Файл: азастан республикасы білім жне ылым министрлігі н. С. ложаева., . Б. Тлешова., . Б. Жмабекова.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 547

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР МЕН ТЕСТТЕР ЖИНАҒЫ

МАЗМҰНЫ

АЛҒЫ СӨЗ

1-тақырып. Тәрбие үдерісінің мәні мен мазмұны

1.1 Тәрбие үдерісінің диалектикасы

оқыту технологиялары

2.1 Оқыту процесі және білім беру мазмұны

2.2 Оқыту әдістері мен технологиялары

2 .3 Блум таксономиясы

Білу

Түсіну

Қолдану

Талдау

Бағамдау

Жасау

Б.Блум таксономиясы бойынша сұрақтар мен тапсырмалар үлгісі БІЛІМ

ТҮСIНУ

ҚОЛДАНУ

ТАЛДАУ (анализ)

СИНТЕЗ

БАҒАЛАУ

3-тақырып. Білімді бағалау жүйесі

3.1 Білімді бағалау жолдары мен баға қою механизмі

3.2 Білімді бағалау өлшемдері

Тест тапсырмалары

4-тақырып. Дарындылық және танымдық даму процесі

4.1 Дарындылық және шығармашылық іс-әрекеттер

4.2 Дарынды және талантты балаларды оқыту әдістері

Тест тапсырмалары

5-тақырып. Мұғалімнің кәсіби біліктілігі

5.1 Мұғалімнің кәсіби қызметі мен оқытушылық әрекеті

5.2 Мұғалімнің рефлексивті құзыреттілігі мен кәсіби дайындығы

Тест тапсырмалары

Ұғымдық сөздер

Ескертпелер үшін


Алайда, тамыры тереңге кеткен ұстанымдар мұғалімнің жаңашыл идеяларды қабылдау қабілетін шектеуі мүмкін. Осыған байланысты егер де дайын білім беретін «дәстүрлі» стильмен оқытатын мұғалімдер сын тұрғысынан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптастырғылары келсе, өздерінің де сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, жаңашыл идеяларға көңіл көкжиегін ашулары керек.

Психологтар «ұстаным» ұғымын адамның іс-әрекетке бейімділігімен байланыстырады. Социологтар оны жеке тұлғаның негізгі құндылығы ретінде қарастырады. Мұғалімнің ұстанымы оның көзқарасының қалыптасуына зор ықпал етеді, ал көзқарасы белгілі бір шешім қабылдап, сыныптағы іс-әрекеттерді түсіндіру көзі болып табылады.

Мұғалімнің ұстанымы – оның көзқарасы, қабылдаған шешімінің және іс-әрекетінің негізі.

Сондықтан кез келген мұғалімнің оқыту құралдары оның өз болжамдарының, білімі мен ұстанымының, көзқарастарының жиынтығынан тұруға тиіс. Бұл элементтердің барлығын жинақтасақ, жеке тұлғаның ерекше «оқыту сызбалары» құралады.

Жоғарыда оқыту – бұл жекеленген құбылыс немесе дағды емес, ол оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені деген сипат бердік. Іске тартылған педагогикалық тетіктердің ішінде мыналарды атап өтуге болады:

  • оқыту негізін түсіну, оқыту стильдерін назарға алу және өмір бойы білім алудың қажеттілігін мойындау және оның әдістерін таңдау;

  • жүйелі ойлануға үйрету;

  • шығармашылық таланттарын және оларды барынша жақсы пайдалану жолдарын зерттеу және анықтау;

  • оқу үдерісі үшін және өзін-өзі тану әдісі ретінде оқуды жақсы көру;

  • тілді, есептеуді жақсы игеру және кеңістіктік ойлау қа-білетінің болуы;

  • сандық технологиялар саласындағы жоғары құзырет-тілік. Келесі кезекте біз «оқуды үйрету» деп түсінетін құбылысты және мұғалім оқушыларға осындай оқу тетіктерін қалай бере алатынын қарастырамыз.

Мұғалімдер бастапқыда қоятын сұрақтар ғана емес, оқушылардың жауаптарымен мұқият танысқаннан кейін туындайтын сұрақтардың да маңызы зор. Диалогтік әңгімеде де мұғалім сұрақтары мен оларға берілген жауаптар, сонымен қатар, оқушылардың да сұрақтары маңызды. Мұғалім оқушылардың жауабын олардың білімдерінің деңгейін тексеру үшін ғана емес, сондай-ақ оларға өз ойларын анық білдіруге, дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік беру үшін де пайдаланады. Рэгг және Браун (2001) оқушылардың жауаптары мен түсініктемелеріне қарай әрекет етудің бірнеше түрлерін ұсынады.


Мұғалімдер:

  • жауапты елемей, назарын басқа оқушыға, тақырыпқа не-месе сұраққа аудара алады;

  • жауапты мойындап, оны әңгімені жалғастыруға негіз ете алады;

  • мағынаны күшейту үшін немесе оны басқалардың да естуі үшін жауапты сөзбе-сөз қайталай алады;

  • белгілі бір элементті атап көрсету үшін жауаптың бір бөлігін қайталай алады;

  • нақты кезеңдегі немесе алдағы әңгіме желісіне қосу мақ-сатында жауапты басқа сөздермен қайталап айта алады;

  • жауапты мақтай алады (осы немесе одан кейінгі әңгімеде қолдана отырып, тікелей немесе жанама түрде);

  • жауапты түзете алады;

  • оқушыларды бұдан әрі де ақпарат немесе түсініктеме із-деуге ынталандыра алады;

  • оқушыларға маңызды мәселелерге назар аударуға көмек-тесе алады. Бар назарын оқушыларды алдын ала белгілі жауапты табуға жетелеуге аударған мұғалімдер, әдетте, олардың ақпаратты игеру үдерісін бақылаудан шығарып алады. Оқушыларға жауап беруге уақыт беру керек және де мүмкін болса, бұдан кейінгі сұрақтар мен жауаптарды олардың сөздеріне орайластырып құрған дұрыс. Сұрақ қойылғаннан кейінгі кідіріспен қатар, көптеген зерттеулерде мұғалім оқушының жауабын алғаннан кейін де кідіріс жасау қажет екені атап көрсетілген. Харгривс және Гэлтон (2002) жалпы алғанда, мұғалім сұрақ қойғаннан кейін оны қайталап немесе сол сұрақты өзге оқушыға басқаша қоймас бұрын шамамен екі секундтай кідіретіндігін анықтаған. Харгривс және Гэлтон мұғалімнің шұғыл және инстинктілік реакциясы жауапты бағалауға, қайталауға немесе басқа сөздермен қайталап айтуға ұмтылысы болуы тиіс дейді. Күту уақытын үштен жеті секундқа дейін созса, бұл төменде көрсетілгендер сияқты басқа да параметрлердің өзгеретіндігіне әкеледі:

  1. Оқушылардың жауаптарының ұзақтығы.

  2. Ерікті жауаптардың саны.

  3. Оқушылар сұрақтарының жиілігі.

  4. Қабілеттері төменірек оқушылар жауаптарының саны.

  5. «Оқушы-оқушы» әдісі бойынша өзара іс-қимыл.

  6. Пікірталас тудыратын жауаптардың жиілігі. Ойлануға берілетін уақыттың ұлғаюы (әсіресе күрделі жауаптар үшін) оқушыларға өз жауаптарын түзетуге, нақтылауға және дұрыстауға мүмкіндік береді. Оның үстіне, мақсатқа қатысты жылдамдық туралы ұмытпау керек – жабық сұрақтар тобы орынды болуы мүмкін, бірақ кей жағдайларда сұрақтарға оқушылардың барынша ойластырылған және терең жауап бергендері керек.

Сонымен, оқушылардың білетіндігін және білмейтіндігін анықтау үшін жақсы қарым-қатынастық, тілдік дағдылар және түсіністікпен қарау талап етіледі. Мұғалімдер қолданысындағы оқушылар қысқа жауап беретін сұрақтармен салыстырғанда, диалогтік сұхбаттасу мұғалімдер де, оқушылар да білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс-қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі болып табылады.



Сабақты психологиялық талдау – көп жақты және көп объектілі құбылыс екенін көрсетеді, ол мұғалімге бүкіл оқыту процесін ойша қамтуға және сонымен бірге оның әр жеке сәттерін елестетуге мүмкіндік береді. Сабақты психологиялық талдау пәрменді құрал болып табылады, оның көмегімен мұғалімнің өзіндік сана сезімі дамып, қалыптасады, оның кәсіби шеберлігі жетіледі. Мұғалімнің жобалаушы-перцептивті, рефлексивті қабілеттеріне сүйеніп және оған сәйкес іскерлікті ұйғара отырып, сабақты психологиялық талдауы оларды дамытады және жетілдіреді. Өз кезегінде, мұғалімнің шеберлігін жетілдіру, рефлексивті механизмдердің қалыптасуы, оның педагогикалык санасезімі кез-келген оқу пәніне оқытудың тиімділігін үнемі арттырудың негізгі алғышарты және бастауы болып табылады. Сабақты психологиялық талдау сонымен бірге, мұғалімнің өзіне және шәкірттерге қойған тапсырмаларына жауап ретінде бола алады. Келтірілген схема оны біршама толық көрсетеді.

САБАҚТЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ СХЕМАСЫ

Сабақты психологиялық талдау деңгейі

Мұғалімнің өзіне қатысты міндеттері

Мұғалімнің шәкірттерге қатысты міндеттері



Сабақтың психологиялық мақсатын қою

(үйренуішілердің оқып отырған пәнге танымдық қызығушылықтарын дамыту; олардың ой белсенділігін ынталандыру; ес көлемін дамыту; жоғары моральдық сапалар мен ұстанымдарды қалыптастыру т.б.).

Оқушылардың оқу іс-әрекетінің негізгі түрткілерін есепке алу (танымдық, коммуникативтік, әлеуметтік)

Оқушылардың жас және жеке-психологиялық ерекшеліктерін есепке алу (ойлау, ес және т.б. танымдық процестер). Сабаққа пәндік әзірлік деңгейін есепке алу.

Топтағы тұлғааралық қатынастарды есепке алу.



Оқыту мен педагогикалық қарым-қатынастың қойылған мақсаттарының орындалуын үнемі бақылау, белгілеу (фиксация), түзетулер енгізу.

Тапсырманы орындаудағы қиналу, іркілу немесе күтпеген жерден оңай жағдайлар туғанда жаңа мақсаттар қою, оқытудың жаңа құрал мен тәсілдерін пайдалану, яғни сабақ барысын қайта құру.

Оқушылардың оқу жұмысының жүру барысын есепке алу (олардың сабақтағы қызығушылықтары, ой белсенділігі, материалды меңгеру сипаты және т.б.).

Сабақты психологиялық талдау деңгейі

Мұғалімнің өзіне қатысты міндеттері

Мұғалімнің шәкірттерге қатысты міндеттері



Өзінің педагогикалық іс-әрекетін бағалау (сәттілік, кемшіліктер, олардың себептері, түзетулер енгізу және жетілдіру жолы)

Оқушылардың жалпы білім берудегі, тәрбиелеу мен практикалық тұрғыдағы белгілі бір салада алға жылжуы, яғни өзткізілген сабақтың шынайы нәтижесі қандай деген сұраққа жауап


Сабақтың психологиялық талдауы педагогикалық іс-әрекеттің ажырамас бөлігі болып табылады. Мұғалімнің жобалаушы-перцептивті-рефлексивті қабілеттеріне сүйене отырып және оның талдамалық, жобалаушы, рефлексивті іскерліктері арқылы жүзеге аса отырып, ол өзін-өзі реттеудің, өзін-өзі бақылаудың және өзін-өзі дамытудың негізгі құралы ретінде қызмет етеді. Сабақты психологиялық талдаудың шамалаушы, ағымдық, ретроспективті үш деңгейі (кезеңдері) осы іскерліктердің өзгешелігімен сипатталады. Сабақтың психологиялық талдауы мұғалімге өзінің оқытуда, сыныппен өзара әрекеттесуде пайдаланатын тәсілдерін, жұмыс амалдарын ұғыну үшін өз теоретикалық білімдерін қолдануға мүмкіндік береді. Өзін педагогикалық іс-әрекет субъекті ретінде, өзінің мінез-құлқын, өзінің мықты және әлсіз жақтарын ұғыну мұғалімнің пәндік-тұлғалық рефлексия мен проективті-рефлексивті қабілеттерінің көрінуі мен нәтижесі болып табылады.

«Рефлексия» сөзі ежелгі латын тілінің «reflexio» сөзінен туындайды, аудармасы «кейінге үңілу» мағынасын білдіреді. «Советский энциклопедический словарь» оны былай көрсетеді:

  1. ой толғау, өзіндік бақылау, өзін-өзі тану;

  2. философияда – адамның өзінің жеке әрекеттері мен олардың заңдылығын ұғынуға бағытталған теоретикалық қызметінің түрі. Ал Ожегов және Шведовтың «Толковый словарьі» аталған ұғымды өзін-өзі талдау, өзінің ішкі жағдайы туралы ойлану деп көрсетеді. Рефлексиялық қызмет – тұлғаның дамуын қамтамасыз ететін ойланудың ішкі үдерісі.

Рефлексия арқылы шығармашылық мысалдарды шешуге болады. Ол өзіне міндетті түрде елестету, оның ішінде қиялдауды да көздейді. Рефлексия логикалық ойлауды, салыстыру, тұтас пен бөліктерді бөлу, нақтыны ажырата білуін талап етеді. Рефлексияның құрылымдық бөлігі дерексіздендіру болып табылады. Сондай-ақ, әрине, рефлексияның негізінде ішкі түйсік, білім және тұлғаның тәжірибесі жатады. Білім мен тәжірибесіз рефлексия толық емес, ол болса ешқашан төменгі деңгейден жоғары деңгейге дейін көтерілмейді. Мұғалімнің есінде болу керек: егер білім деңгейі және витагенді тәжірибесі аз болса, рефлексия да қарапайым болады. Ол «рефлексия заңы» деп аталды: рефлексиялық дамудың негізінде адамның білімі мен өмірлік тәжірибесі жатады. Сонымен, рефлексия үшін ішкі (генетикалық тапсырысы) және сыртқы (өмірлік білімі мен тәжірибесі) басталуы маңызды. Педагогикалық рефлексия – тұлғаны тәрбиелеу, оқыту, дамыту қызметіне қойылған рефлексия; ол мұғалімнің рефлексиялық және рефлексия жасауы, сонымен қатар оқушылардың рефлексиялық ойлауын тәрбиелеу қабілеті, рефлексиялық білімінің негізінде арнайы құрал, әдіс, тәсілдер көмегімен рефлексиялық тұлғаны қалыптастыру үдерісін басқару біліктілігі.


Дәлелдеу дегеніміз қандай да бір теорияның немесе бір ұғымның ақиқаттығын негіздеу бағытында қорытындылардың ой тұжырымы. Дәлелдеу өз алдына елестету, салыстыру, түсіндіру және дәйек келтіру, мақұлдау кезеңдерінен тұрады.

Дәлелдеу

Елестету

Бұрыннан бар тәжірибе негізінде жаңа түсініктер, ойлар мен бейнелер жасауға саятын психикалық процесс

Салыстыру

Жадының екі аймағындағы бар нәрсенің ұқсастығын немесе айырмашылығын анықтау мақсатында оларды салыстыру

Түсіндіру

Зерттелетін объектінің мәнін ашудан тұратын адам танымының, оның ішінде зерттеудің ең маңызды қызметі. Зерттеушінің нақты ісінде түсіндіру түсіндірілетін объектінің белгілі бір заңға бағынатынын

көрсету арқылы жүзеге асады

Дәйек келтіру

Түпнұсқадан сөзбе-сөз алынған үзінді. Автордың ойын беделді пікірлермен тиянақтау үшін, біреудің пікіріне сын айту үшін, құнды дерек ретінде пайдалану үшін қолданылады

Мақұлдау

Шартты бекітудің соңғы сатысы

Зерттеушілер тарапынан сөйлеушінің коммуникативтік міндеттері бөлінген (мысалы, хабарлау, сендіру, ниеттендіру, иландыру, мақұлдау, түсіндіру, терістеу, дәлел, сұрақ және т.т.), олар педагогикалық қарым-қатынаста неғұрлым көп функционалдық жүктемені атқарады. Мәскеудің түрлі мектептерінің мұғалімдеріне сауалнама жүргізу нәтижелері, педагогикалық қарым-қатынаста көбінесе дәлелдеу, әңгіме, түсіндіру сияқты коммуникативтік міндеттер кездесетінін көрсетеді. Сауалнаманың «Сізге сыныпта не істеген жеңіл?» деген сұрағына мұғалімдердің 50% жоғарысы былайша жауап береді: «түсіндіру», «әңгімелеу», «сендіру». Сонымен бірге, «Сіз көбінесе сыныпта не істейсіз?» деген сұраққа 50% жуық мұғалімдер «дәлелдеу» деп жауап беріп, оны жеңіл міндет емес деп көрсетеді, сұралған мұғалімдердің 66,7 % сендіру сияқты коммуникативтік міндетті оларға қарсы болғанда табыстырақ орындайды. Мұғалімдердің 80% коммуникативтік міндеттерді бір оқушымен емес, сыныппен қарым-қатынаста орындауды қалайды

(Л.А. Хараева, Т.С. Путиловская). Басқаша айтқанда, әлеуметтік бағдарланған қарым-қатынас мұғалімдер үшін тұлғалық бағдарланған қарым-қатынасқа қарағанда артығырақ болып табылады.