ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 555
Скачиваний: 1
СОДЕРЖАНИЕ
Күкірт тотықтарының пайда болуы және олардың көздері
Жылу электр станцияларының түтін газдарындағы күкірт оксидтерінің қасиеттері
Күкірт оксидінің пайда болу шарты
2 Күкірт қосылыстарыңың қоршаған ортаға әсері
ЖЭС-ның технологиялық құрылымы
Түтін газдарын күкірт оксидтерінен тазарту әдістері
Жылу электр станцияларының қоршаған ортаға әсерін төмендететін шаралар.
Күкірт оксиді шығарындыларының төмендеуін жалпы бағалау
Газсыздандыру әдістерінің жіктелуі
Натрий және аммоний тұздарының ерітінділерін қолдануға негізделген әдістер
Күкірт оксидтерінен түтін газдардың тазарту әдістері
Электр станциясында күкірт оксидтерін жинау әдістері
Аммиак-сульфат технологиясы келесімен қызықты:
Көмір электрстанцияларындағы күкірт диоксидының шығындыларын азайту
ЖЭО-дағы қоқыс суының таралуы арқылы күкірт қышқылының эмиссиясын азайту
Достияров А.М., Айдымбаева Ж.А., Бегимбетова А.С.
ЖЭС-ғы KYKIPT ОКСИДТЕРІНІҢ ШЫҒАРЫНДЫЛАРЫНАН ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
SO2 SО3
Алматы, 2020.
ӘОЖ 662.613.5:66.074.3
КБЖ 35.115
Д 70
А.М.Достияров, Ж.А.Айдымбаева, А.С. Бегимбетова.
ЖЭС-ғы күкірт оксидтерінің шығарындыларынан қоршаған ортаны қорғау: оқу құралы. – Алматы, 2020. – 101б.
Пікір жазғандар:
Шалбаев К.К., т.ғ.д., профессор Умышев Д.Р., PhD докторы
Оқу құралында күкірт тотықтарының пайда болуы және олардың көздері бойынша жалпы мағлұматтар берілген. Сондай-ақ түтін газдарын күкірт оксидтерінен тазарту, зиянды газ шығарындыларының шығынын азайту жөніндегі шаралардың белсенді әдістері сипатталып ең тиімді әдістері келтірілген. Күкірттің негізгі бөлігін алу үшін көптеген технологиялар ұсынылған және де газсыздандыру әдістерінің жіктелуі баяндалған. Сонымен қатар газды тазазалау барысындағы әртүрлі күл жинағыш аппараттары, олардың конструкциясы, жұмыс істеу принциптары толықтай қарастырылған.
Оқулықта «Экология» проблемасына ерекше назар аударылып, табиғаттың күкірт оксидтерімен ластануымен күресудің белсенді әдістері күкірт оксидтерінен қоршаған ортаға шығатын зиянды заттардың классификациясы келтіріліп және де атмосферадағы күкірт қосылыстарының шығарылуын азайтудың жолдары, әдістері жеткізілген.
Ұсынылып отырған оқу құралы жылуэнергетика мамандығында оқитын бакалаврлар, магистранттар, сондай-ақ докторанттар үшін пайдалы және қызықты болып табылады.
ISBN 978-601-332-938-3
©
А.М.Достияров, Ж.А.Айдымбаева, А.С. Бегимбетова.
Мазмұны
-
Күкірт тотықтарының пайда болуы және олардың көздері 4-
Отын және түтін газдар құрамындағы улы заттар 4 -
Жылу электр станцияларының түтін газдарындағы күкірт оксидтерінің қасиеттері 6-
Күкірт оксидінің пайда болу шарты 11
-
-
-
Күкірт қосылыстарыңың қоршаған ортаға әсері 12-
Атмосфераны қорғау 19 -
ЖЭС-ның технологиялық құрылымы 21 -
Жылу электр станцияларының қоршаған ортаға әсер ету сұлбасы 23
-
-
Түтін газдарын күкірт оксидтерінен тазарту әдістері 26-
ЖЭО-ға арналған органикалық отындағы күкірт қышқылдарының эмиссияларын азайту 26 -
Жылу электр станцияларының қоршаған ортаға әсерін төмендететін шаралар 29 -
Газ шығарындыларын тазартуға арналған процестер мен аппараттардың жіктелуі 30 -
Күкірт оксиді шығарындыларының төмендеуін жалпы бағалау 33 -
Газсыздандыру әдістерінің жіктелуі 34 -
Натрий және аммоний тұздарының ерітінділерін қолдануға негізделген әдістер 37 -
Күкірт оксидтерінен түтін газдардың тазарту әдістері 42
-
-
Электр станциясында күкірт оксидтерін жинау әдістері 46-
Ылғал әдісі 51 -
Озон әдісі 60 -
Батарея циклондары 69 -
Ылғал циклон күл жинағыштар 72 -
Электр сүзгілері 75 -
Мата сүзгілері 77 -
Аралас күл жинағыштар 77 -
Батарея эмульгаторы 78 -
Көмір электрстанцияларындағы күкірт диоксидының шығындыларын азайту 83 -
Түтін газдарын қатты және улы элементтерден дымқылды тазарту әдісі 87 -
ЖЭО-дағы қоқыс суының таралуы арқылы күкірт қышқылының эмиссиясын азайту 93
-
Қолданылған әдебиеттер тізімі 101
- 1 2 3 4 5 6 7 8 9 ... 24
Күкірт тотықтарының пайда болуы және олардың көздері
-
Отын және түтін газдар құрамындағы улы заттар
Жылу электр станциясы, әлемде өндiрiлетiн отынның 1/3 бөлігі биосфера мен қоршаған ортаға үлкен әсерін тигізеді.
ЖЭС-тің қоршаған ортаға әсері үш бағытта жүреді:
-
түтiн газдарын түтiн шығару құбыры арқылы атмосфераға жіберу; -
отынның үлкен мөлшерін жағудың нәтижесiнде қоршаған ортаға жылу шығару. Ол «жылулық ластану» деп аталады; -
күл шығару және химсудаярлау қондырғыларынан көп мөлшерде минерализацияланған сонымен қоса мазутталған суды тастау.
Улағыш (зиянды) заттар дегеніміз улағыштық адамның денсаулығы мен жануарларға кері әсерін тигізетін химиялық қосылыстарды атайды. Отынды жағу кезінде атмосфераға көміртек пен сутектің тотықтарымен қоса шала жанған отынның бөлшекткрімен ұшпа күл, күкірт және күкіртті ангидридтер, азот тотықтары, ванади қосылыстары, фтор қосылыстарының біраз мөлшері, аммиак, цианды қоспалар, банзепирен, сынап, қышқылдар, сонымен қатар шала жанған отынның газ тәріздес өнімдері ұшады. Бұл элементтердiң көпшiлiгі улы заттарға жатады және салыстырмалы түрде аз мөлшерде табиғат пен адамға жаман әсерін тигізеді.
Жұмыс массасына қатты отынның элементарлық құрамы:
CP SP HP OP NP AP WP 100%
Оның ішінде көміртегі C, сутегі Н және күкірт S жанғыш элементтер ретінде; ал оттегі O мен азот N тотықтырғыштар болып келеді. Отынның жанбайтын
(минералды) бөлігі ылғал W және күлден A тұрады. Отынның минералды құрайтын негізгі бөлік жағу процесі кезінде түтіндік газбен кететін ұшпа күлге өзгереді. От жағудың құрылымына және отынның минералдық құрамының физикалық ерекшеліктеріне байланысты басқа бөлігі қождануы мүмкін.
Отынның түтіндік газдармен толық жануы кезінде атмосфераға келесілер бөлінеді: күл, СО2, SO2, SO3, Н2О↑ , NO, NO2, O2, N2.
Шала жану кезінде (отынның химиялық кем жануы): СО, Н2S, Н2, көмірсутектер СnHm (жиі кездесетіні СН4 - метан, С20H16 бенз(а)пирен). Шала жану өнімдері зиянды болғанмен, қазіргі техникалық жағу кезінде олардың пайда болуын жоюға немесе минимумға әкелуге болады.
Күл кремний, алюминий, титан, калий, натрий, темір, кальций, магний оксидтерінентұрады. Күлде кальций еркiн оксидтiң түрiнде қатысады, сонымен бірге силикаттар, сульфаттар және тағы басқа қосындылардың құрамында кездеседі. Қатты отындардың минералды бөлiктiң толық талдауы, күлде тағы басқа элементтер болатынын көрсетедi. Мысалы, германий, бор, мышьяк, ванадий, марганец, мырыш, уран, күміс, сынап, фтор, хлор. Аталған элементтердiң микроқоспалары ұшпа күл фракцияларының бөлшектерi өлшемдері бойынша әр түрлi болатын шақталарда әрқалай үлестiредi, және әдетте олардың құрамы (күл бөлшектерiнiң өлшемдерi 1-2-ден 60 мкм дейін
және одан да көп аралығында), бұл бөлшектердiң өлшемдерiн кiшiрейтумен артады.
Отынының түрi оны жаққан кезде пайда болатын заттардың құрамына әсер етедi. Электрстанцияларында қатты, сұйық және газ тектес отын пайдаланылады. Күкiрттi шығарулардың атмосфераға кеткен мөлшері бастапқы