Файл: Тест тапсырмалары екі сРАты мтіндер.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 566

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Кіріспе
Бұл тапсырмалар жинағы 4 сынып оқушыларына қазақ тілі мен әдебиетік оқу пәні бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына негізделген. Оқу сауаттылығы - оқушының жазбаша мәтіндерді ұғына оқу қабілеттілігі және оларға рефлексия, олардың мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін қолдануы, білімдері мен дағдыларын қоғамның белсенді өміріне араласуы үшін дамытуы. Қазіргі уақытта оқушының бойындағы функционалдық сауаттылығы пен өмірге қажетті құзырлылықтар жиынтығын дамытуға басты назар аударылады. Сонымен қатар, қазақ тілін тереңдете үйренгісі келген оқушылар да пайдалана алады.

ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ ЕКІ СҰРАҚТЫ МӘТІНДЕР




Мәтін №1


Құйысқан – аттың үстіндегі ертоқымы қия жерде мойнына қарай сырғып кетпес үшін, аттың түп құйрығынан өткізіп, ердің артқы қанжығалығына бекітетін қайыстан жасалатын құрал. Қайыс теріден жасалған, мықты болады.

Құйысқанның екі жақтауы және жаңбырлық-салпыншақ атты жылқының сауырын жапқан үзбелері болады. Құйысқан аттың тезек тастайтын тышпасына көлденең тұрғандықтан, кейбір кездерде жылқының тезегі құйысқанға қыстырылып қалып, аттың еркін қимылына кедергі келтіреді. Мұндайды біздің қазақ жақтырмай: «Құйысқанға қыстырылған тезек сияқты» деп айтады.Өмілдірік - ер артқа қарай сырғып кетпеу үшін, аттың омырауын орай тағылған құрал.

  1. Құйысқанның қайыстан жасалуының себебі

  1. Құйысқан мықты болуы үшін

  2. Құйысқан аттың терісін қажамас үшін

  3. Құйысқан әдемі көрінуі үшін

  4. Құйысқанға тезек қыстырылмас үшін

  5. Құйысқан осал болуы үшін

  1. Мәтіндегі: «Құйысқанға қыстырылған тезек сияқты»деген сөздің астарлы мағынасы

  1. Қолынан іс келмейтін адамға қатысты айтылған

  2. Өзінің жауапкершілігін көрсете алмайтын адамға қытысты айтылған

  3. Кез-келген жерде жарқырап жүретін адамға қатысты айтылған

  4. Өзінің жеке пікірі жоқ адамға қатысты айтылған

  5. Кез-келген іске қыстырыла беретін адамға қатысты айтылған

Мәтін №2


Көшпелілер ұғымында ыдыс-аяқ түрлері материалдық игіліктің бірі ретінде молшылық-тоқшылық, ырыс-берекенің көзі деп есептелінді. Өйткені дәстүрлі наным-сенім бойынша, аузы жоғары қараған іші қуыс ыдыс-аяққа Тәңірі несібе бұйыртады екен деседі. Сонымен бірге тұрмыстық тіршіліктен тыс адамдар арасындағы дәнекер саналатын «дәм-тұз» деген киелі ұғыммен де семантикалық байланысы айқын аңғарылады. Басқаша айтқанда, ыдыс-аяқ дастарқандас адамдар арасындағы сыйластық қатынастың да өзіндік дәнекері функциясын атқарады. Өйткені көшпелілердің этикасы бойынша, бір дастарқаннан, бір ыдыстан (табақтан) дәм татқан адамдар бір-бірін жаманшылыққа қиюы үлкен күнә болып саналды. Ыдыс-аяқтың дәстүрлі отбасылық-некелік қатынас жүйесінде де өзіндік ғұрыптық және этикалық орны мен функциясы болды. Қыздың жасауының құрамындағы шешесінің өз қолынан табысталған ыдыс-аяқ қыздың көргенділігінің айғағы іспеттес болды.

  1. Ыдыс-аяқтың функиясы

  1. Сыйластық қатынасы

  2. Махаббат қатынасы

  3. Адамгершілік қатынасы

  4. Ар-намыс қатынасы

  5. Аманаттау қатынасы

  1. Мәтін мазмұнына лайықты даналық ой

  1. Ас адамның арқауы

  2. Доссыз өмір, тұзсыз ас

  3. Аяғын көріп, асын іш

  4. Анаға қарап қыз өсер

  5. Отбасы шағын мемлекет.

Мәтін №3


Жапырақ жоғары сатыдағы өсімдіктер өркенінің өсуі біршама шектелген бүйірлік мүшесі. Ол қыстырмалы меристемалардың белсенділігі нәтижесінде түп жағымен немесе барлық жағымен ұлғайып өседі. Ағаштар мен бұталарда бұл уақытша мүше. Тамыр мен сабақтан жапырақтың айырмасы ол өсуін ұшы арқылы емес, жапырақ тақтасының негізінде орналасқан қыстырма меристемасы арқылы жалғастырады.

Алғашқы нағыз жасыл жапырақ өсімдіктердің сулы ортадан құрылыққа шығуына байланысты құрлық жағдайларына бейімделген. Қос жарнақтыларда негізгі өркеннің апексі және төбе бүршігі жетілгенге дейін, олардың тұқымынан өсіп шыққан жапырақ - тұқым жарнақтарының жапырағы деп аталады. Жапырақтар алғашқы негізгі өркеннің, одан кейін жанама өркендердің әрқайсысының бой конусында экзогенді меристемалық төмпешіктер ретінде қалыптасып жетіледі. Төмпешіктердің жоғарғы бөлігі - апексі, төменгі бөлігі базальды бөлігі деп аталады. Апекстен жапырақ тақтасы, сағағы, ал базальды бөлігінен жапырақ негізі, бөбешік жапырақтар, қынап пайда болады.

  1. Тамыр мен сабақтан жапырақтың айырмасы

  1. Тамыры тереңге тартады

  2. Өсуі ұшынан жалғаспайды

  3. Алғашқысы негізгі өркеннен шығады

  4. Жанама өркеннен шығады

  5. Меристемасынан өспейді

  1. Мәтін мазмұнына лайықты тақырып

  1. Алғашқы жапырақтар

  2. Нағыз жасыл жапырақ

  3. Жапырақтардың сипаты

  4. Жапырақтардың түсі

  5. Жапырақтардың түрі

Мәтін №4


Көшпелілер өмірінде малдың орны ерекше. «Күндік өмірің болса, түстік мал жи» деген бабаларымыз. «Малым - жанымның, жаным - арымның садағасы» деп түйеді тағы да. Сәлемдескенде де «мал-жан аман
ба?» деп бастайтыны содан. «Көш көлікті болсын!», Қоныс жайлы болсын!» «қойың егіз тапсын!». Бұл тілеулер де шаруашылық ыңғайына қарай қолданылады. «Қой баққанға, шаруаға қыры бар адамға бітеді» дейді бұрынғылар. «Қой қара тасқа, жабағы жеген насқа бітеді» деп те дәріптейді. Қой көшпелі қазақтың кисе – киімі, жесе тамағы. Оның азықтық және тұрмыстағы пайдасы түйе мен жылқы түлігінен артық. Жер мен шөпті де таңдамайды.

С.Мұқанов бір еңбегінде: «Төңкерістен бұрын 20-25 мың қойы бар байлар жиі кездескен», - деп жазыпты.

Монғолияның Қобда бетіндегі асқан байдың бірі болған Тоқанұлы Ұлтарақтың тек соғымына 45 жылқы, 10 шақты сиыр, 100 шамасында қой сойылатын болған. Әрине, бұл байдың өз жалшы-малшыларының да қазанын көтеруімен қатар, байға келер қонақтың мөлшерін, жиын-тойдың ауқымын есептегендегі көрсеткіш. Сондай-ақ, XIX ғасырдың соңы кезіндегі мәліметтерге қарағанда «Семей губерниясының бір байы соғымына он жылқы, елу қой, екі- үш сиыр соятын болған» дейді зерттеушілер.

  1. Қой малының артықшылығы

  1. Азықтық пайдасы артық

  2. Тебінге қатты шыдайды

  3. Соғымға көп сойылған

  4. Қара тасқа бітеді

  5. Көшке қолданған

  1. Байлардың соғымға өте көп мал арнауының себебі

  1. Кедей-кепшіктерге таратқан

  2. Отбасында адамдар көп болған

  3. Ауқымды жиын-тойлар көп болған

  4. Асқан бай болған

  5. Жалшыларға таратып отырған.

Мәтін №5


Қазақтың тал бесіктен жер бесікке дейінгі бүкіл ғұмырында төрт түліксіз күні кем. Салт-дәстүрінде, өлең-жырында, тұрмыс тіршілігінде берік орын тепкен. Шілдехана, бесік той, тұсау кесер, сүндет тойы, келін түсіру, құда шақыру - бәрі мал өнімінсіз өтпеген. Мәселен, құдаларға сойылған малдың етін жеместен бұрын құйрық-бауыр асатады. Жаңа сойылған қойдың мүше бөліктері, кұданың сыбағасы - жамбас салынған «құда табақ» тарту бәрінде жарасымды әдеп, биік парасат жатыр. Қонақ күту рәсімі өз алдына бөлек мектеп. Сыйлы адамдарға жасының үлкен кішілігіне карап сыбаға жасалады. Ақсақалға бас тартылады. Басты ұстау, одан дәм таттыру, орнымен үлестіру де өнер.

  1. Мал өнімінің қажеттілігі

  1. Салт-дәстүрде қолданған.

  2. Жиын- тойларда басты ас ретінде саналған.

  3. Құдаларға арналған ас ретінде саналған.

  4. Адамдардың сыбағасы болған.

  5. Ақсақалға басын тартқан.

  1. Мәтін бойынша мал өнімінің пайдасы

  1. Онсыз жиын-той өтпеген

  2. Киім тігу өнімі болған

  3. Жарасымдылыққа шақырған

  4. Парасатты дәріптеген

  5. Сыбаға берілген

Мәтін №6


Таралғы немесе үзеңгі бау ердің қапталындағы ойыққа өткізіліп, үзеңгіге бекітілген қайыс бауды айтады. Бауды иленген қайыстан екі немесе үш елі етіп тіліп жасайды. Жайшылықта үзеңгі бау бір қабат болса, жаугершілік кезінде сарбаздар үзеңгі бауды бірнеше қабаттайтын болған. Ат үстінде тұрып садақ тарту немесе найзаласу кезінде негізгі күш үзеңгі бауға түседі. Сондықтан да үзеңгі бау немесе таралғының сайыс кезінде маңызы өте зор болған. Қазақтың ауызекі сөзіндегі: «Үзеңгі бауы сегіз қабат, ас