ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 360
Скачиваний: 1
СОДЕРЖАНИЕ
Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас…………………….
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас…………………
Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас …………………
Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас………………………
Құрмалас сөйлемнің көп құрамды түрлері……………………
Леп белгісі……………………….……………………………
Сұрау белгісі……………………………………………………
Көп нүкте…………………………………….…………………
Нүктелі үтір……………………………………………………
2. қолдану аясы шектеулі сөздер;
3. көркем әдебиетте жиі қолданылатын қанатты сөздер;
4. сөздің лексикалық мағыналары;
Сөздер құрамына қарай 2-ге бөлінеді: дара сөз және күрделі сөз.
Құрмалас сөйлем екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіреді.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары
Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас
Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас
Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас
Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас
Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас
ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ КӨП ҚҰРАМДЫ ТҮРЛЕРІ
САН ЕСІМ
-
Сан есім заттың санын, ретін білдіреді. -
Сұрақтары: неше? қанша? нешінші? нешеу? -
Сан есім құрамына қарай 2-ге бөлінеді: Дара сан есім және күрделі сан есім.
-
Дара сан есім бір ғана түбірден (негізгі, туынды) тұрады. (Бес, жүз, мың, отыз, ондаған, жетеу, сегізінші) -
Күрделі сан есім кемінде екі сөзден тұрады. (Он бес, жүз екі, мың тоғыз жүз тоқсан екі, отыз жеті, үш-үштен, бес-алты, онға жуық, екіден бір)
-
Сан есім мағынасына қарай төмендегідей 6 түрге бөлінеді:
-
Есептік сан есім -
Реттік сан есім -
Жинақтық сан есім -
Болжалдық сан есім -
Топтау сан есім -
Бөлшектік сан есім
-
Есептік сан есім нақты санды білдіреді.
-
Сұрағы: қанша? неше? -
Түбір сан есімнің өзінен болады. Мысалы, бес, он екі, жиырма үш т.б.
-
Реттік сан есім заттың реттік қатарын білдіреді.
-
Сұрағы: нешінші? -
Сан есімге -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы, бірінші, бесінші, алтыншы, жетінші, екі жүз он үшінші т.б.
-
Жинақтық сан есім жинақталған санды білдіреді.
-
Сұрағы: нешеу? -
Бірден жетіге дейінгі есептік сан есімге -ау, -еу жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы, Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу.
-
Топтау сан есім заттың санын топтап көрсетеді.
-
Сұрағы: нешеден? -
Сан есімге шығыс септігі жалғауы жалғану арқылы жасалады. Мысалы, үштен, екеуден, он-оннан, үшеу-үшеуден т.б.
-
Болжалдық сан есім заттың санын болжап көрсетеді.
-
Сұрағы: қанша? неше? қай шамалы? -
Жасалу жолдары:
-
Сан есімге -даған, -деген, -таған, -теген -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы, жүздеген, қырықтай т.б. -
Сан есімге көптік жалғауы мен септік жалғауы қатар жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, отыздарда, елулерге т.б. -
Сан есім мен шақты, жуық, тарта, таман т.б. септеулік шылаулардың тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы, он шақты, жүзге жуық т.б. -
Екі түрлі санның қосарлануы арқылы жасалады. Мысалы, екі-үш, он-он бес т.б.
-
Бөлшектік сан есім заттың бөлшектік санын білдіреді. Мысалы, 1/2 (екіден бір, екінің бірі, екіден бірі), 2,5 (екі жарым), 1/2 (екіден бір) т.б.
-
Сұрағы: қанша? неше?
Сан есімнің емлесі
-
Күрделі сан есімнің әр сыңары бөлек жазылады. (Он бес, жүз жиырма үш, екі мың төрт т.б.) -
Реттік сан есім араб цифрымен берілсе, -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнағының орнына дефис қойылады. (8-сынып, 25-пәтер) -
Реттік сан есім рим цифрымен берілсе, дефис қойылмайды. (І том, ХХІ ғасыр) -
Күн, ай, жыл аттарымен тіркескен реттік сан есімнен кейін дефис қойылмайды. (2004 жыл, 1 қыркүйек) -
"Екі, алты, жеті" сандарына -ау, -еу жұрнағы жалғанғанда, түбірдің соңындағы ы, і дыбыстары түсіп қалады. (Екі+еу = екеу, алты+ау = алтау, жеті+еу = жетеу.) -
Болжалдық сан есім цифрмен берілгенде, қосымша дефис арқылы жазылады. (10-даған, 5-терде т.б.) -
Болжалдық сан есім қосарланып келгенде, дефис арқылы жазылады. (Он-он бес, қырық-елу, 40-50 қой т.б.) -
Болжалдық сан есім жасайтын шамалы, шақты т.б. шылаулары өздері тіркескен сандардан бөлек жазылады. (он шақты, жүзге шамалы, мыңға жуық, елуге тарта т.б. ) -
Қосарланып айтылған топтау сан есімдер сөзбен берілсе де, цифрмен берілсе де, дефис арқылы жазылады. (Екі-екіден, 10-10-нан, 30-30-дан т.б.) -
Цифрмен таңбаланатын дара және күрделі сан есімдерге жалғанатын жалғаулар дефис арқылы жазылады. (15-тен, 20-дан, 25-ке т.б.)
Сан есімнің сөйлемдегі қызметі
| Ереже | Мысалдар |
Анық-тауыш | Сан есім сөйлемде негізінен анықтауыш болады. | Үйдегі бес-алтымалымыз жоғалып кетті. Ол үшінші бөлмеде жалғыз отыр. |
Баста-уыш | Заттанған сан есім4 атау септігінде тұрып, бастауыш болады. | Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі түседі. Қырық - қасиетті сан. |
Толық-тауыш | Сан есім заттанып келіп, толықтауыш болады. | Екеуінен үйренгенің саған жетеді. Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады. |
Пысық-тауыш | Сан есім етістікпен тіркесіп, іс-әрекеттің мөлшерін білдіріп, пысықтауыш болады. | Ат баспаймын деген жерін үш басады. Олар бүгін футболды бірінші ойнайды. Ол сол әнді тойда үш айтты. |
Баян-дауыш | Сан есім сөйлем соңында жіктеліп немесе заттанып келіп, баяндауыш болады. | Оның жақсы көретін саны-жеті. Сен үйдің бесіншісісің. Оның жасы алтыларда. |
ЕСІМДІК
Есімдік – зат есім, сын есім және сан есімнің орнына қолданылатын сөз табы. (Орынбасар сөз табы деп те аталады.)
-
Есімдіктің мағынасына қарай төмендегідей 7 түрі бар:
ереже
мысал
Жіктеу
Белгілі бір жақ түрінде қолданылатын есімдіктің түрі
мен, сен, сіз, ол, біз, сендер, сіздер, олар.
Сілтеу
Нұсқау және көрсету мағыналарын білдіреді
сол, мынау, аналар, міне т.б
Сұрау
Жауап алу мақсатында қойылған сұрақтар. (Қазақ тіліндегі барлық сұраулы сөздер жатады.)
кім? не? неше? қайда? неге? т.б.
Өздік
Өздік есімдігіне әр түрлі тұлғадағы өз деген бір ғана сөз жатады.
өз, өзім, өзіміздің, өз-өзіне
Жал-пылау
Жалпылау, жинақтау мағынала-рын білдіретін есімдіктің түрі
барлық, бәрі, күллі,
барша, тегіс, т.б.
Белгі-сіздік
Затты, сындық белгіні,
сан-мөлшерді жорамалдап көрсететін есімдік түрі.
кейбіреу, қайсыбір,
әлдеқайда, әлдеқан-дай т.б.
Болым-сыздық
Болымсыздық мағынаны білдіретін есімдіктің түрі
еш+(кім, қайда, қайда, қашан т.б.), ештеңе, дәнеме.
-
Есімдік құрамына қарай дара және күрделі болып бөлінеді:
-
Дара есімдік бір сөзден тұрады. Мысалы: мен, олар, біреу, барлық, қайда, мынау т.б. -
Күрделі есімдік екі түбірден жасалады. Мысалы: кімде-кім, өз-өзіне, әлдеқашан, әркім, ешбір т.б.
-
Есімдіктің септелуі
Атау
мен
сен
ол
бұл
бәрі
Ілік
менің
сенің
оның
бұның
бәрінің
Барыс
маған
саған
оған
бұған
бәріне
Табыс
мені
сені
оны
бұны
бәрін
Жатыс
менде
сенде
онда
бұнда
бәрінде
Шығыс
менен
сенен
одан
бұдан
бәрінен
Көмектес
менімен
сенімен
онымен
бұнымен
бәрімен
-
Есімдіктің тәуелденуі
| | ол | бұл | кім | өз |
жекеше | Менің | оным | бұным | кімім | өзім |
Сенің | оның | бұның | кімің | өзің | |
Сіздің | оныңыз | бұныңыз | кіміңіз | өзіңіз | |
Оның | онысы | бұнысы | кімі | өзі | |
көпше | Біздің | онымыз | бұнымыз | кіміміз | өзіміз |
Сендердің | оларың | бұларың | кімдерің | өздерің | |
Сіздердің | оларыңыз | бұларыңыз | кімдеріңіз | өздеріңіз | |
Олардың | олары | бұнысы | кімдері | өздері |
Ескерту: Еш, кей, әлде, әр, қайсы, бір есімдіктері зат есіммен және сын есіммен тіркесіп келгенде, бөлек жазылады. Мысалы: еш уақытым жоқ, кей кезде, әр адам, әр түрлі т.б.
ЕТІСТІК
Етістік заттың іс-әрекетін, қимылын білдіреді.
-
Сұрақтары: не істеді? не қылды? қайтті? -
Тұлғасына қарай:
Негізгі етістік
Туынды етістік
Заттың қимылын білдіретін төл етістік. Сөздің түбірі етістік болады. Мысалы:
кел, кет, жүр, жаз, көрген, айтпады т.б.
Түбір етістікке және басқа сөз таптарына жұрнақ жалғану арқылы жасалған етістік.
Мысалы: ой-ла, есеп-те, сан-а, күл-імсіре, жу-ын, көг-ер т.б.
-
Құрамына қарай:
Дара етістік
Күрделі етістік
Бір ғана түбірден (негізгі / туынды) тұрады. Мысалы:
баста, кес, тасы, тара, аяқта, байы
Кемінде екі етістіктің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: алып кел, шөлдеп кеттім, жазып отыр, уәде берді, т.б.
-
Іс-әрекеттің жүзеге асу-аспауына қарай:
Болымды етістік
Болымсыз етістік
Іс-әрекеттің жүзе-ге асқанын білді-реді.
Мысалы:
алды, жаздыр, өшірді
Іс-әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдіреді.-
Етістікке -ма, -ме, -па, -пе, -ба, -бе жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады: өшірмеген. -
Етістік пен жоқ, емес сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады: өшірген жоқ, өшірген емес.
-
-
Мағынасына қарай:
Салт етістік
Сабақты етістік
Өзінің алдынан табыс септігіндегі сөзді қажет етпейтін етістік. Мысалы:
үйге кел, үйден шық, үйде отыр, үймен хабарлас.
Алдындағы сөздің табыс септікте тұруын қажет ететін етістік. Мысалы:
хатты оқы, ақшаны сана,
есепті шеш, шашыңды тара.
1 ... 6 7 8 9 10 11 12 13 ... 26
Есімдерден туынды етістік жасайтын жұрнақтар:
№ | жұрнақ | мысал |
1 | -ла, -ле, -да, -де, -та | аяқта, ретте, өкпеле, ойла, қолда |
2 | -лан, -лен, -тан, -тен | ойлан, үйлен, әдеттен, рақаттан |
3 | -лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес | көмектес, пікірлес, сырлас, ақылдас |
4 | -лат, -лет, -дат, -дет | әндет, дауылдат, түнделет |
5 | -а, -е | ата, деме, сына, міне, теңе |
6 | -ай, -ей, -й | күшей, мұңай, зор-ай |
7 | -қар, -кер, -ғар, -гер | басқар, ескер |
8 | -ар, -ер, -р | жаңар, ескір, жақсар, қысқар |
9 | -ал, -ел, -ыл, -іл, -л | жоғал, сұйыл, тарыл, теңел |
10 | -ық, -ік | бірік, дәнік, ор(ы)нық, тынық |
11 | -сы, -сі, -ымсы, -імсі | үлкенсі, пысықсы |
12 | -сын, -сін | жатсын, пысықсын, көпсін |
13 | -сыра, -сіре | әлсіре, қансыра, жетімсіре |
14 | -ыра, -іре | бұрқыра, күркіре, жарқыра |
15 | -ырай, -ірей | кішірей, бақырай, бажырай |
Күрделі етістіктің бірінші етістігі негізгі етістік деп аталады, ал екінші етістігі көмекші етістік болады. Мысалы, бара жатыр / бара