Файл: аза тіліні шыу тарихы туралы тркі тілдері тіл туыстыына.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 450
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ҮСТЕУ
Үстеу – қимылдың түрлі белгісін (мезгілін, мекенін, себебін, мақсатын) білдіретін сөз табы.
-
Үстеудің құрамына және тұлғасына қарай түрлері мынадай:
Құрамына қарай | Тұлғасына қарай | ||
Дара үстеу | Күрделі үстеу | Негізгі үстеу | Туынды үстеу |
Бір ғана түбірден (негізгі / туынды) тұрады. | Кемінде екі түбірден тұрады. | Бөлшектеуге келмейтін төл үстеулер. | Түбірге жұрнақ жалғануы арқылы немесе кейбір септік жалғаула-рының көнеленуі арқылы жасалған үстеу. |
кеше, былтыр | бүгін, қыс бойы | ең, ертең, бұрын | бірге, зорға, балаша |
Ескерту: оқулықта үстеудің құрамына қарай 3 түрі бар деп берілген: негізгі үстеу, туынды үстеу және күрделі үстеу.
Үстеудің мағынасына қарай 7 түрі бар. Олар төмендегідей:
түр | ереже | сұрақ | мысал |
Мекен | Қимылдың болу орны мен бағытын білдіреді. | қайда? қалай қарай? қайдан? | ілгері, осында, бері т.б. |
Мезгіл | Қимылдың мезгілін білдіреді. | қашан? қашаннан бері? | бүгін, таңертең, түнде, т.б. |
Себеп-салдар | Қимылдың болу себебін, салдарын білдіреді. | неге? не себепті? неліктен? | амалсыздан, лажсыздан, босқа, бекерге т.б. |
Қимыл-сын | Қимылдың жүзеге асу амалын білдіреді. | қалай? қайтіп? қалайша? | емін-еркін, әрең т.б. |
Мөлшер | Қимылдың мөлшерін, көлемін білдіреді. | қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап? | неғұрлым, әжептәуір, біршама соншалық, |
Күшейт-кіш | Қимылдың белгісі мен сапасын тым күшейтіп не солғындатып көрсетеді. | қалай? қандай? | ең, тым, аса, өте, нағыз, кілең, орасан т.б. |
Мақсат | Қимылдың болу мақсатын білдіреді. | қалай? не мақсатпен? | әдейі, қасақана, жорта т.б. |
Туынды үстеудің жасалу жолдары
-
Жұрнақтар арқылы:
-ша, -ше | -лай, -лей, -дай -дей -тай -тей | -дайын -дейін -тайын -тейін | -ншама, -ншалық | -майынша -мейінше -байынша -бейінше -пайынша -пейінше |
бұлбұлша, сәбише, көзінше | осылай, шикілей, қыстай | тотыдайын, жорғадайын | осыншама, соншалық, осыншалық | алмайынша, жемейінше |
-
Түбірге сіңісіп кеткен септік жалғаулары арқылы:
Барыс септігі | Жатыс септігі | Шығыс септігі | Көмектес септігі |
бірге, босқа, зорға, текке | баяғыда, аңдаусызда | шалқасынан, шетінен | кезекпен, ретімен |
-
Екі я да одан көп түбірдің
бірігуі және кірігуі арқылы: | қосарлану мен қайталануы арқылы: | тіркесуі арқылы: |
Жаздыгүні, (жаздың + күні), таңертең (таң+ертең), | Жоғары-төмен, әрең-әрең, бет-бетімен, қолды-қолына. | Күні бүгін, ала жаздай, таң сәріде, кешке дейін, |
Үстеудің сөйлемдегі қызметі
| Ереже | Мысалдар |
Баста-уыш | Үстеу атау септігінде тұрып бастауыш болады. | Еріншектің ертеңі бітпес. Бүгін-Ұлыстың ұлы күні. |
Баян-дауыш | Үстеу жіктеліп келіп немесе заттанып, баяндауыш болады. | Мен сенімен біргемін. Талапты бала -талпынған құстай. |
Толық-тауыш | Кейде үстеу заттанып келіп, толықтауыш болады. | Естілер ертеңгіні ескере, көре сөйлейді. Бүгінгісін ғана қамдан-ған алысқа бармайды. |
Пысық-тауыш | Үстеу қимылдың әр түрлі белгісін білдіріп, пысықтауыш болады. | Кеше қар жауды. Ол лезде келді. Мен амалсыздан үйге кеттім. |
Анық-тауыш | Мөлшер үстеу зат есіммен, күшейткіш үстеу сын есіммен тіркесіп келіп, күрделі анықтауыш болады. | Ең берекелі, ең парасатты тәжірибе-халық түйген тұжы-рымдар.Сонша алтынды қайдан алады? |
Үстеудің емлесі
-
Негізгі және туынды үстеулер көбінесе айтылуынша жазылады және кейбір туынды үстеулер морфологиялық принцип бойынша жазылады. (ертең, төмен, лажсыздан т.б.) -
Сөздердің тіркесуі арқылы жасалған күрделі үстеулердің әрбір сыңары бөлек жазылады. (құр әншейін, ала жаздай, күн ұзаққа, күн ілгері т.б.) -
Сөздердің қосарлануы арқылы жасалған күрделі үстеулер сызықша арқылы жазылады. (көзбе-көз, олай-бұлай, тұс-тұстан) -
Сөздердің кірігуі арқылы жасалған күрделі үстеулердің көпшілігі сыңарларының дыбысталуынша, өзгеріске түскен күйінде жазылады. (бүгін (бұл+күн), биыл (бұл+жыл), қыстыгүні (қысты ң+күні) т.б.)
ЕЛІКТЕУ СӨЗ
Еліктеу сөз – әр түрлі дыбысқа, құбылысқа еліктеуден және олардың бейнесін елестетуден туындаған сөз.
-
Құрамына және тұлғасына қарай мынадай түрлері бар:
Құрамына қарай :
Тұлғасына қарай:
Дара е.с.
Күрделі е.с.
Негізгі е.с.
Туынды е.с.
Бір ғана түбірден
(негізгі /
туынды) тұратын төл еліктеу сөз.
Екі сөздің қосарлануы-нан жасалған еліктеу сөз.
Бөлшектеуге келмейтін
түбір еліктеу сөз.
Жұрнақ
жалғануы арқылы
жасалған. Жұрнағы:
-аң, -ең, ың, -ің, -ң
тарс, күмп, жымың т.б.
тарс-тұрс, қисаң-қисаң т.б.
морт, күрс,
селк т.б.
қиса-ң, елп-ең, ырж-ың-ырж-ың т.б.
-
Еліктеу сөздің мағынасына қарай 2 түрі бар:
1. Еліктеуіш | 2. Бейнелеуіш |
Түрлі дыбыстарға еліктеуден туындаған еліктеу сөздер. | Көру арқылы сипаттайтын еліктеу сөздер. |
дыбысқа негізделеді | көрініске негізделеді |
тарс, сарт-сұрт, тасыр-тұсыр, салдыр-гүлдір т.б. | маң-маң, сылқ, жалт, күрт, морт, қисаң-қисаң т.б. |
Еліктеу сөздің сөйлемдегі қызметі
| Ереже | Мысалдар |
Бастауыш | Көмекші етістікпен тіркесіп келген еліктеу сөз заттанып, бастауыш болады. | Тарс-тұрс еткендер жақындаған-дай болды. Жарқ-жұрқ еткен су екен. |
Баян-дауыш | Еліктеу сөз көмекші етістікпен тіркесіп келіп көбіне күрделі баяндауыш құрамында жұмсалады. | Торғайдың үні шыр-шыр етеді. Сұр жылан тілін сумаңдатып, ыс-ыс етеді. |
Толық-тауыш | Еліктеу сөз көмекші етістікпен тіркесіп келіп, сондай-ақ заттанып, толықтауыш болады | Ол тасыр-тұсырды алыстан естіді. Қорс-қорс еткеніңді тый. |
Пысық-тауыш | Еліктеу сөз етістікпен тіркесіп, пысықтауыш болады. | Ала мысық әрі-бері зу-зу етіп өте шығады. Ол қираң етіп қайта құлады. |
Анық-тауыш | Еліктеу сөз көмекші етістікпен тіркесіп, зат есім алдында тұрып оны анықтайды. | Сол кезде тура алдынан бұрқ еткен шаң шықты. Мылтық атылғандай шаңқ еткен оқыс үн қатты. естілді. |
ШЫЛАУ
Шылау - сөз және сөйлемді байланыстырады және сөзге қосымша мағына береді.
Оның 3 түрі бар: септеулік шылау, жалғаулық шылау, демеулік шылау
1. Септеулік шылау : атау, барыс, шығыс және көмектес септіктерінде тұрған сөзбен тіркесіп қолданылады. Сөздің септігіне қарай оның 4 түрі бар:
септік | шылау | мысал |
Атау септігіне қатысты | туралы, жайында, сияқты, тәрізді, секілді, үшін, сайын т.б. | Отан үшін отқа түс – күймейсің. |
Барыс септігіне қатысты | дейін, қарай, тарта, таман, жуық т.б. | Түске дейін жүзге жуық хат жібердік. |
Шығыс септігіне қатысты | кейін, соң, әрі, гөрі, бері | Бұдан әрі оның сөзін ести алмадым. |
Көмектес септігіне қатысты | бірге, қабат, қатар | Мен әкеммен бірге жұмыс істедім. |
1. Жалғаулық шылау
Жалғаулық шылау сөздер мен сөйлемдерді салаластыра (тең дәрежеде) байланыстырады. Оның 6 түрі бар:
түрі | шылауы | мысал |
Ыңғайластық жалғаулық | мен, бен, пен, және, әрі, да, де, та, те | Қыста және көктемде күн суық болады. |
Қарсылықты жалғаулық | бірақ, дегенмен, алайда, сонда да, сөйтсе де, сөйткенмен т.б. | Оның ойлағаны болды, бірақ мәселенің басы шешіле қоймады. |
Себеп-салдар жалғаулық | өйткені, себебі, сондықтан, сол үшін, неге десеңіз т.б. | Біз ауылға бара алмаймыз, өйткені демалыс бітіп қалды. |
Талғаулықты жалғаулық | не, немесе, я, я (не) болмаса, яки, әлде т.б. | Бұл істі я мен бітіремін, я сен бітіресің. |
Кезектес жалғаулық | кейде, бірде, біресе. | Көктемде біресе жаңбыр жауады, біресе күн ысып кетеді. |
Шартты жалғаулық | егер, егер, де. | Егер ол келмесе, жоспар өзгереді. |