Файл: Дипломды Жмыс 5В01401 Дене трбиесi жне спорт.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Дипломная работа

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 283

Скачиваний: 8

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
барша халқының денсаулық деңгейін арттыру, ағза қызметін дамыту және т.б. Адам ең күрделі және тосын жағдайларда қажетті қасиеттердің айқындалуына үйренеді.

ҚҰДМ қызметтері жоғарыда аталған салауатты тынығудың қажетті элементін құрайды, психикалық, өнегелік және денелік қанағаттандырылуға мүмкіндік береді, бар сұраныстар мен талаптарды жан-жақты дамытуға бағдарлайды, адамдардың арасында достықты, сыйластықты қарым- қатынастарды қалыптастырады, қоғамдық сананы арттырады. Мұның барлығы оның халық шаруашылығын толықтыратын және адамдарды жан-жақты дамытатын республика халқының барлығына дерлік әсерімен байланысты.

Бұдан келіп ҚҰДМ 3-ші әлеуметтік қызметі айқындалады: мәдени- көріністі сұраныстарды қамтамасыз ету. Оның қызметінің мәні адам мүмкіндіктерінің көптүрлілігі, ДЖ ұлттық түрлерін тікелей қолдану, еңбектену мен қоғамдық және жекебасылық, міндетті және ерікті тынығудың жан-жақты үйлесімділігіне бағынады. Бұл қызметтің айнымас құрамды элементтері: ҚӘ және қимыл-қозғалыстарды өзіндік қанағаттану үшін орындау, қандай да бір ДЖ орындаушы жолдастарын қадағалау, спорттағы қарсылас тұлғалары мен командалары үшін уайымдау, басқаларға көмек көрсетуде ДТ құралдары мен әдістері тұрғысынан бірлестіктің айқындалуы және т.б.

Сонымен, адамның мәдени сұраныстарының келешекте қалыптастырылуы және осы негізде Қазақстанның қоғамдық тіршілігіне белсенді атсалысуы жоғары мәнге ие. Жоғарыда аталған қызметтер Қазақстандық қоғамның даму деңгейіне толық сәйкес деңгейде айқындалады және осы жағдайларда олар саяси, экономикалық және идеологиялық жаңаруға ықпал етеді.

ҚҰДМ қазақ халқының қалыптасқан дәстүрлі және заманауи дәстүрлеріне сай мәндік деңгейінің жалпы педагогикалық қызметтері олардың тәрбиелеудің
негізгі түрлерімен өзара әркеттерінен, өзара байланыстарынан туындайтын өзіндік бір ерекше мәнді қызметтерімен айқындалады.

Тәрбиелеудің зияткерлікті (ақыл-ой) тәрбие әсерінің қызметі ҚҰДМ түрлі білімдерді, олардың толықтырылып отыруымен мен тереңдете зерттелуін, орындалатын ҚӘ сараптама жүргізіп, объективті бағалаудағы біліктілік пен дағдыларға қол жеткізуді, қазақ ҰСТ, қозғалысты ойындарындағы және ДЖ мәліметтер мен түсініктерді дамыта білуді, ақыл-ой қабілеттерін дамытуды және т.б. қамтиды.

Сондықтан да, көрсетілген әрекет түрі қазақ ұлттық ДЖ түрлерімен шұғылдануды біршама саналы жүргізуді, тереңінен тани білуді, ақпаратты тұрғыдан байытуды және адамгершілік қасиеттерін қажет етеді.

Адамгершіліктік тәрбиеге ықпал ету қызметі. Бұл қалыптасқан салт- дәстүрлерге сай бірқатар мәселелерден тұрады, ол адам бойында ақсақалдармен, әйелдермен, балалармен, құрметті азаматттармен, және қоғамдық және жеке қолданыс құралдармен өзара қарым-қатынас нормалары мен ережелері туралы пікір қалыптастыру, адамның бойында шыншылдықты, объективтілікті, қарапайымдылықты, жолдастықты, қоршаған ортаға деген сыйластықты, сыпайылықты және т.б. қалыптастырудан тұрады. Осы негізде дене жаттығуларымен шұғылданушылардың адамгершілік қасиетін тәрбиелеуді түрлі арнайы ұйымдастырылған (жаттығулар, жарыстар және т.б.) және тұрмыстық (үй) жағдайларында жетілдіру жүзеге асырылады.

Бұл қызметтің түпкілікті мәні заманауи қазақ қоғамының өнегелік қағидаларына сай рухани-өнегелі «келбетін» қалыптастыруда жатыр.

Эстетикалық тәрбиелеуге ықпал ету қызметі бірқатар

қазақ ұлттық ДЖ эстетикалық қасиеттері, өнер туындылары, ақпаратты «көздер», қоршаған орта, СӨС және олардың меңгерілу шарттары, қимылдарды эстетика талаптарына сай орындау біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру туралы сәйкес білімді меңгеру; басқа адамдарға және құбылыстарға қатысты эстетикалық көзқарас, әдет қалыптастыру; эстетикалық сезімді дамыту, эстетикалық таным қалыптастыру, эстетикалық құндылықты дамыту сынды қажетті элементтерден құралады. Түптеп келгенде, бұл қызметтің құрамдас элементтері жарыс кезінде, одан тыс уақыттарда қазақ ұлттық ДШ шұғылдану барысында ерекше бір туындыларды аңғара білетін, түсінетін,кереметтей бір жаңа туындыларды ойластыра білетін жаңа ұрпақты тәрбиелеуге ықпал етуі қажет.

Еңбекке тәрбиелеуге (ЕТ) ықпал ету қызметі арнайы ұйымдастырылған білім беру-тәрбие үдерісі барысында таңдаулы еңбек қызметіне біршама тиімді даярлықты қамтамасыз ететін ҚӘ биомеханикалық, биологиялық, педагогикалық заңдылықтары туралы мәліметтерді меңгеру, осындай әрекет барысы мен нәтижелерін сараптай білу біліктіліктері мен дағдыларын меңгеру, ондағы бар күштер мен қабілеттердің бар түрлерін жүзеге асыра білу біліктілігін тәрбиелеу, еңбексүйгіштік, жауапкершілік және т.б. қасиеттерді дамыту секілді түрлі элементтерді қамтиды. Аталмыш қызмет ДЖ қазақ ұлттық түрлерімен шұғылданушылардың бойында еңбек пен оқу тапсырыстарына деген қызығушылықтарын туындатуда алатын орны ерекше.

Берілген тәрбие түрлері ескеріле отырып айқындалатын негізгі жалпы педагогикалық қызметтер осылай болып келеді. Сонымен, қызмет дегеніміз Қазақстан қоғамы дамуының педагогикалық және әлеуметтік мәнін бүтіндей бір жүйеге келтіретін осындай
өзара қарым-қатынастардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін нақты механизм (құрал).

Көрнекі зияткерлікті, адамгершілікті-тәрбиелік, еңбек және отансүйгіштік қасиеттерден ада ҚҰДМ қазақ халқының ҰДМ бола алмайды, аяғына дейін дейін ойластырылмаған таза «биологиялық» қимылдардан тұратын көрініске айналады.

ҚҰДМ арнайы-педагогикалық қызметтері. Аталмыш қызметтер тек қана ҚҰДМ тән және оның барлық түрлерінде дерлік табысты түрде жүзеге асырылуда. Осыған орай, жоғарыда аталған қызметтерді жалпы қазақтың ҰДМ

«өтпелі» немесе «жаппай» қызметтері деп айтады. Оларды ДШ жекелей бір түрлеріне ғана тән қызметтерден ажырата білу қажет.

Мұндай қызметтерге адам денсаулығын нығайту жатады. Оның мазмұны қамтитын ауқым: ағза қызметін жетілдіру, дене құрылысын жақсарту, жалпы ақыл-ой және дене жұмысының қабілеттілігін арттыру. Олар спорттық морфология, спорттық метрология, спорттық медицина, спорт физиологиясы, спорт гигиенасы және т.б. сияқты оқу-ғылыми пәндерде жарияланған қасиеттер мен белгілердің жиынтығынан тұрады. Қызметтің мәні адам ағзасының, Қазақстандық ортаның түрлі жағдайларына бейімделу мүмкіндіктерінің жоғары деңгейіне және құрылымы мен мазмұны бойынша түрлі қызметті тиімді орындауға қол жеткізуде.

Әлеуметтік-педагогикалық қызмет шұғылданушыларды ҚҰДМ бойынша біліммен қамтамасыз етеді. Мұндай қызмет Қазақстан тарихы, ДШ тарихы, әлеуметтану, қазақ ұлттық педагогикасы, түрлі қимыл біліктіліктері мен дағдыларын (тіршілікке қажетті) қалыптастыру, ҚӘ түрлерінен меңгерілген қимылдарды қолдана білуді тәрбиелеу салалары бойынша түрлі білімдерді меңгеруден тұрады. Сонымен қатар, рухани-дене күштері мен қабілеттерін жүзеге асырады.

Бұл қызметтің мәні – Отанды қорғауға және еңбек тәрбиесіндегі жоғары
өнімді нәтижеге қол жеткізу үшін тәрбиелеумен ұштасады.

Арнайы-педагогикалық қызмет ДТ жақсарту, ал оның мәні: күш, шапшаңдық, төзімділік, ептілік, иілгіштік сияқты маңызды дене сапаларын дамытудың жоғары деңгейіне қол жеткізуде және оларды іс-жүзінде тиімді қолдана білу біліктілігін қалыптастыруда маңыздылыққа ие. Сондай –ақ, еңбек және қорғаныс жұмысында қажетті дене сапаларын тәрбиелеу де бұл қызметтің мәнін құрайды.

Арнайы-педагогикалық қызмет ДСҚ дайындау. Берілген қызметтің құрамды элементтері дене сапаларын дамытудың біршама жоғары деңгейімен, нақты бір қимылдар тобы жетілген техникасын меңгерумен, бұл қимылдарды бәсекелестік жағдайында қажетті психологиялық-эмоционалды даярлықты тиімді қолдануға ықпал ететін тактикалық ойлауды қалыптастырумен айқындалады. Аталмыш құрамдас элементтердің мәні – халықаралық деңгейде және ҚҰДМС танылған деңгейге сәтті өтуге арналған сәйкес даярлықты қамтамасыз ету.

ҚҰДМС арнайы-педагогикалық қызметін сәтті жүзеге асыру адамның ҚӘ деген табиғи сұранысын қамтамасыз етуге, оның маңызды салаларын қоғамның, мемлекеттің, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті – ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың тестеріне, жоғары өнімді еңбектену мен қорғаныс талаптарына, оның маңызды салаларына сай даму деңгейлеріне арналады. Жеке тұлғаның денелік тұрғыдан дәрежесін жетілдірудің мәні жалпылама тұрғыдан алғанда рухани, байлық және моральдық тазалықпен жан- жақты бірлестікте қарастырылатын денелік дамуда. Мұндай бірлестіктің объективті негіздемесінің мәні ҚҰДМ арнайы-педагогикалық және жалпы педагогикалық қызметтер атқаруында: ол