Файл: Тест тапсырмалары екі сРАты мтіндер.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 750

Скачиваний: 6

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
үстінде шіреніп...» деген тіркесі тегін айтылмаса керек.

  1. Мәтін мазмұнына лайықты тақырып

  1. Қайыс бау

  2. Ат тұрманы

  3. Сарбаздар үзеңгісі

  4. Үзеңгі бау

  5. Ат әбзелдері

  1. Үзеңгі бауды бірнеше қабаттан салуының мәнісі

  1. Үзеңгі дұрыс тұруы үшін

  2. Күш түскенде үзілмес үшін

  3. Қайысы әлсіз болған соң

  4. Маңызы зор болғаны үшін

  5. Қайысы үші елі болған үшін

Мәтін №7


Жігіт қуу - барлығы 10-20 адам қатысатын жігіттердің ат ойыны. Әркім өз атымен қатысады. Жиналғандар екі топқа бөлінеді. Ойын жүргізуші арасы 1-2 шақырымдай жерден екі көмбе белгілейді. Көмбенің біреуіне таяқ шаншып, оның басына тұмақ кигізеді, екінші көмбеде өзі тұрады. Екі топтан екі адамды шақырып біреуіне қолына белбеу немесе орамал береді. Ойын жүргізушінің белгісі бойынша ойыншылар екінші көмбеге қарай шаба жөнеледі. Белбеу алған ойыншы екіншісін көмбеге қуып жетіп ұруы керек те, көмбеге жеткен соң белбеуді тұмақтың үстіне тастап, қайта қашады. Екінші ойыншы белбеуді алып, қарсыласын көмбеге жеткенше қуып жетіп ұруы керек. Енді ойынға келесі екі атты адам шақырылып, олар да соны істейді. Қай топтың ойыншысы қарсыласын көп ұстаса сол топ жеңген болып есептеледі.(«Қазақтар» анықтамалығынан)

  1. Екі көмбе арасындағы қашықтық

  1. 1-2 метрдей

  2. 100-300 метрдей

  3. 1-2 километрдей

  4. 100-2000 метрде

  5. 1000-200 шақырымдай

  1. Жеңген топты анықтау жолы

  1. Таяқ көп жеген топпен анықтаған

  2. Қашып ұстатпаған топпен анықтаған

  3. Ойыншысы көп жеңген топпен анықтаған

  4. Көмбеге шаба алған топпен анықтаған

  5. Белбеу немесе орамал алған топпен анықтаған


Мәтін №8


«Бурабай» қазақ даласының ең әдемі де қасиетті жерінің бірі. Сол маңайдағы қазақ елі – «Жер жұмағы»десе, журналист білгіштер Швейцарияға теңеп, мақтан етеді. Нияз осы сөздерді екшеп, електеп өткізгенде тапқан бір мысқал алтын шындығы: қазақ даласы – халықтың бай «қазынасы». Ол қандай байлық? Кейбіреулер дала дегенді көлбеп жатқан құла дүз, жусаннан басқа өсімдік, суырдан басқа жәндік жоқ, қу тақыр деп ойлайды. Қазақстан жерінде тау-төбе, өзен-көл, тақыр-құм, сызат-саз, ойпаң-жазық, қырат-адыр, орман- тоғай да бар. Үш Франция жеріне пара-пар Қазақстан – түсті, асыл кендердің қазынасы, астықтың қоймасы, мыңғырған малдың өрісі. Міне, Нияз өмір сүрген қазақ жерінің бір бұрышының ауасы – дертке шипа, талай адамды өлімнен құтқарған қасиетті жер (З.Шашкин).

  1. Қазақстандағы байлық көзінің бірі

  1. Астық

  2. Ірі сулар

  3. Өнерлі халқы

  4. Биік таулар

  5. Орман-тоғай

  1. Мәтін мазмұнына алшақ ой

  1. Қазақстан асыл кендердің ордасы.

  2. Бурабайды көп ел біле бермейді.

  3. Бурабай шипалы жерге жатады.

  4. Қазақ даласының байлығы халық қазынасы.

  5. Бурабайды Швейцарияға теңейді.

Мәтін №9


Жазық даланың ойпаттау бір жерде кесек қардан «аққала» көтеріле берген күнге шағылысып шұғыладай жарқырап көрінеді. «Аққаланың» қасында осы араға келіп қайтқан шананың ізі бар, ішінде бір сиыр дірдектеп жатыр. Әуелі оны қара ала сиыр ма деп қалып едік, қара ала емес, мойны мен қыр арқасының жүні түсіп, ақ құйқаланып қалған қара сиыр болып шықты. Безгегі ұстағандай қалшылдап тоңып жатыр. Қаншырдай қатқан арық. Дәл жаялығында «Алып» деген күйдіріп басқан таңбасы бар. Бір мүйізі сынық. Астына жаялықтай ғана қара құрым киіз төсепті де иесі тастап кетіпті. Тоңып қалшылдап жатқан
бейшара сиыр тұра салып жүгіріп кететіндей ілгерілі-кейінді сырғып қояды. Бұл әрине шегіне жете жіңішкерген тіршілік. Сиыр байғұс соның өзінде қия алмай шолақ құйрығын қысып алыпты (Ғ.Мүсірепов).

  1. Мәтін мазмұнына лайықты сөйлем

  1. Ақ құйқаланған ақ сиыр болып шықты.

  2. Шананың ізі мүлдем жоқ.

  3. Астына ештеңе де төселмепті.

  4. Сиыр шолақ құйрығын қысып алыпты.

  5. Жазық даланың тегістеу жерінде аққала тұр.

  1. Сиырдың ақ құйқалануының себебі

  1. Дірдектеп, қалшылдап жатқандықтан

  2. Иесі қарамай, тастап кеткендіктен

  3. Жүре алмай, шамасы кетіп жатқандықтан

  4. Аққаланың қасында шұғылаға нұрланып жатқандықтан

  5. Мойны мен арқасынан барлық жүні түсіп қалғандықтан

Мәтін №10


Ең соңғы шуағын қызықтасын дегендей күн бүгін өрескел ашық болды. Жарықтық жаз қайта шығатындай тау салқынын лезде түре қуып тастады да, елжіреген жылылық жайлап, маужыратады–ай…Айнаның өңі сынық қалпында, әйелдің тиесілі қарекетін зауықсыз болса да, күйбең–күйбең істеп, қабағы ашылмаған қалпы бір кіріп, бір шығып жүр. Бағана, таңертең күреңқабақ ішілген шай үстінде Ерік «бүгін күннің ашығын пайдаланып бал шайқаймыз» деп ескерткен. Бұл – биылғы қырманның соңғы жиын–теріні еді. Әншейінде сөзге араласпай отыра алмайтын Нүрке кемпір де ұлына өкпеледі ме, кім білсін, ләм–мим жақ ашқан жоқ. Осы таңның жалғыз сөзін Еріктің өзі айтты да, типыл болды. Ара ұяларына түтін салып, балы мен балауызы ылжыраған ағаш рамаларды суырып әкеліп Тағанға береді, ол болса бал шайқайтын аппаратқа салып, құлағын бұрап, шүмектен сорғалаған таза балды қотарып алып тұр. Келісім бойынша ол ақырғы рет қолғабыс тигізіп, ертең ерте аттанбақ.

1. Мәтінде суреттелген мезгіл

A) Күздің аяғы

B) Жаздың басы

C) Жаздың ортасы

D) Күздің басы

E) Жазғытұрым

2.Биылғы қырманның соңғы жиын- теріні- …

A) Егін

B) Бал

C) Бидай

D) Шөп

E) Жеміс

Мәтін №11


Теріден жасалған көне футбол добы Англия мен Грецияда археологиялық қазбалар жүргізу кезінде табылған. Көне грек аңызына сенсек, адамдардың басты қызығушылығына айналатын ойынның пайда болуына махаббат құдайы Афродита негіз болған екен. Ол алғашқы теріден жасалған допты Гефестке (темірші, от құдайы) арнайы жасатып, адамдарға сыйға тартады. Әр түрлі салтқа байланысты доп Күннің, Айдың, тіпті Жердің пішіні ретінде қолданылған. Қазіргі футболға ұқсас көне ойындар эскимостар (тунгатгак), үндістер (лакота), Рим, Мысыр, Қытай (цуцзю) және инктер өркениетінде орыналған. Ал ең көне футбол Қытайда дамыған. 79 сөз

1.Афродита қай елдің құдайы?

A) Рим

B) Мысыр

C) Грек

D) Қытай

E) Үндістан

2.Афродитаның теріден доп жасап, адамдарға сыйға тартуының себебі

A) Футбол ойнағандықтан

B) Футболға қатты қызыққаннан

C) Футболшыларға деген құрметтен

D) Адамдарға жағу үшін

E) Футбол ойынын тарату үшін

Мәтін №12


Тиін — қолға тез үйретілетін жануардың бірі. Ол есте сақтау, жылдамдық, ептілік, аңғарғыштық сияқты қабілеттерге ие. Тиін адамға жақын аймақта өмір сүреді, өйткені тамақты үйдің қуыстарынан іздейді. Үй тиіні өзінің иесін танып, лақапатымен шақырғанда келеді. Мұның барлығы тиіннің ақылдылығын ыңарқасы.