ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 749
Скачиваний: 6
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
Оқу сауаттылығы
Мәтін №26
Нұсқаулық:Мәтіндімұқиятоқып,берілгентапсырмаларғадұрысжауапберіңіз.
Жомарт
Өте бай және жомарт бір кісі құрма бағының жанынан өтіп бара жатқан еді. Бір жалшы адам бақшада жұмыс істеп жатқанда, оған үш мезгілдік тамақ алып келеді. Сол сәтте бір күшік жалшының қасына жүгіріп барады. Тамағының бір бөлігін оған бергенінде, күшік бірден деп қояды. Екіншісін де, кейінірек үшінші бөлігін де береді. Бұны байқап тұрған жомарт кісі жалшының қасына жақындап сұрайды:
-
Әй досым, не үшін өзің аш бола тұрып, үш мезгіл тамағыңның барлығын күшікке бердің? -
Мырзам, бұл күшік алыс жерден келген. Өте аш және несібесін іздеп жүр. -
Жарайды, ал өзің не жейсің? -
Аш жүріп, ... сақтаймын.
-
Мәтіндегі жалшыға тән емес қасиетті табыңыз.
А) төзімділік
В) қанағатшылдық
С) қомағайлық
Д) мейірімділік
-
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз.
А) емдәм
В) сабыр
С) достықты
Д) сыр
-
Мәтіннен қандай қорытынды шығаруға болмайды?
А) Жан- жануарларға мейірімді болу керек.
В) Адам өзі үшін ғана өмір сүрмеу керек.
С) Әрбір адам кез- келген сәтте қамқор бола алу керек.
Д) Адам ең алдымен өзін ойлау керек.
-
Жалшы қайда жұмыс істеді?
А) алма бағында
В) құрма бағында
С) бақшада
Д) қырманда
Мәтін №27
Нұсқаулық:Мәтіндімұқиятоқып,берілгентапсырмаларғадұрысжауапберіңіз.
Аққу
Құстардың ең әдемісі, көлдің сәні- аққу. Оның түсі аппақ, мойыны ұзын, салмағы 7- 13 килограмға дейін жетеді. Ел аузындағы аңызға айналған талғампаз,тәкаппар сұлу құс. Халық оны «құс падишасы» дейді. Қазақ халқы аққуды қасиетті құс деп, оған тимей, қайта оның маңында, көбірек жүруді ұнатады. Аққудың сұңқылдап ұшқаны, айдын көлде кербездене жүзгені, кіршіксіз денесімен маң- маң басқан сазды қимылы- бәрі сұлу көрінеді. Олар наурыздың басы мен сәуірдің аяғында оралып, қазан айында ұшып кетеді. Қазақстанда дыбыс шығару ерекшелігіне байланысты сұңқылдақ, сыбырлақ деген екі түрі кездеседі. Тұмсығының жиегінде
үлкенді- кішілі тісшелері болғандықтан, тұмсығы жалпақ әрі сүзгі қызметін атқарады. Негізінен су өсімдігінің жапырағымен, тамырымен, кейде ұсақ жәндіктермен де қоректенеді.
Аққу ұясын жұптасып, қамысы нулы, суы таза, тұщы көл жағасына салады. 3-7 жұмыртқаны 35
-40 күнде басып шығарады. Балапандары ширақ келеді.
-
Төменде берілгендердің қайсысы аққудың қорегіне жатпайды?
А) ұсақ жәндіктер
В) ұсақ балықтар
С) су өсімдігінің тамыры
Д) су өсімдігінің жапырағы
-
Мәтінде айтылмаған мәліметті көрсетіңіз.
А) аққудың жылдам құс екендігі
В) аққудың қорегі
С) Қазақстанда екі түрінің кездесетіндігі
Д) аққудың салмағы
-
«Тұмсығының жиегінде үлкенді- кішілі тісшелері болғандықтан, тұмсығы жалпақ әрі сүзгі қызметін атқарады» сөйлемнен тәуелденіп септелген сөзді табыңыз.
А) тұмсығының
В) жиегінде
С) сүзгі
Д) тісшелері
-
Қазақстанда дыбыс шығару ерекшелігіне байланысты қандай түрі кездеседі?
А) ақ, қара
В) қаңқылдақ, биязы
С) талғампаз, тәкаппар
Д) сұқылдақ, сыбырлақ
-
«Олар наурыздың басы мен сәуірдің аяғында оралып, қазан айында ұшып кетеді» сөйлемінен шылауды табыңыз.
А) олар
В) мен
С) наурыздың
Д) айында
-
«Аппақ» сөзінің құрылымы қалай жасалаған?
А) түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы
В) сөздің бірігуі арқылы
С) күшейткіш буын арқылы
Д) сөздің қайталануы арқылы
Мәтін №28 Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз». Ер Төстік Қазақтың қиял-ғажайып ертегілерінің ішіндегі ең бір қызықтысы – «Ер Төстікті» көпшілік біледі. Онда жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдық, махаббат пен зұлымдық арасындағы қиян-кескі күрес бейнеленеді. Ертегінің басты кейіпкері – Ер Төстік. Ол халық қиялынан туған, жердің асты мен үстін бірдей кезіп жүретін ғажайып батыр, ақылды ер. Өзі туа сала ер жетеді: бір күні – бір апта, бір аптасы – бір ай, бір айы – бір жылға татады. Ер Төстікке қарсы қара күш иелері де осал емес. Олар: перінің қызы Бекторы, тауды қаңбақтай ұшырып, тасты бұршақтай жаудыратар жалмауыз кемпір, жанын басқа жерде сақтайтын Шойынқұлақ. Бұларды жеңіп, мерейі үстем болу үшін Ер Төстіктің бір басының батырлығы мен ақылдылығы аздық етуі мүмкін ғой. Сондықтан халық қиялы оған ғажайып алыптар мен өнерпаздарды жолдас етеді. Олар адамша сөйлейтін ат – жел жетпес жүйрік Шалқұйрық, екпінін тежеу үшін аяғына қара қазандай төс байлап жүгіретін Желаяқ. Жердің асты-үстінің сыбырын естіп қалт жібермейтін Саққұлақ, Қақпақыл қылып ойнататын Таусоғар, бір көлдің суын бір-ақ рет ұрттайтын Көлтаусар сияқты Ер Төстіктің адал достары. Ер Төстік осы серіктерінің және өзінің ақылдылығы мен ғажап батырлығының арқасында зұлымдық өкілдерін жеңіп, еліне аман-есен оралады. 10. Сенімді серігі Шалқұйрыққа байланысты мақал-мәтел A) Жылқы – ер қанаты B) Жақсы сөз – жарым ырыс C) Жүйрік ат аяғынан қалады D) Мәуелі ағаш – майысқақ |
11.«Ер Төстік» ертегісінің түрін анықта A) жан-жануарлар туралы B) қиял- ғажайып C) шыншыл D) тұрмыс-салт |
12.Ер Төстіктің достары A) жалмауыз кемпір, Саққұлақ, Таусоғар, Шалқұйрық, Желаяқ B) Бекторы, Кенжекей, жалмауыз кемпір, Көлтаусар, Саққұлақ C) Шалқұйрық, Желаяқ, Саққұлақ, Таусоғар, Көлтаусар D) Шойынқұлақ, Таусоғар, Бекторы, Желаяқ, Көлтаусар, Таусоғар |
Мәтін № 29 Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз». Домбыра Қазақтың музыка мәдениеті тарихында домбыра – ел ішіне кең таралған екі, кейде үш ішекті, шертіп немесе қағып ойнайтын музыкалык аспап ретінде ертеден белгілі болған. Қазақ жерінің әр өлкесінде тұратын халық шеберлері домбыраны өз қалауынша әр түрлі үлгіде жасады. Оған қайың, қарағай, жөке, шырша, үйеңкі сияқты ағаштар пайдаланылған. Домбыраның шанағын бөлшек-бөлшек ағаштардан қиыстырып немесе сом ағаштан ойып жасайды. Шанақтың қақпағына қос ішекпен дыбыс беретін тиек орнатылады. Ал ұзынша мойнына иірген ішекпен екі немесе үш оралған пернелер тағылады. Алғашқы кезде перне саны бес-жеті болса, кейін оның саны тоғыз-он тоғызға жетті. Қазақстанның әр өлкесінде домбыра шанағының сыртқы пішіні түрлі-түрлі болады. Мысалы, оңтүстік пен батыс өлкелерінде ол сопақшаланып немесе дөңгеленіп келсе, орталық, солтүстік және шығыс өлкелерінде көбіне домбыра шанағының бұрыштары үшкірленіп жасалған. Аспаптың сапасы қолда бар ағаштардың қиыстырылуына және домбырашының тарту шеберлігіне байланысты болды. Бірде оң бұрау, енді бірде сол бұрау әдістері арқылы домбыраның құлақ күйін келтіреді. Домбыра халқымыздың тарихи өмір жолымен тығыз байланысты. Ол халық әндерін сүйемелдеуге және күйлер тартуға қолданылады. Атақты күйшілер Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей және Дина өздерінің терең тебіреністі күйлерін осы домбырамен шығарған. Қазақ халқының көне музыка аспабының бірі саналатын бұл домбыра күйші композиторлардың күмбірлеген «көмейі», боздаған «үні» мен сұңқылдаған «тіліне» айналып отырған. 13. Домбыраның бөлшектері A) түймесі, құлағы, тиегі, таяқшасы B) қоңырау, ішек,тиегі, басы C) сылдырмақ, таяқшасы, тиегі D) шанақ, тиек, перне, ішек, құлағы |
14.Ел ішіне кең таралған екі, кейде үш ішекті, шертіп немесе қағып ойнайтын музыкалық аспап A) жетіген B) дауылпаз C) қобыз D) домбыра |
15.Автордың домбыраны күйшілердің күмбірлеген «көмейі», боздаған «үні», сұңқылдаған «тіліне» теңеу себебі A) домбырашының тарту шеберлігіне байланысты B) терең тебіреністі күйлерін домбырамен шығарған C) домбыраның құлақ күйін келтірген D) домбыраны шертіп немесе қағып ойнайтын |
Мәтін №30
1-мәтін
Отбасы мүшелерінің арасында сыйластық пен махаббат орнаса, ол отбасы ең бақытты жанұя болып саналады. Әр жексенбі және түрлі мейрамдар сайын отбасы мүшелері ата мен әженің шаңырағындағы мол дастарқан басына жиналып бір-бірлеріне деген құттықтауларын білдіреді. Себебі оларды отбасылық рухани құндылықтар біріктіреді.
Жанұяның қонақ күту рәсімі ұлтына, салт-дәстүріне, мәдениетіне байланысты әртүрлі болады. Қазақ халқы қонақжай халық болғандықтан, келген қонақты төрге шығарып, ақ дастарқан жайған.
Қазақ отбасында үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болу, мерекелерді қара шаңырақта қарсы алу ... отбасылық дәстүрлер ертеден қалыптасқан. Бала дүниеге келгенде, шілдехана, бесік той, тұсаукесер, сүндет той сияқты мерекелерді туған-туысқандарымен бірге тойлайды.
Отбасылық дәстүр мен мейрамдар жанұядағы адамдардың бір-біріне деген сенімділігін әрі құрметін нығайтады. Ол болашақ ұрпақ тәрбиесінде де маңызды рөл атқарады.
1. Мәтін мазмұнына қай мақал сәйкес?
А) Туған жерге туың тік.
В) Отан отбасынан басталады
С) Отан үшін отқа түс, күймейсің,
Арың үшін алыссаң, өлмейсің.
Д) Батыр туса,ел ырысы.
2. Көп нүктенің орнына қай сөз қойылады?
А) болмаса
В) әйтпесе
С) сияқты
Д) сондықтан
3. Соңғы абзацтағы қарамен берілген сөзді қай сөзбен алмастыруға болады?
А) балалардың
В) ұрпақтардың
С) ағалардың
Д) кісілердің
Мәтін № 31
Достық туралы
Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген шешен болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары:
-Достық нешеу? –деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:
Достықтың екі түрі болады. Бірі – адал достық та, екіншісі – амал достық.
Дұрыс-ақ. Енді оларды қалай ажыратамыз? –дегендерге:
-Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өмірі қысқа болады, -деп жауап берген екен Әйтімбет шешен.
«Ел аузынан» кітабынан
1. Мәтінде Әйтімбеттің қандай қасиеті ерекшеленеді?
А) тапқырлығы
В) батылдығы
С) сабырлығы
Д) даналығы
Мәтін №32
«Қара тас»
Мейір бесінші сыныпта озық оқып жүр еді, бір күні сәтсіздікке ұшырады. Сырғанақты көбірек теуіп, есептен үйге берген тапсырманы орындамай, сол күйінде мектепке барды.
Күнде тыным таппайтын қолы бүгін көтерілмей, мұғалім алдында өзінен-өзі қысыла берді.Мұны байқап қалған мұғалім дереу келіп Мейірдің дәптерін қараса, тапсырма орындалмаған. Күнделікке « екілік» баға қойылды. Мен Мейірді үйге қайтқан кезінде кездестірдім. Сөмкесін жерге сүйрете жаздап, әрең көтеріп келеді.
- Сөмкеңді неге көтеріңкіреп ұстамайсың?-дедім мен.
- Хамит аға, бұл бүгін ауырлап кетті, мұның ішінде зілдей «қара тас» жатыр, -деді де жабырқау күйінде үйге беттеді.
/Х.Ерғалиев/
2.Баланың көңілі неге жабырқау?
А) шаршағаннан
В) ұялғаннан
С) тоңғаннан
Д) ауырғаннан
Мәтін №33
Шие неге қызыл
Сонау ерте кезде бір аңшы болыпты. Ол аң, құс біткенді аямай ата беріпті. Көп ұзамай бұл өңірде жүгірген аң, ұшқан құс қалмайды.
Күндердің күнінде сол аңшының ауласындағы шие ағашына бір көгершін қонады. Ол кезде шие жемісінің түсі сары екен. Ұзақ жолдан, жылы жақтан қанаты талған көгершін демалып отырады. Көгершінді көрген аңшы дәлдеп атады. Жазықсыз құстың қанына боялған шие жемісі содан бері қып-қызыл болып кетіпті.
3. Мәтін қай үлгіде жазылған?
А) аңыз
В) әңгіме
С) ертегі
Д) эссе
4.Мәтіннің тақырыбы қандай?
А) табиғатпен мақтану
В) табиғатты қорғау
С) табиғатты құрметтеу
Д) табиғатты сүю
Мәтін №34
Балмұздақтың тарихы
Балмұздақты үлкеніміз де, кішіміз де жақсы көреміз. Бірақ оның шығу тарихын ешкім біле бермейді.
Еуропада балмұздақтың пайда болуын тарихшылар Марко Полоның есімімен байланыстырады. Белгілі жиҺанкез Италияға алыстағы елдерден тағам жасау өнерінің көптеген құпияларын алып келген.
Олардың ішінде қытайлықтардың тоқ басар тағамы – балмұздақтың жасалу әдісі де бар еді. Бірақ бұл тағамның жасалу жолы бірнеше жыл құпия сақталып келген. Италия бекзадаларының, кейінірек Франция королінің сарайларында болатын сән-салтанатта ғана жұрт балмұздақтың дәмін тататын. Бірте-бірте оның жасалу құпиясы ашылып, бұл тәтті тағам Ресейге ХҮІІІ ғасырда келіп жетті.