ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.10.2023
Просмотров: 365
Скачиваний: 1
СОДЕРЖАНИЕ
Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас…………………….
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас…………………
Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас …………………
Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас………………………
Құрмалас сөйлемнің көп құрамды түрлері……………………
Леп белгісі……………………….……………………………
Сұрау белгісі……………………………………………………
Көп нүкте…………………………………….…………………
Нүктелі үтір……………………………………………………
2. қолдану аясы шектеулі сөздер;
3. көркем әдебиетте жиі қолданылатын қанатты сөздер;
4. сөздің лексикалық мағыналары;
Сөздер құрамына қарай 2-ге бөлінеді: дара сөз және күрделі сөз.
Құрмалас сөйлем екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіреді.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары
Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас
Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас
Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас
Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас
Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас
ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ КӨП ҚҰРАМДЫ ТҮРЛЕРІ
ЕТІСТІКТІҢ РАЙЛАРЫ
Етістіктің райлары орындаушының іс-қимылға байланысты ой-пікірін, қатынасын білдіреді. Етістіктің 4 рай түрі бар:
түр | ереже | жасалу жолы | мысал |
Ашық рай | Іс-қимылдың қай шақта екенін білдіреді. | Үш шақтың жасалу жолдары арқылы. | Мен келдім (келе жатырмын, келемін, келмекшімін, келгенмін т.б.). |
Бұйрық рай | Іс-қимылдың бұйыру, талап ету, өтіну ретінде айтылу мағынасын білдіреді. | Етістіктің бұйрықты түрде жіктелуі арқылы. | Мен бар-айын Сен бар Сіз бар-ыңыз Ол бар-сын Біз бар-айық Сендер бар-ыңдар Сіздер бар-ыңыздар |
Шартты рай | Іс-қимылдың орындалу-орындалмау шартын білдіреді. | Етістік + (-са, -се) + жіктік жалғауы. | Күн ашық бол-са, тауға шығамыз. Егер сен ойна-са-ң, мен де ойнаймын. |
Қалау рай | Қалау, тілекті білдіреді. | Етістік + (-ғы, -гі, -қы, -кі) + тәуелдік ж. / кел етістігі. | Біздің сабақ оқы-ғы-мыз келді.Сенің үйге қайт-қы-ң келе ме? |
Қосымша: Төмендегі қосымшалар да қалау рай жасайды:
1. -ғай, -гей, -қай, - кей: оқы-ғай-сың, кел-гей-сің
2. -са, -се игі еді: бар-са игі еді, кел-се игі еді
ТҰЙЫҚ ЕТІСТІК
Тұйық етістік – шақпен, жақпен байланысы болмай, қимылдың атауын ғана білдіретін етістіктің түрі.
-
Тұйық етістік -у жұрнағы арқылы жасалады
Негізгі етістік
Туынды етістік
Болымсыз етістік
Етіс
-у
қара-у
ойна-у
алма-у
оқыт-у
-
Тұйық етістік есімдерше түрленеді:
Көптеледі | Тәуелденеді | Септеледі |
жүгірулер жарысулар тексерулер | I) айту-ым,айту-ымыз II) айту-ың, айту-ларың айтуыңыз, айтуларыңыз III) айту-ы, | Ілік: білу-дің Барыс: білу-ге Табыс: білу-ді Жатыс білу-де Шығыс: білу-ден |
Тұйық етістіктің емлесі
1 | 2 | 3 |
й+у=ю и+у=ю | қ,+у=ғу к+у=ғу | п+у= бу |
жай+у=жаю жи+у=жию | жақ+у=жағу төк+у=төгу | жап+у=жабу кеп+у=кебу |
4 | 5 | 6 |
ы+у=у і+у=у | йы+у=ю йі+у=ю | у+у=уу |
оқы+у=оқу жекі+у=жеку | байы+у=баю кейі+у=кею | жу+у=жуу қу+у=қуу |
Етістіктің сөйлемдегі қызметі
| Ереже | Мысалдар |
Бастауыш | Есімше мен тұйық етістік атау септігінде тұрып, бастауыш болады. | Ізденген жетер мұратқа. Оқу-білім бұлағы. |
Баян-дауыш | Етістіктер жіктеліп келіп, баяндауыш болады. | Мен биыл мектепті бітіремін. Мен қалаға баратынмын. |
Толық-тауыш | Есімше және тұйық етістік атау және ілік септіктерінен басқа септіктерде тұрып, толықтауыш болады. | Білгенге маржан, білмеске арзан. Біз енді жарысуға кірістік. |
Пысық-тауыш | Қимылдың әр түрлі қасиетін білдіріп,пысық-тауыш болады. | Ол күлімсіреп қарады. Оны жеңу үшін күш керек. |
Анық-тауыш | Есімшелер және ілік септігіндегі тұйық етістік анықтауыш болады. | Оқудың шегі жоқ. Ақыл- тозбайтын тон, білім- таусылмайтын кен. |
ҮСТЕУ
Үстеу – қимылдың түрлі белгісін (мезгілін, мекенін, себебін, мақсатын) білдіретін сөз табы.
-
Үстеудің құрамына және тұлғасына қарай түрлері мынадай:
Құрамына қарай | Тұлғасына қарай | ||
Дара үстеу | Күрделі үстеу | Негізгі үстеу | Туынды үстеу |
Бір ғана түбірден (негізгі / туынды) тұрады. | Кемінде екі түбірден тұрады. | Бөлшектеуге келмейтін төл үстеулер. | Түбірге жұрнақ жалғануы арқылы немесе кейбір септік жалғаула-рының көнеленуі арқылы жасалған үстеу. |
кеше, былтыр | бүгін, қыс бойы | ең, ертең, бұрын | бірге, зорға, балаша |
Ескерту: оқулықта үстеудің құрамына қарай 3 түрі бар деп берілген: негізгі үстеу, туынды үстеу және күрделі үстеу.
-
Үстеудің мағынасына қарай 7 түрі бар. Олар төмендегідей:
түр | ереже | сұрақ | мысал |
Мекен | Қимылдың болу орны мен бағытын білдіреді. | қайда? қалай қарай? қайдан? | ілгері, осында, бері т.б. |
Мезгіл | Қимылдың мезгілін білдіреді. | қашан? қашаннан бері? | бүгін, таңертең, түнде, т.б. |
Себеп-салдар | Қимылдың болу себебін, салдарын білдіреді. | неге? не себепті? неліктен? | амалсыздан, лажсыздан, босқа, бекерге т.б. |
Қимыл-сын | Қимылдың жүзеге асу амалын білдіреді. | қалай? қайтіп? қалайша? | емін-еркін, әрең т.б. |
Мөлшер | Қимылдың мөлшерін, көлемін білдіреді. | қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап? | неғұрлым, әжептәуір, біршама соншалық, |
Күшейт-кіш | Қимылдың белгісі мен сапасын тым күшейтіп не солғындатып көрсетеді. | қалай? қандай? | ең, тым, аса, өте, нағыз, кілең, орасан т.б. |
Мақсат | Қимылдың болу мақсатын білдіреді. | қалай? не мақсатпен? | әдейі, қасақана, жорта т.б. |
Туынды үстеудің жасалу жолдары
-
Жұрнақтар арқылы:
-ша, -ше | -лай, -лей, -дай -дей -тай -тей | -дайын -дейін -тайын -тейін | -ншама, -ншалық | -майынша -мейінше -байынша -бейінше -пайынша -пейінше |
бұлбұлша, сәбише, көзінше | осылай, шикілей, қыстай | тотыдайын, жорғадайын | осыншама, соншалық, осыншалық | алмайынша, жемейінше |
-
Түбірге сіңісіп кеткен септік жалғаулары арқылы:
Барыс септігі | Жатыс септігі | Шығыс септігі | Көмектес септігі |
бірге, босқа, зорға, текке | баяғыда, аңдаусызда | шалқасынан, шетінен | кезекпен, ретімен |
-
Екі я да одан көп түбірдің
бірігуі және кірігуі арқылы: | қосарлану мен қайталануы арқылы: | тіркесуі арқылы: |
Жаздыгүні, (жаздың + күні), таңертең (таң+ертең), | Жоғары-төмен, әрең-әрең, бет-бетімен, қолды-қолына. | Күні бүгін, ала жаздай, таң сәріде, кешке дейін, |
Үстеудің сөйлемдегі қызметі
| Ереже | Мысалдар |
Баста-уыш | Үстеу атау септігінде тұрып бастауыш болады. | Еріншектің ертеңі бітпес. Бүгін-Ұлыстың ұлы күні. |
Баян-дауыш | Үстеу жіктеліп келіп немесе заттанып, баяндауыш болады. | Мен сенімен біргемін. Талапты бала -талпынған құстай. |
Толық-тауыш | Кейде үстеу заттанып келіп, толықтауыш болады. | Естілер ертеңгіні ескере, көре сөйлейді. Бүгінгісін ғана қамдан-ған алысқа бармайды. |
Пысық-тауыш | Үстеу қимылдың әр түрлі белгісін білдіріп, пысықтауыш болады. | Кеше қар жауды. Ол лезде келді. Мен амалсыздан үйге кеттім. |
Анық-тауыш | Мөлшер үстеу зат есіммен, күшейткіш үстеу сын есіммен тіркесіп келіп, күрделі анықтауыш болады. | Ең берекелі, ең парасатты тәжірибе-халық түйген тұжы-рымдар.Сонша алтынды қайдан алады? |
Үстеудің емлесі
-
Негізгі және туынды үстеулер көбінесе айтылуынша жазылады және кейбір туынды үстеулер морфологиялық принцип бойынша жазылады. (ертең, төмен,
лажсыздан т.б.) -
Сөздердің тіркесуі арқылы жасалған күрделі үстеулердің әрбір сыңары бөлек жазылады. (құр әншейін, ала жаздай, күн ұзаққа, күн ілгері т.б.) -
Сөздердің қосарлануы арқылы жасалған күрделі үстеулер сызықша арқылы жазылады. (көзбе-көз, олай-бұлай, тұс-тұстан) -
Сөздердің кірігуі арқылы жасалған күрделі үстеулердің көпшілігі сыңарларының дыбысталуынша, өзгеріске түскен күйінде жазылады. (бүгін (бұл+күн), биыл (бұл+жыл), қыстыгүні (қысты ң+күні) т.б.)
ЕЛІКТЕУ СӨЗ
Еліктеу сөз – әр түрлі дыбысқа, құбылысқа еліктеуден және олардың бейнесін елестетуден туындаған сөз.
-
Құрамына және тұлғасына қарай мынадай түрлері бар:
Құрамына қарай :
Тұлғасына қарай:
Дара е.с.
Күрделі е.с.
Негізгі е.с.
Туынды е.с.
Бір ғана түбірден
(негізгі /
туынды) тұратын төл еліктеу сөз.
Екі сөздің қосарлануы-нан жасалған еліктеу сөз.
Бөлшектеуге келмейтін
түбір еліктеу сөз.
Жұрнақ
жалғануы арқылы
жасалған.
Жұрнағы:
-аң, -ең, ың, -ің, -ң
тарс, күмп, жымың т.б.
тарс-тұрс, қисаң-қисаң т.б.
морт, күрс,
селк т.б.
қиса-ң, елп-ең, ырж-ың-ырж-ың т.б.
-
Еліктеу сөздің мағынасына қарай 2 түрі бар:
1. Еліктеуіш | 2. Бейнелеуіш |
Түрлі дыбыстарға еліктеуден туындаған еліктеу сөздер. | Көру арқылы сипаттайтын еліктеу сөздер. |
дыбысқа негізделеді | көрініске негізделеді |
тарс, сарт-сұрт, тасыр-тұсыр, салдыр-гүлдір т.б. | маң-маң, сылқ, жалт, күрт, морт, қисаң-қисаң т.б. |
Еліктеу сөздің сөйлемдегі қызметі
| Ереже | Мысалдар |
Бастауыш | Көмекші етістікпен тіркесіп келген еліктеу сөз заттанып, бастауыш болады. | Тарс-тұрс еткендер жақындаған-дай болды. Жарқ-жұрқ еткен су екен. |
Баян-дауыш | Еліктеу сөз көмекші етістікпен тіркесіп келіп көбіне күрделі баяндауыш құрамында жұмсалады. | Торғайдың үні шыр-шыр етеді. Сұр жылан тілін сумаңдатып, ыс-ыс етеді. |
Толық-тауыш | Еліктеу сөз көмекші етістікпен тіркесіп келіп, сондай-ақ заттанып, толықтауыш болады | Ол тасыр-тұсырды алыстан естіді. Қорс-қорс еткеніңді тый. |
Пысық-тауыш | Еліктеу сөз етістікпен тіркесіп, пысықтауыш болады. | Ала мысық әрі-бері зу-зу етіп өте шығады. Ол қираң етіп қайта құлады. |
Анық-тауыш | Еліктеу сөз көмекші етістікпен тіркесіп, зат есім алдында тұрып оны анықтайды. | Сол кезде тура алдынан бұрқ еткен шаң шықты. Мылтық атылғандай шаңқ еткен оқыс үн қатты. естілді. |