Файл: Аза тілі адірлі талапкер!.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 364

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас…………………….

Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас…………………

Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас …………………

Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас………………………

Құрмалас сөйлемнің көп құрамды түрлері……………………

Леп белгісі……………………….……………………………

Сұрау белгісі……………………………………………………

Көп нүкте…………………………………….…………………

Нүктелі үтір……………………………………………………

ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ

ДЫБЫС ҮНДЕСТІГІ

1. жалпы қолданыстағы сөздер;

2. қолдану аясы шектеулі сөздер;

3. көркем әдебиетте жиі қолданылатын қанатты сөздер;

4. сөздің лексикалық мағыналары;

Лексикология – тілдің лексикасын (сөздік қор, сөздік құрам) және оның тарихи дамуының заңдылықтарын, қызметін зерттейтін сала.

СӨЗ ҚҰРАМЫ

Сөздер құрамына қарай 2-ге бөлінеді: дара сөз және күрделі сөз.

ҚОСЫМША Қазақ тілінде қосымшаның 2 түрі бар. Олар: жұрнақ және жалғау. ЖҰРНАҚ Жұрнақ өзі жалғанған сөзге жаңа мағына беріп, туынды сөз жасайды. Жұрнақтың екі түрі бар: сөз тудырушы жұрнақ және сөз түрлендіруші жұрнақ. Сөз тудырушы жұрнақ түбірдің негізгі мағынасын өзгертіп оған жаңа мағына береді. (Қой+шы – қойшы, өнер+паз – өнерпаз, ой+лa – ойла, тау+лы – таулы) Сөз түрлендіруші жұрнақ өзі жалғанған сөздің бастапқы мағынасын өзгертпей, сәл түрлендіреді. (Үй+шік – үйшік, сандық+ша – сандықша, алаң+қай – алаңқай, қала+шық – қалашық.) Бір сөзге бірнеше жұрнақ жалғана береді. Мысалы, жаз-у-шы-лық. Бір сөзден әр түрлі жұрнақ арқылы туынды сөздер жасалады. Ондай бір түбірден жасалған сөздер түбірлес сөздер деп аталады. Мысалы, біл-ім, біл-дір, біл-гіш т.б. Жұрнақ сөзге жалғаулардан бұрын жалғанады. Мысалы, кітапханалардан, оқушымын т.б. ЖАЛҒАУ Жалғау сөздерді байланыстырады. Оның 4 түрі бар: Көптік жалғауы Тәуелдік жалғауы Септік жалғауы Жіктік жалғауы 1. Көптік жалғауы Сөздер ;trtit n3hlt және r6git n3hlt 1jklfyskflы` R6gn8r vf2syfys ,8kl8he 3i8y сөздерut r6gn8r ;fk2fes ;fk2fyfls` Vscfks= f2fi/nfh r6it/kth 1sp/lfh`

Септік жалғауының мағыналары: Ілік септігі бір заттың екінші затқа тәуелді екенін (Қайраттың кітабы) немесе қатысты екенін (алма ағашы) білдіреді. Барыс септігі қимылдың бағытын, мақсатын білдіреді. Мысалы, Мұса Алматыға (бағыт) кетті. Мұса Алматыға кітап алуға (мақсат) кетті. Табыс септігі объектіні білдіреді. Мысалы, Мен сөмкені алдым. Жатыс септігі мекендік, мезгілдік мағына береді. Мысалы, Омар қалада (мекен) тұрады. Оспан жазда (мезгіл) келеді. Шығыс септігі іс-қимылдың шыққан орнын, мезгілін, себебін білдіреді. Мысалы, Мен әкемнен алма алдым. Көмектес септігі іс-қимылдың орындалу амалын және ортақтасу қатынасын білдіреді. Мысалы, Мен атпен келдім. Мен әкеммен сөйлестім. Ctgntkel85 tr8 n3h8 ,fh= ;fq ctgntke ;7yt n7etkl8 ctgntke` 1. Жfq ctgntke – с6plthl85 n3,8h r3q8ylt ctgntke8` 2. Т7etkl8 ctgntke – с6plthl85 n7etklty8g ,fhsg ctgntke8`Vscfks= Жай септеу Тәуелді септеу А. ҮйІ. Үй-діңБ. Үй-геТ. Үй-діЖ. Үй-деШ. Үй-денК. Үй-мен А. ҮйімІ. Үй-ім-ніңБ. Үй-ім-еТ. Үй-ім-діЖ. Үй-ім-деШ. Үй-ім-ненК. Үй-ім-мен 4. Жіктік жалғауы Ж8rn8r ;fk2fes ,fcnfesi gty ,fzylfesins ,fqkfyscnshfls` Cjyls1nfy ;8rn8r ;fk2feks c6p 7h1fify ,fzylfesi ,jkfls lf c6qktvl8 nbzyf1nfg n4hfls`

ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ

Құрмалас сөйлем екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіреді.

САЛАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ

Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары

Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас

Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас

Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас

Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас

Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас

Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас

Назар аудар!

АРАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ

ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ КӨП ҚҰРАМДЫ ТҮРЛЕРІ

ЛЕП БЕЛГІСІ

СҰРАУ БЕЛГІСІ

КӨП НҮКТЕ

ҮТІР

НҮКТЕЛІ ҮТІР

СЫЗЫҚША

БАСТАУЫШТАН КЕЙІН ҚОЙЫЛАТЫН СЫЗЫҚША

ҚОС НҮКТЕ

ЖАҚША

ТЫРНАҚША

СТИЛЬ


ШЫЛАУ

Шылау сөз және сөйлемді байланыстырады және өзі тіркескен сөзге қосымша мағына береді. Оның 3 түрі бар: септеулік шылау, жалғаулық шылау, демеулік шылау
1. Септеулік шылау

Септеулік шылау сөздерді сабақтастыра (бағындыра) байланыстырады. Ол атау, барыс, шығыс және көмектес септіктерінде тұрған сөзбен тіркесіп қолданылады. Мысалы, сайын, үшін септеуліктері алдындағы сөздің атау септігінде тұрғанын қажет етеді (апта сайын, Отан үшін). Алдындағы сөздің септігіне қарай оның 4 түрі бар:

септік

шылау

мысал

Атау септігіне қатысты

туралы, жайында, сияқты, тәрізді, секілді, үшін, сайын т.б.

Отан үшін отқа түс – күймейсің.

Барыс септігіне қатысты

дейін, қарай, тарта, таман, жуық т.б.

Түске дейін жүзге жуық хат жібердік.

Шығыс септігіне қатысты

кейін, соң, әрі, гөрі, бері

Бұдан әрі оның сөзін ести алмадым.

Көмектес септігіне қатысты

бірге, қабат, қатар

Мен әкеммен бірге жұмыс істедім.

1. Жалғаулық шылау

Жалғаулық шылау сөздер мен сөйлемдерді салаластыра (тең дәрежеде) байланыстырады. Оның 6 түрі бар:

түрі

шылауы

мысал

Ыңғайластық жалғаулық

мен, бен, пен, және, әрі, да, де, та, те

Қыста және көктемде күн суық болады.

Қарсылықты жалғаулық

бірақ, дегенмен,
алайда, сонда да, сөйтсе де, сөйткенмен
т.б.

Оның ойлағаны болды, бірақ мәселенің басы шешіле қоймады.

Себеп-салдар жалғаулық

өйткені, себебі,
сондықтан, сол үшін, неге десеңіз т.б.

Біз ауылға бара алмаймыз, өйткені демалыс бітіп қалды.

Талғаулықты жалғаулық

не, немесе, я, я (не) болмаса,
яки, әлде т.б.

Бұл істі я мен бітіремін, я сен бітіресің.

Кезектес жалғаулық

кейде, бірде, біресе.

Көктемде біресе жаңбыр жауады, біресе күн ысып кетеді.

Шартты жалғаулық

егер, егер, де.

Егер ол келмесе, жоспар өзгереді.


3. Демеулік шылау

Демеулік шылау сөздерді байланыстырмайды, тек өзі тіркескен сөзге қосымша мағына үстейді. Мысалы, ма, ме демеулігі өзі тіркескен сөзге сұраулық мағына береді (Бұл кітап па?). Оның 6 түрі бар:

түрі

шылауы

мысал

Сұраулық мағына беретін демеулік

ма, ме,ба, бе,па, пе, ше

Қазір жаңбыр жауып кетсе ше? Есенсің бе?

Күшейткіш мағына беретін демеулік

-ақ, -ау, -ай, да, де, та, те

Осы сен-ақ бізді шаршатып бітірдің.

Белгісіздік мағына беретін демеулік

-ау, -мыс, -міс, кейде

Ертеректе бір әулие кісі болыпты-мыс.

Болымсыз-дық мағына беретін демеулік

түгіл, тұрсын, тұрмақ

Сен түгіл мен де бес алған емеспін.

Шектік мағына беретін демеулік

ғана, тек, -ақ

Ол кеше ғана келді.

Нақтылау мағына беретін демеулік

ғой, қой

-ды, -ді, -ты, -ті

Бұл оқиға бұрын болған-ды. Бұл менің ағам ғой.

ОДАҒАЙ

Одағай – дербес мағынасы жоқ, адамның көңіл-күйін білдіретін немесе жануарларға қаратылып айтылатын сөз.

  • Одағайдың ерекшеліктері:

  1. Одағайда дербес лексикалық мағына болмайды. (пәлі, әттең, ойпырмай т.б.)

  2. Одағай сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді. (Қап, соны күшік кезінде атып тастау керек еді.)

  3. Одағай сөйлем мүшесі бола алмайды, яғни сөйлем мүшесіне талданбайды. (Әттең, қазір жанымда әкем болғанда ғой.)

  • Одағай мағынасына қарай 3-ке бөлінеді:

1. Көңіл-күй одағайы

2. Жекіру, бұйыру
одағайы

3. Шақыру одағайы

Адамның түрлі көңіл-күйін білдіретін сөз

Жекіру, тыйым салу мәнін білдіретін сөз

Мал, ит-құсты шақыру не қууға байланысты айтылатын сөз

алақай (қуану),
әттең (өкіну), шіркін (таңдану) т.б.

тәйт, жә, тек т.б.

шөре-шөре,
құрау-құрау,
моһ-моһ т.б.


СИНТАКСИС

Синтаксис (грек. "құрау, біріктіру, рет") – сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылысын қарастыратын грамматиканың бір саласы. Оны төмендегі кестеден көруге болады:


СӨЗДЕРДІҢ БАЙЛАНЫСУ ТӘСІЛДЕРІ

Сөйлемдегі сөздер 4 түрлі тәсілмен байланысады. Олар:

  1. Жалғаулар

  2. Септеулік және жалғаулық шылаулар

  3. Орын тәртібі

  4. Дауыс ырғағы

  1. Жалғаулар. Сөйлемдегі сөздер жіктік, септік және тәуелдік жалғауларымен байланысады. Мысалы, Мен оқушымын. Балаға берді. Үйдің есігі ("Мен" сөзі мен "оқушы" сөзі "-мын" жіктік жалғауымен байланысқан. "Бала" мен "бер" сөздері "-ға" септік жалғауымен байланысқан.)

  2. Септеулік және жалғаулық шылаулар.

  • Сөйлемдегі сөздер септеулік шылаулармен байланысады. Мысалы, Біз сабақ туралы сөйлестік. Отан үшін отқа түс. ("Сабақ" және "сөйлесу" сөздері "туралы" септеулік шылаумен байланысқан.)

  • Сөйлемдегі сөздер жалғаулық шылаулармен байланысады. Мысалы, Ол ақылды, бірақ жалқау. Ол шанышқы мен пышақты алды. ("Ақылды" және "жалқау" сөздері "бірақ" жалғаулық шылауымен байланысқан.)

  • Орын тәртібі. Сөйлемдегі сөздер ешбір жалғаусыз қатар тұрып орын тәртібі арқылы байланысады. Мысалы, алыс жер, атақты адам. ("Алыс" сөзі мен "жер" сөзі ешбір жалғаусыз тек орын тәртібі арқылы байланысқан.)

  • Дауыс ырғағы. Сөйлемдегі сөздер дауыс ырғағы (интонация) арқылы байланысады. Мысалы, Бұл – біздің ауылдың шамдары. Асан – белгілі ақын. ("Бұл" деген сілтеу есімдігінен кейін сәл кідіріс жасалып, өзінен кейінгі сөзден дауыс ырғағы арқылы бөлініп айтылады.)

    СӨЗДЕРДІҢ БАЙЛАНЫСУ ТҮРЛЕРІ

    1. Қиысу – сөздердің жіктік жалғауы арқылы байланысуы немесе бастауыш пен баяндауыштың байланысуы. Қиыса байланысқан сөздер сөйлем болады. Мысалы: Мен жазушымын. Сен баласың. Біз барғанбыз.

    2. Матасу – ілік септігіндегі сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің байланысуы. (Кейде ілік септігі түсіп қалады.) Мысалы, баланың үйі, біздің гүліміз, ауыл тұрғындары, көршінің қызы.

    3. Меңгеру – сөздердің ілік септігінен басқа септіктердің жалғаулары арқылы байланысуы. Мысалы, Суды төкті. Ағасына берді. Бізден сұрады.

    4. Қабысу – сөздердің ешбір жалғаусыз тек орын тәртібі арқылы қатар тұрып байланысуы. Олардың арасына басқа сөз енгізуге келмейді. Мысалы, қара қалам, қызықты оқиға, төрт батыр, алтын сағат, әдемі қыз.

    5. Жанасу – сөздердің ешбір жалғаусыз бірде іргелес, бірде алшақ тұрып байланысуы. Негізінен үстеу мен етістік жанаса байланысады. Мысалы, кеше болды, әдейі келді, сол арқылы білдім.


    СӨЗ ТІРКЕСІ

    Сөз тіркесі – кемінде екі сөздің мағыналық әрі тұлғалық жақтан байланысуы.

    • Сөз тіркесінің айрықша белгілері:

    1. Ең кемі толық мағыналы екі сөзден тұрады

    2. Өзара грамматикалық тәсілдер арқылы бірі екіншісіне бағына (сабақтаса) байланысады.

    3. Зат, құбылыс жайында кеңірек, нақтылы түсінік береді.

    • Сөз тіркесінің бірінші сыңары бағыныңқы сөз, ал екінші сыңары басыңқы сөз деп аталады:

    1. Бағыныңқы сөз – тірек сөздің мағынасын нақтылап, даралап сипат беретін бірінші сөз. (әдемі киіну)

    2. Басыңқы сөз – сөз тіркесін жасауға тірек болатын екінші сөз. (үш бала)

    • Сөз тіркестерін сөйлемн жасалады:

    Сөз тіркесі

    Сөйлем

    бала бөленген бесік, бесіктің үсті, жеті нәрсе, үстіне жабылады

    Бала бөленген бесіктің үстіне жеті нәрсе жабылады.

    сол қол, қолына ұстаған,

    үлкен шортан, отырғандарға көрсетті, мақтана көрсетті,

    ұстаған шортанды

    Дәмеш кемпір сол қолына ұстаған үлкен шортанды отырғандарға мақтана көрсетті.

    Сөз тіркесінің түрлері

    Сөз тіркесінің екі түрі бар: есімді сөз тіркесі және етістікті сөз тіркесі.


    түрі

    Есімді сөз тіркесі




    Етістікті сөз тіркесі

    ереже

    Басыңқы сыңары

    есім сөзден болған сөз тіркесі.


    Басыңқы сыңары
    етістіктен болған сөз тіркесі.

    мысал

    бағыныңқы

    басыңқы




    бағыныңқы

    басыңқы

    жаңа

    айтуға

    киім
    құмар





    жел

    соғыс

    соқты
    аяқталды




    Сөз тіркесіне ұқсағанмен, сөз тіркесі бола алмайтындар



    Тұрақты тіркес


    Күрделі сөз

    ереже

    Тұрақты тіркестер кемінде екі сөзден тұрғанмен, бір мағынаны білдіреді. Ал сөз тіркесі болу үшін әрқайсысы дербес мағыналы екі сөз керек.

    Тұрақты тіркестер сөз тіркесінің бір сыңары ғана бола алады.

    Күрделі сөздер екі сөзден тұрғанмен, бір мағынаны білдіреді. Ал сөз тіркесі болу үшін дербес мағыналы екі сөз керек.

    Күрделі сөздер сөз тіркесінің бір сыңары болады.

    мысал

    қоян жүрек (қорқақ)
    көзді ашып-жұмғанша (тез)

    келе жатыр, қара торы,
    он бес


    Сөз тіркесі және тұрақты тіркес пен күрделі сөздің

    айырмашылығы


    Сөз тіркесі

    1. Сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің әрқайсысы толық мағыналы болады.

    2. Бағыныңқы сыңары мен басыңқы сыңарлары болады.

    3. Әрбір сыңары жеке сұраққа жауап береді.

    Мысалы:

    қандай? не?

    кең бөлме

    оған мұрнын шүйірді

    он үш күн

    ол бара жатыр

    Тұрақты тіркес

    1. Сөз тіркесіне ұқсас болған-мен, өздігінен сөз тіркесі бола алмайды.

    2. Тұрақты тіркестер бірнеше сөзден тұрғанмен, бір ғана мағынаны білдіріп, бір сұраққа жауап береді.

    3. Тұрақты тіркестер сөз тіркесінің тек бір сыңары болады.

    Мысалы:

    кімнің? несі?

    Су жүректің амалы
    су жүрек (қорқақ)

    ит өлген жер (алыс)

    жүрек жұтқан (батыр)


    Күрделі сөз

    1. Сөз тіркесіне ұқсас болған-мен, өздігінен сөз тіркесі бола алмайды.

    2. Екі немесе одан да көп сөз-ден тұрып, бір ғана сұраққа жауап береді.

    3. Күрделі сөздер сөз тіркесі-нің тек бір сыңары болады.

    Мысалы:

    қандай? кім?

    қара торы бала
    күрделі сын есім: ақ ала

    күрделі сан есім: он үш

    күрделі етістік: бара жатыр


    Сөз тіркесінің лексика-грамматикалық қатынасы