Файл: Аза тілі адірлі талапкер!.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.10.2023

Просмотров: 368

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас…………………….

Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас…………………

Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас …………………

Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас………………………

Құрмалас сөйлемнің көп құрамды түрлері……………………

Леп белгісі……………………….……………………………

Сұрау белгісі……………………………………………………

Көп нүкте…………………………………….…………………

Нүктелі үтір……………………………………………………

ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ

ДЫБЫС ҮНДЕСТІГІ

1. жалпы қолданыстағы сөздер;

2. қолдану аясы шектеулі сөздер;

3. көркем әдебиетте жиі қолданылатын қанатты сөздер;

4. сөздің лексикалық мағыналары;

Лексикология – тілдің лексикасын (сөздік қор, сөздік құрам) және оның тарихи дамуының заңдылықтарын, қызметін зерттейтін сала.

СӨЗ ҚҰРАМЫ

Сөздер құрамына қарай 2-ге бөлінеді: дара сөз және күрделі сөз.

ҚОСЫМША Қазақ тілінде қосымшаның 2 түрі бар. Олар: жұрнақ және жалғау. ЖҰРНАҚ Жұрнақ өзі жалғанған сөзге жаңа мағына беріп, туынды сөз жасайды. Жұрнақтың екі түрі бар: сөз тудырушы жұрнақ және сөз түрлендіруші жұрнақ. Сөз тудырушы жұрнақ түбірдің негізгі мағынасын өзгертіп оған жаңа мағына береді. (Қой+шы – қойшы, өнер+паз – өнерпаз, ой+лa – ойла, тау+лы – таулы) Сөз түрлендіруші жұрнақ өзі жалғанған сөздің бастапқы мағынасын өзгертпей, сәл түрлендіреді. (Үй+шік – үйшік, сандық+ша – сандықша, алаң+қай – алаңқай, қала+шық – қалашық.) Бір сөзге бірнеше жұрнақ жалғана береді. Мысалы, жаз-у-шы-лық. Бір сөзден әр түрлі жұрнақ арқылы туынды сөздер жасалады. Ондай бір түбірден жасалған сөздер түбірлес сөздер деп аталады. Мысалы, біл-ім, біл-дір, біл-гіш т.б. Жұрнақ сөзге жалғаулардан бұрын жалғанады. Мысалы, кітапханалардан, оқушымын т.б. ЖАЛҒАУ Жалғау сөздерді байланыстырады. Оның 4 түрі бар: Көптік жалғауы Тәуелдік жалғауы Септік жалғауы Жіктік жалғауы 1. Көптік жалғауы Сөздер ;trtit n3hlt және r6git n3hlt 1jklfyskflы` R6gn8r vf2syfys ,8kl8he 3i8y сөздерut r6gn8r ;fk2fes ;fk2fyfls` Vscfks= f2fi/nfh r6it/kth 1sp/lfh`

Септік жалғауының мағыналары: Ілік септігі бір заттың екінші затқа тәуелді екенін (Қайраттың кітабы) немесе қатысты екенін (алма ағашы) білдіреді. Барыс септігі қимылдың бағытын, мақсатын білдіреді. Мысалы, Мұса Алматыға (бағыт) кетті. Мұса Алматыға кітап алуға (мақсат) кетті. Табыс септігі объектіні білдіреді. Мысалы, Мен сөмкені алдым. Жатыс септігі мекендік, мезгілдік мағына береді. Мысалы, Омар қалада (мекен) тұрады. Оспан жазда (мезгіл) келеді. Шығыс септігі іс-қимылдың шыққан орнын, мезгілін, себебін білдіреді. Мысалы, Мен әкемнен алма алдым. Көмектес септігі іс-қимылдың орындалу амалын және ортақтасу қатынасын білдіреді. Мысалы, Мен атпен келдім. Мен әкеммен сөйлестім. Ctgntkel85 tr8 n3h8 ,fh= ;fq ctgntke ;7yt n7etkl8 ctgntke` 1. Жfq ctgntke – с6plthl85 n3,8h r3q8ylt ctgntke8` 2. Т7etkl8 ctgntke – с6plthl85 n7etklty8g ,fhsg ctgntke8`Vscfks= Жай септеу Тәуелді септеу А. ҮйІ. Үй-діңБ. Үй-геТ. Үй-діЖ. Үй-деШ. Үй-денК. Үй-мен А. ҮйімІ. Үй-ім-ніңБ. Үй-ім-еТ. Үй-ім-діЖ. Үй-ім-деШ. Үй-ім-ненК. Үй-ім-мен 4. Жіктік жалғауы Ж8rn8r ;fk2fes ,fcnfesi gty ,fzylfesins ,fqkfyscnshfls` Cjyls1nfy ;8rn8r ;fk2feks c6p 7h1fify ,fzylfesi ,jkfls lf c6qktvl8 nbzyf1nfg n4hfls`

ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ

Құрмалас сөйлем екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіреді.

САЛАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ

Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары

Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас

Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас

Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас

Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас

Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас

Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас

Назар аудар!

АРАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ

ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ КӨП ҚҰРАМДЫ ТҮРЛЕРІ

ЛЕП БЕЛГІСІ

СҰРАУ БЕЛГІСІ

КӨП НҮКТЕ

ҮТІР

НҮКТЕЛІ ҮТІР

СЫЗЫҚША

БАСТАУЫШТАН КЕЙІН ҚОЙЫЛАТЫН СЫЗЫҚША

ҚОС НҮКТЕ

ЖАҚША

ТЫРНАҚША

СТИЛЬ





  • Толықтауыш құрылысына қарай 3-ке бөлінеді:

  1. Дара толықтауыш – бір сөзден тұратын толықтауыш. Мысалы: Жіңішке жолмен бір қос ат келеді. Оны ешкімге көрсетпе.

  2. Күрделі толықтауыш – кемінде екі сөзден тұратын толықтауыш. Мысалы: Олар аттардың қара торысын таңдап алды. Қорыққанда Отанын сататын су жүректерден қорқу керек.

  3. Үйірлі толықтауыш – үйірлі сөздерден тұратын толықтауыш. Мысалы: Досы көппен сыйлас, досы жоқпен сырлас.



  • Толықтауыш мағынасына қарай 2-ге бөлінеді:

  1. Тура толықтауыш – табыс септік тұлғасындағы толықтауыш. Мысалы: Суды шым тоқтатар, сөзді шын тоқтатар. Оны ешкімге көрсетпе. Мен кітап оқыдым.

  2. Жанама толықтауыш – барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктері тұлғасындағы және туралы, жөнінде, жайында шылауларымен тіркесіп келген сөздер тұлғасындағы толықтауыш. Мысалы: Екі қарт кісімен амандастым. Оның ұзақтан келе жатқандарға көзі түсті. Сабақта жарыс туралы сөйлестік.


Пысықтауыш

Пысықтауыш – сөйлемде іс-қимылдың түрлі белгісін (мекенін, мезгілін т.б) анықтайтын мүше.

  • Сұрақтары: қайда? қайдан? қалай қарай? қашан? қашаннан бері? қалай? қалайша? қайтіп? неліктен? не үшін? неге? не мақсатпен? қаншалықты?

  • Пысықтауыш төмендегідей сөз таптарынан жасалады:

Үстеу

Ол ілгері басты. Кеше күн суық олды.

Барыс, жатыс, шығыс септ-гі сөздер

Бүгін мал біткен аулағыраққа өрістеген. Балалапандардың даусы таяудан естіледі.

Есім сөздер

Оқушылар емтиханға зор дайындықпен кірісті. Ол екі сөйлемейтін.

Еліктеу сөз

Бұл сөзіме Шаймерден кеңк-кеңк күлді.

Көсемше

Шешесі баласының жүзіне мейірлене қарады. Қыз енді айқайлап сөйледі.




  • Пысықтауыш құрылысына қарай 3-ке бөлінеді:

  1. Дара пысықтауыш – бір сөзден тұратын пысықтауыш. Мысалы: Лавада жұмыс қызу жүріп жатыр. Ол сұраққа ойланбастан жауап берді.

  2. Күрделі пысықтауыш – кемінде екі сөзден тұратын пысықтауыш. Мысалы: Мерей жымың-жымың етіп сахнаға шықты.

  3. Үйірлі толықтауыш – үйірлі сөздерден тұратын толықтауыш. Мысалы: Уақытым барда сабаққа дайындалсам деймін.


  • Пысықтауыш мағынасына қарай 5-ке бөлінеді:

түрі

ережесі

сұрағы

мысал

Мекен

Іс-әрекеттің болу орнын, мекенін білдіреді.

қайда? қайдан? қалай қарай?

Олар жоғары көтерілді. Ауылға қарай аттылыбіреу келе жатыр.

Мезгіл

Іс-әрекеттің мезгілін білдіреді.

қашан? қашаннан бері?

Ол түске шейін ұйықтады. Олар қыс бойыдемалды.

Себеп-салдар

Іс-әрекеттің себебін білдіреді.

неліктен? не үшін? неге?

Кешке амалсыздан үйге қайттым. Ол Отаны үшін өлді.

Сын-қимыл

Іс-әрекеттің жүзеге асу амалын, мөлшерін білдіреді

қалай? қалайша? қайтіп?

Оны зорға далаға алып шықты. Ол аптығып сөйледі.

Мақсат

Іс-әрекеттің мақсатын білдіреді.

неге? не мақсатпен?

Оқу үшін қалаға келді.Біз әдейі жарыстық.


СӨЙЛЕМНІҢ БІРЫҢҒАЙ МҮШЕЛЕРІ

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері – сұраулары мен қызметі ортақ болып, сөйлемнің бір ғана мүшесімен байланысатын кемінде екі сөзден тұратын мүше.

Сөйлем мүшесі

Мысалы

Бірыңғай

бастауыш

Бүріскен мал мен жүдеген жан Абайға үлкен ой салды.

Бірыңғай

баяндауыш

Бір батальон артта, алыста.

Бірыңғай

анықтауыш

Жүрісіміз -кейде бүлкіл, кейде бөкен жүріс.

Бірыңғай

толықтауыш

Түн не қойыңды, не өзіңді жұтып қоятын сияқты.

Бірыңғай

пысықтауыш

Мәкіш Абайға кінәлай да, сынай да қарады.


Бірыңғай мүшелердің жалғаулық шылаулар арқылы байланысуы

ыңғайластық

қарсылықты

талғаулы

кезектестік

да, де, та, те, және, әрі, мен, бен, пен

бірақ, алайда, әйткенмен

я, не, немесе, әлде

бірде, біресе, кейде

Асан мен Үсен жұртта қалып қояды. Кеше де, бүгін де мазам болмады.

Тек жері биік болғандықтан жеміс өседі, бірақ піспейді.

Мұнда шөп немесе сабан әкеліңдер, -деді Дубровский.

Ақан біресе ұшаққа, біресе сағатына қарайды.


Бірыңғай мүшелердің тыныс белгілері

  • Мынадай жағдайларда бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылады:

    Бірыңғай мүшелер өзара жалғаулықсыз байланысса

    Аспан айқын, анық.

    Жалғаулық шылаулар бірыңғай мүшелердің арасында қайталанып келсе

    Рахима-әрі әнші, әрі биші.

    Бірыңғай мүшелер бірақ деген қарсылықты жалғаулық арқылы байланысса

    Ол орта бойлы, бірақ толықша келген сұр жігіт еді.

  • Мынадай жағдайларда бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылмайды:

Бірыңғай мүшелердің арасында мен, және, пен, бен жалғаулықтары бір-ақ рет келсе

Ауыл мен қаланың арасы алшақ екен.

да, әрі, не, немесе жалғаулықтары қайталанбай, бір-ақ рет келіп тұрса

Төрт бөлмелі үй салқын да жайлы.


ЖАЛПЫЛАУЫШ СӨЗ

Жалпылауыш сөз – бірыңғай мүшелермен қызметтес, тұлғалас болып, оларды ортақ жинақтау мәнін білдіретін мүше.

Жалпылауыш сөздің жасалу жолдары



Сөз табы

мысалы

мысал

1

сілтеу

есімдігі

мыналар, осылар, бұлар, солар, олар

Қазақстанның ең ірі көлдері мыналар: Балқаш, Алакөл, Сасықкөл.

2

жалпылау есімдігі

бәрі, баршасы, барлығы

Шымкент, Алматы, Қарағанды бәрі үлкен қала.

3

жинақтық

сан есім

екеуі, үшеуі

Аса, Мағаш, Жандос үшеуі оңаша әңгімеле-сіп отыр екен.

4

зат есім

зат есімдер

Мына өзендер: Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі Балқаш көліне құяды.

Жалпылауыш сөздің тыныс белгісі

  1. Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшеден бұрын тұрса, одан кейін қос нүкте қойылады. (Жалп. сөз: бірың. мүше.)

  2. Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшеден кейін келсе, оның алдынан сызықша қойылады. (Бірың. мүше – жалп. мүше)

  3. Бірыңғай мүшенің алдында жалпылауыш сөз тұрып, соңында сөйлемнің басқа мүшелері келсе, бірыңғай мүшеден бұрын қос нүкте, олардан кейін сызықша қойылады. (Жалп. сөз: бірың. мүше – басқа сөздер)


АЙҚЫНДАУЫШ МҮШЕ

Айқындауыш мүше – сөйлемде белгілі бір мүшенің мағынасын басқа сөзбен түсіндіріп, нақтылап көрсететін сөйлем мүшесі.

  • Айқындауыш мүшенің 2 түрі бар: оңашаланған айқындауыш және қосарлы айқындауыш.

түрі

ерекшеліктері

Оңашаланған айқындауыш

Өзінен бұрын тұрған сөзді айқындап, дәлелдеп, түсіндіріп тұратын бір немесе бірнеше сөз

Омардың үлкен ұлының, Асанның, елге жасаған жақсылығы өте көп. Біздің лицейдің оқушылары, әсіресе, 10-сынып-тар, әрдайым бірінші орын алады.

Үтір оңашаланған айқындауыштың екі жағынан қойылады.

Сызықша оңашаланған айқындауыштың екі жағынан немесе өзі анықтайтын мүшесімен екі араға қойылады.

1928 жылы Қазақстандағы тұңғыш оқу орны – ҚазПИ ашылды.

Қосарлы айқындауыш

Айқындайтын мүшесіне қосалқы атау болады. Әнші Күләш, Біржан сал, Алпамыс батыр


Ақан серінің әндерін жаттадық.

Асан мұғалімнің баласы әскерден келді.

Кейбір қосарлы айқындауыштар өздерінің айқындайтын сөзінен қос сөздер сияқты дефис арқылы бөлінеді.

Мысалы: авто-дүкен, ұшқыш - ғарышкер т.б.

ОҚШАУ СӨЗ

Оқшау сөз – сөйлемнің құрамында тұрса да, басқа мүшелермен грамматикалық байланысқа түспейтін мүше.

  • Оқшау сөздің 3 түрі бар: қаратпа сөз, қыстырма сөз және одағай сөз. Олардың ерекшеліктері төмендегідей:




ереже

мысалы / тыныс белгісі

Қарат-па сөз

Біреудің назарын өзіне аудару үшін қолданылатын сөз.

  1. Самат, ертең сынақ болады.

  2. Ұялма,балам, жоғары шық..

  3. Ендігі кезек сенде,қарағым.

Қыстырма сөз

Сөйлемдегі ойға қатысты сөйлеушінің түрлі көзқарасын білдіретін сөз.

  1. Меніңше, сенің айтқаның дұрыс.

  2. Бұларды, әрине, осы жерде жасауға болмай-ды.

  3. Өзі осында келген шығар, сірә?

Одағай сөз

Сөйлеушінің түрлі көңіл-күйін білдіретін сөз.

  1. Қап, оны кеше сұрау керек еді.

  2. Қазақтың даласы, шіркін, кең байтақ қой!

  3. Аз сабыр етсең қайтер еді, ә?


Оқшау сөздің тыныс белгісі

  • Оқшау сөз сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір қойылады.

  • Оқшау сөз сөйлемнің соңында келсе, оның алдынан үтір қойылады.

  • Оқшау сөз сөйлемнің ортасында келсе, оның екі жағынан үтір қойылады.

  • Қыстырма-түсінік сөз, түсінік сөйлем жақшаға алынады: Жақаң (менің әкем) ол кезде жас еді.

Қыстырма сөздердің мағыналық түрлері

мағынасы

қыстырма сөздер

мысалы

Қуанышты, ренішті білдіреді.

бағымызға қарай, амал қанша, абырой бергенде.

Бағымызға қарай, қария да үйінде болып шықты.

Сенуді, мақұлдау-ды, мойындауды білдіреді.

сөз жоқ, бәсе, рас, әрине, шынында, дұрысында т.б.

Сізде, рас, жұмысым бар еді.

Ойдың кімнен, қайдан екенін көрсетеді.

меніңше, сіздіңше, оның пікірінше т.б.

Асанның айтуынша, ол өзін өте әдепті ұстапты.

Шамамен ғана я сенер-сенбестікпен айтылғанын білдіреді.

сірә, мүмкін, тегі, кім біледі, байқаймын, бәлкім т.б.

Сірә, дәл осы бұлақ бұл аймақтың нәрі болса керек.

Бір ойдың алдыңғы жақта айтылған оймен байланысын қорыту ретінде айтылады.

олай болса, демек, сөйтіп, сонымен, қысқасы, айтпақшы т.б.

Бүгін, сонымен, он жеті арба тары кетті пунктке.

Ой тәртібін білдіреді.

біріншіден, екіншіден, бір жағынан, әуелі, ақырында т.б.

Ақырында, Бесбайдың ойлаған сақтығы дұрыс болып шықты.


ТӨЛ СӨЗ. АВТОР СӨЗІ. ТӨЛЕУ СӨЗ.

  1. Төл сөз – жазушының (сөйлеушінің) сөзіндегі біреудің өзгертілмей берілген сөзі.

  2. Автор сөзі – төл сөздің айналасында берілген жазушының (сөйлеушінің) өз сөздері.

  3. Төлеу сөз – жазушының (сөйлеушінің) сөзіндегі біреудің өзгертіліп берілген сөзі.


Төл сөзді төлеу сөзге айналдырудың жолдары:

  1. Төл сөзді төлеу сөзге айналдырудың ең негізгі және өте жиі қолданылатыны – төл сөзде сөйлемнің тиянақты баяндауышы болып тұрған сөзге табыс жалғауын жалғау арқылы оны (төл сөзді) автор сөзімен байланыстыру тәсілі. Алдымен, төл сөздің баяндауышы болып тұрған етістік қай шақта, қай райда айтылуына қарай етістіктің есімше түріне айналады да, содан кейін барып табыс септігін қабылдайды. Мысалы: «Мен судан қорқамын», - деді Омар. Омар өзінің судан қорқатынын айтты. Кейде табыс септік жалғауы есімшеге -дық, -дік жұрнағы мен тәуелдік жалғауы арқылы жалғанады. Мысалы: «Мен судан қорқамын», - деді Омар. Омар өзінің судан қорқатындығын айтты.

  2. Төл сөздің баяндауышы өткен шақты немесе нақ осы шақты білдіретін етістік формасында айтылса, төлеу сөзге айналғанда, ол есімшенің -қан, -ған, кен, -ген жұрнақтарының табыс септігінде тәуелденуі арқылы беріледі. Мысалы: «Автобус күтіп тұрмын», - деді Омар. Омар автобус күтіп тұрғанын айтты.

  3. Егер төл сөз етістіктің келер шақ немесе ауыспалы осы шақ формасында айтылса, төлеу сөзге айналғанда, есімшенің -атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнақтарының табыс септігінде тәуелденуі арқылы беріледі. Мысалы: «Ол ертең келеді», - деді Омар. Омар оның ертең келетінін айтты.

  4. Егер төл сөздің баяндауышы етістіктің бұйрық рай формасында айтылса, төлеу сөзде ол тұйық етістіктің табыс септігінде тәуелденуі арқылы беріледі. Мысалы: «Сен ертерек кел», - деді Омар. Омар оған ертерек келуін айтты.

  5. Баяндауышы есім сөзден я есім сөздің араласуынан, я болмаса атау тұлғалы тұйық етістіктен болса, төлеу сөзге айналғанда, олар екенін көмекші етістігімен тіркесіп беріледі. «Кітап - білім бұлағы», - деді Омар. Омар кітаптың білім бұлағы екенін айтты.

  6. Төл сөздегі де етістігі төлеу сөзде айт, сұра, ойла, талап ет, бұйыр, ескерт деген сияқты айту, ойлау мәнді етістіктердің біріне ауысады: Әкесі: "Үйге кел", - деді. Әкесі оған үйге келуін айтты.

  7. Төл сөз сұраулы сөйлем болып, оның құрамында сұрау есімдігі болса, төлеу сөзде өзгермейді: Сен қайда тұрасың? – деді Асан. Асан одан қайда тұратынын сұрады.

  8. Төл сөз сұраулы сөйлем болып, оның құрамында сұраулық шылау (ма, ме) болса, ол төлеу сөзде болымды-болымсыз түрде не антоним болып қосарланып айтылады: Үйге кіруге бола ма? – деп сұрады Дәулет. Дәулет үйге кіруге болатынын, болмайтынын сұрады.

  9. Төл сөз лепті сөйлем болып, оның құрамында одағай болса, төлеу сөзге айналдырғанда, одағайдың мағынасы ғана айтылады. Мысалы,