ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 23.11.2023
Просмотров: 712
Скачиваний: 6
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
-
Мәтін мазмұнына алшақ ой
-
Терек өсіру үшін көп қаражат керек емес. -
Терек тік өседі. -
Негізгі өскіні жай тамырланған. -
Терек 150 жылға дейін өмір сүре алады. -
Терек өнімді тез береді.
-
Терек буындардан өсіп шығуы үшін жасалатын әрекет
-
Жерге қисық қадау керек -
Көлбеу егілуі керек -
Аршып алу керек -
Қалемшегін кесу керек -
Жерді 1,5 метрдей қазу керек
-
Мәтін мазмұнына лайықты мақал-мәтел
-
Ағаш көркі – жапырақ -
Адам досымен, ағаш тамырымен мықты. -
Жаңбыр бір жауса, Терек екі жауады -
Ағаш екпей, жеміс бермес. -
Қанатсыз құс- Жапырақсыз ағаш
-
Теректің өсу жерлері
-
Ылғалды жерлерде -
Қар тоқтамайтын жерлерде -
Тау бөктерлерінде -
Ашық алаңқайларда -
Шөлді жерлерде
Мәтін №18
Жыл сайын наурыз айының алғашқы жексенбісінде Франция елі Әжелер күнін (Fête des grands-mères) атап өтеді. Бұл күні жасы 55-тен асқан апа- әжелерге ерекше құрмет көрсетіледі. Әжелер мерекесі ұлттық мәртебеге ие болғандықтан, бұл күнді француз халқы асыға күтеді. Бұл мерекенің француз халқының өмірінде орын алуына «Әжелер» кафесі мен ірі сауда орындарының маркетингтік агенттіктері себепші болды. Жүздері мейірімге толы апа-әжелер бұл күні әдемі көйлектерін киіп, төл мерекелерін атап өтуге дайындалады. Мереке күні апа-әжелерін құттықтап, олардың көңілін көтеру үшін немере- шөберелер арнайы сый-кәделер жасайды.
Бұл күні барлық дүкендер мен сауда орталықтарында әжелер үлкен жеңілдікпен өздеріне қажетті бұйымдарды сатып ала алады. Мейрамханалар мен кафелерде мерекелік мәзір дайындалады. Ал туристік фирмалар әжелер мен олардың немерелеріне тегін экскурсиялық бағдарламалар қарастырады. Әжелер мерекесінің жексенбі күні тойлауында бір гәп бар. Француз халқының апа-әжелерінің жасы келіп, зейнетке шықса да, олар еңбек етуден жалықпайды. Олардың ойынша, жұмыс істеген жан ешуақытта қартаймайды. Сондықтан болар, әжелер күні жексенбі, демалыс күні тойланады. Ал 8наурыз мерекесі
Франция елінде мемлекеттік мәртебеге ие болмағандықтан, бұл күні ешкім демалмайды. Мереке кең көлемде атап өтілмегендіктен, француз халқының қыз-келіншектері мен апа-әжелері өздеріне бағытталған игі тілектерді естумен ғана шектеледі.
1.8 наурыз мерекесінің Францияда тойланбауының себебі
-
Ешкім дем алмағандықтан -
Мереке кең көлемде аталып өтілмегендіктен -
Мемлекеттік мәртебеге ие болмағандықтан -
Әжелер күні ғана тойланатындықтан -
Демалыс күнге дөп келгендіктен
-
Әжелерге жататын құрметтің бірі
-
Әжелерге кез келген адам кедә-сый жасайды. -
Әжелер жексенбі күні жұмыс жасамады. -
Әжелерге жеңілдікпен экскурсиялар ұымдастырылады. -
Әжелерге немерелері арнайы сый-кәде жасайды -
Әжелерге әдемі көйлектер сыйланады.
-
Әжелер күні мерекесінің жексенбі күні жасалуының мәнісі
-
Жексенбі күні жұртшылықтың барлығы дем алатындықтан. -
Көктемнің ең алғашқы жексенбісі болатындықтан. -
Барлық адамдарға жексенбі ыңғайлы болғандықтан -
Туристік фирмаларда саяхатқа орындар болатындықтан -
Зейнетке шықса да, еңбек етуден жалықпайтындықтан
-
Мәтін мазмұнына лайықты даналық ой
-
Кәрілік – дауасыз дерт -
Күлсең, кәріге күлме -
Өсетін елдің қарты - қазына болар -
Қарттың айтқанын істе -
Қарт кебінін қапта сақта
Мәтін №18
Бұғнай ойыны көгалдарда, үлкен бөлмелерде өтеді. Ойнаушылардың жас ерекшеліктері ескерілмейді, ойнағысы келгендердің бәрі қатысады. Ойнаушылар қаншалықты көп болса, ойын соншалықты қызықты өтеді. Ойын жүргізуші ойнаушыларды айнала отырғызып, "бірінші бұғнай", "екінші бұғнай", "үшінші ..." тағысын тағы, ең соңына дейін отырғандарды санап шығады да, "Пәленінші бұғнай",- деп дауыстайды. Аты аталған бұғнай орнынан атып тұрып, келесі біреуін шақыруы керек. Әдетте, малдас құрып отырған балалар, жүресінен немесе жамбасымен отырған қыздар бірден тез тұра алмай қалады. Ал, кейбір сақ отырған ойыншылар аты аталмай тұрып кетеді. Осындай орнынан уақытында тұра алмай қалған және аты аталмай атып тұрып кеткен ойыншыларға жаза қолданылады. Ондай адам көпшіліктің ұйғарымымен ортаға шығып өнер көрсетеді.(«Қазақтар» анықтамалығынан)
-
Ойында ойнаушылардың көп болуының себебі
-
Ойын қызықты өтуі үшін -
Бұғнайлардың шексіз болуы үшін -
Өнер көп көрсетілуі үшін -
Ойынның шарты сондай болғаны үшін -
Үлкен бөлмеде ойналатындықтан
-
Бұғнайдағы қыздардың отырысы
-
Малдас құрып отырады -
Нық отырады -
Тікесінен отырады -
Жамбасымен жатады -
Жүресінен отырады
-
Жаза қолданылатын сәт
-
Аты аталған соң тұрып кетсе -
Аты аталмай отырып қалса -
Уақытынан бұрын тұра алмай қалса -
Аты аталып тұрып кетсе -
Шарт орындалмай тұрып кетсе
-
Мәтіннің тірек сөздері
-
Адам, біреу -
Жамбас, кейбір -
Көгал, адам -
Бұғнай, ойыншы -
Бұғнай, үлкен
Мәтін №19
Қорқыттың нақыл сөздері
Баят руында Қорқыт ата дейтін білікті, сәуегей адам болыпты. Тәңірі зердесіне салған соң оның барлық болжамдары қатесіз болған... Оғыз тайпаларында Қорқыт ата ең қиын деген мәселелерді шешкен. Қандай ғана қиын іс болмасын, Қорқыттың кеңесін алмай, ел ешбір жұмысқа қол ұрмаған. Ел оның барлық өсиетін (билігін) бұлжытпай орындаған.
Қорқыт атадан мынадай нақыл сөздер қалыпты: «Тәңірге сиынбаған адамның тілегі қабыл болмайды. Тәңірісі құрамаса, ешкімнің бірі екеу болмайды. Тәңірі бендесінің маңдайына не жазса, сол болады. Оның жазуынсыз адам жамандық көрмейді, ажал келіп, өлмейді. Өлген тірілмейді, кеудеңнен қаның кетсе, ол қайтып келмейді. Жігіт тірісінде Қаратаудай қылып, бір күн тыным көрмей дүние жияды, байиды. Бірақ соның ішінен ол өзіне тиісті үлесін ғана жейді. Сулар тарам-тарам болып қаншама тасып аққанымен, теңіздерді толтыра алмайды. Менмен, тәкаппар адамды тәңірі сүймейді. Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға тәңірі бақ бермейді. Өзіңнен тумаса ұл өгей: қаншама бағып, қаққаныңмен ол саған ұл болмайды. Ер жетіп, ат жалын тартып мінген соң өз жөніне кетеді, бәлки ол тәрбиелеген адамға көрдім-білдім деген сөзді де айтпас. Күлді қаншама үйгенмен төбе болмас. Қара есектің басына жүген таққанмен – тұлпар болмас. Күңге сары пай шапан жапқанмен – бәйбіше болмас. Қар қаншама қалың жауғанмен – жазға бармас. Гүлденіп өскен бәйшешек – күзге бармас. Тозған мақта бөз болмас, ежелгі жау ел (дос) болмас. Ат қиналмай жол шалмас. Қайыспас қара балтасыз жау алынбас. Мыңғырған мал жиғанмен, адам жомарт атанбас. Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел басын құрап, үйінен дәм беруге де жарамас.»
-
Қорқытқа тән сипат
-
Көреген -
Оқыған -
Зияткер -
Бақсы -
Көрсеқызар