ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 401
Скачиваний: 2
СОДЕРЖАНИЕ
Саяси әлеуметтену: мәні, кезеңдері, үлгілері мен факторлары.
Саясаттану пәні, ұғымдары, әдіс-тәсілдері мен қызметтері.
Саясаттанудың негізгі парадигмалары.
Саясаттағы объективтілік пен субъективтілік, оның қоғамдық дамудағы рөлі.
Ежелгі дәуір ілімдеріндегі саясаттанудың элементтері (Конфуций, Платон, Аристотель, Цицерон).
Жаңа замандағы саяси ой (Т.Гоббс, Монтескье, Руссо, Кант т.б.)
Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалар.
12. Биліктің қызметтері мен жіктелуі. Саяси билік пен мемлекеттік билік.
Егеменді Қазақстандағы мемлекеттік билік.
Саяси элитаның түсінігі мен қызметі.
Саяси көшбасшылық түсінігі мен табиғаты, оның әлеуметтік функциялары.
Мемлекеттің белгілері мен қызметтері.
демократиялық принциптер мен шаралар
Саяси партиялар: түсінігі, мәні, белгілері мен қызметтері
Саясишиеленістердішешутүрлері мен жолдары
- 1 ... 9 10 11 12 13 14 15 16 ... 23
Саяси көшбасшылық түсінігі мен табиғаты, оның әлеуметтік функциялары.
-
Саяси көшбасшылық - саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол алға -
қойған мақсатқа жету үшін қаланың, аймақтың, мемлекеттің көлемінде адамдардың күш-жігерін біріктіріп, белсенді ықпал ете алады. Соңғы кезде бұл ұғым мағынасы кеңейе түсті. Өйткені саяси көшбасшыға басқарушы қызметті ресми түрде атқармайтын, бірақ саяси өмірде беделді, аты шыққан адамдарды жатқызып жүр. Қазір саяси көшбастаушылар деп қоғамдық-саяси ұйымға, қозғалысқа, мемлекетке әрдайым және шешуші ықпал ететін тұлғаны айтады. -
Саясикөшбастаушыболудың2жолыбар:
-
көпшілік халықтың мақсат-мүддесін кездейсоқ дөп басып, ойынан шығу; -
ол мүдделерді мақсатты түрде тал май зерттеу нәтижесінде.
-
Саяси көшбасшылықтың жіктелуі - Неміс ойшылы М.Вебер саяси көш бастаушыларды топтастыруға алғаш қадам жасады. Ол саяси серкелерді "бедел" ұғымына негіздеп былай жіктеуді ұсынды:
-
билік әкеден балаға мирас ретінде қалатын әдет-ғұрып жетекшілігі; -
ерекше қадір-қасиеті, қабілетіне (ақылдылығына, батырлығына, т.б.) байланысты билік басына келген харизматикалық топ бастар; -
Конституция негізінде сайлау арқылы басшылық орынға келген саяси серкелер.
-
Саясикөшбасшыныңатқаратынқызметтері- қоғамның түбегейлі құндылықтары мен арман-аңсарлары негізінде әр түрлі топтардың басын біріктіріп, мүдделерін үйлестіру, топтастыру; халықтың, топтардың қажеттіктерін өтейтін және қарыштап алға басуға мүмкіндік тудыратын саяси бағыт-бағдарлама жасау; қоғам алдындағы мақсаттарды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін айқындау; халықты ынталандыру арқылы қажетті өзгерістерді іске асыру; жұртшылықпен, әр түрлі ұйым, топтармен тығыз байланыс жасау негізінде өзін-өзі саяси ұйымдастырудың тұрақты түрлерін қамтамасыз ету; әділдіктің, заңдылықтың, тәртіптің кепілі болу.
-
Саяси жүйе туралы ұғым.
-
Саяси жүйе туралы ұғым “ Жүйе ” ұғымын XX ғасырдың 20 жылдары ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс биологы Л. Фон Борталанфи ( 1901—1972 ) . Ол бұл терминді клетканың сыртқы ортамен алмасу процесін көрсе ту үшін пайдаланды . Ғалым жүйеге өзара байланыста болатын элементтердің біртұтас жиынтығы ретінде қарады . Жүйенің бір элементі өзгеріске ұшыраса , барлық тұтастық өзгереді . Жүйе сыртқы дабылдарға және өзінің ішкі элементтерінің талаптары на жауап қайтару арқасында дамиды. Кейін жүйелік тәсіл қоғамдық ғылымдарда пайдаланыла бас тады . Социологияда қоғамды жүйелік түрде талдаған - Т .Парсонс . Ол қоғамды -
өзара байланыста болатын 4 жүйешіктен ( эко номикалык , саяси , әлеуметтік және рухани ) тұрады деді . Жүйешіктің әрқайсысы белгiлi бiр кызметті атқарады , іштен және сырттан түсетін талаптарға құлақ асып , жауап қайтарады . Олар қосылып жалпы қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етеді . Саяси жүйе - билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы. Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар және т.б. жатады. Бұл барлық органдары бар мемлекет;қызметтерінде айқын саяси бағыты бар партиялар мен қоғамдық ұйымдар, қатаң саяси реңкі болмаса да, мемлекеттің саясатына манызды әсер ете алатын, (кәсіподак, кооперативтік, діни және т.б.) қоғамдық, ұйымдар, сондай-ақ өскелен ұрпакты тәрбиелеу мен білім беруді жүзеге асыратын барлық мекемелер. -
-
-
- 1 ... 10 11 12 13 14 15 16 17 ... 23
Саяси жүйенің құрылымы.
-
Саясижүйеқұрылымы- билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы. Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар және т.б. жатады. Зерттеушілер саяси жүйенің мынадай негізгі төрт бөлігін атайды:
-
саяси институттар;
-
саясиқатынастар; -
саяси ережелер;
-
саясимәдениет.
-
Соларға қысқаша сипаттама берелік. -
Саясиинституттарға(ұйымдар, мекемелер) мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар, кооперативтік, жастар, әйелдер, т.б. ұйымдар мен бірлестіктер жатады. Бұл ұйымдардың бәрі таптық, топтық, ұлттық, жыныстық, кәсіби, жас мөлшеріне қарай және т.с.с. байланысты пайда болатын көптеген әлеуметтік мақсат-мүдделерді білдіріп, корғау үшін құрылады.
-
Саяси жүйенің жіктелуі.
-
Саяси жүйенің жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Олар бұл мәселеге әр жақтан қарайды, әр тұрлі өлшемді (критерийді) пайдаланады. Мысалы, марксизм формациялық көзқарасты басшылыққа алып (өндіріс тәсілінін, және қоғамның таптық кұрылымының өзгешеліктеріне қарай) оны құлдық, феодалдық, капиталистік және коммунистік саяси жүйе деп бөледі. -
Ал У. Ростоу және т.б. "экономикалық өсу сатысы" деген тұжырымдаманы алға тартады. Олардың ойынша, адамзаттың даму тарихы мынадай бес сатыдан тұрады: 1) дәстүрлі қоғам; 2) өтпелі қоғам; 3) алға басу (жылжу) қоғамы; 4) индустриялық және 5) индустрияланғаннан кейінгі (постиндустриялдық) қоғам. Бірінші сатыға алғашқы қауымдык, рулық және феодалдық қоғамның бір бөлігін, екінші сатыға өндірістік революцияны, үшіншісіне 70-80 жылдардағы капитализмді, төртіншісіне 2000 жылға дейінгі капитализмді жатқызады. Бұлайша сатыға бөлудің өлшемі ретінде техникалық даму деңгейін алады. Марксизмнің басшылыққа алатын өндірістік қатынастарымен олар санаспайды. -
Саяси жүйені оның саяси тәртібіне (режиміне) қарай тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық деп бөледі. Мұнда топтастырудың негізіне билік, тұлға және қоғам арасындағы өзара іс-әрекеттің сипаты мен тәсілі негізге алынады. Тоталитарлық саяси жүйеде жеке адам мен қоғам толығымен билікке бағынады. Мемлекет қоғамдық өмірдің барлық саласын өзінің бақылауына алады. Авторитарлық саяси жүйеде билік басындағы жеке адам немесе адамдар тобы шексіз билікке ие болады. Парламент, оппозициялық партиялар болғанымен олардың ықпалы шамалы келеді. Мемлекеттің сайланбалы органдары, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктері шектеледі. Демократиялық тәртіпте тұлға құқығы биік тұрады, билік жұмысын қоғам бақылауға алады. Онда биліктің өкілдік органдарын жалпыға бірдей сайлау арқылы халык сайлайды, азаматтарға саяси құқықтар мен еркіндіктер беріледі, елде заңдылық билейді. -
Француз саясаттанушысы Ж. Блондель саяси жүйені басқарудың мазмұны мен түрлеріне сай оны 5 түрге бөледі: 1) либералдық демократия. Ол саяси, мемлекеттік шешімдерді қабылдағанда меншікке иелік етуі, жекешілдік, еркіндік сияқты құндылықтарды басшылыққа алады; 2) коммунистік жүйе. Ол әлеуметтік игілікті тең бөлуге бағдар үсатайды; 3) дәстүрлі саяси жүйе. Ол ар төбеліндей ақсүйектердің саяси және экономикалық үстемдігіне негізделеді; 4) дамып келе жатқан елдерде қалыптаса бастаған саяси жүйе. Онда авторитарлық басқару белең алады; 5) авторитарлық-консервативтік жүйе. Онда әлеуметтік және экономикалық теңсіздік сақталады, халықтың саяси билікке қатысуына шек қойылады. -
Саяси жүйені жіктеудің тағы басқа да түрлері бар. Ол мәселенің көпқырлығын керсетеді. Сондықтан саяси жүйені топтастырғанда әр түрлі өлшемдері, белгілері, тәсілдері басшылыққа ала отырып қарастырған жөн. -
Саяси жүйелер әр алуандығымен ерекшеленеді. Саяси ғылым осы ор алуандықты талдауға, жекелей алғанда шатаспас үшін және оларды түсінуге қол жеткізу үшін олардың формалары мен типтерін анықтауға әрдайым талаптанып келеді. Саяси ғылымда саяси жүйелердің келесі бір критерийлері бойынша белгілі философ және саясаттанушы А. С. Балғымбаев бірқатар типологиясын көрсетеді :