Файл: азастан республикасы білім жне ылым министрлігі н. С. ложаева., . Б. Тлешова., . Б. Жмабекова.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 551
Скачиваний: 1
СОДЕРЖАНИЕ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР МЕН ТЕСТТЕР ЖИНАҒЫ
1-тақырып. Тәрбие үдерісінің мәні мен мазмұны
1.1 Тәрбие үдерісінің диалектикасы
2.1 Оқыту процесі және білім беру мазмұны
2.2 Оқыту әдістері мен технологиялары
Б.Блум таксономиясы бойынша сұрақтар мен тапсырмалар үлгісі БІЛІМ
3-тақырып. Білімді бағалау жүйесі
3.1 Білімді бағалау жолдары мен баға қою механизмі
4-тақырып. Дарындылық және танымдық даму процесі
4.1 Дарындылық және шығармашылық іс-әрекеттер
4.2 Дарынды және талантты балаларды оқыту әдістері
5-тақырып. Мұғалімнің кәсіби біліктілігі
5.1 Мұғалімнің кәсіби қызметі мен оқытушылық әрекеті
5.2 Мұғалімнің рефлексивті құзыреттілігі мен кәсіби дайындығы
6. Оқу үрдісіне ақпараттық коммуникациялық технологияларды енгізу барысында білікті мұғалімде болуы қажет білім
-
әдістемелік және метатанымды -
теориялық және практикалы -
нақты және тұжырымдамалы -
нысандандырылған және нысандырылмаған -
тиімді және тиімсіз
7. Н. Мерсер бойынша кумулятивтік әңгіменің сипаттамасын көрсетіңіз
-
Идея қайталанады және жасалынады, бірақ үнемі мұқи-ят бағалана бермейді -
Топтағы қатысушылар өзара келісімге қол жеткізуге тырысады -
Әркімнің идеясы пайдалы деп саналғанымен, мұқият бағаланады -
Ресурстарды біріктіруге бағытталған аздаған талпыныс жасалады -
Пікірлерде үлкен алшақтық болады және әрқайсысы өз шешімдерінде қалады
8. Диалог барысында әркімнің идеясы құнды деп саналып, мұқият бағалаудан өтетін әңгіменің түрі
-
әңгіме-дебат -
реттелмеген әңгіме -
кумулятивтік әңгіме -
дамытушы әңгіме -
зерттеушілік әңгіме
9. Тапсырманы орындау барысында окушыға бағдар беріп отыратын сұрақ қою тәсілі
-
түрткі болу -
мәселені шешу -
басқаға бағыттау -
сынақтан өткізу -
сілтеме жасау
10. Көрнекілік әдістер
-
кітаппен жұмыс, мадақтау -
жаттығу, практикалық жұмыс -
дәріс, баяндау -
иллюстрация, демонстрация -
әңгіме, пікір алмасу
11. М.Чиксентмихайдың «Өзіндік мақсат» сызбасы бойынша дағдысы төмен оқушыға жоғары міндет қоюдың нәтижесі
-
зерігу -
түсіну -
ағын -
игеру -
алаңдау
12. Мұғалімнің озық педагогикалық тәжірибесінің жай тәжірибеден артықшылығы
-
логикасы, әдісі, тәсілі жағынан ерекше тиімді нәтиже береді -
мұғалімнің моральдык-этикалық сапаларын қалыпта-стырады -
оқушыларды әлеуметтендіреді -
сабақты тез арада талдауға болады -
оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруға мүмкін-дік береді
13. Мұғалімге ағымдағы сабақты талдауға және қадағалауға негіз болатын педагогикалық іскерлік
-
оқушының жеке тұлғалық және мінез-құлық ерекшелік-терін байқау -
оқушының жылдам есте сақтауын қадағалау -
оқушының зейінін тұрақтандыру -
оқушының зейінін шоғырландыру -
оқушының логикалық ойлауын ұйымдастыру
14. Мұғалімнің сабаққа дайындығынын бірінші кезеңі
-
жоспарланған сабаққа материал жинақтау -
жоспарлауды әрбір сабаққа сәйкес нақтыландыру -
әрбір жеке сабақтың жоспарын кұрастыру -
әрбір жеке сабақтың жоспарын терең ойластыру -
сабақтарды тақырып бойынша жоспарлау
15. «Қара жәшік» ішіндегі жұмыс
-
мүмкіндіктердің барлығын қарастыру -
жаңашыл идеяларға ашық болу -
ақпараттық деректерді жинақтау -
оқушымен бірге критерийлерді талдау -
оқушыларға стратегиялар ұсыну
16. Елестету, салыстыру, түсіндіру және дәйек келтіру, мақұлдау кезеңдерін қамтитын тәсіл
-
жоспарлау -
даярлау -
пайымдау -
талдау -
дәлелдеу
17. Сабақты психологиялық талдау
-
мектепішілік мониторинг -
мұғалімнің инновациялық іс-әрекеті -
танымдық ізденіс -
педагогикалық шеберлік -
мұғалімнің пәндік-тұлғалық рефлексиясы
18. Сабақты зерттеу тәсілінің аясын зерттеу сабағын жоспарлауда ерекше мән беріледі
-
«Зерттелетін оқушыларға» ерекшеленген тапсырма-ларды дайындау -
«Бақылаудағы» оқушылардың сабақта өтілетін матери-алды игеруі -
Сабақты зерттеу тәсілінің айналымын қамтамасыз ету -
Оқушылардың өз бетінше оқу ресурстарын жинақтауы -
Сабаққа берілетін бағаны болжамдау
Әдебиеттер:
-
Губайдуллина Г.Н. Педагогиканы оқыту әдістемесі: оқу құралы. - Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2012. – 244 б. -
Краевский В.В., Бережнова Е.В. Методология педагогики: новый этап: учеб. пособие /В.В Краевский, Е.В. Бережнова. – М.: Академия, 2006. -
Сластенин В.А. Избранные труды /В.А Сластенин. – М.: Магистр-пресс, 2000. -
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы және Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірлесіп құрастырған «Мұғалімге арналған нұсқаулық» («Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы») Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы) – Астана «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ. 2015. -
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы және Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірлесіп құрастырған «Мұғалімге арналған нұсқаулық» («Тиімді оқыту мен оқу») Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы) – Астана «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2016. -
Ардабаева Б.К., Утегенова Б.М. Рефлексия – мұғалімнің оқыту және оқу тәжірибесін жетілдіру құралы: әдістемелік ұсынымдар. / Б.К. Ардабаева, Б.М. Утегенова. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталық, 2016. – 36 б. ISBN
Жауаптары
1С 2А 3D 4B 5A 6B 7A 8E 9A 10D 11D 12A 13A 14E
15B 16E 17E 18B
3-тақырып. Білімді бағалау жүйесі
Жоспары:
3.1 Білімді бағалау жолдары мен баға қою механизмі
3.2 Білімді бағалау өлшемдері
Ұғымдықсөздер: бағалау, оқытуды бағалау, оқу үшін бағалау, өлшем, критериалды бағалау, бақылау, сабақ, баға, қадағалау, интерпретация.
3.1 Білімді бағалау жолдары мен баға қою механизмі
Б ағалау– одан арғы оқу туралы шешім қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.
Оқытудыбағалау - кез-келген білім беру жүйесінің қажетті және маңызды элементі болып саналады.
Бақылау – білім алушылардың оқу іс-әрекетінің нәтижесін көрсететін білімін, іскерлігін бағалау, өлшеу, анықтау. Оқушылардың білімін, іскерліктерін бақылау, бағалау әрқашан оқыту үдерісінің құрамдас бөлігі болып табылады. Педагогика ғылымында «бағалау», «бақылау», «тексеру», «белгілеу» бірге жүретін процесс.
Бақылау мен бағалау жүйесінің атқаратын негізгі қызметтері: | |
оқыту | үлгерімді бақылау кезінде білім, іскерлік пен дағдылары тереңдетіліп, білімділік деңгейі, ақылой еңбегінің мәдениеті артады, оқушының өз бетімен жұмыс істеуіне негіз болатын жағдайда жүзеге асырылады; |
дамытушылық | бақылау нәтижесінде тұлғаның көңіл, ес, ойлау секілді психикалық үдерістері жетілген тұста, танымдық белсенділіктері артқан кезде туындайды. Бұл қызмет түрі бақылау тапсырмалары (сұрақтары) түсіндіруді, дәлелдеуді қажет еткенде жүзеге асады; |
тәрбиелік | үлгерім бақылауымен қатар жүретін баға оқушының жетістіктері туралы қоғамдық пікірді бейнелейді. Ол үлкен моральдік ықпал жасайды, оқу алдындағы парызын мойындатып, ерік-жігерді, тәртіпті, принципшілдікті дамытады; |
басқарушылық | үлгерімді бақылау үздіксіз жүретін кері байланысты туындатады, осының нәтижесінде мұғалім мен оқушы өз жетістіктерін байқап, ары қарай үлгерімді жақсарту шараларын қолдануға себеп болады; |
бақылау | бағалаушылық, оқушының оқу іс-әрекетінің нәтижелерін, оның барысын қадағалауға мүмкіндік береді. |
Баға – оқушының білім, білік, дағды дәрежесін, деңгейін, сапасын белгілеу. Баға сандық немесе сөздік формада болуы мүмкін.
Оқыту әдістері мен оқу сабақтарының түр-пішіндері бірімен-бірі сабақтасуы арқылы жүзеге асады. Оқыту әдістері сабақтың мазмұнының баяндау тәсіліне байланысты болса, оқу сабақтарын ұйымдастыру түрлері оқушылардың оқу қарекетін ұйымдастыруға тікелей қатысты болып келеді.
Сабақ – осы іс-әрекетті жүзеге асырудың негізгі формасы. Ол оқытудың үш бірлік – білім беру – тәрбие – даму – қызметін тиімді іске асыруда көрінеді, олай болса, оқушылардың табиғи қасиеттерін шығармашыл дамытуға бағытталғандығымен де көрінеді. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін сабақты берудің негізгі формаларының бірі – топтық жұмыс. Топтық жұмыстың үдерісі:
-
оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстырады; -
оқу тапсырмаларын орындау үшін механикалық есте сақтау және қайталау арқылы емес, сонымен қатар өздері де белсенді араласып, ақпаратты өңдейді және ортақ қорытындыға келеді; -
оқушылар басқа оқушылардың көзқарасымен танысады; -
оқушылар әңгімелесу, әлеуметтену жағдайында жетіледі, өз ойларын ортаға салып, тапсырманың мәнін ұғады; -
ынтымақтастық ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан дамиды, түрлі көзқарастарды тыңдап, өздері де идеяларын ұсынады, қорғайды.
Ынтымақтастық оқу – өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен жұмыс соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады.
Мерсер құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде, олар «мұғалім-оқушы» сұхбаты түріндегі өзара іс-қимылға қарағанда мейлінше «симметриялы» болып табылатын өзара іс-қимылға тартылады, осылайша, негізделген дәлелдерді келтіріп, қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады Тіл – тәжірибені ұжымдық қабылдаудың негізгі құралы. Негізінде, білім диалог арқылы беріледі, оқушылардың сыныптағы өзара байланыс пен келісушілікті қабылдау деңгейін білдіретін қызметтің диалогпен қалайша жанасатынына байланысты болады. Мұғаліммен және басқа оқушылармен әңгімелесу – оқушының қызмет белсенділігін қамтамасыз ететін және түсінігін дамытатын маңызды құрал. Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою арқылы бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзінөзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады (Александер, 2001).