың табиғатын оның өз ішіндегі себептермен , қасиеттермен, элементтермен түсіндіреді. Ол екіге бөлінеді:

  8. Қақтығыстық парадигма (конфликт), XIX ғ. пайда болған. Негізін Маркс, Бентли, Зиммель, Козер және т.б. қалады. Олар саяси өмірде дау жанжал, шиеленістер шешуші роль атқарады дейді.

  9. Мәмілегекелупарадигмасы(консенсус).Өкілдері: М.Вебер, Дьюи, Э. Дюркгейм, Т. Парсонстар жатады. Олар саяси өмірдегі дау жанжал, қайшылықтарды жоққа шығармайды. Алайда оларды мәмілеге келуден кейінгі екінші орынға қояды.

  10. Педагогикалықпарадигма- педагогикалық міндеттердің белгілі топтарда қалыптаскан үлгі-стандарты, дағдылы көзқарасы. Алайда, танымал үлгі- стандартты және көзқарастарды күмәнді етіп койғанымен, педагогика ғылымында және төжірибеде фактілер қолданылады.Педагогикалық парадигма екі жақтық қызмет атқарады: бір жағынан - педагогика ғылымға ғылыми проблемалардың шешімін жеңілдетеді, ал екінші жағынан педагогикалық шығармашылық мәселелердің өңделуін тоқтатып, жаңа идеялардың қабылдауына кедергісін сәл де болса тигізеді. Кейбір педагогикалық парадигмаларды келтіруге болады.


  1. қазіргі заманда төл педагогикамызда «білетін адам» (ЗУН жүйесімен жабдықталған) парадигмасы «тіршілік әрекетіне дайын адам» парадигмасына, яғни белсенді және шығармашылық ойлауға қабілетті және іс-әрекет, өзіндік өсетін, интеллектуалды, өнегелі және дене тәрбиесіне өзгерістер енгізілуде;

  2. көптеген педаготтардың пікірінше, тәжірибиеде қолжеткізу ұстанымын іске асыра отырып, оқу материалының мазмұны және білім көлемі оқушылардың жас ерекшеліктеріне ақылына сай және алғашқы дайындық деңгейіне сай болу қажет. Егерде осы принципті спортта іске асырсақ, онда бірде-бір спортсмен біз жеткен жетістіктерге жете алмаушы еді. Оларды теориялық тәсіл немесе жеке білім деңгейі шенберінде ғылыми бірлестік бөліседі.
  1. Саясаттанудың басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы.(тарих, философия, құқық негіздері, психология, мәдениеттану, саяси экономия т.б.)

  1. Саясаттану басқа қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысты дамиды. Себебі олардың бәрінін зерттеу объектісі ортақ- қоғамдық өмір.

  2. Саясаттану ең алдымен фәлсафамен тығыз байланысты. Фәлсафа- табиғат, қоғам және таным дамуының неғұрлым ортақ заңдылықтары туралы ғылым. Ол тіршіліктің түпкілікті сабептерін, тухани және т.с.с. ашып, дүниеге тұтас көзқарас туғызады. Сондықтан ол басқа да пәндер сияқты саясаттануға жалпы әдістемелік ғылым болып келеді. Ол саясатты фәлсафалық тұрғыда

  3. дәлелдейді, саяси құбылыстар мен процестерді талдауға дүниетанымдық бағдар береді. Саясаттану қоғам өмірінің саяси саласындағы жалпы заңдылықтарын нақтылайды, айқындайды, саяси танымды тереңдетеді, саяси көзқарасты қалыптастырады.

  4. Саясаттану экономиклықтеорияменөзара байланысты. Саяси экономия саяси процестерді экономилық тұрғыдан дәледей отырып, ол процестердің негізінде әр түрлі әлеуметтік топтардың өз мүдделерін жүзеге асыру үшін күресіп жатқанына көз жеткізеді. Саясаттану экономикалық саясатты дайындау және іске асыру, ол процестерді мемлекеттік реттеу принциптерін ғылыми түрде негіздейді.

  5. Саясаттану құқықтықғылымментығыз байланысты. Құқық адамдардың қоғамдағы қатынастары мен тәртібін, жүріс- тұрысын зерттейді. Ол саяси шешімдерді дайындап, іске асырудың құқықтық тетіктерін көрсетеді, құқықтық және мемлекеттік нормалар мен институттардың қиысқан, түйіскен жерлерін қалыптастырады. Құқықты К.Маркс заңға айналдырылған экономикалық үстем таптың еркі деп атаған.Саясаттану құқықтануға жалпы теория, оның теориялық- әдістемелік негізгі іспеттес. Саяси өкімет жүйесінсіз әлеуметтік, оның ішінде құқықтық ережелер мен қатынастар жалпыға міндетті сипат алып орындалмайды. Сонымен қатар құқықтық тұрғыда қалыптаспай саяси өкімет те әдеттегі қызметін атқара алмайды.

  6. Саясаттану жақын ғылымдардың бірі- әлеуметтану.Саясаттану саясатты белгілі бір заңдылықтарға бағынып, іс жүзінде белгілі бір принциптерді жүзеге асыратын, дамып, өзгеріп отыратын прцесс ретінде қарайды. Ал әлеуметтану оған процесс ретінде емес, адамдық өлшем ретінде қарап, әлеуметтік ортаның саяси салаға етер әсерін зерттейді. Оның айналысатын мәселелері адамды және қауымдастықты дамытуға саясат не бере алады және саясатты жетілдіру үшін адамдар не істей алады. Саясаттанудың негізгі назары саясатта болса, әлеуметтанудың назары саясатты жасаушы адам болады. Олардың арасындағы байланыс әсіресе саясаттануды сандық әдіс- тәселдерді пайдалануға байланысты күшейе түседі.

  7. Тарих болса жүйелі, дәйікті түрде оқиғаның болған уақытына байланысты саяси институттар мен идеялардың даму туралы деректерді жинап, суреттейді.

  8. Саясаттану адамгершілік ғылымдармен байланысты.Саясаттанудың өзіне тән зерттеу объектісі бар. Оған қоғамның саяси саласы, ондағы болып жатқан барлық саяси құбылыстар мен процестер жатады.

  9. Саяси ғылымның негіздерін меңгеру арқылы күрделі қоғамдық-саяси жағдайда еркін бағдар ұстап, белсенді іс-әрекет жасауға, ішкі және сыртқы саясаттың сыр-сипатын, қилы құбылыстарын жете ұғынуға, басқа

  10. адамдардың құқықтарын бағалап, қадірлей отыра, өркениетті түрде өзінің мақсат-мүддесін білдіріп, оны қорғауына кең жол ашады, жалпы, халықтық қазыналарға негізделген демократиялық тәртіпті құрметтеуге, ортақ мәселелерді ұжымдасып шешуге үйретеді.

  1. 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23