Файл: Тест тапсырмалары екі сРАты мтіндер.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 705

Скачиваний: 6

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Өздеріңіз білетіндей егеуқұйрық адамға жақын жерде өмір сүреді. Кей түрін адамдар қолға үйретіп, үй жануарларының қатарын да ұстайды. Сәндік егеуқұйрықтың басқа түрлерінен айырмашылықтары аз емес: өте ақылды, сүйкімді және адаммен ойнағанды ұнатады. Егеуқұйрықты зерттеген кезде ғалымдар оның ешқандай қателіксіз алдындағыны санасын жылдам тауып алатынын көрген. Қоңыр түсті егеуқұйрық көне Қытай елі ерекше қадірлейтін жануар болған. 97 сөз

1.Мәтін мазмұнын жеткізуде қолданылған тәсілдер

A) Әңгімелеу

B) Сипаттау

C) Пайымдау

D) Ақпарат

E) Салыстыру

2.Мәтіннің мазмұнына сай тақырып

A) Тиіндер

B) Егеуқұйрықтар

C) Адамға жақын жануарлар

D) Қоңыр түсті егеуқұйрықтар

E) Үй жануарлары

Мәтін №13


Қожа Ахмет Иасауи хазреттері

Қожа Ахмет Иасауи хазреттері – Түркістандық ұлы ғұлама, әулие. Әкесі-Исфитжабта даңққа бөленген әулие, Хазреті Әлидің ұрпағы Шейх Ибраһим. Тегі Хазреті Фатима анамызға жанаспағандықтан сәйид емес. Анасы-Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Қай жылы туылғаны белгісіз 1166 ж Түркістан(Иассы) қаласында қайтыс болған. Әмір Темір қабіріне өте көрнекті кесене салдырған. Ахмет Иассауидің ұстаздарының көшбасшысы – Арыстан баб. Оған 16 ж қызмет етіп, одан заһир және батин ілімдерінің сыры мен мәнін үйренген. Арыстан баб қайтыс болғаннан кейін Бұхараға барып сол заманғы әһли сүннет ғалымдарының ең үстемі Юсуф Хамаданиге байланып рухани ілімдерден дәріс алды.

1.Әмір Темірдің Иассауиға арнап кесене салдыруының мәнісі

A) Жерлесі болғандықтан

B) Қатты құрметтегендіктен

C) Туысы болғандықтан

D) Ұстазы болғандықтан

E) Ілім үйренгендіктен

2.Қожа Ахмет Иассауиге тән ерекшеліктер

A) Әулие, имам

B) Шейх, ғалым

C) Ғұлама, әулие

D) Ғұлама, ғалым

E) Ұстаз, ақын

Мәтін №14


Зайсан көлін ертеде моңғолша Хуно-Хуто-Нор – «Қоңыраулы көл» деп атапты. Бұл атау алыстан көк толқынның қоңырауша сылдырлап естілуіне байланысты айтылған болар. Зайсан көлі, әсіресе жаздыгүні өте әдемі болады. Ол жаздың тымық күнінде шексіз теңізге ұқсайды. Көл өте үлкен, жағалай біткен көк құрақ. Құсы көп, әсіресе жазғытұрым қаз қаптап кетеді. Жұмыртқаларын қамыс құраққа салады. Қайықпен аралап жүріп қаптап алуға болатын. Қамыстарда шағала, үйрек, қаз, бірқазан, әупілдектер, суында құндыз, ондатрлар мекен етеді. Мұнда шабақ балық көп, одан кейін шортан, қарабалық, сазан, алабұға. Міне, Зайсан көлі бұрын осындай еді.
(90 сөз )

1. Екінші абзацта не туралы айтылған? A) Көлді мекендейтін жәндіктер туралы

B) Көлдегі балықтар туралы

C) Көлдің көлемі туралы

D) Көл атауы туралы

E) Қамысты құрақтағы құстар туралы

2. Көлдің «Қоңыраулы көл» аталуының себебі неде?

A) Көлде жүзген құс үнінің жағымдылығына байланысты.

B) Көлдің әдемілігіне байланысты

C) Көк толқындардың жылдамдығына байланысты

D) Көлден шыққан ерекше дыбысқа байланысты

E) Көл толқындарының бұйралығына байланысты

ТӨРТ СҰРАҚТЫ МӘТІНДЕР

Мәтін №15


Үкімен байланысты қандай салт-дәстүр, әдет-ғұрып бар?

«Қазақ Энциклопедиясында» үкі тағу салты туралы айтылады. Бұл қызға құда түскенде оның айттырылған қалыңдық болғандығының белгісі ретінде берілетін кәделердің бірі. Қыз бен жiгiттiң көңiл-күйiн орнықтыратын бұл ғұрып халқымызда «қарғыбауын» деп те аталады. Жаушыдан жақсы хабар алған соң, жiгiттiң ата-анасы болашақ келінiнiң үкiсiн (қарғыбауын) арнаулы әзiрленген үкiлi тақия, бiлезiк-сырға, бiр киер бағалы киiм алып, құда- құдағиларына асылдан киiт әзiрлеп, қарғыбауға байлайтын бiр атын жетелеп жаңа құданың үйiне барып «үкi тағу» салтын өткiзедi. Сонымен екi жақтың

ресми құда болғандығын ел-жұртқа жария етеді. Қыз ауылы жылы шырай, ыстық ықыласпен қарсы алып күтеді. Құдалар аттанар кезде бұйымтай сұрап, шама-шарқынша шапан жауып аттандырады. Үкінің қауырсынын алу үшін оны өлтірмейді. Өлтірген адамды киесі ұрады деген түсінік бар. Үкіні аулап ұстап, балақ жүні мен бауыр төсінің жүнін алып, өзін жемге тойғызып қоя берген. Мұны «үкі жүндеу» деп атайды. Үкі жүндеген ауылдан «олжа алу» салты да болған. Ал, көз тиіп, сұқ қадалмасын деген ниетпен көпшілік алдына шығатын әншілер, бишілердің бөркіне, камзолына, бесікке, домбыраға т.б. үкі қауырсынын тағу – наным-сенім.

  1. Үкіні өлтірмеуінің себебі

  1. Ұстай алмайтындықтан

  2. Киесіз болғандықтан

  3. Еті жарамсыз болғандықтан

  4. Қасиетті болғандықтан

  5. Аз болғандықтан

  1. «Үкі жүндеу» деген атауға тән қатар

  1. Үкіге жем салу

  2. Үкінің жүнін алу

  3. Үкінің қауырсынын тағу

  4. Қызға үкі тағу

  5. Тақияға үкі тағу

  1. Мәтіндегі «Киіт»сөзінің мағынасы

  1. Құдаларға берілетін сый-сияпат

  2. Құдаларға тағылатын үкі жүні

  3. Құдағаларға берілетін сыбаға

  4. Ресми құдалықтың жариясы

  5. Құдағаларға көрсетілген қонақжайлылық

  1. Мәтін мазмұнына алшақ ой

  1. Үкіні жемге тойғызып қоя беріп отырған.

  2. Құдаларға шапан жауып аттандырған.

  3. Құдалаға асылдан киіт кигізген.

  4. Үкі жүндеген ауылдан олжа алған.

  5. Сұқ қадалсын деген ниетпен үкі қауырсынын таққан.

Мәтін №16


Аңызға сүйенсек, ең алғашқы бесік Жетісу мен Алтайдың бойын мекен еткен Айдархан бидің кезінде пайда болған. Айдархан бидің әкесі, төңірекке белгілі Мизам баба, қазақ даласына ағаш отырғызумен, орманды көбейтумен айналысса керек. Елге сыйлы Мизам баба 150 жыл өмір сүріпті. Өзі сүрген ғұмырында еккен көшет-талдардан үлкен бау-бақшалар өсіп шығыпты.

Мизам бабаның о дүниеге сапар шеккенінен хабардар қытайлар, бақилық бабаның еңбегін көреалмаушылықпен өртеп жіберіпті. Сол уақытта Мизам бабаның баласы, Айдархан би алыс ауылға сапар шегіп кеткен екен. Би түсінде әкесін көреді, лезде бір сұмдықтың болғанын сезген ол, үйге қарай аттың басын бұрады. Ауылға асығыс жетіп, ну орманның орнында шөл далаға айналған ауылын көріп қатты қапаланады…

Жылдар өте береді… Айдархан би үйленіп, ең тұңғышы туылады. Бірақ туыла сап, сәби тоқтамай жылай береді. Оған шартарапқа аты шыққан емшілер де көмектесе алмайды. Бір күні бала жылауын тоқтатады. Әкесі қуанып кетіп, жүгіріп үйге кірсе, оны ақ шапан киген бір қария өрттен аман қалған сынық бұтақтарға жатқызып, сәбиді тербетіп отырады. Айдархан би жақын келгенде, ақсақал ғайып болады. Оның орнында қалған ағаш бұтағымен Айдархан, қазіргі

«бесік» деп айтылып жүрген бұйымды жасайды.

Осылайша, «бесік» көшпелі қазақ халқының ажырамастай мұрасына айналады.

  1. Қытайлардың Мизам баба еккен ағаштарды өртеуінің себебі

  1. Қызғаныштан

  2. Жағымпаздықтан

  3. Жауласқаннан

  4. Әділетсіздіктен

  5. Еріккеннен

  1. Айдарханның бесік жасауына себеп болған жағдай

  1. Баласы қатты жылағандықтан

  2. Ақсақал айтқандықтан

  3. Баласын тербеткісі келгендіктен

  4. Баласының ағашта тыныш ұйықтауы

  5. Әкесінен қалған ағаш болған соң

  1. Мәтіннің соңғы бөлігіне қатысты мақал-мәтел


  1. Жаман деп бесікке күлме, Тар деп бар есікке күлме.

  2. Ауылым - алтын бесігім.

  3. Төріңде бесік тұрса, төре де бас иеді. D)Бесік–ұшар ұяң,

Есік алтын шыған.

E) Өз елің - алтын бесік.

  1. Айдархан бидің қапалануының себебі

  1. Ну орманның өртеніп кеткеніне

  2. Баласының жылай беретініне

  3. Алыс сапарлап кеткеніне

  4. Сұмдықтыңболғанын сезгеніне

  5. Ақсақалдың ғайып болғанына

Мәтін №17

Терек қандай ағаш?


Терек таулы жерде өсетін көктеректен (осина) таралған. Іле Алатауының ылғалды бөктерлерінде, қар көп тоқтап қалатын жерлерде өседі. Қазір теректің түрі көп. Гибридті түрлері де жеткілікті. Суарылуы жақсы болса, бір жылда 2-3 метрге дейін көтеріледі. Бәрі күтіміне байланысты. Қарағай мен еменнің жүз жылда беретін өнімін терек 13-ақ жылда береді. 50-60 жылға дейін өсе береді, сосын ғана өсімі азаяды. Жағдайлы жерде бұл ағаш 120-150 жылға дейін өмір сүреді. Терек – өте әдемі ағаш. Тік өседі. Ағаш өсіргісі келгендердің көпшілігі теректі мамық шашады деп егуден қашқақтайды. Мұның шешімі оп-оңай. Аталық теректен алған шыбық мамық шашпайды. Асықпай қарап жүріп, мамық шашпайтын аталық теректің тұқымын алу керек.

Теректі егіп, өсіру үшін көп қаражат керек емес. Қалемшесін, шыбықтарын күз соңында немесе ақпан айында кесіп алып, көлеңкелі жерге көміп тастаған дұрыс. Қазылған жердің тереңдігі бір жарым метрдей болса жетеді. Осы ұраға терек шыбықтарын елу-елуден байлап, үстіне сабан тастап, көміп тастаңыз. Сәуір айының 27-29-ы аралығында қайтадан аршып алып, 20- 25 сантиметр қалемшелеп кесіп, жерге қисығынан қадау керек. Қисық дегенде, шамамен 45 градустай, көлбеу егілгені жөн. Мұның себебі – көлбеу егілген кезде шыбықтың буындары жерге тиіп тұрады да, ағаш осы буындардан өсіп шығады. Негізгі өскін жерден нәр алып тұрғасын тез тамырланады.