Файл: Тест тапсырмалары екі сРАты мтіндер.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.11.2023

Просмотров: 710

Скачиваний: 6

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


13. Неліктен ол адамды жұмысқа қабылдады?

А) себебі, ол оларды таңғалдырды

В) себебі, ол сұрақты түсінбеді

С) себебі, оны қабылдағысы келмеді

D) себебі, оның ойыншығы болды
Мәтін №54

            Есік алдында бір Бидай мен Жүгері таласты да қалды. «Мен ірімін!» - деді Бидай. «Жоқ, мен!» - деді Жүгері. Айтыс аяқталмай қалды. Әтеш келді де, екеуін шоқып, жұтты да жіберді.
14. Мәтін мазмұнына қай мақал  сәйкес?

А) аз сөз – алтын, көп сөз - күміс

В) еңбекпен табылған нан тәтті

С) жақсымын деп мақтанба

D) жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Мәтін №55

            Биік таудың арасында кең алқап бар. Көктемде алқапқа қызғалдақ, сарғалдақтар шығады. Мөлдір сулы тау өзені ағып жатады.  Айнала жап-жасыл. Табиғаты тыныш, тек жануар мен құстардың даусы анда-санда шығады.


15. Мәтінге қай тақырып сәйкес?

А) Жануарларды сипаттау

В) Көктемді суреттеу

С) табиғатты суреттеу

D) өсімдіктер әлемі
Мәтін №56

            Қар түгел ериді. Ағаштар бүршік жарады. Өзеңдер сеңнен арылады. Шымшық, тырна ұшып келе бастайды. Көкек шақырады. Егісте жер жыртылып, бақшалар егіледі. Жас ағаштарды отырғызады.
16. Мәтінде қай ай туралы сипатталған?

А) наурыз

В) сәуір

С) мамыр
D) қыркүйек

Мәтін №57

            Біздің ормандарымызда терісі бағалы аңдар көп. Олардың бірі – түлкі. Түлкінің бірнеше түрі бар. Қазақстанда қызыл және қара күрең түлкі ғана бар. Ал түлкінің ең асылы – қара сұр түлкі. Бұл суық жақтағы орманда, Енисей өзені бойында болады.

17. Мәтінде қай ақпарат кездеспейді?

А) Қазақстанда түлкінің түрлері өте көп

В) Терісі бағалы аңдар мол.

С) Түлкінің ең асылы – қара сұр.

D) Олар Енесей бойында өмір сүреді.
Мәтін №58

            Алматының хайуанаттар бағында салмағы бір центнер тасбақа бар. Оның үстіне балалар мініп алып серуендейді. Ол үлкен кісіні де көтереді. Ол көкөністі, жемісті, көк пиязды ерекше ұнатады. Ол сүт ішеді, кейбір күндері ол 10 литрге дейін су ішеді.

18. Әңгіме қай сөздермен аяқталады?

А) демалады

В) тамақтанады

С) шайнайды

D) сусындайды
Мәтін №59

            Бір бала қой бағып жүріп: «Ойбай, құтқар! Қасқыр! Қасқыр!» - деп айқай салады. Үлкендер жүгіріп келсе, онысы өтірік екен. Бала осылайша жұртты 2-3 рет  алдады. Ақыры бірде шынымен қойға қасқыр шапты. Бала әдеттегідей көмек шақырды, бірақ үлкендер оған құлақ аспады. Осылай қасқыр бүкіл отар қойды талап уетті.
19. Асты сызылған сөздің баламасын табыңдар


А) шын
В) жалған

С) рас
D) келу